Ата-ана бақыты бала
1-жаттығу «Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі
Сіздермен танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен жақсы қасиеттерін айта отырып, кері қайтарып бересіздер.
Топқа бөлу:
Ән арқылы
ҮІ. Миға шабуыл.
ҮІ. Ситуациялық сұрақтар. Талдау
-Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса не істер едіңіз?
Берілетін кеңес:
Балаңыздың қабілетін одан әрі дамуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын қабілет болар.
Көптеген биограф-зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым дихан, қолөнерші, аспаз ретінде көрсеткен екен.
-Кейбір ата-аналардың әрбір істеген ісіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп айтып жатады.
Бала ісіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
Берілетін кеңес:
Балаға “сен сала алмайсың, сен істей алмайсың”деп теріс баға беру дұрыс емес. Баланың ол іске қызығушылығы, талпынуы. Біз оның үйренуге деген талабын төмендетіп, өзіне сенімділігін жоғалтамыз. Өз-өзіне көңілі толмаушылық, сенімсіздік қалыптасады. Баланы мақтап қойсақ “Ұмтылыс” күші күшейер еді.
-Балаңыз мектепте бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес берер едіңіз?
Берілетін кеңес:
Анық себебін біліп алып, мұғаліммен тіл табысуға ықпал ету.
«Сөйлемді аяқта» жаттығуы
Мақсаты: Ішкі әлем мүмкіндігіне көңіл білдіру.
Мен су құятын стаканмын, сусын қандыруға асығамын
Мен әдемі гүлмін, хан иісті, әлем маған қызығады
Мен өлеңмін, жүректерді тербейтін
Мен шөппін
Мен желмін
Мен сезіммін
Мен қызық кітаппын
Мен таңертеңгі тәтті аспын
Мен құмырсқамын
Мен теңгемін
Мен жасыл жапырақпын
Релаксация сәті «Өз жұлдызыңда тап"
Мақсаты: аналардың аналық махаббатын ояту, жігерлендіру
Нұсқау: мен қазір сіздерге 10 дейін санаймын. 10 дегенде сіздер көздеріңізді жұмысаздар. Мен оқыған кезде көз алдыңызға елестетесіздер. Алдымен ыңғайлы отырыңыздарғ жайғасыңыздар. Екі аяқтарыңыз еденде толық сезілсін. Арқаларыңыз орындықтың арқасына толық тиіп, алақандарыңыз ашық, аяқтарыңыздың үстінде жатсын. Денелеріңізге толық босаңсуға мүмкіндік беріңіздер. Мен 10-ға дейін санаймын 10 дегенде көздеріңізді жайлап жұмыңыздар. Енді босаңсу үстінде аналарға арналған жаттығу жасайық. 1-10 дейін санау.
Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл жұлдыз біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар, мүмкін ол балаңыздың жетістікке жететін жолды көрсетіп тұрған шығар, мүмкін ол баламен жақсы қарым қатынаста болуға, сенім білдіруге, жақсы көруге, қолдау көрсетуге шақырып тұрған шығар. Мүмкін ол қорықпаңыз балаңыз үлкен жетістікке жетіп, сіздің атақ-даңқыңызды аспанға шығарады деп құлақтарыңызға сыбырлап тұрған шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдарыңызға қойыңыз. Көздеріңізді жайлап ашыңыздар.
Сұрақ: Қандай сезімде болдыңыздар?
Тапсырма: плакатқа үлкен жұлдыздың суретін салып, жұлдыздарға болашақта балаңыздың қандай жетістікке жеткен адам ретінде елестететінін жазады.
ҮІ. Ситуациялық сұрақтар. Талдау
«Көбелек» мамандық таңдаудағы баланың өз таңдауы
Постер қорғау
6-релаксация «Ашық хат» Болашаққа жазылған хатты оқу және 10 жылдан кейінгі балаларының жеткен жетістіктерін көру.
7. «Ашығын айтсам».
Ата - аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.
Менің тренинг барысында түйгенім ----------
Маған ұнамағаны --------------
Ең жақсы ұнағаны --------------
Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді -------------------
Психолог сөзі. Ата-аналар сіздерге бүгінгі психологиялық тренингке қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, отбасылық амандық, балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанта берсін деймін. Барлығымыз бірлесе отырып, алдарыңызда тұрған үлкен Тілек ағашына мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарына, балаларыңызға деген тілектеріңізді жазып қалдырайық!
Осындай жақсы күндеріміз көп болсын, тілектеріміз қабыл болсын! Дей келе келесі әнді бәріміз бірге орындайық.
«Балаларым алға, қанаттарың талма»
Жетістікке жете берсін балаларым,
Жақсылықпен ата берсін әрбір таңым
Қуанышты сәттеріміз көп болсыншы
Ұстаздар мен балалар
Қайырмасы:
Ата-ана боп бас қосамыз бәрімізде,
Таусылмасын айтар талай әнімізде.
Балаларым алға, қанаттарың талма,
Биіктерге, биіктерге самғаймыз.
Жанымызға сенімділік серік болсын,
Бірлігіміз әрқашанда берік болсын
Баламызға бақыт құсы келіп қонсын,
Асулардан асайық.
Қайырмасы: