I. Үй жануарлары.
∆ Олар ненің төлі? (Сурет бойынша жұмыс)
Мәтіндерден үзінді.
Бұл қай мәтін екенін айту:
1.Менің бала кезімде мысығым мен ақ күшігім болды.Бір күні оларға жаңа дос табылды.Наубай деген кісінің ешкісінің үш лағы болды.(Ақ лақ)
2. Дәулет пен Хасен үйлеріне келе жатты.Олар жолдың шетінде ақ қозыны көрді.Ол өте әлсіз еді.(Қошақан)
3.Ол бізбен бірге өріске шығып, қой бағысады.Ол кейде көбелек қуып ойнайды.Бір күні Қабылан екеуіміз қойға шықтық.(Қабылан)
○ Жоспар бойынша бір үй жануары туралы жазу.
1.Жануар
2.Мекендейтін жері
3.Қорегі
4.Адамға пайдасы
Қорытындылау: Үй жануарлар адамға қандай пайда келтіреді?
Бейнесұрақ.
Жұмбақ: Ішсең сусын,жесең тағам, мінсең көлік (түйе)
II. Аңдар.
∆ Ребустер
Сөздерді тәуелде (перфокарта)
Үш оқушы тақтаға шығады,қалғандары дәптерлеріне өздігінен орындайды.
1. Түлкі,арыстан,қоян,піл
Менің...
Сенің...
Оның...
2.Қасқыр,аю,тиін,барыс.
3.Бұғы,жолбарыс,маймыл,піл
○ Тест (жауап кілті бойынша бірін-бірі тексеру)
Дұрыс,бұрысын белгілеу
Iтоп-III топты, IIтоп-Iтопты,IIIтоп-IIтопты тексереді.
Дұрыс жауабы:
Аю ақырады
Пілдің Отаны – Үндістан.
Гепард – ең жүйрік аң.
Түлкі орманда мекендейді.
Қасқыр ұлиды.
Қорытындылау: Жабайы аңдар қайда мекендейді?
Бейнесұрақ.
Жұмбақ:Өзі айлакер,өзі қу
Жүрген жері айқай шу (түлкі)
III. Құстар.
∆ Суретті жұмбақ. (сурет бойынша құстарды ата )
Жалғауларын тап.(жазбаша)
1.қаздар,құсым,тоқылдақпын,қарғаны,тауықтар.
2.аққулар,құстың,үйрегім,әтешке,торғайы
3.бұлбұлға,торғайсың,балапаным,аққуда,құстар
○ «Аққу» мәтіні (топтық тексеру)
Мәтін үш бөлімнен тұрады,әр топ берілген бөлімінен келесі топқа сұрақ қояды.
1бөлім Iтоп- IIтопқа
2бөлім II топ - IIIтопқа
3бөлім IIIтоп-Iтопқа
Қорытындылау:Қандай құстарды білесіңдер?
Бейнесұрақ
Қандай құсты орман дәрігері деп атайды? (тоқылдақ)
Сабақты қорытындылау:
Осымен балалар <Брейн ринг > ойыны аяқталды.
1.Үй жануарлары қандай адамға пайда келтіреді?
2.Жабайы аңдар қайда мекендейді ?
3.Құстар қандай болады?
Топ жетекшілері ұпай санын санап, жеңімпазды айтады.
Бағалау парақшасы бойынша бағалау.