Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамық орап алды маңайды.
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық,
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
1 бала: Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл.
Ата-әже, ана-әке
Құтты болсын жаңа жыл!
2 бала: Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам мол болсын.
Төрле, төрле, жаңа жыл,
Бізге құтты жол болсын!
3 бала: Ойыншықтар мұншама,
Кім ілді екен соншама.
Алақай, айнала түрленді,
Балақай, ән айтамыз,
Би биле, тұрма енді.
1. Ән «Қыс»
(Залдың бір шетіндегі үйшік жанында 7 лақ пен ешкі)
Жүргізуші: Міне, балақайлар, ертегі әлеміне келіп қалдық.
1 лақ: Апатай-ау, апатай,
Таяп қалды жаңа-жыл
Әзірлейік ән мен жыр, мә-мә!
2 лақ: Сен орманға барсаңшы,
Сыйлық таңдап алсаңшы, мә-мә!
3 лақ: Біз баламыз әркез сақ,
Әкел бізге көп моншақ, мә-мә!
4 лақ: Ақ моншақты тағайын,
Сауық сайран салайын, мә-мә!
5 лақ: Апатай-ау, апатай,
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз, мә-мә!
6 лақ: Келіп қалды Аяз ата,
Би билеп, ән салайық, мә-мә!
7 лақ: Жаңа жылға қатысып,
Сыйлық алғым келеді.
Орманға тез барсаңшы,
Аяз ата алып келсеңші!
Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,
Орманға мен барайын,
Сыйлық таңдап алайын,
Сақ болыңдар әркез тек,
Қасқыр келіп қалмасын,
Тойдың шырқын алмасын.
Лақтар: Біз ешкімге есік ашпаймыз.
Жүргізуші: Солай ешкі лақтарына абай болуды айтып, сыйлық алуға шықты.
Сол кезде Ақшақарды кездестірді.
Ақшақар: Сәлеметсің бе, ешкі?
Ешкі:Сәлеметсіз бе, Ақшақар!
Ақшақар: Жасыл шырша орманда,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншықты балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Ешкі: Тектен-текке тұрмайын,
Жаңа жылға біз дайын.
Лақтарыммен бірге,
Шырша әнін жырлайын.
Жүргізуші: Ешкі мен Ақшақар ешкінің үйіне лақтарын шыршаға шақыруға бет алды.
Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым
Есік аш қарақтарым.
Мамаң келді орманнан,
Сендерге сыйлық әкелді.
Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме лақтарыма!
Ақшақар: Онанда бізбен жаңа жылды тойлауға жүр.
2. «Кішкентай шырша» хоровод әні.
(Әннен кейін түлкі бауырсақты қуып шығады).
Бауырсақ: Тимеші маған,
Жемеші мені,
Жаңа жылды тойлауға мен де барамын.
Асыр салып, би билеп,
Қошеметке қаламын.
Түлкі: Жоқ, мен сені жеймін.
Ақшақар: Түлкі, сен бауырсақты жеме, оданда жаңа жыл шыршасына қарашы, мұнда аңдар,
балалар жиналған, кел бірге тойлайық.
Түлкі: Маған бір ой келді, онанда ойын ойнап, көңіл көтерейік.
3. Ойын: «Кім тез қаршаларды жинайды?»
(Жүргізуші ойын шартын түсіндіреді. Бауырсақ, түлкі командасы болып ойнайды).
(Ойыннан соң Мақта қыз мысығын іздеп шығады).
Ақшақар:Сәлем, Мақта қыз.
Мақта қыз: Сәлеметсіңдер ме?! Мен мысығымды іздеп жүрмін.
Жүргізуші: Сен қапа болма, біздің балалар, аңдарымыз мысығың туралы ән айтса келіп қалар.
4. Ән «Мысығым».1,2,3 Аяз ата!!! (3 рет).
Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балаларым,
Балаларым балғыным,
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін,
менің балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.
Ақшақар:Аяз ата, балалар, аңдар сізге ән, тақпақтар дайындаған, бірінші шыршамызды
жағып алайық, қанекей бірге…
Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»
5. Ән хороводы: «Аяз ата».
Жүргізуші: Аяз ата, енді тақпақтар тыңдаңыз.
6. Тақпақтар.
Аяз ата: Балаларым, рахмет! Жарайсыңдар!
Ақшақар: Аюлар келіп қалыпты, неге ренжісіп тұрсыңдар?
1 аю: Мен қоңыр аю, қоңыр аю,
Бөліспеймін балымды,
Бір өзім-ақ жеп қоямын.
2 аю: Бұл менікі, бермеймін, еш бөліспеймін.
Жүргізуші:Ай, аюлар, аюлар,
Егер балды бөліспесеңдер,
Мақтаншақ деп ат қоямыз.
Онанда келіңдер, ән айтып, би билеп Аяз атадан сыйлық алыңдар.
7. Хоровод биі «Жаңа жыл».
Аяз ата:Е, керемет десеңші, қандай көңілді, мынадай шырша тойында қалай сендерге
сыйлық таратпасқа. Қызым Ақшақар, қапшықты әкеле ғой.
(Қапшықтың қасына жылан тығылып қалады).
Ақшақар: Ой, мынау не? Жылан ғой!
Жылан:Мені ұмытып барасыңдар ма, бұл жыл жылан жылы, ол мына – мен.
Кім мен туралы тақпақтар айтса, қапшықты беремін.
1 бала: Отырмайсың, тұрмайсың,
Түзу жолда бұраңдайсың.
2 бала: Аяз сүйіп қарсы алған,
Жылдың аппақ тұлғасы.
Қыстың айы қаңтардан,
Басталады жылан жылы – жылбасы.
Аяз ата: Кел, жыланым, Ақшақарым. Балалар сыйлықты күтіп қалды, таратайық!
(Сыйлық үлестіру).
Рахмет айту.
4