Бақылауды қажет ететін балалармен психологиялық жұмыс жүргізудің қорытындысы.
Мектеп психологының негізгі жұмыс бағытың бір бөлшегі бақылауды қажет ететін балалармен жұмыс жүргізу болып табылады.
Бақылауды қажет ететін деген ұғым -психологиялық мінезі тұрақсыз, өз ісіне жауапсыз, үнемі өзгелермен тіл табыса алмайтын, сабақ барысында үнемі кедергі келтіретін, сабаққа ешқандай қызығушылық танытпайтын үнемі сабаққа әр түрлі сылтау айтып кешігіп жүретін сонымен қатар сыныптан оқшау жүретін оқушыларды жатқызамыз.
Сынып жетекшілер және пән мұғалімдері сонымен қатар ата-аналар маған келіп оқушылар жөнінде ұсыныстарын айтып отырады, мен аталған оқушыларды арнайы назарға алып психологиялық әдістемелерді пайдалана отырып зерттеу жұмысын жүргіземін.
4 «а» сыныптар ішінде арнайы бақылауды қажет ететін оқушы Талғат Нұрдәулет.
Сынып жетекшісі: Кабиева Гүлбаршын Габдолла қызының өтініші бойынша зерттелді.
Алғашқы зерттеудің 3 күні сабақ үстінде бақылаудан басталды.
Нұрдәулеттің құралдары түгел болғанмен сабақта отырмын деген ойдан өзін алшақ ұстайды. Мұғалім сабақты түсіндіре бастаған кезден бастап артық іспен айналыса бастайды. Мыс: күнделігін қопарады, жанындағы көршісіне үңіліп қарап оның да сабағына кедергі келтіреді, мұғалім берген тапсырманы жазып жатқандай кейіп танытқанмен мұғалім қасына жақындап барған кезде ғана отыра қалады. Жазуы өте нашар бір келкі жазылмаған. Үй тапсырмасын тыңғылықты орындай алмайды.
Психологиялық зерттеу әдістемелерін жүргізе отырып «Менің арманым», «Менің бос уақытым», «Мен әдістемесі», «Маған ұнайтын түстер» методикаларан жүргіздім Нұрдәулеттің оқыса ынтасы бар қолынан келетіні байқалып тұрғаны анық, дегенмен өзінің жалқаулығының кесірінен көп нәрсені дұрыс жасамайды. Анасымен әңгімелескен кезде үйден қараймын қолымнан келгенше көмектесемін деп өз ойын білдірді. Әзірге нақты қорытынды айту қиын болып тұр жұмысты жалғастырамын.
5 «ә» сынып жетекшісі: Құсайынова Айнұр Қадырғали қызының ұсынысы бойынша интернат тәрбиеленушісі Иситова Айнұр бақылауға алынды.
Бақылауға алу себебім сынып ішіндегі қыздардың бөлінуі Айнұрдың сыныптан оқшаулануы. Айнұрмен психологиялық зерттеу жүргізген кезде өзінің бағалау деңгейінің төмендігі анықталды. Төмен деңгейдегі бағалау дегеніміз ол өзгелерден өзін төмен санайды және өзіне сенімсіз деген сөздермен ұштасады. Психологиялық тренинг ойнаған кезде де сыныптың қыздары шақырса да өзінің қосылғысы келмейтіні анықталды. Айнұрмен психологиялық әдістерді тиімді пайдалана отырып зерттеу жүргізген кезде
Айнұрдың психологиялық көңіл-күйі қалыпты екендігі және зейіні мен сөзі тұрақсыз екендігі анықталды. Сыныптың қыздарымен жеке психологиялық кеңес ұйымдастырдым сыныптың қыздары Айнұрды неге қоспайсыңдар деген сауалыма мардымсыз жауап ала алмадым өйткені: оқушылардың көпшілігі біз Айнұрды шақырсақта өзі қосылғысы келмейді деген жауаптарын берді. Психологиялық «Менің ғажайып көңіл күйім», « Менің отбасым», «Сенімді достарым», «Жоғалған сан» тренингтары өткізілді. Соңғы тренингтарды қорытындылай келе Айнұр сыныптастарына бір қадам жақындап келе жатқанын аңғардым, деген мен - әлі жұмыстануды талап етеді.
6-сынып бойынша «Біз тату достармыз деп аталатын» көңілді тренинг өткізген кезде сыныптың көпшілігі Балкиова Күмісайды сыныптан бөлектеп шығарды. Сыныптың 95% Күмісаймен тіл табысу өте қиын ұрысқақ, өзімен өзі бетіне қарасаң жылап қалады деп, ештеңені түсінбей тұрып- ұрысса жөнеледі деген сауалнама қорытындысын көрсетті. Күмісаймен психологиялық зерттеу жүргізген кезде Күмісайдың өзіндік бағалау деңгейі тым жоғары және өзін өзгелерге аяушылық сезімін тудырып көрсеткісі келетіндігі анықталды. Соған қоса екі сөйлейтіні және өзі өзгелермен достасуға алғашқы қадам жасамайтыны анық көрініп тұрды. Күмісайға «Кактус» әдістемесі, «Алақан» әдістемесі, «Менің ішкі әлемім», «Менің отбасым» әдістемелерімен зерттелді. Сыныптың барлық оқушылары зерттеуге алынып «Достығым шын жүректен » деп аталатын психологиялық тренинг өткізілді.
Күмісаймен жұмыс жалғасады.
8 «ә»сынып бойынша анасының және сынып жетекшісі Денисова Марина Анатолевнаның өтініші бойынша Бейсова Аяжан арнай бақылауға алынды. Бақылауға алынудың негізгі мақсаты: Мектеп формасын сақтамау, анасына сөз қайтарып ұрысуы, үй тапсырмасын үнемі орындамауы.
«Өміріңе ризасың ба?», маған ұнайтын пәндер, менің сенетін ұстазым, менің бос уақытым, жақын досым, өмірлік мақсатым, менің арманым тақыраптарында зерттелген болатын. Зерттеу нәтижесі қорытындыланып төмен деңгейдегі тапсырмаларға қайта зерттеу жүргізілді. «Жемістер интерьериндегі сіздің бейнеңіз?», «Менің отбасым», «Менің жақсы қырларым», «Көңілім толмайтын кемшіліктерім», «Менің көңіл күйім»,Рефлексиялық жаттығу, «Менің жүлдызым», «Менің ойымша кикілжің дегеніміз » атты психологиялық әдіс тәсілдермен зерттелді. Зерттеу нәтижелері анасымен талқыланып Аяжанның бойынан оң өзгерістер байқала бастады.
8 «а» сынып оқушысы Жақсығали Айбек пән мұғалімдерінің айтуы бойынша зерттелді. Айбектің бойында ешқандай жауапкершілік жоқ, сабақта отырғандығын әлсін- әлсін ұмытып кетеді. Сабақ барысында үнемі партаға басын қойып жатып алады. Оқу құралдары үнемі болмайды. Мыс: Алгебра мен Геометрия пәніне арнап бір ғана дәптер бастаған мұғалім жанына барып үнемі қадағалап тұрған кезде ғана тақтадағы жұмысты көшіріп жазады, мұғалім сабақ түсіндірумен тақтаға есептер шығара бастаған кезде ол оқушы мүлдем ештеңе жазбай отырады. Айбек «Менің ішкі әлемім», «Менің бос уақытым», «Мен» әдістемесі , «Менің қиындықтарым», «Менің арманым» әдістемелері бойынша зерттеліп қорытындыланды. Отбасында кішкене қиындықтар кездеседі психологиялық көңіл күйін назарға аламын.
Айбек әлі үздіксіз жұмыстануды талап етеді ата-анасымен, сынып жетекшісімен бірлесе отырып жұмысты жалғастырамын.
Бақылауды қажет ететін оқушылар үнемі мұғалімнің назарын өзіне қажет етіп отыратын оқушылар. Сабақ барысын 45 минут деп алатын болсақ бұл оқушыларға үнемі ескерту айтуға, құралдарын тексеруге, уақыт жоғалтатыны сөзсіз сабақ үстінде үнемі шулап отырады жанындағы парталас көршісіне кедергі келтіреді. Аталған оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары психологиялық тренингтер релаксациялық жаттығулар қоса жүргізіледі.
Психолог ретінде әр оқушыға қосымша психологиялық арнайы кеңестер беріліп психологиялық кеңес дәптерлеріне тіркеліп , арнайы папкалар жасақталып хаттамалар толтырылды.
Бұл оқушылардан оң өзгеріс байқалмайынша зерттеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
Бөрлі негізгі орта қазақ мектебі
Тақырыбы:
Бақылауды қажет ететін балалармен психологиялық жұмыс жүргізудің қорытындысы.
Мектеп психологы: Мурзагалиева Э.Г.
2016ж.