[link] өкілетті өкілі болып табылады.
ҮІ. Топтастыру.
Б [pic] [pic] ілімді Аудармашы
[pic] [pic] Елші
Шешен Көрікті
ҮІІ. «Аудармашы» немесе «Адасқан әріптер» ойыны.
Екі топқа теріс қарай жазылған мәтін беріледі. Белгіленген уақытта оқушылар мәтінді дұрыс оқып шығулар керек.
І топ
Жүсіп Баласағұн: «...ішле ешкере керез, ізө іткірөк, пөк літ нітеліб нешеш, ысқаж ышңа, ігебсұқ, ышзыдлұж (голортса), сүт ышурож, тнакызум ытқяис негетпөк егреттеисақ еи наж ыулоб тежақ» нінеке ытпытйа. зіБ ігнігүб ағзымыраттамолпид пісүЖ нұғасалаБ нағйоқ ыдратпалат недуеттеднім зыпқалуа. кеТ зө ңынынатО ніліт нітйемліб ішле ыуамлоб тежақ нінеке анағ зымықтрағңа іделек.
Жүсіп Баласағұн: «...елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жорушы, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет» екенін айтыпты. Біз бүгінгі дипломаттарымызға Жүсіп Баласағұн қойған талаптарды міндеттеуден аулақпыз. Тек өз Отанының тілін білмейтін елші болмауы қажет екенін ғана аңғартқымыз келеді.
ІІ топ
«Кемрітседле недішле.» имсер еккеред кеснейүс, еднігүб ңінмелә 54 едніле ңыннатсқазаҚ ігілішле ут пігіт, теш немреттекелмем исяас мырақ-санытақ пасаж рытаж. Қаріб зіб нағысо нійед ағмалағ ідзімігідзіслеуәТ нытатадныйом – ңытқазақ інү, ңытқазақ іліт нінеке, шалА ңініле наныта нітйелйөс рә ішле кіттекелмем ідліт қылот ыунадлоқ енігіттежақ нәм йемреб кідлек...
«Елдестірмек елшіден». Ресми дерекке сүйенсек, бүгінде әлемнің 45 елінде Қазақстанның елшілігі ту тігіп, шет мемлекеттермен саяси қарым-қатынас жасап жатыр. Бірақ біз осыған дейін ғаламға Тәуелсіздігімізді мойындататын – қазақтың үні, қазақтың тілі екенін, Алаш елінің атынан сөйлейтін әр елші мемлекеттік тілді толық қолдануы қажеттігіне мән бермей келдік...
ҮІІІ. «Ұшақ» әдісі. Оқушылар ұшақтың макетін алып, бір қанатына оқушылар бірінші сұрақ жазады, содан кейін ұшақтарын ұшыру арқылы өздеріне түскен ұшақтың екінші қанатына соның жауабын жазады
ІХ.«Елдестірмек елшіден».
Екі топтан бір-біріне елшілікке бір кісіні жібереді. Топпен келісіп, мәселені көтергеннен кейін, бір оқушы тақтаға шығып түсіндіріп, постерін қорғайды. (Септеулік шылауларды қатыстыру.)
І топ «Сириядағы қақтығысты тоқтату мақсатында»
ІІ топ «Тәуелсіз елмен сауда-саттықты қалыптастыру мақсатында»
Х. Сабақты қорытындылау. Тест. (Шылау. 10 сұрақ)
1.Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз табын белгілеңіз.
а)зат есім ә) шылау б) етістік
2. Шылау сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Ол бұлардың ішіндегі ең шапшаңы және тапқыр айтқышы. (М.Ә)
а) сөз бен сөзді байланыстырып тұр.
ә) сөзге жаңа мағына үстеп тұр.
б) сөйлем мен сөйлемді жалғастырып тұр.
3. Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үшке бөлінеді:
а) иә б) жоқ.
4. Септеулік шылауды белгілеңіз.
а) дегенмен, әйткенмен ә) сайын, туралы б) -ақ, -ау, -ды.
5. Сөйлемді толықтыр. Күндіз келген жиырма кісіні ....., түнде келген жиырма кісіні..... қонақ етіп, ренжітпей аттандырып жіберуші еді.
а) -та ә) –те б) -де
6. Шылаудың түрлерін табыңыз.
а) бастауыш, баяндауыш ә) жалаң, жайылма, атаулы б) жалғаулық, септеулік, демеулік
7.Елші кім?
а) екі елді татуластырушы
ә) екі елді жауластырушы
б) екі елді міндеттеуші
Тестің кілті.
1. ә
2. а
3. а
4. ә
5. б
6.б
7.а
ХІ. Рефлексия. Өзін-өзі бағалау
ХІІ. Үйге тапсырма: Ойтолғау. «Елші болу арманым» (Септеулік шылауларды қатыстыру)