Ұзақ мерзімді жоспар
1- сынып
Бөлімдер Бөлімшелер
Оқу мақсаттары
1-тоқсан
1-бөлім. Мен – зерттеушімін
(«Өзім туралы» ортақ тақырыбы аясында)
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру
1.2 Табиғатты тану әдістері
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
2-бөлім. Тірі табиғат
(«Менің мектебім» ортақ тақырыбы аясында)
2.1 Өсімдіктер
1.2.1.1өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;
1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;
1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;
1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;
1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау
2.2 Жануарлар
1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;
1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;
1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру
1.2 Табиғатты тану әдістері
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
2-тоқсан
(«Мен және менің отбасым» ортақ тақырыбы аясында)
2.3 Адам
1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;
1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау
(«Бізді қоршаған әлем» ортақ тақырыбы аясында)
5.1 Күштер және қозғалыс
1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;
1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;
1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
1.2 Табиғатты тану әдістері
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
3-тоқсан
4-бөлім. Жер және ғарыш
(«Саяхат» ортақ тақырыбы аясында)
4.2 Ғарыш
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;
1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау
4.1 Жер
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау
4.3 Кеңістік және уақыт
1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру;
1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау
5-бөлім. Табиғат физикасы
(«Дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы аясында)
5.4 Жылу
1.5.4.1 жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау
5.5 Электр
1.5.5.1 адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру
5.6 Магниттілік
1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау;
1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу
1.2 Табиғатты тану әдістері
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
4-тоқсан
(«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы аясында)
(«Дені саудың жаны сау» ортақ тақырыбы аясында)
5.2 Жарық
1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;
1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;
1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау
5.3 Дыбыс
1.5.3.1 дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру;
1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату
1.2 Табиғатты тану әдістері
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру