Кездесу Маған өмір керек, мен өмірге керекпін

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Маған өмір керек, мен өмірге керекпін!

Мақсаты: Өмір құндылығының мән-мағынасын түсіндіру. Өмірге деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысы:

Музыка фонда

Бекжан Т.Айбергеновтың «Өмір» өлеңін оқиды.
Өмір деген - көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып 
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып , алға шық!



Өмір деген – пәк жаралған махаббат,
Ғашықтықтан жарқылдаған көздері.
Ұғынбайтын өз ойынан өзгені,
Өз жүрегін өртейтұғын өз демі.

Өмір деген – мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі,
Ешкім оған қоя алмайды нүктені,
Өмір деген сөйлем емес өйткені. 

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі біздің іс-шарамыздың тақырыбы: Маған өмір керек, мен өмірге керекпін! Бүгін біз өмір туралы, өмірдің қызықты да қиын сәттерін талқылауға келген қонақтарымызбен таныс болайық:

1. Уалиев Бектұрсын Торғайбайұлы қаламыздың бас имамы

2. Жүйке ауралар диспансерінің психолог маманы Серікбай Айтолқын Ерғонысқызы

3. Арқалық қалалық аймақтық емхананың психолог маманы Ауесханова Асель Есдаулетовна

4.Ардагерлер ұйымының төрағасы Ғапбасов Жәнібек Ғапбасұлы

5. Мектебіміздің медбикесі Шойбасова Рақыш Қалықызы

6. «Жастар ресурстық орталығынан» Дархан


Бүгінде өз өмірлерін құрбан ететіндердің саны қаншама. Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен –өзі традегедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылы пын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері тек адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірден бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше , өзін-өзі құрбан ету адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай.

Енді оқушыларымыздан сұрап көрерлік Өмір дегеніміз не?

  1. Оқушы : Өмір кеме секілді теңіздің ағысымен жүзіп кете береді. Жаратқан ием әрбір жанға өлшеп қана өмір беретін сияқты. Өмір кейде қатал, кейде жұмсақ секілді. Ол сені жылатады, күлдіреді, бірақ бәріне көнуге, шыдауға саған күш береді. Адам баласы өмірге келген соң өмір сүргісі келеді, арман жетелейді, сезімге беріледі, дені сау және бақытты болғысы келеді.

  2. Оқушы : Өмір дегеніміз – баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізуі керек. Өмір дегеніміз адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады.

  3. Оқушы : Өмір дегеніміз – Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек.

  4. Оқушы : Өмір –қатал көтермейді ойыңды,

Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды

Тағдыр жолың жіңішкелеу өмірде

Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.

Күрес , еркем, жамандықпен жасымай

Күнде нұрлы болу үшін ертенің

Төтеп берсін дауылдарға желкенің.

5 – оқушы : Өмір. Бұл ұзақ жол. Бұл жолда әркім әр түрлі қиындықтар мен қызықтарға, бар мен жоққа, аштық пен тоқтыққа, қайғы мен қуанышқа кездесіп отырады. Өмірде барлық адам бір жолмен жүрмейді, олар бірдей емес. Әркімнің өмір жолы әр түрлі. Деседе , әркімге өз өмірі қымбат.

[pic]


Топпен жұмыс. «Бір адам өмір жолын әңгімелеу»

Сурет бойынша талқылау.

Оқушылардың жауабын психолог талқылап кетсе.

Психолог сөзі:

Өмірді аяла
Ә.Тәжібаев
Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысың да сыйлайды, жақының да,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.
Өз қайығың, бар болса өз ескегің,
Өмірде мен сені осал демес едім.
Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді, 
Шығады алдан жап-жарық келешегің.
Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең де,
Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай көрме.
Өз қайығың болғаны қандай жақсы,
Қашан, қайда барсаң да өз еркіңде.
Өкінсең де өткенің оралмайды,
Өшкен отың қайтадан жана алмайды.
Сен жасаған күнәні бір досыңда
Бөліп-жарып өзіне ала алмайды.
Тапсырма: Өлеңнің мазмұнына сәйкес, берілген түсті қағазды, ақ қағазды, маркерлерді пайдаланып әрқайсыларың өз қайықтарыңды жасаңдар, қайықтарыңа ат беріңдер, өз туларыңды жасап жапсырыңдар. 
/Музыка қосылады,музыка біткен кезде жұмыс аяқталады. Әр адам өз қайығын көгілдір матаға орналастырады./

Психолог сөзі:

Өмір айдыныңда кемелеріңіз шайқалмай жүзе берсін! Өмір теңіз жолындағы кездескен толқындар қиыншылықтың бастауы емес, бақытқа апаратын жол деп қабылдаңыздар деген тілекпен бүгінгі іс-шарамызды «Өміріңді бағала» әнімен аяқтайық.

ән(хормен)

Қорытынды:

Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,

Өмір, өмір.

Болмайды түңілуге.

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге- дегендей өмірлерініз мәнді және сәнді болсын!