Медбикенің кәсібиқызметі үшін қарым-қатынас психологиясының маңызы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Медбикенің кәсіби қызметі үшін қарым-қатынас

психологиясының маңызы.


Егембердиева Д.Б.

ОҚО ДСБ «Шымкент медицина колледжі» МКҚК,

Қазақстан, Шымкент

Психология пәнінің оқытушысы


Аннотация

При определении содержания обучения в медицинском колледже нельзя не учитывать того, что будущая медицинская сестра не может ограничиваться только рамками своей профессиональной деятельности. Ей так же необходимы широкий кругозор и высокая культура развития для реализации должностных обязанностей.



Аnnotation

In determining the content of training in medical college must be considered of the fact that the future nurse can not be limited within the framework of professional activities. She also needs a wide outlook and the high culture of development for the realization of daily functions.

Соңғы жылдары медбикелік кәсіптік білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда. Бұл заманауи медбикелік технологиялардың шығып, медбикелік тәжірибені ұйымдастыруда ғылыми әдістердің енгізілуімен байланысты. Осы өзгерістерге байланысты медбикенің қоғамдағы рөлі де өзгерді. Осы орайда медбике ісінің дамуы үшін Республикамызда медициналық білім беру жүйесі орта буынды медицина мамандарын даярлау сапасын көтеруде, бәсекеге қабілетті, халықаралық деңгейдегі жаңа буын медбикелерін даярлауда алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. Осы мақсаттарға жету үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» атты мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы. Сонымен қатар еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде медбике ісін дамыту мақсатында жоғары медбикелік білім беру және болашақ бакалавр медбикелерін даярлау жолға қойылуда [1,2].

Ұлт болашағы – бүгінгі студенттердің білімі мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Медицина колледждерінің басты мақсаттарының бірі – денсаулық сақтау саласында – білімді де білікті мамандар даярлау ғана емес, сонымен қатар бойына қарым-қатынасты дұрыс орната алу дағдысын, эмпатиялық сезімталдықты, мейірімділікті, ұқыптылықты, зейінділікті, бірізділікті қалыптастыру болып табылады. «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» -дейді А.Линкольн. Медбике науқаспен қарым-қатынасты дұрыс орнату арқылы науқас туралы толық мәліметті жинаумен қатар, оның жасырып қалған ақпараттарын айқындай алады. Себебі науқасты емдеуде дәрі-дәрмектің ғана көмегі емес, жылы сөзбен емдеудің көмегі де маңызды орын алады. Науқастарға дертінен тез айығуында медицина қызметкерлерінің арасында ең көп қарым-қатынасқа түсетін әрине ол медбикелер. Сонымен қатар медбике науқастың туыстарымен қарым-қатынасты дұрыс орнату арқылы науқаспен оның туыстарының дертке көзқарастарын, өзгертіп, онымен бірлесіп күресуді шешеді [3,4].

Кәсіби қызмет кезіндегі ең маңызды медбикенің әріптестерімен қарым-қатынасты дұрыс орнатуы, ұжымда бірлесе жұмыс жасауы өз жұмысына деген қанағаттануын артып, науқастың тезірек сауығуына да септігін тигізері сөзсіз. Медбике әріптестерімен сыпайы, сыйластықты қарым-қатынасты ұстануы қажет. Дәрігерлер нұсқауын ұқыпты, білікті, жауапты медбикелердің орындауы нәтижесінде науқастың дертінен тез айығуына шипалы әсер беретіні анық. Медбике науқас жағдайына қажетті жағдайларды жасаушы, кез-келген ортаға үйреніп, дәрігермен және науқастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаушы орта маман иесі. Бөлімшедегі медбикелер қызметі ұшан теңіз, барлық жасалатын емдеу және күтім шараларының 80%-ын құрайды десек қателеспейміз. Жақсы қарым-қатынас орнатудың маңызы ол сенімділік туғызу. Ал сенім бар жерде серіктестік бар. Қарым-қатынас шеберлігін арттыру үшін медбике тиімді тілдесудің вербальды және вербальды емес әдістерін жетік ұғынуы қажет. Вербальды тілдесу – сөз арқылы жүзеге асырылады. Медбикенің сөйлеу мәнері, сөз саптауы, бет әлпеті мағызды рөл атқарады. Себебі медбикенің сөйлеген сөзі маманның мінездемесі болып табылады. Науқас пен оған түсінікті тілде, медициналық терминологияны қолданбай, әдебиеттік тіл нормаларына сәйкес тілдесу қажет. «Медбикеде үш біліктілік болу керек: кеңпейілділік – нақты түсіну үшін, білімділік – ауруды түсіну үшін, техникалық – науқастарды күту үшін» дейді медбике Флоренс Найтингейл [4,5].

Вербальды емес тілдесі – мимика, пантамимика, жест, дауыс ырғағы т.с.с. тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Коммуникацияның бұл тәсілдері науқастың жасырып қалған шағымдарын анықтауға көмектеседі. Егер біз бәсекеге қабілетті медбикелерді даярлаймыз десек медбикелерді арнайы кәсіби оқытумен қатар кәсіби тәрбиелеуіміз де қажет.

Кәсіби тәрбиелеу – медбикенің кәсіби ортада қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелері мен нормаларын игерудегі және медбикеге кәсіби қажетті, әлеуметті маңызды тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда бірлесіп жасайтын қызмет [6,7].

Бұдан шығатын қорытынды болашақ медбикелерді даярлауда оған маман ретінде ғана емес, тұлға ретінде дамуы үшін адамгершілік, имандылық, ар-ұждан сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет.







Қолданылған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы.

  2. Мейірбике ісін дамытудың 2020 ж. дейінгі кешенді жоспары.

  3. Жихарева Н.А. // Молодые ученые – здравоохранению региона: Материалы 66-й научно-практической конференции студентов и молодых специалистов СГМУ. – Саратов: Издательство СГМУ, 2005. – С. 198-199.

  4. Журнал «Медицинская сестра». - №6, Мәскеу: 2012 ж.

  5. Интернет ресурстары / Сестринское дело в ХХІ веке: тенденции, проблемы и перспективы, 2.2010ж.

  6. Кэмпбелл А., Джиллет Г., Джонс Г., «Медициналық этика» оқу құралы, қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы п.ғ.к. Башбаева М.А. – Мәскеу: 2014 ж.

  7. Островская И.В. «Психология» учебник для медицинских училищ и колледжей 2-е издание, исправленное. – Мәскеу: 2014ж.




Қарым-қатынас психологиясы

Жоспар:
1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
2.Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы
3.Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қарым-қатынас стратегиясы
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
2-шi Монологты стратегия.
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).

Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.

Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:
-жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық беру.
-төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр алмасу және т.б.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.
1. хабар берушi
2. мәлiмет
3. арнайы ақпарат беру құралы
4. ақпарат алушы

Коммуникация процесi 5 кезеңнен тұрады.
1. ақпарат алмасудың басталуы, мұнда хабар жiберушiнiң қандай реакция алатынын ашық бiлу керек.
2. Ойдың символға мәлiметкен айналуы