Презентация по русскому языку на тему витамины (10 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






Ғылыми жоба



Сырқатыңның бар

дауасы - табиғатта

















Дайындаған:

Анарметоа Паризод





Зерттеудің негізгі мақсаты:

-Табиғаттың адамға тигізер пайдасы туралы ұғым беру, білімін кеңейту. Адамның денсаулығына шипа болатын табиғат ерекшелігін меңгерту;

-Табиғат қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамкорлық, жанашырлық сезімге баулу, оқушылардың табиғат жөнінде ой-өрісін кеңейту;

-Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту; оны қорғауға, ұйымшылдыкка, өзара сыйластықка тәрбиелеу

Зерттеудің кезеңдері:

1.Әдебиеттер жинақталып ,зерттеу материалдары жүйеленді

2.Жиналған материалдар оқылып,талқыланып, жоспарланды.

3.Көрнекіліктер дайындалды.





Зерттеудің жаңалығы:

-Табиғаттағы тіршілік атаулының адамға тигізер пайдасын ұғындыру





Қорытынды:

Елбасының Жолдауындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулықты қорғау,нығайту, талабы, бағытында, сондай-ақ Жолдауда атап кеткен ұрпақтық саулығы үшін аталған міндеттер мен нормаларға сәйкес іс-қимылды жүргізудің біздің елімізде қолға алынған. Дені сау ұрпақ қатарын көбейтуде атқарылар шаралардың өзіндік маңызы өте зор

Жоспар

1 Кіріспе бөлім.

2 Негізгі бөлім

а)Табиғат деген не?

ә) Жергілікті жердегі өсімдік пен жануардың адамға тигізер пайдасы



3 Қорытынды бөлім

Табиғатты аялау өз қолыңда.

























Кіріспе бөлім

Бүгінде экология туралы айтып, жазып және теледидар бойынша көрсетуде. Экология ғылыми түсінік аясынан шығып кетіп және әрбір мемлекеттің және әрбір тұлғаның ойлауын және сол туралы қобалжуын тудыратын мәселе болып отыр. Біздің өзімізден басқа ешкім табиғатты, қоршаған ортаны, әлемді құтқарып қала алмайды. Көпшілік жағдай біздің өзімізге, біздің түсінігімізге және қоршаған ортаның сапасын сақтау құндылығына байланысты болып отыр.

Жақында Қазақстан Республикасының Үкіметі екі маңызды құжаттаманы қабылдады. «Тұрақты дамуға өту концепциясы және ҚР Экологиялық кодексі» олар біздің қоғамымызға қазақстандық халықтардың өмір сапасын жақсарту жне табиғатты пайдалануды стимулдау және қоршаған ортаның ластануын төмендетуге мақсатты бағытталған міндеттерді қойды.

Экологиялық кодекс – бұл атқарылуға міндетті заң және экологиялық заңнамалардың реформаторы ретінде қазірдің өзінде негізгі ережелермен жұмыс істеуде. Және бұл тұрақты даму процесіне өту үшін жасалған соңғы нүкте деп айтуға болмайды.

Адамның табиғатқа сарқылмас байлықдеп қарауы табиғи ортадан тепе-теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғыонжылдықта күшейіп, енді адамзат экологиялықмәселелерді шешуді белсенді түрде қолға алды.Түрліше табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдык акциялар ұйымдастырылуда, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарылуда.

Табиғатымыз — адамға баға жетпес байлық.







Негізгі бөлім

А) Табиғат деген не?

Табиғат ол бізді коршаған орта: аспан, ай, кун, жұлдыз, ауа, күннің көзі, жылуы, өзен, көл, жарык. Табиғат - байлыктын көзі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының кұтты коныс-мекені, алтын ұя тал бесігі. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адам біртұтас, бір-бірінен бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уакытта зиян тигізбеген.

Жалпы табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты коныс-мекені, алтын ұятал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ.Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу,жалпы табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз. Халқымыздың мактанышы болыпсаналатын ғалым, этнограф, зерттеушіШ.Уәлиханов былай деген екен: "Табиғат пен адамегіз! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап,олардан кұпия не бар?! Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды,көшпелі тұрмыска қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адамбаласына байлық пен бақыт, кұт әкеледі".

Шынында да халқымыз табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді "әулие бұлақ", "әулие ағаш" деп бағалаған. Ал қарлығаш, аққу, ұлар сияқты құстарды жақсылыктың жаршысы, бакыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзбауға, балапандарын жоюға немесе өздерін өлтіруге рұқсат етпеген.

















Ә) Жергілікті жердегі өсімдік пен жануардың адамға тигізер пайдасы

Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған. Қазақстанда орман қоры 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.

Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді. Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз. Табиғаттың ерекшелігі сол, ашылатын сыр, шешілетін жұмбақ , қызықты құпиялар жайы өте көп. Адам тіршілік барысында әртүрлі жағдайда сырқаттанғанда сол сырқаттың емін, шипасын біздің көз алдымызда айналамыздағы тіршіліктен табуға болатынын біле бермейміз.дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болады

[pic]

Ағаштар (Қарағай, шетен)Халқымыз әр түрлі ағаштардың жеке-жеке ауруларға емдік қасиетін ертеден-ақ меңгерді. Мәселен, аяқ шаншығанда, бас ауырғанда шетенді сол ауырған жерге қойып, сырқатты бәсеңдеткен. Шетен қуат бергіш ағаш тобына жатады. Дегенмен, шетенді ұзақ пайдалану да қауіпті. Кері әсері болуы мүмкін. Қазақтар шетенді найзағай тартады деп үй жанына отырғызудан бас тартқан. Қарағай ағашының да, оның бүршігі бүйрекке ем екен. Арнайы қайнатпамен жасалып ем жүргізеді Асқазанның қыжылын емдеуге болады. Бүйректің тасын емдейді екен. Осыған байланысты нақты ғылыми негіздерге, тәжірибелерге сүйеніп әр адамның өзінің жеке "қуат бергіш" және "қуат сорғыш" ағашы болатыны анықталды. Алайда, аты аталған немесе аталмаған "қуат бергіш" ағаштар толық емдік қасиетке ие деп біржақты айта салуға да болмайды. Өйткені әр адамның өзінің туған жыл, ай, күніне қарай өз ағашы болады. Ағаштың қандайда бір емдік белгісіне қарай анықтап, "қуат бергіш" ағашқа жақындағанда әр сеансты 10-15 минуттан бастап, 20-30 минутқа дейін созып, жеті рет сеанс алған дұрыс болады. Денеңізге кері әсер ететін ағаш жанына жоламау қажет. Әрине, орманға барғанда бір ғана ағаш шипалы деу дұрыс та болмас. Ормандағы барлық өсімдіктер биоөріс бөледі. Су өзінің сылдырап аққан үнімен дененің жүйке жұмысын жақсартады. Өсімдік те, су да адамның кері қуатын сорып шығара алады. Бұларға таза ауаны қосыңыз.

[pic]

Адыраспан. Дәрілік өсімдіктермен емдеу тәсілін ерте заманнан бері ата-бабамыз қолданып келе жатыр. Ертеде өмір сүрген Әбу-Насыр әл Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни, Әл-Джуржани орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына ықпалы зор болды.

Халық медицинасында пайдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі- адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған . Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гарминалколойдтері, ал гүлі мен бұтағында

Емдік қасиеттері. Емдік мақсатта адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы «УарауАспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен. Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі- дәрмекке пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын емдейді.

Емдеу тәсілдері. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан емшілік қасиеттері өте көп. Сол емшіліктің бір саласы әр түрлі шипалы шөптермен емдеу болып табылады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауруы бар науқастың бөлмесін залалсыздандырады.

Адыраспанның ем болатын аурулары:

Ревматизм ауруы

Ұмытшақ ауруы

Тіс ауруы

Бастың созылмалы ауруы

Тарамыс ауруы

Буынның қабынуы

Бел, сал ауруы

Асқазан ауруы

Сонымен, өсімдік- медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы.

Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.

[pic]

Жусан. Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады .Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік.Жусанның тұнбасы жөтелге пайдалы.



[pic]

Жуа.Оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға пияз ерекше пайдалы . Біріншіден, тәнге С витаминнің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлақ ауруы на қарсы заттарға бай.Пияздың құрамын-дағыфитонцидтер іріңді және ауыртатын микробтарды жояды, ағзаның әртүрлі жұқпалы ауру-ларға қарсылығын күшейтеді.

Баспамен ауырғанда гайморитте, мұрын бітелгенде пияздың фитоцидімен (иісімен) дем алады.Пияздың шырыны жөтелде қақырықтың бөлініп шығуына жәрдемдеседі. Пияздың шырынын ара балымен немесе қантпен араластырып ішсе, жөтелге, туберкулезге ем. Ол және ас қорыту кезіндегі іріткіш үдеріс-терді басады, зиянды микроағзалардың дамуына кедергі жасайды.Үгілген пияз шырынын жараны, ойық жараны жазатын ем ретінде, теріні қышытатын қабынуларды басуға дәрі ретінде қолданады.

Пияз езіндісі тырнақтың зеңді ауруларын кетіреді.

Пияздың шырыны сүйелді жояды.

Пияздың шырыны қыр-құлақ (цинга) ауруына шипалы ем.

Құрамында калийдің көптігі бүйректің тас ауруларына, құяңға, сары-буынға, семіздікке шипалы, ол бауырдың қызметін де жақсартады. Оның атеросклерозда, ағза шаршағанда пайдасы көп.Пияздың құрамында В дәрумені мол болғандықтан, оның спрей түрін науқасқа, балаларға, ой еңбегімен айналысатындарға көбірек пайдалануға мамандар кеңес береді.

Батун пияздың ішек құртына қарсы әсері мол. Оның құрамында атеросклероздың дамуын тежейтін, зат алмасуға және қанда холестерин деңгейіне ықпал ететін заттар көп. Сусамырда аспен бірге пісірілген, бұқтырылған немесе шикі жуаны жеген жақсы. Жуа ас қорыту жұмысын реттейді, асқазан сөлінің бөлініпшығуына мүмкіндік береді. Оның жәрдемімен ішек ферменттері және ұйқы безі жасалып шығады. Пияздың жаңа шырыны іш қатқанда, көтеуде (геморойда) жағымды әсер етеді.Халық медицинасында басты пияз несеп айдағыш ретінде пайдаланылады.Жуа қабақтарының судағы тұндырмасының емдік қасиеті: ағзадан әртүрлі қоқыстарды шығаратыны. Батун пиязын Қытайда асқазан ауруларында және іріңдеп ауырғанда тер шығаратын дәрі орнына жегізеді.

Қыр жуасының қаназдықта пайдасы зор, өйткені онда фитонцидтік заттар, темір, қант бар.

Көк пияздың құрамындағы калий жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартады, оның құрамындағы кальций тіс ауырғанда пайдалы.

Жөтелде,созылмалы тонзилитте, мұрын бітелгенде ,салқын тигенде, тері ауруында,күйген жерге, өкшенің мүйізгегін кетіру және қатайған теріні жұмсарту үшін де пісірілген ыстық пияз қабығын басады.Малды емдеуде пияз тұнбасы оның күйіс қайтаруын реттейді, ірі қараның қатпаршақ, жалбыршақ қарындарының жиырылып –созылуын үдетеді, ішектегі желді басады. Пияздың қабығынан 5 пайыздық ерітінді жасап, бұзауға 150-300 миллитр мөлшерінде күніне 4-5 рет ішкізсе, тәбеті артып, ас қорытуы жақсарды.







Сарымсақтың пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра ешкімде оның иісін жақсы көрмейді. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір сарымсақ жеуге кеңес береді. Оны турап, үгітіп, немесе бір бөлігін бүтіндей жеу .и керек.Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактерияларды құртады екен.Сарымсақтың ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауруын басады және салқын тигенге ем. Сондай-ақ ревматизм, гепатит, қырқұлақ ауруларына, баспаға, тұмауға қарсы, зәр жүргізгенге, қақырық түсіруге қолданылатындығы халық емшілігі әдістерінде бар.Кейінгі кезде сарымсақтың қанның артериялық қысымын азайтып, қандағы холестерин деңгейін төмендететіні, қан тамырларында тромбылардың пайда болуына қарсы әрекет ететіні мәлім болады.Біздің заманымыздың керемет кеселдерінің біріне айналған аллергия да сарымсақтан сескенеді екен. Оның бір бөлігін алып, бір-екі қасық қайнаған суға үгітіп, езіп алып тамақтан кейін күніне 3-4 реттен қабылдаса, бір аптадан кейін-ақ адам сауығып кетеді.Мұндай ем тіпті демікпе мен аллергиялық сипаттағы тері бөртпелеріне шипалы көрінеді.Бір бөлік сәбіз шырынын, белгілі бір мөлшердегі өсімдік майын және бірер тамшы сарымсақ шырынын мұқият араластырып, мұрынға күніне бірнеше рет тамызып отырса, күзде-көктемде салқын тигенде, тұмауға қарсы ем екен.Кешкілік көзі көрмейтіндерге малдың 100 грамм таза бауырына сарымсақтың екі – үш үлесін қосып, күніне бір реттен екі апта жегізсе, көздің көруі жақсаратын болады.

[pic]

Ара – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, орта буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады. Балдың емдік қасиеті Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай:

1. Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясының үлкенінен бір дана, кішілеуінен 3-4 данасын, жалқы өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.

2. Тері қышымасына: ара ұясын(өңделген) спиртке 7күншылап, 8 күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.

3. Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп 6 граммын суға қайнатып, самасын тұн-дырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.

4. Ыстық, суықтан тіс қақ-сағанда: өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, суымен ауызды шайқайды. Өңделген ара ұясынан кішкене мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.

5. Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мөлшерде алып талқандағаннан кейін ара ұясының ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір майына араластырып тез арада жараға жағады.

6. Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.

7. Дизентерияға: ара ұясын кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет ішеді. Жасалу және ішу мөлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшқыш майы бар.

8. Үйреншікті іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.

9. Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 9 гр.мандарин қабығынан 6 гр-ды суға лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.

10. Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққанда, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып, жаншып, балға араластырып жараға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.

11. Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотырға жағады.

12. Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.

13. Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.

14. Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.

15. Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.

16. Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қо-сып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.

17. Мәйітті бір мезгіл сақтауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұзылмайды.Шипалық емге қажет мөлшері 10-20 гр-нан аспауы керек. Балдың құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, өсімдік желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар және А, Д, Е витаминдері бар.

18. Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Моншада емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін тигізеді. Таза ауада көбірек жүру, күнделікті бір уақытта дағдылану да өз кезегінде ұйқының тұрақтылығына ықпал етеді.Ұйқысыздық әртүрлі жағдайларға байланысты болады. Қан аздықтан болатын ұйқысыздыққа ыстық су құйған жылытқышты аяққа басу керек. Бір жағдайларға мазасызданғаннан ұйқыңыз қашса, жатар алдында жылы сүт ішуге болады. Ал қан қысымы жоғары адамдарға ұйқысыздық пен бас ауруларынан арылу үшін арнаулы жастықтар бар.

19. Суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке, немесе лимонның шырынына қосып, науқастан әбден айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан ыстық сүтке бір шай қасық қосып ішеді. Ал, сүт жақпайтын адам бүтін бір лимонның шырынына 100 гр. бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйылған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы үйде жатқаны жөн. Өйткені, бал адамды терлетеді, ал терлеген кезде тез суық тиеді. Ондайда адам жөтеле береді. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Немесе, бір литр суға ұнтақталған 500 гр. пиязды, 400 грамм қантты және 50 грамм балды қосып, әлсіз отқа үш сағаттай қайнатып, суыған соң шыны шөлмекке құйып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам күніне ас қасықпен төрт-алты рет ішуі керек. Онымен қызарып ауырған тамақты шайқау да пайдалы. Сондай – ақ, шәйнекте қайнап тұрған суға бір ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.

20. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұ-рын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.

21. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құйып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен күніне бес – алты рет ішуі керек.

22. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды. Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.

23. Балықтың майына қосылған бал асқынған жарақатты оңай жазады. Аузы уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.

24. Балды үккіштен өткізілген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәруменді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қойдың іш майына ерітіп, ішуге болады. Сондай-ақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына шипалы.

25. Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.Қатарынан бір-екі ай үзбей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір жақсарады.

26. Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да өзіндік пайдасы бар. Қоңыр шоколадтың какаосының құрамында майды ыдырататын элементтер болса, бал жағып жасалған массаждың қан айналымын жақсартатын қасиеті бар. Әр ағзаның қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді .

[pic]

Жылқы.Қазақ халқы үшін ең қасиетті болып саналатын малы – жылқы екендігі белгілі. Еті мен сүті – шипа, өзі көлік, ер-батырларымызға серік жануардың тұқымын жоғалтпау елімізде мықтап қолға алынған. Көп ауруларға ем болып саналатын жылқы етінің басты қасиеті: жүрек, қан, тамыр ауруларына: суық райлы адамдар үшін, бүйрек жұмысын жақсартуға, мүшелердің қалыптылығына, буын сүйектерді жібітуге қолданылады. Басты ем болатын аурулары және қолданылуы:

Шаш қарайтуға жылқы еті жуылған суға шашты жуып тұрса, таз, теміреткінің салдарынан ағарған шашты қарайтады.

Ұмытшақтыққа жылқы жүрегін қуырып жесе пайдалы болады.

Бүйректі қуаттандыруға жылқы етін қақтап пісіріп, сүтпен бірге ішіп-жейді.

Қан тамыр ауруларына, холестериннің артуынан болатын жүрек, қан тамыры ауруларына: жылқы етін және майын біршама ұзақ уақыт лайықты мөлшерде тұтынса, холестеринді төмендетіп, қан қысымының жоғарылауын тежейді.

Қиюласпаған сүйектерді, орнына дұрыс түспеген буындарды түзетуге: қазақ оташылары жоғарыдағыдай кінәраттарды оңдау үшін көбінесе жылқы майын қолданады.

Бүйе шаққанда: Уытты қайтару үшін, атты қатты терлетіп, ер-тоқымының ішпегіне сіңген терді суға жуып шығарып алып, тыныстай алмай қатты қызып, күйіп-жанып жатқан адамға даярланған судан бір шыны ішкізеді. Осылайша жалғастырып бірнеше шыны ішкізсе, дене қызуы қайтып, науқас тынышталады. Және аттың терісіне шүберекті шылап, жараға тартады. Халық аузында «жылан жылқының тері иісінен қорқады» дейтін сөз бар. Жылан шағудан сақтану үшін жолаушы жүріп немесе мал, егін күзетінде жүріп, далада ұйықтайтын болса, ерді жастанып, тоқымды төсеніп, айыл-тұрманды қоршап қойса жылан жоламайды.

Әзірлеу әдісі: Жылқының ерітілмеген немесе ерітілген майын мертігіп орнына түспеген жерге 5-7 күн тартады. Сылап жақса да болады. Осы арқылы ілінген шеміршек сүйек немесе буындар жібіген мөлшерлі уақыты толғанда қайта сындырып,түзеп таңады. Керек мөлшері: 9-15 грамм.

Құрамында А,С дәрумендері, тұқымында: май, ұшқыш май, ет сілтісі, органикалық қышқылдары бар.

[pic]

Қой етінде пайдалы көмірсу қосындылары, темір, фосфор, ақуыз мол. Етті семіздіктен арылу үшін, әлсіздікке қарсы, босанған әйелдердің денсаулығын жақсарту мақсатында пайдаланады.

Сойылған жас малдың етін және сорпасын науқас адамға, іш ауруына байланысты үздіксіз берсе, денсаулығы жақсарып, іштегі жел қайтады.

Қой етін күйдіріп, көмірін сірке суына салып, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытты қайтарады, сыздап ауырғанды басады.

Еттің сылынып алынған сүйектерді бөлшектеп, ұзақ қайнатып, сорпасын мешел балаларға күніне екі-үш рет ішкізсе, нәтижесі тәуір.

Қойдың етіне қайнатылған су қосып сұйылтып, күніне екі рет көзге тамызса, жанардағы аққа ем.

Денедегі теміреткінің бетін спиртпен тазалап, өтті бірнеше күн жағады.

Шаштың арасы бөртіп кеткенде сабындап жуып, сумен сұйытылған өт жуындысымен шашты жуса, бөрткен жоғалады.

Малдың бауырын қаны аз, денесі әлсіз, көру қуаты төмендеген ауруларға береді. Қойдың сүті сиырдың сүтіне қарағанда әлдеқайда сапалы. Оның химиялық құрамында 6-8 пайыз май, 5-6 пайыз ақуыз, 4,6 пайыз қант және 0,8 пайыз минерал заты бар. Сиыр сүтімен салыстырғанда қой сүтінде май мен белок көп. Оның үстіне, құйрықты қойлардан сүт көп шығады .

[pic]

Құс жұмыртқасының шипалары: бас ауырғанда, дененің қызуы көтерілгенде жұмыртқаның сарысы көмектеседі. Күйіктен зақымданған жерлерге жұмыртқа ақуызын немесе жұмыртқаның өзін жағыңыз. Сондай – ақ гайморитке, қалжырап шаршағанда көмектеседі. Соның ішінде бөдененің жұмыртқасы... «Биологиялық құндылығы жөнінен бөдене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқаларын басып озады, – дейді Миша ағай. – Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондай-ақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әлдеқайда жоғары. Құрамы осындай азықпен жүйелі қоректенген адамның әртүрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек-қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Сондай-ақ бөдене еті мен жұмыртқалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұмыртқа құрамындағы лейцитин қандағы холестеринді төмендететін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұрақты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты артады.

Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 градус болғандықтан, оның сальмонелез, құс тұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пайдалы. Жапония мен Қытайда бірнеше ғасырдан бері оның еті мен жұмыртқасын халық медицинасында пайдаланып келе­ді. Тіпті Жапонияда мектеп оқушысының таңертеңгі ас мәзіріне бөдененің екі жұмыртқасы міндетті түрде енгізіледі екен. Бұл балаларды бөртпе мен диатезден құтқарады. Сондай-ақ баланың ойлау қабілетін арттырады.

Жалпы, бөдене жұмыртқасы анемияға, бас ауруына, демікпе мен туберкулезге, қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттеуге, салқын тиген мен тұмауға, асқазан, ішек ауруларына, әсіресе асқазан жарасы мен гастритке таптырмас ем. Тіпті жапондықтар бөде­не жұмыртқасын тұрақты тұтынған науқастың қатерлі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрінеді



[pic]

Жылан етінің адам денсаулығын нығайтуда пайдасы зор екен. Жылан етінен жасалған тамақ ағзаны суықтан арылтып, буын ауруларынан, басқа да сырқаттардан арылтатын көрінеді. Жылан етінің қаншалықты пайдалы екенін Қытай, Тайланд, Сингапур, Малайзия, филиппиндіктер жақсы біледі. Олар емдік мақсатта арнайы жылан фермасын ұстайтын көрінеді. Ал жақында француздықтар жылан етінің обыр (рак) ауруына да таптырмас ем екенін анықтапты. Ол үшін жылан етін жүгері майына қуыру керек екен. Сонымен, француз емшілерінің айтуынша, кесілген жылан етін табаға салып, жүгері майына әбден шыжғырып қуырады. Содан кейін ауру адамға қуырылған жылан етін бес күн қатарынан түс мезгілінде аш қарынға жегізіп отыру керек. Емделетін адамға жылан етіне дейін нәр татқызбаған жөн. Қуырылған жыланды жеп болған соң, екі сағаттан кейін ғана ет пен жұмыртқадан басқа тағамдарды жеуге болады.Жылан еті адам ағзасын жақсы тазалайды екен. Бірінші аптада бес күн қатарынан, содан кейін жеті күн үзіліс жасап, осы ережеге қайта кірісу керек. Адамды обыр ауруынан толық айықтыру үшін бұл ережені төрт рет қайталаған жөн. Француздардың бұл емін қазір Қытай мен Сингапур сынақтан өткізіп жатқан көрінеді. Нәтижесі көп ұзамай белгілі болып қалар. Жыланнан сорпа жасап ішкенде адамға шығатын бөртпе, безеулердің жоқ болып кететінін, ет пен терінің арасындағы құрттар жойылатынын және кез-келген жараның тез жазылады. Жылан майының тағы бір кереметі . Егер жылқының аяғындағы сіңірі үзіліп кеткенде жылан майын жақса, тартылып қалған сіңірлер созылып, бір-бірімен бітісіп кетеді. Жыланды суға қайнатып, оның сүйегін дәкеге сүзіп алып, сорпасын семірмей қойған сиырдың аузына құйып жіберсе болады.





[pic]

Қасқыр – жыртқыш аң. Жабайы жануар. Жемтігін даладан аулап жейді. Қоян, елік, киік тіпті үй жануарларына да шабуыл жасайды. Баласы – бөлтірік деп аталады. Пайдасы – терісінен ішік тігіледі, асығы мен өтіне нәрестені шомылдырады. Қасқырдың майы өте қатты суық тигенде пайдаланған. Аңшылар қасқырды аулап майын алады екен

[pic]

Қояннан тері, түбіт алады. Суықтан қорғайтын терісі жеңіл, әдемі, жылы манто, жакет, ішік, жаға, құлақшын тігеді. Түбіттен әртүрлі тоқыма бұйымдар дайындайды. Бір ұрғашы төлдерімен қояннан жылына 1-1,5 кг түбіт алынады. 60 тәулікте, жақсы азықтандырса, салмағын 1 кг-ға дейін көтеруге болады.

Қоян еті барлық диеталық еттердің ішінде маңызды орын алады. Дәмді, тауық етіне жақын, тез қорытылады.Мысалы, адам организмінде қоян етіндегі белоктің 90%-ті қорытылып, сіңірілсе, сиыр етінің тек 62%-ті ғана сіңеді. Қоян етінің 1 кг-мында 1384-1820-ға дейін каллорияға дейін болады. Қоянның майы ақ, жұмсақ. Қоянның тоғайрағынн (ішегін) қой айруға ем қылған

















Қорытынды

Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі заманауи уақыттың ең көккейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Жиырма бірінші жүзжылдық халық санынынң қарқынды өсуімен, ғылыми – техникалық прогрестің бұрын соңды болмаған дамуы деңгейімен сипатталады, ал ол өз кезегінде табиғи байлықтарды көптеп эксплуатациялауға алып келеді. Өзінің даму процесінде қоғам экологиялық жағдайдың шиеленісуімен тап болып отыр – табиғи ресуростардың сарқылмас қорлары азайып, қоршаған орта ластануда, ол адамдардың денсаулығына әсер етіп және барлық тірі организмдердің биологиялық негіздері қиын жағдайға жақындап келуде. Казіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Экология деген сөз тіршілік ету мекені, өмір сурген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Оны немістің атакты табиғат зерттеушісі Эрис Геккель тұнғыш рет 1969 жылы ғылыми сөздікті корға косты.

Табиғат сонымен денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.

Қазақстанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі – сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру.

Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық- геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктер пен жануарларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен «Жас орманшылар», «Жасыл патрульшілер», «Жас экологтар», «Жас натуралистер» атты үйірмелер ұйымдастырылған. Олар – еліміздің табиғатты қорғаудың белді көмекшілері.

Денсаулық-адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние.Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты.Адам бақыты-денсаулығының мықтылығында.

Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері,денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Медицицна ғылымдарының пайда болуына,оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз,медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын-алуға,ауруларды емдеу әдістерін тауып,оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады.Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады.

Халықтың денсаулығын сақтау, аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттарымемлекеттік,әлеуметтік,экономикалық,жәнемедициналық,биологиялық,физиологиялық мәселе.

Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан республикамыздың Конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп,Қазақстан республиксынның «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық мектептерінде 1 қыркүйек күні «Денсаулығыңды күтуге дағдылан!» ұранымен «Денсаулық сабағы 2011» өткізілді,"Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы» аясында денсаулық сабағының басты тақырыбы ретінде салауатты өмір салты мәдениетінің түрлі аспектілері таңдалады: қоршаған ортаны қорғау , белсенді дене қимылы, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерге қарсы тұра білу, тұрмыста және жолда жүргенде қауіпсіз мінез-құлықтың болуы".

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030жылға дейінгі стратегиялык даму бағдарламасында"Қоршаған ортаны ластауға, экологиялык калыптыжағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен окушыларға экологиялык білімберіп, табиғатты корғауға тәрбиелеу – бүгінгі күннін кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі"деген. Осы бағдарламаны басшылыкка ала отырыпалдағы уакытта табиғатка деген сүйіспеншілік,табиғат байлығын қорғап молайту — басты мақсат

Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Тілеуқабылұлы Ө. «Шипагерлік баян». - Алматы: Жалын, 1996.

2. Нұрмухамбетұлы Ә. «Көненің көзі, дананың сөзі» // Жинақ. - Алматы: ҚазММУ, 2000. -

3. Жолдасбеков М. «Сөнбейтін шырақ» // Ә. Нұрмухамет-ұлының Көненің көзі, дананың сөзі кітабында. - Алматы: ҚазММУ, 2000.

4. Оразақов Е. «Қазақ халық медицинасы». – Алматы: Ғылым, 1989.

5. Алдашев А., Әлімханов Ж. Қазақтың халық медицинасының құпиясы. - Алматы: Қазақстан, 1992.

6. Шорманов Т. «Дәрілік өсімдіктер». - Алматы: Қазақстан, 1975.























Мазмұны

Аннотация............................................................................................2-3-бет

Жоспар....................................................................................................4- бет.

1 Кіріспе бөлім.................................................................................5- бет.

II Негізгі бөлім

а)Табиғат деген не?....................................................................6-21- бет

ә)Өсімдік пен жануардың адамға тигізер пайдасы.........20-22-бет

III Қорытынды бөлім.....................................................................23- бет

Қолданылған әдебиеттер..............................................................24- бет