«Болашақ бөбекжайы» МКҚК
«Таңғажайып көбелектің түсі»
тренинг
Дайындаған: Гылышжанова Ж
______________________ 06.10.16ж
Тақырыбы: Таңғажайып көбелектің түсі.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру,релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.
Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.
Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук- тук дейді. Енді осы кішкене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір –бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болумыз керек.Балалар, мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.
Ойын: Жаңбыр (интерактивті тақтамен)
Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек-кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып-тұру).
5. Жан- жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)
«Болады, болмайды» жаттығуы.
Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр- аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық ұйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.
« Қорқыныш» ойыны
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік.Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мәу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз.
«Бір қап тосынсый»ойыны
Бұл ойынды ойнау үшін бір қап және оның ішіне салатын заттар қажет. Ойыншылардың бірінің көзін байлап , қаптағы затты алғызу керек, алған затының не екенін табу керек. Ойыншы алған затының не екенін таббуы керек. Ойыншы алған затының атауының, оның не үшін қажеттілігін айтуы керек. Заттардың көбірек дұрыс тапқан бала жеңімпаз болады.