«МЕН КӨП ТІЛ БІЛЕМІН» полиглоттар сайысы
Мақсаты:
1. Оқулық: ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан жас шәкірттерге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру
2. Дамытушылық:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, шешендік сөздер, мақал- мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге үйрету;
3. Тәрбиелік: оқушылардың ана тілін біліп өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. өзге елдің тілін , мәдениетін, әдебиетін білетін дара тұлға даярлау;
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс:орыс, қазақ тілдері, елтану, шешендік өнер.
Көрнекілігі: сайыстың тақырыбы жазылған плакат, интерактивті тақта , түрлі-түсті шарлар, музыка, тіл туралы қанатты сөздер.
( іс-шара 9-11 сыныптар арасында ұйымдастырылады. Әр сыныптан 2 оқушыдан қатыстырылады.)
Барысы:
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде Қазақстан халқының «Тілдер мерекесіне» арналған шара жалғасуда. Тіл – қарым — қатынас құралы. Әлемде 3000 астам тіл бар. Ағылшын, орыс тілдері халықаралық қатынас тілдері. Бұл тілдер біздің аса сүйіп оқитын Пушкин, Шекспир, Лермонтов, Байрон, Бернст тілдері болып табылады. Ал қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі. Сол себептен біздің сайыс сабағымыз 3 тілде өткізілмек.
-Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-деп Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Мәңгі елдің мәңгі тілі» онкүндіктің бүгінгі күні 9-11 сынып оқушыларымен өткізілетін «Мен көп тіл білемін» атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Мінеки, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Қазақ, орыс, ағылшын,
Тілдері жайында.
Кешімізді бастаймыз,
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық-
Қазақ, орыс, ағылшын тілдері
Құрметтеуге лайық!
Дүниедегі сұлулықтың бәрі де,
Мүмкін емес қызыл тілсіз түсіну,
Көп тіл білу- өте қажет бүгінде!
Бүгін сіздер оқушылар арасында өтетін білім сайысының жеңімпазын анықтау үшін 5 кезеңнен тұратын ойынымызды көріп тамашалайсыздар.
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалім- Омарова Патчайым
Орыс тілі пәнінің мұғалімі -Ертаева Раушан
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі- Бердикулова Лаззат
Ұйымдастырушы -педагог -Тажибаева Макпал
Кітапханашы -Тастанова Айнур
-Бүгінгі біздің сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру (3 тілде)
2. Разминка
3. Кім жылдам?
4. Сұрақ-жауап бөлімі.
5. Слайд көрсетілім
6. Диалог
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.
І бөлім.Таныстыру бөлімі
Ортаға қатысушыларды шақырамыз. Реттік нөмірлерін таңдаңыздар.
Оқушылар (сайыскерлер) өздерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таныстырады.
№1 сайыскерді ортаға шақырамыз...
Әділ алқасы бірінші тур бойынша бағаларын береді .
ІІ бөлім. Разминка
Два сапога тара.
Один в золе не воин.
Жди у горя погоды.
Рожденный ползать мечтать не может.
Не зная броду, не суйся в моду.
Крутится как булка в колесе.
От добра бобра не ищут.
Сашу маслом не испортишь.
Әділалқасы ІІ тур бойынша бағалайды
ІІІ бөлім. Кім жылдам?
1 оқушы:
Ағаш Tree Доп Ball Қалам Pen Стол Table Лампа Lamp
Терезе Window Сурет Picture Нога Leg Заряд Charge Сумка Bag
2 оқушы:
Мектеп School Собака Dog Тетрадь Copybook Гүл Flower Қала City
Мост Bridge Цирк Circus Қонақ үй Hotel Бассейн Pool Сынып Class
3 оқушы:
Оқушы Student Көл Lake Дүкен Shop Кошка Cat Жаңалық News
Бокс Boxing Сағат Clock Бес Five Рука Hand Синий Blue
4 оқушы:
Зонтик Umbrella Бұлт Cloud Лиса Fox Кітап Book Нан Bread
Песня Song Шілде July Весна Spring Мұғалім Teacher Белый White
5 оқушы:
Алма Apple Волк Wolf Дос Friend Страна Country Сегіз Eight
Танец Dance Красный Red Голова Head Доска Board Лето Summer
6 оқушы:
Көз Eye Уақыт Time Кино Movie Үй House Зима Winter
Арыстан Lion Тіл Language Черный Black Ойын Game Тарих History Әділалқасы ІІІ тур бойынша бағалайды
ІV бөлім. Сұрақ-жауап.
Ағылшын тілі
What is the longest river in Great Britain?
What’s the capital of Great Britain?
Who is the president of our Republic?
The traditional drink of British people?
Who is the boxing champion in Rio 2016 from Kazakhstan?
Tell the winter months
Қазақ тілі
Қазақ ұлы ақыны, ойшысы, философы кiм?
Қазақстанның астанасын атандар
Қазақстанда наурыз мейрамы қашан тойланады?
«Оқушы» сөзінің синонимы
«Ленинградтық өренім» өлеңнің авторы
Абылай хан жанында болып,ел басқару ісіне қатысқан жырау
Орыс тілі
Это герой многих казахских сказок и называют его безбородый обманщик?
Назовите автора произведения «Путь Абая»?
В каком году мы получили независимость?
Сколько падежей в русском языке?
Самое маленькое государство в мире.
К какому жанру относится произведение
Пушкина «Руслан и Людмила»?
-What is the capital of the USA? (Washington D.C.)
-What is ”Big Ben?” the clock
-How many letters are there in the English Alphabet? (26)
-Жалпы, жалқы, деректі, дерексіз болып бөлінетін сөз табы ... ... (зат есім)
-Тілдің дыбыстық жағын зерттейтін тіл білімінің саласы.(фонетика)
-The antonym to the word “boring”. (interesting)
-What color is snow? (whitе)
-What object do children play football with? (ball)
-Орыс алфавитінде қанша әріп бар? (33)
-Назовите произведение А.С.Пушкина, действие которого происходит на дне реки. («Русалка»)
-Назовите три дня, не называя чисел и названий дней недели (вчера, сегодня, завтра)
-Что поднимается вверх, когда дождь идет вниз? (зонтик)
-Пришла без красок и без кисти
И перекрасила все листья. (Осень)
-Айдалада ақ отау,
Аузы, мұрны жоқ отау (жұмыртқа)
-В школьной сумке я лежу,
Как ты учишься, скажу (дневник)
-Ағылшындардың аяз атасы ... ...(Санта Клоус)
-Where was Abu Nasyr al-Farabi born? (inOtrar)
- Who is the author of the novel “Абай жолы”? (М.Ауезов)
-Арабы называют эту планету Зухра. (Венера)
-Where is “Baiterek” situated ? (in Astana)
Әділалқасы ІV тур бойынша бағалайды.
V тур- Слайд көрсетілім.
Презентация слайдов. «Presentation PowerPoint»
Менің Қазақстаным. Мой Казахстан. My Kazakhstan
Оқушылар (сайыскерлер) өздерінің көрсетілімің орыс және ағылшын тілдерінде ұсынады.
Әділалқасы V тур бойынша бағалайды.
VI тур – Диалог. Dialog
Оқушылар берілген тақырыпқа диалог құрайды. (орыс және ағылшын тілінде).
1. «В библиотеке»
2. «Моя будущая профессия»
3. «У врача»
4. «Мой город»
5. «Семья»
6. «1 сентября»
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық.
-Осы сайыс жеңімпазы «Тіл білгірі» атағына лайық деп, ............................ортаға қол соғып, шақырайық.
Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
1-жүргізуші: Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Келіп көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! . Спасибо всем за внимание!