Жұлдызым менің жоғары 10 сынып Өзін өзі тану

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мектеп :№142 мерзімі :


Сабақтың тақырыбы: Жұлдызым меніңжоғары

Құндылық: Ішкі тыныштықҚасиеттер: Мейірімділік, сенімділік, ізгілік

Мұғалім:Сынып:10 Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: Оқушылардың жақсы тілек,сенімнің қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы, ішкі тыныштық құндылығын дамыту

Міндеттері: Оқушылардың ішкі сенімдерін дамыта отырып, ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа, сене білуге тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Интерактивті тақта, жұлдыз жорамал

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.


2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жұлдыз» туралы мағлұмат оқып келу

Күн де көп жұлдыздың бірі, айырмасы: өзге жұлдыздар алыстан жарқырап құр жымыңдаса, күн бар әлемге өмір береді. Адам баласы да осы қалың жұлдыздар тәрізді. Бұлардың арасында да басқаға өмір беретін, жарық сәуле төгетіндер аз емес.I. Есенберлин

• Қалай ойлайсыз неліктен үлкендер «жұлдызың жоғары болсын!» дейді?

• Өз жұлдызыңыз қандай деп ойлайсыз?

• Адам жұлдызы жоғары болуы үшін не істеуі керек?

Сабақ барысын талқылау:


3.Дәйек сөз.

«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз»

Абай


4.Әңгімелеу (сұхбат)

Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

- Сен не істеп жатырсың? – деп сұрайды әлгі кісі.

- Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой, -дейді бала таңырқап.

- Бұл ақымақтық қой!, – дейді қызбаланып әлгі адам, – қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала шамалы ойланып, келесі теңіз жұлдызын қолға алады да, теңізге қайтарып жатып:

- Дәл осы жұлдыздың тағдыры үшін жасағанымның мәні көп депті.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Тұманбай Молдағалиевтің «Менің жұлдызым» атты өлеңіндегі жасырылған қатарларды өз ойымыздан құрау.

"Көпір" ойыны
  Еденді бормен "көпір" (түзу) сызылады. Екі топ, бір-біріне  қарсы шыққан балалар "көпірден" құлап қалмай жоғары қарай өтуі керек.

Мақсаты: Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.


6.Топпен ән айту.

Нұрлан Әлімжанов «Ақ құсым»


7.Үй тапсырмасы.

«Жұлдызым менің жоғары» эссе жазып келу


8.Соңғы тыныштық сәті.

Тыныштық сәті