2 Портрет,оның сипаты мен көркем шығармадағы қызметі.
2.1 Портреттің лексикалық құрамы
Көркем шығармалардағы портреттік суреттеулердің құрамы негізгі үш құрамдас бөліктен (компоненттен) тұрады: 1)адам денесі мен мүшелері; 2)киген киімі; 3) бет өзгерісі, дене қимылы, дене тұрысы.
Портретті лингвистикалық тұрғыдан зерттеген еңбектерде осы құрамдас үш бөлік нысанаға алынады. Портрет құрамындағы компоненттер жеке қолданылмайды. Олардың алдынан компоненттерді түрлі белгілері жағынан анықтайтын сөздер жүреді. Портрет компоненттерінің белгілері жағынан анықтайтын сөздер жүреді. Портрет компоненттерінің белгілерін анықтайтын сөздерді сипаттаушы сөздер деп атадық. Сипаттаушы сөздер – кейіпкер болмысын, тұлғасын оқушыға айқын танытатын тілдік амал. Сипаттаушы сөздер кейіпкерлердің кескін-келбетін, киген киімін анықтай, түстей танытады. Олар компоненттерді түрлі қырынан айқындап, дәлелдейді. Мысалы: портрет компоненті көзді алып, үлкен көз, сарғыш көз дейтін болсақ, сипаттаушы сөздер (үлкен, сарғыш) көздің көлемі мен түсін анықтап тұр.
Портреттік суреттеулерде сипаттаушы сөздердің қызметі ерекше. Сипаттаушы сөздер екі түрлі белгіні атап көрсете алады; 1) портрет компоненттерінің сыртқы физикалық белгілерін (ұзын көйлек, тостаған көз, жалпақ бет). Бұл топтағы психикалық, эмоциялық ерекшеліктерін атайтын белгілер (мейірлі көз, ісмер саусақ, қату көз). Бұл «ішкі белгілер» деп аталады. Лингвистикалық әдебиеттерде бұл белгілер басқаша терминдермен де аталады.
А.Н.Шрамм «сыртқы белгілерді» «эмприкалық» деп атап, мынадай сипаттама береді: «Эмприйными являются признаками, воспринимаемые органами чувстви осознаваемые человеком в результате одноступенчатой мыслытельной операции сопоставления с эталоном» /7, 46/. «Ішкі белгілерді» «рационалды белгілер» дейді. «Они возникают на основе уже воспринятых органами чувств признаком в результате анализа сопаставления, умозаключения» /7, 46/.
Портрет құрамындағы үш құрамдас бөлік тақырыптық топқа сәйкес келеді. Тақырыптық топ, Ф.К.Филиннің анықтамасы бойынша, сөздердің лексика-семантикалық байланыстарына емес, заттар мен құбылыстардың классификациасына негізделіп топтасуы /15, 231/. Әрбір тақырыптық топ ішінара лексика-семантикалық топтарға бөлініп кетеді. Лексика-семантикалық топ – екі не одан да көп сөздердің лексикалық мағыналары бойынша топтасуы /15, 230/. Үш тақырыптық топ тілде мынадай терминдермен белгіленеді; соматикалық (соматическая), вестиалды (вестиальная), кинетикалық (кинетическая) лексика. Біз бұл жіктеуді орыс тіл біліміне сүйене отырып алдық.
1. Соматикалық лексика (грек сөзі – «дене»). Бұл топқа адам денелері мен оның мүшелерін атайтын сөздер жатады. (көз, қас, мұрын, аяқ, қол, шаш, бет т.б). Соматикалық лексика бірлігі соматема болып табылады (мысалы, бас).
Мысалы: Жаннаттың үстінде өте қымбат матадан тігілген алқызыл жұқа көйлегі бар екен. Саусақтарында бриллиант жүзіктер жарқырайды. Құлағындағы сырғалар да бриллиант... Шаштарын әр түрлі сәнді үлгімен қидырған сұлу да сымбатты қыз-келіншектер мен жүздеріне күлкі үйірілген сері де сылқым жігіттер топ-топ болып әңгіме-дүкен құрып, бір-біріне әзіл-қалжың айтып, күліп тұр... Аяғыңды сүйрете баспасаң,тайып жығылардай жып-жылтыр ат шаптырым кабинеттің қақ төрінде, абажадай өара үстелдерге қамалып отырған етжеңді, жалпақ бетті,бұқа мойын, шойын қара алдына имене кірген келіншекке көзілдірігінің үстіне таңдана қарады /8, 45/.
2. Вестиалды лексика (латын сөзі – «киім-кешек»). Бұл топқа киім, аяқ киім, бас киімді атайтын сөздер енеді (туфли, шалбар, көйлек,бөрік, бәтеңке, костюм, малақай т.б). Вестикалық лексиканың бірлігі вестема делінеді (мысалы, жемпір)
Мысалы: Үстіне киген көгілдір костюмі, кіршіксіз аппақ көйлегі мен қызғыш галстугы сымбатты тұлғасына керемет жарасады екен./9,40/. Жанындағысы жаздыгүні саптама етік киіп, қонышына дейін жезбен шиырлап алыпты. Костюміне түймелердің орнына темір жүгіртіп, моншақтар өткізіп, алпыншақ-салпыншақ қадап тастаған / 10, 51/. Басында сабан қалпағы бар семіз біреу ортада, аузында жуан сигарет шетелдік болу керек./9,65/
3. Кинетикалық лексика (грек сөзі – «қозғалысты»). Бұл топқа кейіпкерлердің бет өзгерісі, қимыл-қозғалысын, жүріс-тұрысын, дене қалпын анықтайтын сөздер мен сөз тіркестері кіреді (ернін тістеді, маңдайын тыржитты, өтірік күлді, салқын пішін, қолын сермеу т.б). Кинетиканың лексикалық бірлігі кинетема деп аталады.
Мысалы: - Иә, қалайсың?- деді ол Жаннаттың қолынан ұстап, саусақтарын ақырын ғана қасып қойып /8, 152/. – Насыбайшы ағай мойнын бұрып, мен жаққа сығырайып қабағын көтерді /9, 29/. Түсінің ажары кетіп жүдеген, ақсұрланған. Қабағы болымсыз түйіліп уайымның сызынан шытынаған. Жұмсақ қара көздері кішірейіп, жасаңдаған. Жиі кірпіктерінде жаңа шыққан көздің жасы білінеді. /4, 56/. – Еренбақ жуан қарнын селкілдетіп,ырқылдай күлді де, өңін тез суытып ала қойды... Сенбейсің бе? – Оң қолын созып, Еренбақтың иығына салып еді, тұла бойы ток ұрғандай селкілдеп, от алған трактордай қалшылдап кеткен ғалым, сылқ етіп жерге отыра кетті. Ал кәне, жүр далаға! – Әйел тағы да қолын соза беріп еді, ақ басты ғалым шар етіп, атып түрегелді /8, 148/.
Соматикалық лексика үш топ ішінде ең жиі қолданылатын түрі. Бұл топқа енетін сөздер (қас, көз, қол, аяқ, саусақ, бас, т.б). «Адамның дене мүшесі» деген тақырыптық топқа бірігеді.
Соматикалық лексика тобында сипаттаушы сөздердің қызметі ерекше. Сипаттаушы сөздер компоненттерді түсі, көлемі, пішіні т.б қасиет-белгілері жағынан айқындайды. Портреттік суреттеулерде көзді айқындайтын сөздер: қара, қап-қара, көкшіл, көгілдір, көкпеңбек, қоңыр, қоңырша, шегір, аласы мол. Мысалы: Назар елудің ар жақ, бер жағындағы жігіт ағасы екен. Толық денесі босаңсып,қарны салбырап кетіпті, бурыл шашы майланып, білтеленіп тұр... Жігіт қой көздері күлімдеп жақындай түсті. Кесек бітімді ақ өңіне құс тұмсықтау мұрны бірде құйып қойғандай жарасып тұрса, кейде еркекке де ұқсатып жібереді. Әсіресе көз ғажап. Ақшыл-қоңыр қарашығы екі-үш қадам қашықтан қарасаң, мүлде көрінбей, көзі ақ айрандай жылп-жылп етіп, қорқыныштылау көрінеді екен./11, 98/. – Өзгепланеталық?! – Шынының ар жағындағы ала көз бағжаң ете қалды. – Ол қайдағы өзгепланеталық? Қысыңқылау келген қара көздерінде бір жамандық әлде арамдық ойлап тұрғандай бөтен ұшқын байқалады /9, 51/.
Көркем шығармада кейіпкерлердің киім киісін суреттеу аз көлемді болып келеді. Киімге қатысты вестемалар соматемаларға қарағанда саны жағынан аз көлемді болып келеді. Кейіпкер портретін суреттеу әр жазушыда әр түрлі көлемде, әр түрлі құрамда болады. Р.Мұқанованың «Муза» атты шығармасында 41 вестема, 11 сипаттаушы сөз қолданылған. Қолдану жиілігі жоғары вестемалар орамал, көйлек, шапан, галстуг. Орамал 7, көйлек 7, шапан 4, галстуг 4 реттен қолданылған. Сипаттаушы сөздер ішінде жиілігі жоғары шыттан тігілген, ақ, жібек судай жаңа сөздері жиі қолданылған. Р.Мұқанованың шығармасына қарағанда, Н.Ораздың (Даладан қалаға келгендер) әңгімелер жинағында киім киісті суреттеу басым. Осы аталған шығармада 69 вестема, 60 сипаттаушы сөз қолданылған. Қолданылу жиілігі жоғары вестемалар көйлек, пима, шалбар, туфли. Көйлек 11, пима 20, шалбар 4, туфли 4 реттен қолданылған. Сипаттаушы сөздер ішінде қолданылу жиілігі жоғары ақ (20), қызыл (2), ескі (5), су жаңа (3), көгілдір (5) сөздері жиі қолданылған. М.Әуезовтың (Қорғансыздың күні) 25 вестема, 21 сипаттаушы сөз өолданылған. Жоғарыда аты аталған жазушылардың шығармаларымен салыстырғанда М.Әуезов шығармасында вестемалар аз көлемде жұмсалған. Бұл шығарма бойынша қолданылу жиілігі жоғары вестемалар көйлек (6), камзол (5), шапан (5). Сипаттаушы сөздер ішінде жиілігі жоғары ақ (5), жібек (3), шапан (5) рет қолданылған.
Т.В.Гамалей вестемаларды он түрлі белгілері бойынша топтастырады. /16, 63/ Г.С.Старикова үш топқа бөліп (киім, бас киім, аяқ киім), алты белгі бойынша топтастырады. Орыс тіл білімінде жеке бір ғана «бас киім» («головные убори») тақырыптық тобы арнайы зерттелінген. /17/. Жұмыс барысында қарастырған көркем шығармалар бойынша қолданылу жиілігі жоғары сөздер: костюм, туфли, көйлек, шәлі, галстуг, куртка, етік.
2.2 Портреттік суреттеулердегі вестемалар мен кинемалар
Сонымен, портреттің құрамы негізгі аталған үш бөліктен тұрады. Әрбір құрамдас бөліктің ерекшелігі, сипаты, мән-мағынасы талданып алынды. Жазушылардың шығармаларындағы портреттік суреттеулердің лексикалық құрамы жинақталып, төмендегідей кестеге түсірілді.
Адам денесі мен оның мүшелерін атайтын сөздер (соматикалық лексика)
Көз
Тұлға
Шаш
Алақан
Бой
Маңдай
Мұрын
Мұрт
Саусақ
Қас
Тіс
Қол
Башпай
Білек
Мойын
Иық
Кеуде
Қарын
Жақ
Қабақ
Аяқ
Бас
Бел
Жауырын
Иек
Ауыз
Кірпік
Тізе
Адам киімін атайтын сөздер (вестиалды лексика)
Тон
Куртка
Шалбар
Туфли
Костюм
Красовка
Бөрік
Малақай
Бәтеңке
Камзол
Лосина
Шорты
Жаулық
Орамал
Шалбар
Галстук
Халат
Боти
Мәсі
Кебіс
Шұлық
Қолғап
Жәкет
Юбка
Адам бет өзгерісін, дене қимылын, дене қалпын атайтын сөздер мен сөз тіркестері (кинетикалық)
Көзін қысты
Қасын жиырды
Көзін төмен салды
Қасын түйді
Көзі бақырайды
Қасын көтерді
Көзі жарқ етті
Қасын керді
Көз сығырайды
Маңдайын тыржитты
Көзі жыпылықтады
Маңдайын жиды
Көзі алақтап кетті
Басын төмен салды
Тура қарады
Басын шайқады
Сынай қарай басын жоғары көтерді
Түстей қарады
Басын изеді