Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы:
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы
Сілтеме:
Білім стандарты, пән бағдарламасы,“Қазақ әдебиеті ” оқулығы , Алматы «Мектеп » баспасы Авторлары:
Т. Ақшолақов , Т. Жұмажанова , С. Қалиев С. Дүйсебаев
М. Жүсіп Көпеев шығармалары
Жалпы мақсаттар:
Білім берудің жаңа тәсілдері мен АКТ-ны пайдаланып оқытуды қолдана отырып жаңа тақырыпты түсіну, сөз қадірін байыптау, сабақ барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығына өз көзқарастарын қалыптастыра отырып, шолу жасату . Кез-келген проблеманы шешу қабілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай сөйлеу дағдыларын зерделеу,тапсырмалар арқылы жаңа тақырыптың мағынасын ашу .
Оқыту нәтижесі:
Ойы толығады; өзіндік ойын ортақ пікірге қосып айта біледі; әрекетті сыни ойлауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді.оқушылардың дүниетанымы кеңейеді ,ой ұшқырлығы дамиды .
Негізгі идеялар:
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірімен таныстырып, жазылған өлеңдер мен дастандары туралы түсініктерін кеңейту, оқу. Мәшһүр тұлғасын толыққанды қарастырып, танытуға күш салу.
Оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу.
Тапсырмалар:
Үй тапсырмасын хронологиялық тест арқылы сұрау, жауаптарын бір-біріне тексерту.
Оқушылардан өмірі туралы деректер мен өлеңдерін сұрап, жауаптарын толықтырып, қорыту .
Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы бейнебаян көрсету.
Жеке жұмыс . Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәтіндер таратып, берілген уақыттан соң не түсінгендерін сұрау. Әр жауаптарын бір-бірін смайликтер арқылы бағалату .
Топпен жұмыс .Постер қорғату . Оқушыларға Мәшһүр мен Орманбет Нарманбетұлының шығармаларының аттары араластырылып беріледі . Оқушылар соның арасынан Мәшһүрдің шығармаларын тауып жапсырып, қорғауы керек .Әр топ бірін-бірі критерилер арқылы бағалайды .
Жұппен жұмыс. Оқушыларға Мәшһүрдің өлеңдерінен үзінді беріліп әдебиет теориясынан талдау жасатылады . Бұл тапсырмада оқушылар өздерін-өздері бағалайды
Міндеттері:
1.Мәшһүрдің жазған өлеңдерінің мән-мағынасын ұғыну, өмірімен таныстыру . 2.Балалардың сөйлеу мәдениетін ,өзіндік ой ұшқырлығын дамытуды қалыптастыру.
3.Балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру.
4. Көшбасшылық қабілеттерін анықтау.
Бағалау:
Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау ,2 жұлдыз, бір ұсыныс.
Кейінгі тапсырмалар:
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы . Хронологиялық кесте дайындаймыз.
Кері байланыс :
Ілінген «Ұнады. Қиын болды. Тілегім» парағына оқушылар өз ойларын жазады .
.
Мұғалімнің жазбалары:
Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын хронологиялық тест арқылы сұрап, жауаптарын тақтаға шығартып бір-біріне тексертемін. 5 минут
Хронологиялық тест
Қай жылы “Нарманбеттің өлеңдері” деген жеке жинағы басылып шықты ?
Г. 1911
6.
9-сыныптың оқулығына ақын шығармашылығы
туралы қай жылы енгізілді ?
Ғ. 1976
7.
Қазақ Кеңес энциклопедиясының
8-томына Нарманбет туралы мақала қай жылы берілді ?
Д.13
8.
“Шал қайғысы ” атты өлеңін қай жылы жазды ?
Ж.1939
Жауабы :1-В; 2-Д; 3-А; 4-Ә; 5-Ж; 6-Б; 7-Ғ; 8-Г;
2.Қосымша Нарманбет Орманбетұлы туралы сұрақтар беріп сұрап, жауаптарын толықтырып қорытамын 5 минут
Зымыран сұрақтар
n 1.Нарманбет ақын қай жерде дүниеге келген?
n 2. Абаймен қандай туыстығы бар ?
n 3.Бала Нарманбет қандай болды ?
n 4.Нарманбет ақын қай жерлерден білім алды ?
n 5.Ұлт тәуелсіздігін аңсаған қандай өлеңдері бар ?
n 6.Төңкеріс тұсындағы хал-ахуалды көзімен көрген Нарманбет ақын осы тақырыпқа сәйкес қандай өлеңдер жазды ?
n 7. Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер ?
Жаңа сабақ. Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы
1. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаянмен сабақты бастау . 5 минут
2. Жеке жұмыс . Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәтіндер таратып, берілген уақыттан соң не түсінгендерін сұрау. Оқушылар жауаптарын бір-бірін смайликтер арқылы бағалату . 5 минут
3.Топпен жұмыс Постер қорғату . Оқушыларға Мәшһүрдің мұражайы ,кесенесі, еңбектері туралы суреттерді беріп, әрқайсысын әр топ -топтап жапсырып шығу керек . Суреттерден деректермен таныстыру . Әр топ бірін-бірі критерилер арқылы бағалайды . 5 минут
4. Жұппен жұмыс. Оқушыларға Мәшһүрдің өлеңдерінен үзінді беріліп әдебиет теориясынан талдау жасатылады . Бұл тапсырмада оқушылар өздерін-өздері бағалайды . 5 минут
Өлеңді талдау кестесі
Өлеңнің тақы
рыбы
Өлең үзінді
Бунақ,
тармақ,
ұйқас
Ақын не туралы
айтқан ?
Сенің пікірің
«Жеткізер, Құдай пенде қылса талап »
Балалар жалқау болмай оқы сабақ, а
Ашылмас оқымасаң көз бен қабақ. а
Айырылса оқу оқып білгенімен, б
Біз оны айтамыз «арамтамақ» а
Қара өлең ұйқасы, асқақ ұйқас немесе кейде шұбыртпалы ұйқас дейді
11-12 буынды 4 тармақ
ты ,
3 бунақ
тан тұрады
5. Жеке жұмыс . Оқушыларды Мәшһүрдің кітаптарымен таныстырып, МәшҺүр өлеңдерінен жатқа білетіндерін сұрау, кітаптан таныс емес өлеңдердің аттарын тергізіп, айтқызу.
6. Оқушыларға Мәшһүрдің мұражайынан үзінде бейне баян көрсету .
7. Кері байланыс :оқушыларға тақтаға жазылған «Ұнады. Қиын болды. Тілегім» парағына оқушылар өз ойларын жазады . 3 минут
Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы:
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы.
Жалпы мақсаттар:
Сабақ барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығына өз көзқарастарын қалыптастыра отырып, шолу жасату.
Міндеттері:
1.Мәшһүрдің жазған өлеңдерінің мән-мағынасын ұғыну, өмірімен таныстыру.
2.Балалардың сөйлеу мәдениетін ,өзіндік ой ұшқырлығын дамытуды қалыптастыру.
3.Балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру.
4. Көшбасшылық қабілеттерін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
1.Мәшһүрдің жазған өлеңдерінің мән-мағынасын ұғынып, өмірімен танысады.
2.Балалардың сөйлеу мәдениеті, өзіндік ой ұшқырлығын дамиды.
3.Балалар ынтымақтастықпен жұмыс істейді.
4. Көшбасшылық қабілеттері дамиды.
Түйінді идеясы:
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірімен таныстырып, жазылған өлеңдер мен дастандары туралы түсініктерін кеңейту.
Әдіс-тәсілдер
СТО (Венн диаграммасы, миға шабуыл, ЖИГСО,Негізгі идеяны суреттеу стратегиялары), АКТ-ны қолдану, диалогтік оқыту.
Уақыты
Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс -әрекеті
Ресурстар
Бағалау
Ұйымдастыру бөлімі.
5-мин
Амандасу.
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Топтастыру
Топтың «алтын ережесін» дайындау
Топтағы рольдерді бөлу
Оқушылар шаттық шеңберін орындайды.
Оқушылар Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларын таңдау бойынша топқа бөлінеді.
Топтың ережесін жасайды.
[pic]
Видеоролик
Қима қағаздар
Үш шапалақ пен қоштау
Үй тапсырмасын тексеру.
5 мин.
Үйге берілген тапсырманы «Құпия сандық» сұрақтары арқылы тексеру.
- Аудармалары
- Өлеңдері
- Прозасы
- Дастандары
«Еңлік – Кебек» п.
Тақырыбы, жырдың тарихы, кейіпкерлері, үзінді жатқа сұрайды.
Оқушылар «Құпия сандықты» ашып, ондағы сұрақтарға жауап береді.
- Аудармаларын,
- Өлеңдерін,
- Прозасын,
- Дастандарын,
«Еңлік – Кебек» п.
Тақырыбы, жырдың тарихы, кейіпкерлері, үзінді жатқа айту.
«Құпия сандық»
Презентация
Үш шапалақ пен қоштау
Қызығушы -
лықты ояту.
2 мин.
Әр заман ойшылдары мен тұлғаларын қандай мәселелер толғандырған?
Оқушыларға Мәшһүрдің мұражайынан үзінде бейне баян көрсету .
Ақынның «Хал -ахуал өлеңін оқу.
Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы айту.
Презентация көрсету.
Топпен жұмыс.
Постер қорғау.
1 – топ. Ақынның өмірі («Топтастыру» стратегиясы бойынша)
2 – топ. Ақын шығармаларына арқау болған негізгі тақырыптар.
3 – топ. Абай мен Мәшһүр шығармаларының үндестігін айқындау.
Бекіту. Жеке жұмыс . Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өлеңдерін жасыру.Ребус шешу.Әр жауаптарын топтың басшысы бағалау .
4. Жұппен жұмыс. Оқушыларға Мәшһүрдің өлеңдерінен үзінді беріліп әдебиет теориясынан талдау жасатылады . Бұл тапсырмада топбасшысы бағалайды.
Өлеңді талдау кестесі
Құдайым жексенбі күн Жер жаратты.
Құдайым жексенбі күн Жер жаратты.
Жер-суды әуел бастан бip жаратты.
Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен
Түріндей текеметтің түр жаратты.
Аспан — биік, жер-төмен, тау, тас-қатты,
Ат аяқты болғанда, құс қанатты.
Заһардан бал, тікеннен гүл шығарып
Жұма куні жаратты адамазатты.
Құдыретпен он сегіз мың ғалам болды,
Бәpi-қабық, маңызы адам болды.
Құдайдың құдайлықпен қылған ici,
Жаралып алты күнде тәмам болды
Кері байланыс:
Инсерт картасын толтыру Не үйрендім? Не білдім? Нені білгім келеді? парағына оқушылар өз ойларын жазады . 3 минут
Инсерт картасы
Бағалау. Бағалаушылар өз топ мүшелерін бағлау парағындағы критерийлер арқылы бағалайды.
Үйге тапсырма. Ғаламтордан, кітапханалардан ізденіп, ақынның өмірі мен
шығармашылығы жайлы зерттеушілердің пікірін жазу