Разработка урока Бейнелеу өнері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы: 7 г

Мұғалім: Каримова Б.Х.

Берілген модульдің тақырыбы: Бейнелеу өнері. Көсемше.

Сабақтың мақсаты: б) Оқушының қазақ тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қазақ тілі арқылы халықтың ұлттық құндылықтарын таныту.

Д) Оқушының тілін, ойлау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін, танымдылық белсенділіктерін, сөздік қорларын молайту.

Т) Өнер туындыларын бағалау, еңбексүйгіштікке баулу, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. (1 м)

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Модульдік оқыту технологясы, деңгейлеп оқыту, өздік жұмыс

Типі: кіріспе, қорыту, пысықтау.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, еңбек, орыс тілі.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру: сәлемдесу, кезекшімен сұқбат (1м)

- Бүгін сыныпта кезекші кім?

- Сенің аты- жөнің кім?

- Бүгін сыныпта кімдер жоқ?

- Бүгін айдың нешесі?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (8-10 минут)

Ортақ тапсырма: сөздік

Өзіңді тексер.

Изобразительное искуство-

Развиваться -

Заложено –

лидер -

великий –

мастерски –

кисть –

личность –


бейнелеу өнері, даму, қаланған, көшбасшы, алып, шеберлікпен, қылқалам, тұлға














ІІІ д.
Мәтін бойынша берілген сөздіктен сөз тіркестерін құру

ІІ д. Мәтін бойынша сұрақтар құру

І д. Мәтіннің мазмұнын айту.

Мұғалімнің сөзі



ІІІ. Бейне материал: Қасиетті Түркістан – көненің көзі немесе Қожа Ахмет Йасауи кеснесі. 6-7 минут

ІҮ. Негізгі бөлім: Сәулет өнері

Суретпен жұмыс. Әсем қалаларға саяхат.

( 3-сл. Алматы және Астана қалаларындағы сәулет өнерлері яғни ғимараттар

Хан шатыры, хан шатырының ішкі көрінісі, 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі, тәуелсіздік монументі, Талдықорған әуежайы, ақ орда, мешіт.

  1. Оқулықтағы 1- тапсырма мәтінінің сөздігімен танысу. Сөз тіркестерін немесе сөйлем құрып, есте сақтау. (ауызша)

(Тамаша сәулет өнері, салтанатты мереке, батыр сарбаз, тай мүсіні, ғажайыптар көзтартады, адамның бейнесі, биік мүсін т.б)

  1. Мәтінді оқып, аудару.

(Тізбектей оқу)

  1. Өздік жұмыс.

3- тапсырма.

1.Берілген сөз тіркестерімен етістіктерді қатыстырып, көсемше тұлғасында сөйлем құрау.

( 4 сл.)



2. Кейбір оқушыларға Ү.М. беру. (ІІІ д)

1

  1. Сәбит жүгір... кел.. жатыр.

  2. Болат сен қайда кет.. бар жатырсың?

2

  1. Мен ертең киноға бар... отырмын.

  2. Інім Алматыда оқы.. келді

3

  1. Мен кітапты оқы.. бітірдім.

  2. Ол кино көр... келді.

4

  1. Мен саған кел... едім, сен кет... қалыпсың.

  2. Асан сабаққа дайындалма.. келді.

  3. Шешемнің уақыты болма... жатыр.

ҮІ. Сергіту. Мақал –мәтелдер. (5-сл.)

  1. Шебердің қолы көпке ортақ.

  2. Ұста, ұстадан нұсқа.

  3. Жеті рет пішіп, бір рет кес.

  4. Ұста пышаққа жарымас,

Етікші етікке жарымас.

  1. Өнерлі өрге жүзер.

ҮІІ. Тақтамен жұмыс.

Берілген етістіктерден көсемше жасаңдар.

Даму, таныту, қалану, бейнелеу, тұру, жату, болу, туу.

(развивать, знакомить, основываться, изображать, жить, лежать, быть, родиться)

Үлгі: даму дамып –дами – дамығалы -дамығанша

ҮІІІ. Тыңдалым.

4- тапсырма. (6- сл.)

Тәуелсіздік монументі

Алматы қаласының Республика алаңында Тәуелсіздік монументі орналасқан. Монументтің биіктігі – 28 метр. Монументтің басында қанатты барыс үстінде алтын киімді сарбаз тұр.

Оның қолында – бүркіт. Осы биік монументтің алдында тайға мінген қыз бен ұл. Монументтің артында – Жер –Ана ақыл-ой иесі – Абыз ата бейнесі бар.

І Х. Сабақты пысықтау.

Шағын тест сұрағы

  1. Көсемше жұрнағында тұрған етістікті көрсет

А) келген; Ә) келгенше; б) келді

2. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі

А) Д.Нүрпейісова; Ә) К. Байсейітова; Б) Ә. Қастеев

3. Атақты Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

А) Алматыда; ә) Таразда; б) Түркістанда;

4. Көсемшенің сұрақтары

А) қайтып? Не істеп? Не істегелі?

Ә) кімге? Неге? кімді?

Б) қалай? Қалай қарай? Қайда?

5. Сөйлемді орын тәртібімен жаз.

Астанадағы, ғимараттар, сәулет өнерінің, салынып жатырған, жетістігі.

қазіргі

Х. Қорыту.





ХІ. Үйге тапсырма.

ІІІ. Д. Өнер, сарбаз сөздеріне фонетикалық талдау.

ІІ. Д. Сөздіктерді жаттап, 5 сөйлем құру.

І. Д. Эсса жазу. Талдықорған қаласының сәулет өнері























1

  1. Сәбит жүгір... кел.. жатыр.

  2. Болат сен қайда кет.. бар жатырсың?





2

  1. Мен ертең киноға бар... отырмын.

  2. Інім Алматыда оқы.. келді






3

  1. Мен кітапты оқы.. бітірдім.

  2. Ол кино көр... келді.





4

  1. Мен саған кел... едім, сен кет... қалыпсың.

  2. Асан сабаққа дайындалма.. келді.

  3. Шешемнің уақыты болма... жатыр.












Талдықорған қаласы Ломоносов атындағы №5 орта мектеп –лицейі









Сабақтың тақырыбы:

Сәулет өнері

Көсемше















Мұғалім: Каримова Б.Х.



2012 жыл