5 сынып,қазақ тілі билет

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Билет №1

Менің әжем

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Адам үшін, мен үшін

Нағыз ана тілі-әжем.

(Қ. Мырза Әли)

Билет №2

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

1)Өз үйім өлең төсегім. 

2) Үй ішінен жау шықса,

Тұра қашып құтылмассың.

3) «Сіз», «біз» - деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар

4) Қарындасың – қарлығашың.

5) Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

6) Ата – баланың қорғаны.

7) Сақау баланың тілін шешесі біледі.

8) Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы.

9) Атаның көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

10) Бала – ананың бауыр еті.

11) Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

12) Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.

13) Бала – бауыр етің.



Билет №3

Наурыз мерекесі

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жы л бастау мейрамы
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі. Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.

Билет №4

Қазақстан табиғаты

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан.. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

Билет 5

Біздің еліміз

Біздің еліміз - бай әрі қуатты ел . Мұнда барлық халықтар еркін өмір сүреді .
Әркім қалаған еңбегін істеуге , оқуға , демалуға ерікті . Біздің еліміздің балалары бақатты . Қазақстан - әлемдегі ең ірі астықты мемлекеттердің бірі.
Қазақстанның әдемі жерлері көп.

Билет №6

Қазақ тілі сабағында

Біздің мектепте қазақ тілі сабағы аптасына үш рет болады. Біз бұл пәнді жақсы көреміз. Қазақ тілінде сөйлеп үйренгіміз келеді. Өйткені, қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Біздің мұғалім білімді. Сабақта интерактивті (белсенді) тақта мен компьютерді жиі қолданады. Интерактивті (белсенді) тақтамен сабақ қызықты өтеді. Әр сабақта көп мәліметтермен танысып, кейде ойын арқылы да қазақ тілін меңгереміз.

Билет №7

Қазақтың ұлттық спорт түрлері

Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлері:

  • аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға  [link] да туған.13 жасында Елек мекеніндегі екі сыныптық орыс мектебін бітірген.Он жылдан кейін Орынбор қаласындағы медіресені бітірген.Жасынан пысық,білімге ынталы болған.Оған 1932 жылы қазақ филологиясы бойынша тұңғыш профессор деген атақ берілді.

    Билет №24

    Отбасы мүшелерінің жасы,ұлты
    Біздің отбасымызда төрт адам бар. Олар: әкем,анам, інім және мен! Менің екем 40 жаста.анам 41,інім 13, мен 14 жаста.Менің әкем — кәсіпкер, ол өте ақылды.Менің шешем — мұғалім, ол мейірімді.Қарындасым Гүлмира бес жаста, балабақшаға барады.Мен жеті жастамын, бірінші сыныпта оқимын.Ата мен әже бөлек тұрады, олар — зейнеткерлер.Біздің отбасымыз өте тату. Менің ұлтым орыс.


    Билет №25

    Білім тақырыбы бойынша мақал-мәтел

    Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
    Стремись удивить знаниями, а не красноречием.

    Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
    Учение – основа знаний, знания – основа счастья.

    Ұстаздан шәкірт озар.
    Прилежный ученик превзойдёт учителя.

    Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.
    Дорога к знаниям начинается с колыбели.

    Ғылым – теңіз, білім – қайық.
    Наука – море, знания – лодка.

    Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім.
    Землю украшает урожай, человека – знания.

    Кітап – алтын қазына.
    Книга – кладовая золота.

    Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
    Нет жизни без знания, нет знания без учения.

    Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
    Учение – основа знания, знание – основа жизни.

    Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
    В учении трудно, да плоды учения сладки.

    Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
    Учитель без учеников, что сирота одинокий.

    Кісінің көркі киім емес – білім.
    Человека украшает не одежда, а знания.

    Білімге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.
    Для знающего мир светлый, для глупого – тёмный.

    Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
    У знающего учителя и ученики умные.