Балаларды мектепке бейімдеудің психологиясы.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Балаларды мектепке бейімдеудің психологиясы.

Атырау қ. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау

гуманитарлық колледінің педагог-психологы

К.Т. Рабай


Мектептегі психологиялық қызметтің ауқымы кең. Психологиялық психокоррекциялық, психопрофилактикалық т.б. жұмыстардан басқа, мектеп психологының бір міндеті бастауыш сыныпқа келген балаларды мектепке бейімдеу. Психология тілінде – бейімдеу адаптация деп аталады.

Біз көтеріп отырған проблема күрделі әрі жан-жақты. Мектепке балаларды адатациялау негізінен бастауыш сыныпта жүреді. Бастауыш сыныптың психологы міндетті түрде психодиагностикалық жоспарының бір тақырыбын «Балалардың мектепке бейімділігін анықтауға» арнауы тиіс. Өйткені оқу – тәрбие үрдісінің нәтижесінің бі ұшы біз көтеріп отырған мәселеге байланысты деп есептейміз. Бала жаңа ортаға тез бейімделсе, оқу үрдісінде мұғалімнің баламен қарым-қатынасы тез орнайды.

Мектеп табалдырығын алғаш атаған балалардың мектепке бейімдеу мәселесін зерттеуге баскөңілаудару себебіміз, балалар мектепке түрлі әлеуметтік ортадан келеді.Мысалы, балалардың бір тобы бала-бақшадан келсе, екіншілері мектептің дайындық топтарынан, ал үшінші біреулер жан-ұядан келеді. Бір әлеуметтік топтан, екінші бір топқа түскен балалардың психологиясында өзгерістер болады. Біз өз іс-тәжірибемізде осы мәселеге ерекше көңіл бөліп келеміз. Оқу жылының басында ақ бастауыш сыныпқа келген балалардың барлық тобын бақылауға алып,түрлі зерттеу әдістері (бақылау, сынау, әңгімелесу, құжаттаымен танысу, ата-аналарға сауалнама жүргізу) арқылы баланың жеке басына тән психикалық қасиеттерін, сапаларын және танымдық деңгейін анықтаймыз. Өйткені мектепке бейімделу бала психологиясында дер едік.

Бастауыш сыныптағы балалардың психологиясы қызық әрі күрделі. Балалар психологиясын және әр баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оларды зерттеу барысында екі топқа бөлеміз.

Мектепке бейімделгіш балалар тобы.Мектепке бейімделуі қиын балалар тобы.Бірінші топтың балалары өзге адамдарды жатырқамайтын, ашық, сенсорлық трбиесі бар, қандай ортаға болмасын тез үйренетін топ.Екінші топтың балалары мұғалімге, мектепке үрке қарайтын, топқа қосылуға қорқатын, жуас балалар. Сондай-ақ бұл екінші топқа мінезінде жағымсыз жақтары бар мақтаншақ, ұрыншақ, балаларда жатады. Бұл балаларды мектепке бейімдеу әрине бірнеше кезеңді қамтиды. Біздің пікірімізше баланы мектепке бейімдеудің бірінші жолы:

Баланы ортаға, мұғалімге деген қызығуын қалыптастыру. Баланың оқуға деген белсенділігін туғызу. Баланың психикасын мекепке, оқуға аударту Баланың танымдық үрдістерін дамыту т.б. Мектепке бейімдеудің бірінші жолында, біз өз тәжірибемізде Д.Моренаның әдісиемесін пайдалана отырып «Сыныптағы балалардың қарым-қатынасын» анықтаймыз. Ол үшін әр сыныпқа бұл жүргіземіз. Ойынның шартын балаларға түсіндіріп, үйден бірнеше суреттерін өзі жақсы көретін балаларға үлестіреді. Психологиялық ойынның нәтижесін матрицаға түсіріп, әр баланың ортадағы өзге балалармен қарым-қатынасын анықтаймы. Жүргізілген ойынның нәтижесінде біз балаларды бір-біріне жақындастырамыз әрі топқа қосылмайтын балаларының біле отырып, оларды топқа тартамыз.

Баланың пәнге және мұғалімге деген қызығуын қалыптастыру үшін В.А.Разонованың «Өз іс-әрекетіне қанағаттану» методикасын бастауыш сынып балаларының жас ерекшеліктеріне және психологиясына сәйкестендірдік. Бұл методика да психологиялық ойын ретінде жүргізілді. Ойынның мазмұны бойынша балалар өздері атқарған әрекеттеріне өздері баға береді. Ойын барысында бала өзінің қолынан келетін іс-әрекетін көрсетеді. Мысалы, біреу сурет салса, екінші билейді, үшінші ертегі айтады, ғни өздері білетін іс-әрекеттерін көрсетеді. Балалар көрсеткен іс-әрекетін өздері бағалайды. Ол үшін психолог балаға бірнеше сұрақ қояды. Мысалы, «Сәуле өзіңнің салған суретің өзіңе ұнай ма? Жақсы ма?, Әдемі ме?. Баламыз «Ия» не «Жоқ» деп жауап беруге тиіс. Әрбір «Ия» жауабы – бір балл мен бағаланады. Кім көпбалл алса олбала өзінің ісіне өз қанағатғанын білеміз. Бұл зерттеудің маңызы сонда бала өзіне деген сенімділігін қалыптастырып, өзін ортада көрсетуге дағдыланады.

Қорыта келе айтарымыз аталмыш жұмыстардың қайсысы болмасын балаларды мектепке оның ішінде ортаға бейімдеудің алғашқы сатысы. Балаларды бір-біріне жақындастыра отырып, өздеріне деген сенімділігін қалыптастыру арқылы оларды мектепке яғни жаңа әлеуметтік ортаға бейімдейміз. Әрине бір мақала төңірегінде мектепке балаларды бейімдеу мәселесін шештік деп айта алмаймыз. Бұл проблема жан-жақты ғылыми зерттеуді қажет етеді.

Пайдаланылған әдибиеттер:

1. Абульханова-Славская К.А. Деятельность и психология личности. М. 1980 г.

2. Асылханова М.А Танымдық іс-әрекет мектепке бейімдеудің басты факторы. Канд.дисс.

Автореферат – Алматы, 1999 ж.

3. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы, Алматы, 1995ж.



Мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық қарым-қатынас және

оның психологиялық жақтары


Атырау қ. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау

гуманитарлық колледінің педагог-психологы

К.Т. Рабай


Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бірақ қарым-қатынаспроблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, соцослогтар, политологтар да жан-жанты зерттеуде.Шығыс елдерінде қарым-қатынас шешендік өнер яғни риторика бағытында кеңінен қолданылды.

Педагогикалық қарым-қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатынасты мекемелерде болатын қарым-қатынастың ерекше түрі. Білім берудің қай сатысында болмасын мұғалім оқушымен, оқушы мұғаліммен тікелей және кері қарым-қатынаста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үрдісінде мұғалім үйретуші, бағыттаушы, басқарушы, тәрбиелеуші т.б.ролді атқарса, оқушы – білім алушы, қабылдаушы, іс-әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құралы - сөз.

Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді, вербальді емес қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диологқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да, балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлестіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге және өзімізге жүргізген психологиялық зерттеулерге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі. Оның себептері:

-өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;

-баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;

-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;

-мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелілігінде, анықтылығында, нақтылығында;

-оқу тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынастың түрін пайдалана білуде;

Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушылармен қарым-қатынасының өте қиын болу себептері:

-авторитарлық стильді пайдалануында;

-балаларға салқындық таныты;

-балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;

-балалардың іс-әрекетін, ойын сөзін әділ бағаламауы;

-бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі және оны жариялауы дер едік;

Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім – оқушы», «Оқушы – мұғалім», және «Балалардың өзара қарым-қатынасы» қарым-қатынас барысында қиындықтар біршама зерттелген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық, когнитивтік бағытта жие кездеседі. Оқушылармен дұыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар.

  1. Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттары. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым-қатынасқа тез түсіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы: «тыныш отыр, бәрін білесін бе» т.б.

  2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататыны жасырын емес. Яғни уақытты үнемдеу үшін диалогқа түспейді.

  3. Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс.

Қарым-қатынас кездесетін осы және өзге де қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы:

  • әр жастағы оқушылардың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;

  • мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;

  • қарым-қатынаста педагогқа жат сөздер айтпау;

  • бұйрық емес өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;

  • сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;

  • қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, оқушылармен тіл табысу. Оның бірден-бір жолы психологиялық ойындар, тренингтер, т.б.;

  • қарым – қатынаста мұғалім оқушыға,оқушы мұғалімге сену;

  • қарым-қатынас сезімдік, танымдық, іскерлік болу.

Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы да өзге де жолдар арқылы жеңе отырып мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды:

  1. Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны әрі индивид, әрі жеке тұлға ретінде дамыту;

  2. Оқушыны әлеуметтік ортаның, қоғамның мүшесі ретінде тәрбиелеу;

  3. Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес, ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтыру;

Педагогикалық қарым-қатынас мәселесі қанша зерттелсе де, оқу тәрбие үрдісінде өзекті мәселелердің бірі. Өйткені оқу тәрбие үрдісінің сапасы, педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты дер едік.