Сыныбы: | 9 сынып | Күні: |
| Пәні | Қазақ әдебиеті |
Тақырыбы № 2 сабақ | Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері |
Мақсаты | Шешендік өнердің түрлері туралы толық түсінік алады, ерекшеліктерін ажырата біледі. |
Күтілетін нәтиже | Шешендік сөздерге тән ерекшеліктерді біледі. Сыни ойлау дағдысын жетілдіреді. Тақырыпты терең түсініп, түсінген білімін кез-келген жағдайда өмірде тиімді пайдалана біледі. |
7 модульдің қолданылуы | АКТ; Сын тұрғысынан ойлау; Дарынды және талантты балалармен жұмыс; Бағалау |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Бейнеролик көру, постер қорғау, «Бес жолды тұжырым әдістемесі», кері байланыс |
Қолданылатын ресурстар | Интерактивті тақта, флипчарт, стикер, оқулық, түсті қарындаштар, шешендік сөздер жазылған таспа. |
Сабақ барысы | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу
| 3
| Нақыл сөздер қиындылары арқылы топқа бөлу | Шешендердің сөздері жазылған нақыл сөздер қиындыларын құрастыру арқылы екі топқа бөлініп отырады |
Үй жұмысын пысықтау | 5 мин
| 2.«Саған жолдаймын » сұрақ- жауап әдісі; Ашық сұрақтар: 1.Шешендік сөздерге қандай сипаттама бересің? 2. Қазақтың шешендік сөз тарихы неше кезеңге бөлінеді? Сынақтан өткізу сұрақтары: 3. Мысал келтіре аласың ба? Ашық сұрақ: 4.Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін қайдан оқыдыңыз? 5. Шешендік сөзге қандай баға берілген? Жетектеуші сұрақ: 6. Шешендік сөздердің өмірімізде маңызы қандай? Түрткі сұрақ: 7. Шешен болу үшін қандай қасиеттер болуы керек? Басқаға бағыттау сұрақтары: Толықтыратындар бар ма? Би- шешендердің сөздерінен жаттаған үзінділерін мәнерлеп оқиды.
| Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы, сұрақ қояды, үй жұмысын пысықтайды. |
«Ой шақыру» АКТ
| 5 мин
| Шешендік сөздер туралы Аудиовизуалды материал көреді. Нені көргендерін айта отырып, жаңа тақырыпқа келеді | Мәтінді үнтаспадан тыңдайды, мазмұнын түсінеді, сабақтың тақырыбын ашады.
|
Мағынаны тану Көшбасшылық және оқуды басқару | 10 мин
| Топта жұмыс ««Не айтылған? Нені білу керек? Не маңызды?»
| 1 –топ Жоспар құрады. 2- топ Постер қорғайды. «Сөз дұрыстығы, байлығы, тазалығы, көрнекілігі – сөйлеу мәдениеті. Ал сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы – шешендік өнер.Шешендік өнердің біздің өмірімізде маңызы» өзіндік ой-пікірін қорғау.
|
Инклюзивті оқыту/дифференцация. Дарынды және талантты балалармен жұмыс | 10 мин | Оқулықпен жұмыс Жоғары деңгей Ой толғау жазу немесе өлең шығару; Ортаңғы деңгей Шешендік сөздер туралы түсінгенін тірек-сызба арқылы түсіндіреді Төменгі деңгей Сұрақ дайындайды
| Жоғары деңгейдегі оқушылары шешендік сөзге байланысты өлең шығарады немесе ойтолғау жазады. Орта деңгейдегі оқушылары мәтінді оқи отырып, өз түсінгендерін тірек-сызбаға түсіреді. Төменгі деңгейдегі оқушылар мәтін бойынша сұрақтар қойып, бір- біріне қойылған сұрақтардың және оған берілген жауаптардың дұрыстығын біледі. |
Сабақты бекіту Сыни тұрғыдан ойлау
| 5 мин | «Ой тұжырым әдісі» Қандай сөздер? Неге жатады? Кімдер айтады? Кімге аманат? Би-шешеннің айтқаны. | Сұрақтар төңірегінде жауап бере отырып, бүгінгі сабақ негізінде тұжырым жасайды. |
Қорытындылау | 3 мин | Тақтада жазылған сұрақтарға жауап беру. 1.Сіздің ойыңызша шешен би батырлардың ортасында қандай ортақ қасиеттер бар? 2. Шешен би, батырлар не үшін қажет? 3.Нені үйренуге болады? | Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды |
Кері байланыс | 2 мин
| Кері байланыс: 1 Бүгін біз не туралы айттық? 2. Не ұнады? 3.Неден қиналдың? 4. Өзің қандай ой түйдің?
| . Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақта алған білімдерін зерделеп, қаншалықты түсінгендерін біледі, |
Бағалау
| 2 мин
| Әр оқушыға бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек. | Бағалау парағы әр балаға таратылып беріледі оқушылар өзін –өзі бағалайды |