Сауалнама. «Сіз өзіңізге қаншалықты сенімдісіз?»
Нұсқау. Әдістеме 20 сұрақтан тұрады. Көп ойланбай ойыңызға алғаш келген жауапты белгілеңіз. Дұрыс не бұрыс нұсқалар жоқ .
Сұрақ парағы.
Адамдардың көпшілігі маған қарағанда қайсар.
Өзімнің ұялшақтығымнан мен кездесу белгілей алмаймын әрі кездесуге шақыруды қабылдауға сенімсіздік танытамын.
Егер асханада тұрып қалған тағам берсе, мен әкімшілікке шағымданамын.
Маған тіл тигізсе де, мен басқа адамдардың сеніміне әсер етуден аулақ болуға тырысамын.
Егер сатушы маған тауарды көрсетуде қиындыққы тап болса, маған сай келмесе де тауарды алудан бас тарта алмаймын.
Менен бірдеңе істеуді талап етсе, мен егер оны түсінбесем, онда маған түсіндіруді сұраймын.
Кикілжіңдер мен қоршағандарды өзімнің дұрыстығымды түбегейлі дәлелдейтін ойларды табуға тырысамын.
Көпшілік адамдар сияқты мен алға шығуға ұмтыламын.
Шынымды айтсам, адамдар мені өз пайдасына қарай пайдаланады.
Жаңа адамдармен қарым - қатынас орнатуда мен ләззат аламын.
Мен жиі өзіме қарама – қарсы жынысты адамдарға, әсіресе өзіме сымбатты көрінетіндерге не айтарымды білмеймін.
Жұмысқа кірер алдында оған қажетті құжаттарды жинаудан гөрі маған әңгімелесуден өту әлдеқайда қиынға соғар деп ойлаймын.
Онша таныс емес адамға қоңырау шалу керек болған кезде, мен сенімсіздік танытамын.
Мен дүкенге тауарды қайтаруға ұйаламын, тіпті оның сапасы төмен екенін білсем де.
Егер туысқан не жақын досым мені ашуландырса, мен жақтырмайтындығымды көрсеткенше, өз сезімімді білдірмеймін.
Ақымақ болып көрінемін бе деп қорқыныш сезімінің кесірінен мен кейде сұрақтар қоюдан қашқалақтайтын кездерім болады.
Дау-дамайда мен қобалжып дірілдей бастаймын ба деп қорқамын.
Егер кез келген адам өзі қате деп санайтын көзқарас айтса, мен өзімнің де көзқарасымды білдіруге ұяламын.
Базарда тауар сатып алуда мен сатушылармен бағасы жөнінде дауласпаймын.
Егер мен маңызды әрі тұрарлық нәрсе жасасам, оны өзгелерге де білдіруге тырысамын.
Нәтижелерді өңдеу
3, 6, 7, 8, 10, 18, 20 сұрақтарына «иә» деген жауаптары үшін 1 ұпай қойылады.
1, 2, 4, 5, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19 сұрақтарына «жоқ» деген жауабы үшін 0 ұпай қойылады. Жалпы ұпайлар саны есептеледі.
11 ұпайдан төмен. Мұндай адам ұялшақ әрі өзіне сенімсіз. Ол үшін сезімін әрі тілектерін білдіру қиынға соғады, сондықтан өзгелер оған өзінің ой-пікірін байлауға бейім. Сонымен қатар, бұл адамдар үшін өзіне тәуелді адамдарға қатысты агрессивті мінез-құлық тән.
11-19 ұпай. Мұндай адамдар үшін өзіне деген орташа деңгейдегі сенімділі тән. Олар өздернің қызығуын шектейтін немесе міндеттемелерді сақтамайтындарға тойтарыс бере алады.
20 ұпайдан жоғары. Мұндай адамдарда өзіне деген жоғары деңгейдегі сенімділік бар. Олар үшін сабырлылық, әр түрлі жағдаяттарда өздерін ұстай алу дағдысы, өз сезімдерін әрі тілектерін ренжітпей кикілжіңсіз білдіре алу дағдысы тән.