«Оқушының отбасы мен қоғамдағы қарым қатынасы мәдениеті» ата-аналарға арналған коучинк.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...

«Оқушының отбасы мен қоғамдағы қарым қатынасы мәдениеті» ата-аналарға арналған коучинк.

Когучинк міндеттері: Бала тәрбиесінде ата- ананың алатын орнының ерекше екендіген түсіндіре отырып,ата -аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсіуге. қарым-қатынас түрлерін кез-келген сәтте қолдана білуге, өз іс-әрекетінде тиімді пайдалануға қолдану барысында өзінің әрекеттерін реттеуге, өзіндік баға беруге, теориялық білімін өмірде қолдана білуге дайын болу;

Қажетті құрал- жабдықтар:  үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам, доп және мақал –мәтелдер жазылған плакат,карточкалар,т.б. 

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық  жаттығулар.

Тренинг Бағдарламасы:

1.     Психолог сөзі.

2.     Топқа бөлу.

4.     
Сиқырлы қарындаш

5.     «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.

6.     Ситуациялық сұрақтар.

7.     Тест «Бала тәрбиесі».

8.    Қорытынды.

9.      «Екі жұлдыз, бір тілек» тілек жазу

10.«Ашық айтсам..» анкетасы.

11.Құттықтау

Тренинг Бағдарламасы:

Психолог сөзі:

-Сәлеметсіздер ме,  құрметті ата-аналар!

Бүгінгі  біздің «
Оқушының отбасы мен қоғамдағы қарым- қатынасы мәдениеті» атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!  Ата-ананың  тілегі –баласының  жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

         Баланы бастан бақпасаң,

          Жамандықтан қақпасаң,

          Қадірден жұрдай қасқа боп,

         Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.

Бүгінгі  ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап  өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.

1.     
 «Үш түс үш есік» жаттығу.

Үш столда сары,көк,қызыл үш түсті қағаз қойылады .Бұлар үш есік деп аталады. Қатысушылардың қай есікке кіретін есігін пайымдайды. Сары түс өте әсершіл,сезімтал,көпшіл,ерік күші мол,қайсар,түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз.

Қызыл түс бірбеткей,мақсат мұратыңыз үшін күреске дайынсыз. Балаға қатал талап қоясыз.

Көк түс ақкөңіл,байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз.Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз. Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз.

.«Менің есімім» Осы таңдаған қағаздарыңызға ата -аналарға алдарындағы қағазға өздеріне ұнайтын есімді жазып кеуделеріне жапсырып алады. Сабақ соңына дейін солай атаймыз.

  3. «Сиқырлы қарындаш»тренинг
Үш топқа тақырып беріледі.Ата –аналар сол бойынша өз
ойларын плакатқа салады
1топ.    Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан  жасалатын  жағдайлар.
2 топ Қарым - қатынас” ұғымын қалай түсінесіз?

3топ.   Бала үшін мұғалім мен ата- ана  арасында қандай байланыс болуы керек?

4
.    «Жанұя ойыны» жаттығуы: сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру.

1Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

  1. Тәрбиешісінің аты жөні?

  2. Парталас көршісі?

  3. Балаңыздың сүйәкті асы?

  4. Балаңызды еркелетіп қандай сөзбен айтасыз?

  5. Бірінші сыныпқа қай жылы барды?

  6. Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?

  7. Ең жақын досы кім?

  8. Қандай түсті жақсы көреді?

  9. Қандай әнді жақсы көреді?

5.Ситуациялық сұрақтар.

Ата-аналар
тақтадағы гүлдерді таңдау арқылы , сұрақтарға жауап береді.

1. Балаңыздың  өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі  байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен  сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді.Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын    сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден 
«Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» дегенбірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»
Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6 .Балаңыз  күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

7. Балаңыз мектептегі  бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

    9 . Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз.           Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

10.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?

Ата аналардан тест алу,

Ата – аналарға арналған сауалнама

Аты жөні;------------------------------------------------

Сауалнама мазмұны

Жауаптар

1

Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды жақсы көреді?

Кітап оқумен -

Компьютермен – 

әртүрлі жұмыстармен-

Далада қозғалыс ойындармен  -

2

Сіздің ойыңызша балаңыздың күнделікті сабаққа әзірлігі қандай?

Жоғары – 

Орташа – 

Төмен – 

3

Балаңыздың қай кезеңі сізге қиынға соғады ма?

Сәби –

Балалық шақ -

Жеткіншек – 

4

Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады?

әкесі –

шешесі – 

әжесі –

әке-шешесі – 

бала күтушісі -

5

Балаңыздың сабақ оқитын жеке бөлмесі немесе бұрышы бар ма?

Ия -

Жоқ – 

6

Тәрбие мәселесі жөнінде қандай тақырыпта әңгімелесуді қалайсыз?

Психолог маманмен – 

Баланы тәрбиелеудегі тиімді әдістер – 

Үй жұмысына көмектесудің кейбір тәсілдері – 

3.Қорытынды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.Ендеше ,ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап
тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты,күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік .Егер ата-ана   мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған  азамат болып шығары сөзсіз.

Әдепті     бала

Ата –анасын мақтатар,

Әдепсіз бала,

Ата-анасын қақсатар.

Үйінде ұл- қызы бардың,

Көгінде сөнбес жұлдызы бар.

Жақсының сөзі,

           шайдай жарық, айдай анық.

          Мейірімділік –жүректен.

         Атадан  - өсиет,

          Анадан   - қасиет.

«Екі жұлдыз,бір тілек» шын жүректен ілінген плакатқа өз тілектерін,ұсыныстарын жазып жапсырыңыздар.

7. «Ашығын айтсам ».

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады.

Сабақтың жүргізілген күні
______________________
Менің тренинг барысында түйгенім---------
------------

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады -------------
----

Жүргізушіге ұсыныс---------
--------------------------------

Маған ең пайдалы, құнды болған----------
---------------

Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім,егер------------

 Маған ұнамағаны--------------
---------------------------------

Ең жақсы ұнағаны--------------
---------------------------------

Келесі тренингіде мен келесі жайттарды білгім келеді-------------------
---------------------------------------------------

Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?--------------
---------

Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам-------------

Тренингті қорытындылау--------------------------
----------

Қолы------------------------------------
--------------------------

Ата аналарға наурыз мерекесімен құттықтай отырып сыйлықтар мен грамыталарын табыстау.

Қатысушы ата -аналар тізімі;

1.Нурбаева Гульбаршын

2.Бердугожина Куляш

3.Абугенова Гульназ

4.Қанапина Баян

5.Базанова Назым

6.Абдулина Нургуль

7.Сағидолдина Айнагуль

8.Сандыбаева Қамария

9.Лұқпанова Әлия

10.Қабашева Гульмира

11.Бөкеева Анар

12.Өзембаева Самал

13.Көкенова Самал

14.Китаппаева Жанар

15.Ахметова Самал

16.Бөгістанова Айзада

17.Рамазанова Гаухар

18.Байзолдина Жанар

19.Өкеманова Мунира

20.Бельтаева Айнагуль