Ілияс Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым» өлеңі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Бекітемін» --------- А.Молдабаева Күні:10.01.15ж Сыныбы : 7«А.Б»

1. «Ағынды менің Ақсуым» өлеңі туралы білу;

2. Өлең құрылысын талдау арқылы мазмұнын түсіну;

3. Өлеңді мәнерлеп оқу техникасын қолдану арқылы үйрену;


Күтілетін нәтиже

1.Ақынның өмірі мен шығармалары туралы білетін болады.

2.Өлеңді бунағына, ұйқасына, тармағына талдау арқылы түсінеді;

3.Өлеңге әдеби- теориялық талдау жасап және мәнерлеп оқу

техникасын меңгеру арқылы оқып үйренеді;


Негізгі идеялар

«Мен өзі тауда туып, тасында өстім» деп ақынның өзі жырлағандай, 1894 жылы Жетісу өлкесінің ең бір көрікті жері «Ағынды Ақсуда» дүниеге келген Ілияс ақындығының бастау көзі қазақтың бай ауыз ідебиеті мен Абай өлеңдерінде жатыр.

Тапсырмалар

  1. Ойқозғау (сұрақ-жауап)

  2. Топтық жұмыс (мәтінді талқылау)

  3. Жеке жұмыс

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

Мақсаты : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін нақтылау

3 минут

2 минут

8минут

1.Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру;

2.Түрлі түсті қағаз қиындылары арқылы оқушыларды топқа бөлу;(жасыл, қызыл, сары)

«Ыстық орындық» (үй тапсырмасын пысықтау)

Жаңа тақырып бойынша «Ой қозғау» кезеңі


Алған сурет қиындылары арқылы топтасып, топқа бөлінеді

Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша білетіндерін ортаға салады.

Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді.

Түсіну

Мақсаты : оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау

17 минут

«Мағынаны тану »

1.Оқулықпен жұмыс

Әр топқа мәтінді бөліп беремін:

1-топқа 2-топқа 3-топқа

Мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын постер арқылы жеткізу.

1) Ақиланған ашумен - едірею, долдану

2) Торғын түн – қымбат бағалы жібе матаның бір түрі

3) Таймаңдаған тайпақ ай –тайсалмас, именбес, өр кеуде

4) Шүйке шарбы бұлтты – иіруге түтіліп дайындалған жүнге қатысты

5) Қалақай – емдік қасиеті бар шақпашөп (крапива)

6) Таста суыр тантырап – сенделген бос жүріс

7) Сам жамырап – бейуақ, ымырт, алагеуім уақыты

8) Өзен төлі – өзенді мекен етушілер


Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды. Топ болып бірігіп,тапсырманы орындайды. Топта бес рөлді анықтайды:көшбасшы,баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Әр топтағы бақылаушыға бақылау парағы беріледі.

Қолдану

Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу

10минут

  1. Дәптермен жұмыс

1-топ Өлеңге композициялық талдау жасайды.

2- топ Өлеңді құрылысына қарай талдайды

3-топ өлең бойынша сурет салады


Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды,өлеңді композициясына, шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін ажыратады,өз ойларын еркін жеткізеді.

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Бағалау

Мақсаты: алған білімдерін саралау

Рефлексия минут

Не үйрендім?

Қайсысы оңай болды?

Қайсысы қиын болды?

Тағы не үйренгім келеді?


Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.