Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Тақырыбы: Армысың, кең дүние!

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер : адамгершілік, мейірімділік, ақылдылық, қайырымдылық, сыпайылық.

Пән мұғалімі: К. Айжарикова.

Сынып 6 «а, ә»

Оқушы саны: 36


Сабақтың мақсаты

- Оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» туралы түсінік беру, дүниеге деген жағымды көзкарастарын дамыту.

Міндеттері:

- -оқушыларға «дүние», «әлем» ұғымы туралы түсінік теру
-оқушылардың әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын табақ білуге ықпал ету;
-ізгілкке, жақсылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, шарлар, стикерлер, күн суреті, қағаздан қиылған жүрекшелер.


Сабақ барысы

Ұйымдастыру бөлімі.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл сіздің ойыңызды, сезіміңізді, тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру.

-«Дүние», «әлем», «қоршаған орта» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

-Қоршаған әлемнің адам өміріндегі мәні қандай?

-Адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы қалай болуы керек?

-Өзіңнің дүниеге деген көзқарасың қандай?

-Дүниенің кеңдігін қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талдау



Мұғалім сыйы: «Бұлбұл, жарқанат және қарақұрт» ертегісі.

-Бұлбұлдың үнін өшіруге жарқанатты неліктен қарақұртты шақырды?
-Бұлбұл кең дүниеге өз сезімін қалай білдіреді?
-Қарақұртқа кең дүниенің кереметтігі қалай әсер етеді?


«Даналық сөздер» атты ойын
Оқушылар кезегімен шығып қоржынның ішіне қарамай, әріптердің бірін алады. Қандай әріп шықса, сол әріптен басталатын даналық сөздер айтуы тиіс. Айта алмай қалған оқушы айыппұл төлейді. Мысалы: Ұ әрпі болса, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

Тапсырма.

Өлеңді оқыңдар. Өздеріңнің дүниеге көзқарастарыңды әңгімелеп беріңдер.

Дүниеге ақыл көзбен қарай біл,

Біле-білсең бұрынғыдай емес бұл.

Дүние-мұхит, қалайсың ба жүзуді,

Ізгілікті кеме жасап түзулі.


Шығармашылық тапсырма.

Тақырыпқа сәйкес шығарма жазу.


Топпен ән айту.

«Айналдым сенен Атамекен!» әні

Сөзі:Ш.Сариев Әні: Ж.Тұяқбаев


Дәптермен жұмыс.

Барша әлемге, алыстағы достарыңа, басқа ғаламшар тұрғындарына арнап жылы сөз, жақсы тілек жаз.


Үй тапсырмасы.

«Кабуснамадан» үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап беру


Жүректен жүрекке.

«-Мен осынау әсем де көрікті әлемді сүйемін.Әлем маған бар байлығын сыйлады.Мен әлемді көркейтуге бар ықыласыммен дайынмын». Осы оймен сабақтан алған әсерлеріңді жүректеріңе нық орналастырыңдар. Рахмет. Сау болыңыздар.