Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ
Мұғалімдерге арналған «Өзіңді-өзің тани біл» атты мастер-класс.
Құрметті әріптестер! Қазіргі таңда жұмыстан шаршап, қажып жүргендеріңіз айдан анық. Бір мезгіл көңіл сергітіп алмаса болмайды. Сол себепті бүгін сіздерге «өзіңізді танып білуге» арналған тренингімізді ұсынамыз. Ат салысып, белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.
«Жазу және мінез»
Ыдысты шыдамдылықпен толтырып алып, оған жүрегіңіздегі жылуыңызды құйыңыз да, кейін 2 уыс жомарттылықты қосып,үстінен жақсылықты сеуіп кішкене әзілшілдік сезіміңізді шашыңыз.
I. Әріптің жазылу өлшеміне байланысты:
Өте ұсақ -3 балл
Ұсақ-7 балл
Орташа-17 балл
Ірі -20 балл
ІІ. Әріптің қисаю бойынша
ІІІ. Әріптің пішіні бойынша:
Дөңгелек - 9 балл
Пішіңсіз -10 балл
Бір қырлы - 19 балл
IV. Жазуыңыздың бағытталуы бойынша
Жолдарыңыз жоғары жылжытылып жазылған - 16 балл
Жолдарыңыз тура жазылса - 12 балл
Жолдарыңыз төмен жылжытылып жазылса - 1 балл
V. Интенсивтілігі (жазуыңыздың құлаштап және күш басу қысымымен жазылса)
Жеңіл - 8 балл
Орташа-15 балл
Өте қатты -21 балл
VI. Әріптің жазылу сипаттамасы бойынша:
VII. Жалпы бағасы
Жазуыңыз ықшамды, тиянақты ұқыпты жазылса - 13 балл
Жазуыңыз адыр -бұдыр , бір сөздеріңіз нақты, ал кейбіреулері тіпті
түсініксіз -9 балл
балл.
Енді нәтижесің шығарайық:
38-51 балл- бұндай жазу 80 асқан, денсаулығы әлсіз адамдарда байқалады. 52-63 балл - флегматикалық типті, пасивтті, жасқаншақ, әлсіз, қорқақ адамдарға бейім болып келеді.
64-75 балл - бұндай жазу әділ, ашық, көпшіл қарым -қатынасқа тез түсетін, сезгіш, әсершілдігімен ерекшеленетін адамдарды жатқызамыз.
76-88 балл - мұндай балға ие болған адамадар адал және қайырымды, парасатты, психикасы тұрақты, күшті, батыл, жаңашылдыққа ие, шешімді тез қабылдайтын, тапқыр жандардың бірі.
89- 100 балл - Бұл индивид. Қызу қанды, өзінің тапқыршылығымен байқалатын, көп уақыттарда өзінің ой- пікірін және іс -әрекеттерін еркін, ешкімге бағынбай нақты айтады. Соның өзінде де қырсық, қатал, кейде қарым -қатынасқа қиындықтарды туғызатын, тез ренжігіш болып келеді. Осы аталған мінездемеге сай адамадардың арасында шығармашылық жұмысқа бейім адамадарда кездеседі.
110-121 балл - қырсық, дөрекі, тәртіпсіз, жауапкешілік сезімі жоқ адамдарға тән.
«Тұлғалық тест.»
Сізге тек 3 сұрақ қойылады. Параққа өз жауаптарыңызды жазып отырсаңыз болды.
1 сұрақ. Ең алдымен, берілген 5 жануардың қайсысы сізге жақынырақ,ұнамды келетінін жазып ,кейін ұнамсызың жазыңыз.
Жолбарыс,жылқы,әтеш,шошқа,қой.
2 сұрақ. Әрбір берілген сөзге,дәл осы сәтте кез клген сын есім жазыңыз. Мысалы: жылқы шапшаң.
Ит,мысық,тышқан, кофе,теңіз
3 сұрақ. Берілген түстерге жақсы анитын адамдарыңызды қасына тіркеп жазыңыз.
Сары,қына сары (оранжевый), қызыл,ақ,жасыл.
Нәтижесі:
1 сұрақ бойынша – бұл сұрақ сіздің өмірдегі құндылықтарыңыздың мағынасын көрсетеді, яғни, қайсысы қай орында:
Әтеш – карьера
Жолбарыс – даңқ,мәртебе
Қой – махаббат
Жылқы – отбасы
Шошқа – ақша;
2 сұрақ
Ит –ол өзіңіздің жеке тұлғаның сипаттамасы.
Мысық - сіздің әріптесіңіздің сипаттамасы.
Тышқан – сіздің жауыңыздың сипаттамасы.
Кофе – сіздің махаббатқа қатынасыңыздың сипатамасы.
Теңіз – сіздің өміріңіздің сипаттамасы.
3 сұрақ
Сары – бұл адам сізді ешқашан ұмыпайды.
Қына сары – бұл адамды сіз нағыз жауыңыз деп есептейсіз
Қызыл – бұл адамды сіз шынымен сүйесіз
Ақ – бұл адам адам сіздің – ар-ұятыңыз.
Жасыл – бұл адамды сіз өмір бақи ұмытпайсыз.
«Шықпас бұрын олар».
Алдыңызда столдың үстінде жұмыртқаны елестетіңіз. Ол жұмыртқаның формасы, түсі, пішіні кез келген болуы мүмкін.Бұл ненің жұмыртқасы?
1.Жыланның жұмыртқасы
2.Таспақаның жұмыртқасы
3.Динозаврдың жұмыртқасы
4.Тауықтың жұмыртқасы
Бұл тест сіздің балаңызға қарым-қатынасыңызды анықтайды.
Жыланның жұмыртқасы. Жылан ақылдылықтың , парасаттылықтың белгісі.Сол себепті сіз өз балаңызға ең бірінші осыларды тілейсіз. Бірақ сіздің балаңыз сізден жай ғана ата-ана махаббатын күтетінін ұмытпаңыз.
Таспақаның жұмыртқасы. Таспақа денсаулық пен ұзақ өмірдің белгісі. Сіз балаңыздың дені сау, мықты болғанын қалайсыз.
Динозаврдың жұмыртқасы. Сіз балаңыздың қайталанбас жеке тұлға болғанын қалайсыз. Олар қателік жасаса да, ол қателіктер басқа балалар жасай алмайтын өзгеше болатынына сенесіз.
Тауықтың жұмыртқасы. Сізде жалпы балаларыңызға қатысты асқақ армаңдарыңыз жоқ. Олар бақытты болса, басқа ештененің қажеті жоқ. Қарапайым өмірді,ондағы болып жатқан кішкентай қуаныштарды бағалайсыз.
«Көк құс» .
Бір күні кенеттен бөлмеңізге көк құс ұшып келеді.Бұл құс сізді таң қалдырғаны сонша, сіз оны өзіңізге қалдырғыңыз келеді. Бірақ сізді бір жағдай таң қалдырады. Құс әр таң сайын өз түсін өзгертеді. Келесі күні құс көк түсін сары түске ауыстырады. Үшінші күні ол қызыл түсті, төртінші күні мүлдем қара түсті болады. Қалай ойлайсыз бесінші күні сіз оянғанда құс қандай түске өзгерді деп ойлайсыз:
Құс түсін өзгертпей сол қалпы қара болып қалады.
Құс өзінің басындағы,яғни көк түске оралады.
Құс ақ түске өзгереді.
Құс алтын түске оранады.
Бұл құс «сәттілікті» дәріптейтін құс сияқты. Оның күн сайын түс өзгертуі сізде бір қобалжу сезімін тудырады.Сіздің осы жағдайға деген жауабыңыз, яғни реакцияңыз, өмірдегі қиындықтар мен белгісіздіктерге қатынасыңызды көрсетеді.
Құс түсін өзгертпей сол қалпы қара болып қалады дегендер – бұл адамдар пессимист болып келеді. Сіздің ойыңызша, егер жағдай ушығып, қиындап кетсе, онда ешқашан түзелмейді. Сізге мынадай ойды қолданып көруге болады: егер де осының барлығы жаман болса, одан да жаман болуы мүмкін емес. Есіңізде болсын, жаңбыр да жауып күн шығады және түннен кейін міндетті түрде таң атады.
Құс өзінің басындағы,яғни көк түске оралады дегендер – оптимисттер. Сіз өмір жақсылық пен жамандықтан тұратынына және осы шыңдықпен күресудің қажеті жоқ екендігіне сенесіз. Қолайсыз жағдайларды сабырмен қабылдап, уайымсыз,стрессіз жағдайлардың өз жолымен өтуіне мүмкіндік бересіз.
Құс ақ түске өзгереді дегендер – өздерін қысым көрсеткен кезде сабырлы ұстайды. Мақсатқа бара жатқан жолда қиындықтар бола қалған жағдайда осы жолды тастап, сіз басқа жолды таңдайсыз.
Құс алтын түске оранады дегендер – ержүрек.Сіз қысым көрсету дегенді білмейсіз.Әрбір қолайсыз жағдай сіз үшін – тиімді мүмкіндік деп қарастырасыз. Бірақ тым көп өз күшіңізге сене бермеңіз.
«Қол шатыр»
Аплодисменты
Ойынның шарты:
Жүргізуші белгілі бір топ атын атайды. Осы топқа жататын адамдар өз орынан тұрады. Ал қалған қатысушылар оларға қолшапалақтайды.
Өздерің бақытты адам қатарында санайтындар. Өз орнынан тұрындаршы. Қолшапалақтаймыз.
Өздерің белсенді адам қатарында санайтындар. Өз орнынан тұрындаршы. Қолшапалақтаймыз.
Өздерің толерантты адам қатарында санайтындар. Өз орнынан тұрындаршы. Қолшапалақтаймыз.
Өздерің ұстаздар қатарында санайтындар. Өз орнынан тұрындаршы. Қолшапалақтаймыз.
Көңіл қойып тыңдап, атсалысқандарыңызға көп-көп рахмет!