Формирование коммуникативной компетенции через критическое мышление

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...





«Оқушының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы сын тұрғысынан ойлау технологиясынаң маңызы»

тақырыбы бойынша

коучинг жоспары


Сыни тұрғысынан ойлау әдістемесі арқылы сыни ойлауға түрткі болу, маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді дамыту

Сілтеме:

Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. 69-74 беттер

Оқу нәтижесі

Тапсырмаларды орындау барысында сын тұрғысынан ойлау әдістемесін игеру арқылы оқушының коммуникативтік құзіреттілігін арттыруға жағдай жасау .

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 2 парақтары, стикер, А-4 парақтары, маркер, қалам, интерактивті тақта, видеоролик.

Оқыту әдістері:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Коучинг.

АКТ


1. Аудио жазбаны тыңдап,өзінше жалғастыру.

2. Суреттерді топтастыру.


Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар.

Тапсырмалар:

Видео жазбаны тыңдап,өзінше жалғастыру,топтастыру


Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41-49 бет



















Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:


Психологиялық ахуал туғызу

3 минут


«Оққағар» шаттық шеңбері.


Мұғалімдер шеңбер құып тұрады. Әр мұғалім өз есімінің сырын баяндайды. Кім қойғанын, мағынасын түсіндіреді (3-4 сөйлеммен)



5 минут


«Көрермендер көзайымы».

Топтар:

«Сенімділік»

«Адалдық»

«Креативті»

«Позитивті»


Үстел үстіндегі парақшалардағы кино кейіпкерлері арқылы өз топтарын анықтап алады.



25 минут









«635 әдісі». Видеоролик ««Forty movies».

Эпизод №1 көрсетіледі.

  1. Видеороликті көреді

  2. Ойларын ортаға қосады

  3. Топ мүшелері 5 минутта 3 идея жазып шығады

  4. Ең маңыздысын таңдап алып, постерге түсіреді.


Видеоролик көреді, әр топ өзара талдап, бір ой тастайды (оны тақырып қылып постерге жазады).

Топ мүшелеріне парақша таратылады. Әр мүше 5 минутта тақырыпқа сай 3 идея жазады. Белгі бойынша парақша келесі мүшеге беріледі. Осылайша топ мүшелері 3 идеядан парақшаны толтырады. Ойлар қайталанбауға тиісті.

Әр топ өз парақшасының маңыздылығын анықтайды.

Сергіту сәті

5 минут

«Әуенді тап» ойыны

Музыка қойылады, қатысушылар әннің атын табуға тиісті. Тапқан қатысушыға тәтті сыйлықтар беріледі.


Рефлексия

10 минут


«Білім субұрқағы» кері байланысы

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазып, бүктейді. Орындарынан тұрып шеңбер құрады. Хормен 5-ке дейін санап, қолдарындағы стикерлерді субұрқақ сияқты ауаға лақтырады. Өз үлесіне тиген стикерді оқып, бір-бірлерінің пікірлерін дауыстап оқиды.