ХХІ ҒАСЫР МҰҒАЛІМІ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК?
(Білікті маман – мектеп тірегі)
М. Горький «балаларды бала тәрбиесіне бейім адам, баланы сүйетін адам, зор төзімділікпен жұмыс істейтін адам тәрбиелеуі керек».
ХХІ ғасыр мұғалімінің моделін қазіргі таңда барша білім ұжымындағы мұғалімдер білуге тиісті. .
-ізденімпаз ғалым;
-нәзік психолог;
-жан-жақты шебер;
-тынымсыз еңбеккер;
-сұлулықпен сусындаған эстет;
-терең қазыналы білімпаз;
-кез келген ортаның ұйытқысы;
-рухани бай, гуманист;
-адамгершілік пен патриотизм жаршысы;
-идеал адам мұсіншісі.
Осыған орай ХХІ ғасыр мұғалімінің жоғарыда бейнеленген әр қасиетіне өзімше талдау жасағым келді.
Оқушылардың дүниетанымын ғылыми түрде ұйымдастыруда, ғылыми-техникалық талаптарға сай білім беру мен таным белсенділігін арттыруда мұғалімдердің ғылыми теориялық дайындығының маңызы зор. Бұл орайда мұғалімдердің ізденімпаздығы басты рөл атқарады, яғни мұндай мұғалімдер – ізденімпаз ғалым бола алады.
Чех педогогі Я. А. Коменскийдің ілімінен бастап бүгінге дейін оқу әдістемесінде білім беруді ұйымдастырудың басты формасы – сабақ.
А. С. Макаренко шеберлікті былай тұжырымдайды: «Шеберлік – деді ол, - жетуге болатын нәрсе, шебер – токарь, шебер – дәрігер сияқты шебер – педогог бола алады».
Бала психологиясын сезіне білу – мұғалімнің педогогикалық біліктілігін көрсетеді. Онсыз балалардың оқуында болсын, тәрбиесінде болсын жеке басындағы ерекшеліктерді білу мүмкін емес.
М. Гоькийдің сөзімен айтқанда «балаларды бала тәрбиесіне бейім адам, баланы сүйетін адам, зор төзімділікпен жұмыс істейтін адам тәрбиелеуі керек».
Оқушыларға сапалы да тиянақты білім негізі өз пәнінде жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылықойламынқалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану. Бұл тынымсыз еңбектенуді талап етеді.
Мұғалім өзінің білімпаздығымен, қарапайымдылығымен, сыпайылығымен, қайырымдылығымен, биік талғамымен, ой-өрісінің кеңдігімен, рухани дүниесінің бай болуымен кез келген ортаның ұйытқысы бола алады.
Тәрбиелі адамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап халқымыз: «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас кісіменен несі бар», деген екен.Отан қорғау – қасиетті борыш екенін оқушылардың санасына жеткізу – патриотизм жаршысы ұстаздардың басты мақсаты.Осындай қасиеттерді бойына жақтаған ХХI ғасыр мұғалімі ғажайып идеал ұрпақ тәрбиелеп шығарады.
XXI ғасыр мұғалімінің моделіне сай болу – жоғарыда келтірілген қасиеттерді игеру. Сондықтан ХХI ғасыр мұғаліміне мынадай өлең жолдарын арнағым келеді:
ХХI ғасырдың –
Білімпаз ұстаз моделі.
Жан-жақты шебер, ғуманиет
Еңбекте артқан беделі
Жан-жүйені танып біл,
Психолог – нәзік жан
Жан қуатын айтып тіл.
Еш шығарма жадыңнан.
Жеткізе біл шәкіртке
Сұлулықтың сырларын
Үйрете біл, дәріпте
Табиғаттың жырларын
Ізгілік пен адалдық
Жақсы қасиет белгісі
Шыншылдық пен адамдық
Білімпаз ұстаз үлгісі
Патриотизм жаршысы
Келешектің маманы
Идеал адам – барша ісі
Талап қояр заманы
Жаңа ұстаз моделін
Басшылыққа алыңыз
Еңбектеніп тынымсыз
Идеал боп қалыңыз.
Сайрам ауданы Ақсукент ауылы
№ 94 жалпы орта мектеп
[pic]
Тақырыбы: [pic]
Орындаушы: Педагог психолог Ш.Хайруллаева
Ақсукент
Өзін-өзі тану