Хуанган Нургул Мұғалім портфолиосы А есебі
№ 2-топ ІІІ деңгей
Алматы қаласы күні__________________
Бағдарламаның жеті модулінің мазмұны бойынша «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
Бақылаушылардың пікірі
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын оқуда өзіме жас педагог ретінде алған тәжірибемді өмірде алған біліміммен теңестірсем артық емес деген ойға келдім. Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін игеруге бағытталған Бағдарламаның бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімізді мектептегі тәжірибе кезеңінде іске асыру оқушылар түгіл өзімізге де үлкен қызығушылық тудырып, қанаттандыра түсті.
Пажарес (1992) Білім беру сызбаларында [Мұғалімге арналған нұсқаулық, 7-бет] көрсетілгендей,оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Сөйтіп, жаңа теориялық білім көңілге сенім ұялатып, оқу мен оқытуда жаңа көзқарас туғызды.
Осы «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін сабақтарымда қолданудағы мақсатым – «мен осы күнге дейін оқытуда оқушыларды қалай бағалап келдім?»- деген сұрақ төңірегінде ой жүгіртіп, бұрынғы өз тәжірибемде оқушыларды бағалауда тек қана өзімнің ықпалым болды және көбіне оқушылардың берген жауаптарына қарап салыстырмалы түрде немесе ынталандыру ретінде бағалап келдім. Бірақ, оқушыларымды дұрыс бағаламағандықтан жақсы нәтиже болмады деген оймен бағалау формасын өзгерттім. Осы жоғарыда айтылған кемшілігімді жоя алам деген ниетпен бағалаудың жаңа тәсілдерін барлық сабақтарға қолдануды жөн көрдім.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.[Hattie, 2009, мұғалімге арналған нұсқаулық 6-бет]
Міне, осы сындарлы оқытуды негізге алған біліктілікті арттыру бағдарламаны оқу барысында, негізгі мазмұнының жеті модулі оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегіне негізделген. Соның ішінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін мектептегі тәжірибе барысында тізбектелген сабақтарымда қолданып, кездескен кедергілерді жеңіп, тиімділігін арттыруға тырыстым.
Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. [Александер,2001,ман56-бет]
Осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып, Тәжірибемді өзім сынып жетекшілік атқаратын 7 «Е» сыныбына өткіздім. Бірінші сабағымда бағалау парақшасын бердім, сонымен қатар формативті бағалау кезінде көңіл-күйді білдіретін смайликтер беріп отырдым. Берген жауаптарына қарай өте жақсы және жақсы деген мағынаны білдіретін смайликтер бердім. Бағалау критерийлерін де түсіндірдім. «5» бағасын алу үшін 4-5 смайлик, «4» бағасына 2-3 смайлик, «3» бағасына 1 смайлик деп бағалау өлшемін түсіндірдім.
[pic]
Балалар жақсы баға алу үшін қалайда смайлик алуға тырысты, бірақ дұрыс жауап бердім бе, жоқ па деп аса көңіл аудармағанын байқадым. Бағалау парақшасына бір-біріне көтермелеген түрде баға қойғанын байқадым. Себебі, бұрын мұндай дағды қалыптаспағандығын ескердім. Бағалаудың мақсаты неде?- деген сұраққа нұсқаулықта 6 мақсатын көрсеткен. Соның ішінде кері байланысты да назарда ұстаған. Осы сабағымда кері байланысты смайликтердің көңіл-күйі арқылы тақтадағы қалташаға «Сабақты өте жақсы түсіндім», «Сабақты жақсы түсінбедім», «Сабақты мүлдем түсінбедім» стикерге жазу арқылы салды. Кері байланыс жасауда оқушылардың жақсы көңіл-күй танытқандарын оқи отырып, өзім де сабағымнан жақсы әсер алдым. Нұрсұлтан есімді оқушының «апай, биыл сабағымыз қызықты өтетін сияқты ғой» деген сөзі әлі есімде.
[pic] [pic]
Келесі сабағымда осы кері байланыста жазған оқушы пікірімен келісе отырып, бір-біріне көтермелеген түрде баға қойғанын ескере келіп, осы аталған кемшіліктерді қайталатпауға тырысып, келесі сабағымды жоспарладым. Екінші сабағымда аталған кемшіліктерді қайталамас үшін, әр топтың басшысын және кеңесшісін сайлап, әділ бағалауын қадағалап бірлесе жұмыс жасадым. Оқуды бағалау үшін, яғни, оқушыларға жиынтық бағаны әділ қою мақсатында, бағалау критерийлеріне сүйендім және жиынтық баға нақты және ашық түрде қойылды. Оқушылар нәтижелі білім алу мақсатында өздерінің мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен бірге нәтижеге жету жолдарын да алдын-ала біліп отырды. Ол үшін бағалау критерийлеріне сүйенді. Осы сабағымда формативті бағалау үшін, үш түрлі кескінді пайдаландым. Төртбұрышқа – 4 санын, дөңгелекке -3. Үшбұрышқа- 2 сандарын жазып, әр тапсырманың нәтижесінде беріп отырдым. «5» бағасын-20-25 балл, «4» бағасын -15-20 балл, «3» бағасын-10-15 балл жинау барысында алады деген бағалау өлшемдерін қолдандым. Нәтиже жаман болмады. Сабаққа кері байланысты екі жұлдыз, бір тілек арқылы жазды. Өткен сабаққа қарағанда жаңа әдіс-тәсілге бейімделе бастағандары байқалып, кері байланысқа сабақтың жақсы өткендігі, осы тәсілмен сабақ өту ұнағаны туралы пікірін білдіріпті.
[pic]
Үшінші сабағымда мен айтпай-ақ өздерінің апай, бүгін не істейміз, сабақта тағы нендей жаңалықтар болады?- деген сөздерінен сабаққа деген қызығушылықтарын байқадым. Оқушыларымның күннен-күнге ашылып, сабаққа деген ынталары мен қызығушылықтары байқалды. Сабақта формативті бағалауда бармақпен бағалап, кері байланыста бағдаршамды қолдандым. Сабақты жақсы түсіндік дегендері- жасыл түске, онша түсінбедім дегендері- сары түске, мүлдем түсініксіз дегендері- қызыл түске стикерге жазу арқылы жапсырды. Ойларыңды жасқанбай жаза беріңдер, ешкім сендерге ештеңе демейді, түсінбесең, келесі сабақта тереңдете қарастырамыз деген сөздер айтып, нақты пікірлерін жазуды сұрадым, бірақ сабақты мүлдем түсінбедім деген оқушы болмады.
[pic]
Төртінші сабақта оқушылардың толыққанды еркіндігін, бір-бірін әділ, нақты бағалағандары көрінді. Формативті бағалауда түрлі-түсті асықтар беру арқылы бағаладым. Өте жақсы талапқа сай жауап берген оқушыға- жасыл түсті, жақсы жауап берген оқушыға- сары асық беріп отырдым, қызыл түсті асық берсем, оқушының сабаққа деген ынтасы жоғалуы мүмкін. Бағалау өлшемі «5»бағасы -4-5 жасыл асық , «4»бағасы -3-4 сары асық, «3»бағасы-1-2 сары асық жинаса берілді.
[pic] [pic]
«Күту ағашы» әдісі бойынша бүгінгі сабақтан не күтесің?- деген сұрақ қойып, сол туралы стикерге жазып, ағашқа жапсырды. Сабақ соңында сол күтетін мақсатыңа жете алдың ба, соны үстіне апарып жапсыру тапсырылды. Оқушылардың көбі «бүгінгі сабақтан жақсы баға немесе үздік баға күтетіндерін, жақсы көңіл-күй, сәттілік күтемін » - деп жазыпты. Сабақ соңында мақсатына жеткендері де, жетпегендері де болды, Жақсы баға күтемін деген бір-екі оқушы бүгін жете алмадым, келесі сабақта жетуге тырысамын деп жазыпты. Осыған қарай отырып, менің мұғалім ретінде алғаным - шынымен алған білімнің нәтижесі бағадан көрінеді, оқушының қай дәрежеде екендігін де алған бағасы арқылы білуге болады екен деген ойға тоқталдым. Ендеше, оқушыны дұрыс, нақты бағалау керек, сонда ғана берген біліміңнен нәтиже күтуге болады екен. Ол үшін сабағыңды түрлендіріп, қызықты өткізген жағдайда ғана оқушыдан жақсы нәтиже болатынына көзім жетті.
[pic] [pic]
Осы модульді тәжірибемде қолдану барысында көптеген жақсы нәтижелерге қол жеткіздім - деп ауыз толтыра айта аламын. Нәтиже жаман болған жоқ, күнделікті сабақта сөйлемейтін Гүлжамал және Бақытжан есімді оқушыларымның сабаққа деген ынтасының оянғанын байқадым.
[pic] [pic]
Олар бұрынғы сабақ беру кезінде жақсы оқитын оқушылардың көлеңкесінде қалып қоя берген екен. Ал осы әдіс-тәсілдерді қолдануда, яғни, топпен жұмыста үлгерімі төмен оқушылардың да идеясы ескеріліп бағаланды. Мысалы, «инсерт» әдісін пайдаланған кезде Бақытжан деген оқушым жүйелі сұрақтар қойып, тиімді жауап берді. Осы оқушымды бағалау барысында мақтап, мадақтап, көтермелеп, жақсы сөздермен қолпаштап едім, келесі сабақта да тырысып, жақсы баға алуға талпынды, яғни, ілгерілеу болды. Себебі, оқушы мақтауды сүйіп, сол мақтауға лайық болуға тырысып бақты. Сабақ барысында оқушылардың өз білімдерін өздері бағалауы, құрбыларын бағалауы жақсы көңіл-күй қалыптастырып, сабаққа деген қызығушылықтары мен ынтасы артып, жігерленгендеріне көзім жетті және оқушыларға ұнағанын байқадым. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы маңызды болатынын аңғардым.
Бағалауда оқушы көңіл-күйін ескеру де басты назарда болу керек екенін білдім. Сабақ барысында BLOB TREE арқылы оқушылардың рефлексиясын байқап көргенімде, бірнеше оқушымның мықты сенімділігі және көтеріңкі көңіл-күйін, 1- 2 оқушымның жарқын мінездері және достық көмек беруге әрдайым дайын екендігін, 3 оқушымның бауырмалдық қасиеті мен достыққа берік екендігі, бірнешеуінің білім алу жолында құлшыныстарының зор екенін байқадым. Ақкенже есімді оқушы сабақ барысында қатты кедергі келдірді. Бұл оқушымның жеке дара ешкіммен ой бөлісуге қашқақтап жүргендігін, көңіл-күйінде күйзелістің бар екенін, жабырқаулы екенін байқадым. Осы оқушыға жеке жұмыс жасау керектігін ескеріп,ол оқушының анасымен сөйлесе келе, баланың қатты күйзелісте екендігі анықталып, мектеп психологымен бірлесе жұмыс жүргіздім.
[pic] [pic] [pic] Өзімнің іс-тәжірибемнен түйгенім – оқушының көңіл-күйін ескермей жатып, бағалауға болмайтынын түсіндім. Бағалаудың өзі балаға қатты әсер ететінін аңғардым. Әр оқушының мінез-құлқы, жас ерекшелігі, ішкі жан дүниесіне баса назар аудара келе бағалау керектігін байқадым. Осы бағдарламаны оқып, әдіс-тәсілдерді үйренбегенде, осындай болып жатқан келеңсіздерді байқамас едім. Болашақта әр оқушының іс-әрекетіне, отбасы жағдайын ескеріп, әр оқушының сабақ барысында психологиялық ахуалына көп көңіл бөлуді мақсат етіп қойдым.
Жоғарыда қойған мақсатымды ескере келе, оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттей алуға, өз білім дәрежесін бағалай білуді, білімін жақсартуға тырысты, сабаққа белсенділігі артып, қызығушылықтары оянды, өзін-өзі, бірін-бірі әділ, нақты бағалауға қалыптаса бастады.
Жалпы білім беруде алға қойған мақсатым - оқыту үдерісін жоспарлап, қолданысқа енгізгенде оқушылардың білімін бағалауды басты назарда ұстануы керек деп ойлаймын. Өйткені, бағалау сыныптағы оқушылардың деңгейі бірдей емес екендігіне, оқушының пәнге қызығушылығын оятуға елеулі әсер ететіні белгілі. Білімді тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа әдіс -тәсілдердің барлығымен тікелей байланысты. Оқушылар алға қойған мақсатқа жету үшін, сол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуі қажет. Өйткені, кез келген істі жасаған кезде оған критерийлер беріліп, қойылған талаптар орындалуына байланысты өзін-өзі бағалайды, «мен осы қойылған талаптарды орындай алдым ба?, жасаған жұмысымды қай дәрежеде орындай алдым?, орындаған тапсырмамның дұрыстығына қалай көз жеткізсем?» – деген сияқты сұрақтарды өздеріне қойып, жақсы жетістікке жетуге, алға қарай жылжуға қадам жасары анық.
Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білемін. Сол себепті, оқытуды бағалау білім беруді жетілдіретінін білген жөн. Білім беру барысында әр уақытта әртүрлі бағалауды қолдану тиімді. Мен өзімнің іс-тәжірибемде осы модульге баса назар аударғандықтан, оқушылардың өзін-өзі, бірін-бірі бағалауларына көп назар аударып, әділ бағалануын болашақта қадағалаймын. Өйткені, оқушылар өзін-өзі реттей келе, өздерінің білім деңгейін анықтай алды, өз білімін құрбыларымен салыстыруды үйренді. Қателік жіберген тұстарын түсініп, әділ бағалауды үйренді, дағды қалыптасты. Сабақ барысында әр түрлі бағалаудың түрлерін пайдаланып көрдім. Бас кезінде бағалауда қиындық кездескенін айта аламын, оқушылар өздеріне жақсы баға қоюы, бір-бірінің көңілдеріне қарап, жоғары бағалауы сияқты кедергілер кездесті. Ол кедергіні жою мақсатында, бағалаудың критерийлерімен түсіндіріп, жан-жақты талқылаулар болып, оқушыларға бағалаудың маңыздылығын түсіндірдім. Бағалау барысында сөз мәнері, өз ойларын ашық және нақты жеткізе алуы, сабақ үстіндегі тәртіптері, әр топтың өзі құрған ережелерін сақтауы т.б. іс-әрекеттері қарастырылса, бірін-бірі бағалағанда берілген тапсырмадан дұрыс жауаптың болуы, қатесіз, сауатты жазылған тапсырмалар, яғни, критерийлерді басты назарда ұстап бағалағандықтан, өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалау барысында оқушыда әртүрлі сұрақтар туындайды. « Мен пікірімді нақты жеткізе алдым ба?», «Берген жауаптарымның дұрыс екенін дәлелдеп, нақты дәлелдер келтірдім бе?», «Қаншалықты дәрежеде ?», « Жаңа сабақты қаншалықты дәрежеде меңгере алдым?», «Белсенділік таныта алдым ба, қаншалықты дәрежеде?», «Құрбыларымның пікірімен санаса алдым ба?», «Үй тапсырмасын орындау барысында неге салғырттық таныттым ?». Осындай сұрақтар негізінде оқушы өзіне деген жауапкершіліктің зор екенін біледі. Өз білімін жетілдірудің керек екенін түсінеді. Білімін жақсарту мақсатында бағалаудың маңыздылығын түсінеді. Оқушыларды бағалаудың алдында оқушының нені білетіні, нені білмейтіні жайлы анықтау дұрыс болар деген ойдамын. Осыны анықтау барысында тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың әр түрлі әрекетін, бір-бірімен әңгімесін, өзара пікірлерін, берген жауаптарын ескеріп, бақылау жүргіздім және оқыту үшін бағалау нәтижесіне сүйене отырып, оқушылардың қызығушылықтарын, сабаққа деген ынтасын дамытуды ойластырдым. Оқушылардың білім алуда бағалаудың басты рөл атқаратынын, бағалай білуді өздерінің меңгеруінің қажет екенін, өздерінің білімдерін жақсартып, алға жылжуына көмегін тигізері анық. Бұл ары қарай өздерінің нәтижелерін, білім деңгейлерін жақсарту үшін не істеу керектігіне мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, бағалау- оқушылардың өзін-өзі бағалаулары, оқуға деген қызығушылығын оятып, білім алу саласына көмегін тигізері анық , өздерінің білімін қалай жақсарту керектігін түсінеді. Осы модульді алып қолданып жазбас бұрын әріптестермен кеңес кезінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін жазу өте қиын болатыны жөнінде айтқан пікірлерін ескердім, бірақ, сол қиындықты жеңе алам ба? - деген сұрақты өзіме қарсы қоя отырып, жұмыс жүргізіп көрдім. Әлі де болса үлкен ізденіс пен тәжірибе барысында толықтыра түсем деген сенімім мол. Осы аталғандарды ескере келе, сабағымыздан оң нәтиже күтіп, табысқа жетуі үшін мұғалім құзыры жоғары деңгейде болуы керек. Ол үшін мұғалім бойында Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» [Shulman, 2007. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8-бет] деп көрсеткен қасиеттердің болуы міндетті. Шульман айтқан кәсіби түсінік пен оқытудың тәжірибелік дағдылары мұғалімнің басты құралы болып келгені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал, жүрек жылуын басшылыққа алатын Шульманның үшінші көмекшісі – кәсіби деңгейлік тұтастық, өкінішке қарай, бұл қасиет барлық ұстаздардың бойынан табыла бермейтіні анық. Мұғалімдер «ұстаз» мамандығына тән құндылықтарын ұстанып, оқушыға мейірім мен ыстық ықылас таныта білетін адал да, әділетті жан бола білсе ғана, шәкірттің жүрегінен орын алып, сенімдерінен шығатын нағыз құрметке ие жан болары сөзсіз. Осы аталған қарым-қатынас арада орнағандықтан, сабақтардан нәтиже болып, оқушыларымның жақсы көңіл- күйлерін көре алдым. Осылайша, бағдарламаның жеті модулін сабақ барысында қолдана отырып, өткізген сабақтарымнан мамандығыма деген өз сүйіспеншілігім артты. Көпті тамсандыра бермейтін «ұстаз» мамандығының атына сай жоғары деңгейге көтеріп, ұстаздар еңбегіне жаңа серпіліс енгізіп отырған Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері заман талабына сай туған қажеттілік екенін айтуға болады. Келешекте, бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзіме керектілерін меңгеруде талмай еңбектене келе, сабағыма енгізуді мақсат етіп қойдым. Елбасымыз “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр”- деп айтқандай, ұстаздарға артар жауапкершілік үлкен. Осы жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларды бағалаудағы жеткен жетістіктерімді болашақта әр сабағымда тиімді әрі түрлендіре отырып қолдануға түбегейлі бет бұрамын.
Пайдаланған әдебиет : Мұғалімге арналған нұсқаулық