Пәні: Өзін-өзі тану | Күні:10.02.2016ж | Сынып:6 «Б» |
Сабақтың тақырыбы: Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ
|
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту; Оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту, оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету; табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу. |
Көрнекіліктер: | Слайд,плакат,интербелсенді тақта |
Мұғалім: | Жакупова К.К |
|
Сабақ бөлімі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың әрекеті |
Тыныштық сәті 5- мин | -Құрметті қонақтар, оқушылар сәлеметсіздерме!Бүгінгі сабақта біз өткен сабақтың тақырыбын «Мөлдір бұлақ- жасыл құрақ» жалғастырамыз. Сабақты бастамас бұрын біз топқа бөлініп алайық: оқушыларды үш топқа бөлемін. Кең дала көркемсің, сонау жатқан, Өзен, су, бұлақтарың мөлдір аққан. Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен, Әне, сол анам еді мені тапқан. – деп, жайланып отырып, ойға беріліп, өзіміздің туған елімізді, өскен жерімізді шарлап шығайық. Біздің жерімізде де табиғаттың әдемілігі,көркемдігі бар деуге болады. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында «Өз елімнің табиғаты!» бейнеролик көрсету | Сәлемдеседі. Жемістер арқылы үш топқа бөлінеді: І. «Денсаулық» ІІ. «Тазалық» ІІІ. «Дәрумен» Оқушылар сабаққа зейін аударады. |
Үй тапсырмасы 2-мин | «Табиғатым-тал бесігім» тақырыбында сурет салу Сурет көрмесін ұйымдастыру. | Оқушылар суреттерін тақтағы іледі. Сурет көрмесін ұйымдастырады |
Дәйексөз 6-мин | Ұяшықтардан шыққан әріптерден нақыл сөз немесе мақал-мәтел айтады. Сабақтың дәйексөзі шығады. Фариза Онғарсынованың сөзі: «Таза болса табиғат ,Аман болар адамзат!». Дәптерге жазып, мағынасын шешіп шығайық. | Әр ұяшықтан бір әріп таңдап,сабақтың дәйексөзін шығарады. Оқушылар дәйексөзді оқиды.Өзіндік көзқарасын айтады. |
Сахналау 6-мин | Тақырыпты ашу мақсатында «Табиғат мұңы» көрінісін қою. -Бұл сөйлеп тұрған кім деп ойлайсыңдар? - Табиғатқа нелер жатады? - Олай болса балалар,бүгінгі біздің сабағымыз өзіміз өмір сүріп отырған ғаламшарымыз.Оның табиғаты,ондағы адамдар әрекеті,яғни біздің табиғатқа қатысымыз туралы болмақ. Сондықтан да «Таза болса табиғат,аман болар адамзат» деп бекер айтылмаса керек. | Оқушылар көрініс көрсетеді |
Тапсырма 5-мин | «Ғажайып үштік» сұрақтары. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Төмендегі үш тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі. І. Ынтымақ ІІ. Жанашырлық ІІІ. Табиғат | Үштік бойынша біреуін таңдап, ұяшықтағы сауалдарға өзіндік ойларын айтады |
Шығармашылық жұмыс Бейнеролик көрсету 10-мин | «Табиғатты аялайық!» атты бейнеролик көрсету.
| Оқушылар көріп , тыңдайды.Видеоролик бойынша ойларын топтар постер арқылы қорғайды. Қорытынды жасайды.
|
Үйге тапсырма 2-мин | Дәптердегі 4-тапсырма Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат жазыңдар 5- тапсырма «Табиғатты қорғау және сақтау» жобасын жасап,жария етіңдер. 6-тапсырма Табиғатқа байланысты айтылған тыйым сөздерді жазыңдар. | Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады
|
Қорытынды Ой түйіндеу Рефлексия Кері байланыс 6-мин | Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады. Ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып тақырыпқа байланысты ой түйіндейді. Мыс: Табиғат – құтты қонысымыз. [pic]
INSERT тәсілі арқылы сабаққа талдау жасап, кері байланыс жүргізіледі. Оқушыларға стикер таратылады. Ал, балалар тілегімізді жазып,алма ағашына ілейік. | Оқушылар алма ағашындағы сөздерді пайдаланып, ой түйіндейді. Тілектерін алма ағашына іледі.
|
Жүректен жүрекке 3-мин | Е.Қасанғалиевтің «Атамекен» әнін бірге айтып сабақты аяқтаймыз
| Оқушылар «Атамекен» әнін барлығы бірге айтады |