Пәні: Өзін-өзі тану Сынып: 6 «А, Ә, Б, В,» Сабақ: № 3
Тақырыбы: «Өз мүмкіндігімізді таниық»
Құндылық: Дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер: адамгершілік,қайырымдылық, ізгі іс істеуге құштарлық, өзін-өзі бағалау
Сабақтың мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, олардың қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.
Міндеттері:
оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру;
әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету;
өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.
Табыстылық критерийлері:
1. әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету;
2. өз мүмкіндіктерін бағалап және іске асыра білуге тәрбиеленеді.
Әдіс-тәсілдер:
-Топтық жұмыс, әңгіме, ыстық орындық стратегиясы, тыныштық сәті
Ресурстар: Интерактивті тақта, конспект, презентация, музыка, дәптер, бояу қарандаштар, постер
Ұйымдастыру іс-әрекеті Тыныштық сәті. (Нұрға бөлену)
4 мин
Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, топтарға бөліп, тыныштық сәтін өткізіп, оқушылардың көңіл-күйін көтеру.
Оқушылар амандасады, топтарға бөліне, тыныштық сәтін өткізеді.
Оқушылардың дайындығын мұғалімнің бақылауы
Оқушыларда жақсы көңіл-күй, тыныштық қалыптасады.
2
Үй тапсырмасын тексеру
8 минут
Дәптердегі 4 тапсырмадағы мәтінді оқытылады. Әр топқа бірдей сұрақ қойылады.
Адам өз мүмкіндігін тану дегенді қалай түсінесіздер?
Әр топтан екі оқушыдан шығып үй тапсырмасын оқиды, сұрақтар жауап беріледі.
Арнайы белгілер арқылы бағалау
-оқу материалын қайталайды;
- ой-пікірін айтады;
- өлеңді жаттайды.
3
Дәйексөз
5 минут
Дәйексөз оқылады.
Адам ғалам ғажаййып жеке дана,
Жан құмары – іздеңген сана
Өзіңді-өзің танысаң – істің басы;
Түзеген өз ғаламын болған дана
Әл – Машани
Әр топтан бір оқушы шығып дәйексөздің жалпы мағынасын айтады, ой-пікірін білдіреді.
Арнайы арқылы бағалау
- ұлағатты адамдардың сөздерін естерінде сақтайды;
- ойларын, пікірлерін ашық айтуға дағдыланады.
4
Әңгімелеу
8 минут
Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген төмендегі сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытады.
1. Адам алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін қандай әрекеттер жасайды?
2. Адамдардың кейде арманына
жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?
3. Адамдардың мүмкіндігі мен мақсатының сәйкес келуі қажет деп ойлайсың?
Әр топ өзара ақылдасып, әр топтан бір оқушы сұраққа жауап береді.
Арнайы арқылы бағалау
- ойларын, пікірлерін ашық айтуға;
- ауызбіршілік;
-тапсырманы; бірлесе орындау;
дағдыланады
5
Шығармашылық жұмыс
12 минут
Видео ролик көрсетіледі.
2. Адам мүмкіндігі қызығушылығы мен талпыныстары туралы білімдерін түсініктерін кеңейту үшін оқулықтағы «Оқып үйренейік айдарымен берілген Қ.Толыбаевтың шығармасы оқылады.
Әр топқа сұрақ қойылады.
1. Адамның неліктен ойлаған ойына қол жетпеді?
2. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін не істеу керек?
3. Ғұламаның қиялы оның мүмкіндігіне сәйкес келеме?
3. Адам мүмкіндігінің шексіздігін көрсету мақсатында балалардың назарына отандық және әлемдік мәдени мұраларға аудартылады және сұрақ қойылады.
1. Өнер туындыларын көргенде қандай сезімде болдың?
Әр топ өзара өзінің ойын, пікірін айтып сызба құрады.
Арнайы арқылы бағалау
-кең түрде ойлану;
- идеяны бағалау;
- сөйлеу шеберлігі;
- ауызбіршілік;
- ортақ шешім қабылдайды
6
Топпен ән айту
3 минут
Топпен айтылады .
Оқушылар топпен ән айтады
- критерийлер арқылы бағаланады
- шығармашылық қабілеті оянады;
- әуенді сезіне біледі
7
Үй тапсырмасы
2 минут
Өзіңе ұнайтын көркем туындылармен танысып, әр оқушы өз туған жерінің жеті кереметін тауып жазады.
Эссе тақырыбын ашып алу керек.
- критерийлер арқылы бағаланады
-ойлануға машықтанады;
-жауапкершілік.
8
Тыныштық сәті
3
Баяу әуен қосылады.
Көзді жұмып, сабырлы қалыпта әуенді тыңдаудайды. Әуен олардың жүйке жүйесін тыныштандырады
- критерийлер арқылы бағаланады
- әуенді сезіне біледі;
- сабырлық;
-жүйке-жүйесі тыныштанады.