Сабақ жоспары. Тақырыбы: Әлеуметтану пәні және оның міндеттері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Әлеуметтану пәні және оның міндеттері

«Социология» деген сөз латын-грек сөздерінен құралған. «Societas» - латын тілінде қоғам, «logos» - грекше ілім, ғылым деген сөз. Сонда әлеуметтану – қоғам жөніндегі ғылым деген сөз. Оны өз алдына ғылым етіп негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857). Бірақ қоғам тек әлеуметтану ғылымының ғана емес басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан әлеуметтану – қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл әлеуметтану ғылымының ӛзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

«Әлеуметтану» термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, ӛнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сөйтіп кейінннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.

Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бӛлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін өзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары жөніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады.

Түптеп келгенде , қазіргі әлеуметтану – тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы өз алдына дербес ғылым. Әлеуметтану – қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым.

Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде күзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады.

Әлеуметтанудың зерттеу объектісі – социум деп аталатын әлеуметтік шындық (социальная реальность). Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. «Әлеуметтік», «қоғамдық», Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені 13 бет Барлығы 164

 

«социум», «қоғам» деген ұғымдар синонимдер ретінде қолданылады. Тар мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз – адамдардың әртүрлі деңгейдегі ӛзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен тығыз байланысқан қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры.

Әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз – қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың ӛмірде байқалуы мен ӛзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері.

2. Әлеуметтанудың құрылымы.

 Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде атап айтқанда бүкіл қоғам кӛлемінде немесе жеке адамдар тұрғысынан зеттеуі мүмкін. Оның білімдік құрылымы соған сәйкес анықталады.

Әлеуметтану білімінің құрылымы – бұл ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жӛніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жӛніндегі ӛзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, кӛзқарастар, теориялар жүйесі.

Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен кӛзқарастар ашып кӛрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады.

Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:

жалпыәлеуметтанулық теориялар немесе жалпытеориялық әлеуметтану;

арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар деп те атайды;

нақты әлеуметтанулық зерттеулер.

 

Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің ӛзгешеліктері қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың маңыздылығын байқатады.

3.Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері.

Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының да қоғам алдында орындайтын, атқаратын қызмет-міндеттері бар. Олар алуан түрлі болып келеді. 1. Теориялық-танымдық қызметі.

2. Практикалық қызметі.

3. Идеологиялық қызметі.

Теориялық-танымдық қызметі арқылы әлеуметтану қоғамның мәні, оның құрылысы, заңдылықтары, қызметі жайлы, дамудың негізгі тенденциялары, бағыттары, жолдары жӛніндегі білімді тереңдетеді. Әлеуметтік құбылыстар мен процестерге эмпирикалық және теориялық талдау жасау негізінде, айталық, материалдық ӛндіріс саласында адамдардың қызметін ынталандыру мен тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси қатынастарды, әлеуметтік институттардың қызметін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстарды әзірлеу әлеуметтанудың практикалық қызметіне жатады.Қоғамның таяудағы және алыс болашағына қатысты әлеуметтанулық болжам жасаудың, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салаларының дамуын ғылыми тұрғыда алдын ала кӛре білудің мейлінше практикалық маңызы зор.

Әлеуметтанудың тағы да бір атқаратын қызметі – идеологиялық қызмет. Ӛйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын белгілі бір әлеуметтік топтардың, таптардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін білдіреді. Себебі әлеуметтанушының ӛзі белгілі бір әлеуметтік-таптық қауымдастықтың құрамында, яғни, кӛбінесе қандай да болмасын бір саяси партияға мүше де болады. Ол ӛзі зерттейтін әлеуметтік процестерді, қоғамдық қатынастарды және әр түрлі субъектілердің қызметін белгілі бір дүниетаным ұстанымымен пайымдайды. Ал, оның дүниетанымының қалыптасуы әлеуметтанушының шыққан ортасымен, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты.

Әдебиеттер:

1.Габдуллина К.Р., Раисов Е.Р. Социология. Алматы, 2008.

2. Әбсаттаров Р.Б., Дәкенов М. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Әлеуметтану. Оқулық Алматы: «Қазақ университеті», 2005. 1-2 кітап.

4. Волков Ю.Г. Социология. Ростов на-Дону, 2008.

5. Кравченко А.И., Анурин В.Ф. Социология. Питер, 2008.

6. Лавриненко В.Н. Социология. М., 2009.