«Бекітемін»_______________________
Оқу ісінің меңгерушісі А. Молдабаева
Сабақ жоспары
03.03.2016ж. Пәні:
Қазақ тілі
Сыныбы:
6 «Б»
Тақырыбы:
Еліктеуіш сөздер
Пән мұғалімі:
Ж.Қаналиева
Негізгі түйінді идея
Оқушылар еліктеуіш сөздердің жасалу жолдарын біледі
Оқу мақсаттары
Барлық оқушылар: оқушылардың барлығы еліктеуіш сөздердің еліктеу сөздердің мағыналық түрлері екенін біледі
Оқушылардың басым көпшілігі: оқушылардың 60 пайызы 20 минуттың ішінде еліктеу сөздердін жасалу ерекшеліктерін ажырата алады.
Жекелеген оқушылар: 40 пайыз оқушы 20 минут ішінде еліктеуіш сөздердің көмекші етістікпен тіркесіп және жеке тұрып та қимылдың амалдарын білдіретіндіктеріне мысал келтіре алады.
Тілдік мақсат
Тірек сөздер мен тірек сөйлемдер: көмекші етістік, еліктеуіш, негізгі түбір
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар
Көпшілік оқушылар
Жекелеген оқушылар
оқушылардың барлығы еліктеуіш сөздердің еліктеу сөздердің мағыналық түрлері екенін біледі
оқушылардың 60 пайызы 20 минуттың ішінде еліктеу сөздердін жасалу ерекшеліктерін ажырата алады.
40 пайыз оқушы 20 минут ішінде еліктеуіш сөздердің көмекші етістікпен тіркесіп және жеке тұрып та қимылдың амалдарын білдіретіндіктеріне мысал келтіре алады
Сабақ барысы
Кезеңдер
Уақыт
Мұғалім не істейді?
Оқушылар не істейді?
Бағалау
Ресурстар
Кіріспе
5 мин
1. Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасып, «Айналмалы бекеттер» әдісімен үй жұмысын қайталап еске түсіреді.
2.Топтастыру
Оқушылар сергіту сәтін жасап, үлестірме парақшалар арқылы топқа бөлінеді
Формативті бағалау
Үлестірме қима қағаздар, стикерлер
Ой қозғау
5 мин
«Графикалық диктант» әдісімен білімдерін бағалау
Оқушылар дұрыс және бұрыс жауаптарын тексере отырып өз білімдерін тексереді
Өзін – өзі бағалау
Суреттер, қима қағаздар, тақта, бор
Іс-әрекет
35 мин
Жаңа сабақ. Еліктеуіш сөздер
Тапсырма.
1 «Аш.Оқы.Жаз» әдісімен жаңа сабақты меңгерту. Топ мүшелерін қолдау көрсету. Түсінгенін, түсінбегенін қадағалау.
(15 минут)
2. «Радиоға қоңырау шалу» әдісімен жаңа білімді бекіту.
3.Бекітуге арналған жаттығу жұмыстары.
Үйге: шығармашылық жұмыс
1.Топта тақырыпты түсінуі үшін топтық жұмыс жасайды.
2. Өтілген тақырыпты бекіту үшін жаттығу жұмыстарын орындайды.
Ең үздік нәтиже
Өзін-өзі бағалау
Бағыттау парақтары, оқулық, тақта, бор
Рефлексия
5 мин
«Бір ауыз сөз» (ұнады, қажет, пайдалы, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым)
Бүгінгі өтілген сабақ бойынша өз ойларын айтып, сабаққа кері байланыс береді
Өзін-өзі бағалау
Стикерлер, бағалау парағы
Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар
Не сәтті болды?
Не сәтті болмады?
Нені жақсартуға болады?
Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым?
Нені өзгертуге болады?