Сабақ жоспары.Тақырыбы: Табиғатқа қамқорлық

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мерзiм: 7.04.2015ж

Тақырып: Табиғатқа қамқорлық

Құндылық: Қиянат жасамау,қамқорлық,сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық, сүйіспеншілік,қиянат жасамау

Мұғалiм: Алимбетова Ж.С Сынып: 4-сынып Оқушылар саны –

Мақсаты.: Оқушылардың «табиғат» құндылығы және «қамқорлық» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

абиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-табиғатқа қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту;

-табиғатты сүюге, қорғауға,қамқорлық жасауға, аялауға тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық,дәптер,плакат,түрлі-түсті қааз,маркер,қайшы,желім

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті:

Балалар көзімізді жұмайық. Өзімізді аппақ бұлттың үстінде отырмыз деп елестетейік. Оң жағымызда күн күлімдеп бізге қарап тұр. Тентек жел шашымызбен ойнап жүр. Жерге қарайықшы бақытты адамдар, құстар, көбелектер ән салып ұшып жүр. Сүйікті ойыншықтарың да көңілді.Анау жерже аю өзінің қонжығына Қайырлы таң! деп еркелетуде. Жүрегімізден мейірім алып оны күнге, жерге, құстар мен көбелектерге, адамдарға,ойыншықтарыңа,аю мен қонжығына барлық әлемге сыйлайықшы. Өзіміз де олардан жылу алып жүрегімізге ұялатайық. Біз мейірімбіз. Мейірім біздің ішімізде.Ақырын бұлттан түсіп көзімізді ашайық.

үнтаспа


Үй тапсырмасын тексеру

«Бұлақ сылдыры» М.Көккөзов 120-122-бет

1.Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?

Шал өзінің дұшпаны болса да қолынан келген жақсылықты аяған жоқ.Өзі ішпесе соңғы суын жас адамға шын ризашылығымен берді.

2.Сендер солай жасар алар ма едіңдер?

Ия. Біреуге жақсылық жасағаның өз жаныңды жадыратады. Рахмет айтады, үлкендер бата береді.

3.Жасаған жақсылығыңды міндет қылуға бола ма?

Жоқ.Жақсылық жасағың келсе шын ниетіңмен жасауың керек.





Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

«Таза болса табиғат,

Аман болар адамзат.

1.Осы айтылған халық даналығының мағынасын қалай түсінесіңдер?

Өйткені адам мен табиғат тығыз байланыста. Егер табиғат таза болса біздің демалатын ауамыз да таза болады.Біздің денсаулығымыз да жақсы болады.

2.Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?

Табиғатқа қамқорлық керек. Табиғат та кішкентай бала тәрізді біздің жүрек жылуымызды қажет етеді.

3.Табиғатқа не үшін қамқорлық жасау қажет деп ойлайсыңдар?

Табиғат тозып жоғалып кетпесі үшін, жайқалып өсуі үшін адамдар табиғатқа қамқорлық жасауы керек.


Мұғалімнің сыйы:

«Табиғат үн қаталса» видеоролик

1. Балалар егер де табиғат үн қат алса, сендер қалай тілдесер едіңдер?

Егер табиғат сөйлей алатын болса, оған қандай, қалай қамқорлық жасағанымыз ұнайтынын сұрайтын едік.

2. Адамдар табиғатқа қамқор болады.Табиғаттың адамға қамқор болады дегенді қалай түсінесіңдер?

Табиғат адам қалағанының бәрін бере алады. Табиғатты біз екінші анамыз деп айтамыз.

2.Сендер Табиғат-ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?

Жыл сайын көптеген ағаштар,гүлдер отырғызып,оларды күтіп баптаптаймыз. Жердің құнарлы болуы үшін тыңайтқыштар пайдаланамыз.


Шығармашылық жұмыс:

1.«Түрлі-түсті қима қағаздың көмегімен табиғаттың әсем көрінісін бейнелеңдер?

2.Табиғатты қорғау өзіңді қорғау.

3.Адам табиғаттың ең сенімді серігі, айнымас досы, қамқоршысы дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Өз ойларыңнан шағын эссе немесе өлең шумақтарын құрастырыңдар.

видеоролик

















түрлі-түсті қағаз,қайшы,желім,плакат,

маркер


Топпен ән айту:

«Жас дәуірдің түлегіміз»

Сөзін жазған Е.Өтетілеуов

Әнін жазған И.Нүсіпбаев


Бау-бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер-

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан-

Көңілді ауыл, қаламыз.



Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей-

Бақытты біздер баламыз!


Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып-

Білімді адам боламыз.


Қайырмасы

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей-

Бақытты біздер баламыз!


әнжинақ

Үй тапсырмасы:

«Атаның өнегесі» Ә.Табылдиевтің мәтәнін оқып мазмұндау. 125-128 бет


Қорытынды:

Табиғатқа менің айтар тілегім!

Балалар біз бүгінгі сабағымызда табиғатқа қалай қамқор болатынымыз жайлы білдік. табиғат адамдардың қамқорлығын,сүйіпеншілігін, жүрек жылуын қажет етеді. Табиғатқа айтар тілектерің болса алдарыңдағы қима қағазға жазып мына алып ағашқа жапсыруларыңа болады.

Соңғы тыныштық сәті:

Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді өз жүрек тұстарыңа апарып,жүректеріңде мәңгі сақтап алыңдар!