Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін зерттеу.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін зерттеу.

Сабақтың мақсаты:6 сынып оқушыларының жедел есте сақтау, қысқа мерзімді есте сақтау, бейнелік және дыбыстық есте сақтау қабілеттерінінің басым түрлерін анықтау.

Пайдаланатын құралдар: интерактивті тақта, түрлі - түсті суреттер, ақ қағаз, қалам.

Сабақтың құрылымы:

  1. Амандасу. «Менің көңіл-күйім» көңіл-күйді реттеу (интерактивті тақтаны пайдалану, смайликтер).

  2. «Мен қандай түсті ұнатамын» жедел есте сақтауды анықтау.

  3. Есте сақтаудың басым түрін анықтау үшін «10 сөз» әдістемесі

  4. Сиқырлы саусақтар» жаттығуы – қимылдық есте сақтауды, шапшаңдықты дамыту

  5. Рефлексия және қоштасу.

Сабақ барысы:

І. «Менің көңіл-күйім»

Сыныптағы балалармен амандасып, көңіл-күйлерін реттеу үшін интерактивті тақтадан смайликтерді көрсету арқылы балалардың көңіл-күйлерінің қандай екенін анықтау. Балалар қалаған смайликтерін «мынау менің көңіл күйімді білдіреді» деп көрсетіп беруі керек.

ІІ.«Мен қандай түсті ұнатамын»жедел есте сақтауды анықтау.

Бір оқушы ортаға шығады, қалған балалар қандай түсті ұнататынын айтып шығады. Ортадағы оқушы оны есінде сақтайды да, теріс қарап тұрады.Қалған оқушылар орындарын ауыстырады. Ал ортаға шыққан оқушы кім-нің қандай түсті атағанын шатастырмай айтуы керек.


ІІІ. «10 сөз» әдістемесі

Мақсаты: Сөздік және бейнелік есте сақтаудың басым түрлерін анықтау.

Әдістеме сипаттамасы: Алдын ала балаларға таныс 10 сөзден тұратын

4 бөлек топшама дайындалады.

1-топшамасөздерін тыңдап, тек естіп естеріне сақтап жазады.

2 топшаманыңсөздерін көзбен көріп, оқып есте сақтап жазады.

3-топшама сөздерін тыңдап, ауызбен қайталап, сосын жазады.

4-топшама сөздерін қарап, оқып есте сақтап жазады.

Тапсырмалар интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Нұсқау 1: «Қазір сіздерге есте сақтауға арналған бірнеше тапсырмалар беріледі. Мен сіздерге бірнеше сөздерді оқимын, сіздер жақсылап тыңдап

Нұсқау 2: «Мен сіздерге тағы да бірнеше сөзді тақтадан көрсетемін, мұқият қарап, іштей жаттап алып, есте сақтағанымызды тағы да жауап парағының екінші жолына жазып бересіздер»

Нұсқау 3: «Мен сіздерге тағы да бірнеше сөзді оқимын, сіздер менің айтқан сөзімді соңымнан қайталап айтасыздар, сосын еске сақтағандарыңызды жауап парағының үшінші жолына жазасыздар»

Нұсқау 4: «Мен сіздерге тағы да бірнеше сөзді тақтадан көрсетемін, қайта-лап дауыстап оқисыздар, сосын есте сақтағандарыңызды жауап парағының төртінші жолына жазасыздар»

Берілетін сөздер:

І тапсырма- қол, шкаф, мамық, сағат, отырғыш, ой, терезе, көйлек, қарбыз, бұлақ.

ІІ тапсырма- кеме, парта, қалам, саңырауқұлақ, бөрене, қалжың, базар, серуен, батпақ, етік.

ІІІ тапсырма- қасқыр, жел, ескек, күн, сырғанақ, кітап, жұмбақ, шәйнек, орман, бұлт.

IV тапсырма – радио, аяқ, ағаш, қарға, мысық, кәсе, кірпі, балапан, көбелек, қасқыр.


ІҮ. Сиқырлы саусақтар» жаттығуы – қимылдық есте сақтауды, шапшаңдықты дамыту.

Таң қалу” – екі қолдың бас бармағын көтеру.

Мен өзім” – бас бармақпен өзін көрсету.

Сәлемдесу” – қолды жоғары көтеріп бұлғау.

Қорқыту” – сұқ саусақты кезену.

Жеңіс” – екі қолды жоғары көтеріп айқастыру.

Нұсқау: Берілген жест түрлерін қимылмен көрсету, есте сақтау. Мұғалім кез-келген ретпен айтқан уақытта жаңылыспай орындай білу керек.


Ү.Рефлексия және қоштасу.

-Бүгінгі сабақта сізге не ұнады?

-Сен үшін ең қызықты жаттығу қайсысы болды??

-Бір -біріңе не тілек айтар едіңіз?














Диагностикалық әдістеме жүргізілгендігі туралы

Анықтама

Зерттеу жұмысының мақсаты:Сөздік және бейнелік есте сақтаудың басым түрлерін анықтау.

Қолданылған әдістеме:«10 сөз» әдістемесі

Әдістеме сипаттамасы: Алдын ала балаларға таныс 10 сөзден тұратын

4 бөлек топшама дайындалады.

1-топшама сөздерін тыңдап, тек естіп естеріне сақтап жазады.

2 топшаманың сөздерін көзбен көріп, оқып есте сақтап жазады.

3-топшама сөздерін тыңдап, ауызбен қайталап, сосын жазады.

4-топшама сөздерін қарап, оқып есте сақтап жазады.

Тапсырмалар интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Өткізілген уақыты: 20 қаңтар 2016ж

Контингент: 6 сынып. Саны: 9 оқушы

Зерттеу қорытындысы:

Есте сақтау

түрлері

Аты-жөні

Тыңдап есте сақтау

(10 сөз)

Көріп есте сақтау

(10 сөз)

Моторлық есте сақтау

(10 сөз)

Аралас есте сақтау

(10 сөз)

Есте сақтау коэффиценті

1

Әділгерей А

90

80

90

90

87,5%

2

Владимир Н

70

50

90

40

62,5%

3

Жасұланқызы А

60

40

70

60

57,5%

4

Орынбасарова Г

80

90

80

70

80%

5

Тлегенов А

70

90

90

60

77,5%

6

Рақымғалиұлы Д

70

40

70

60

60%

7

Нағымов Е

90

80

80

90

85%

8

Шаймардан Н

70

30

80

40

5 55%

9

Шалабаев П

90

70

80

60

7 75%


Сыныптың орташа деңгейі

76,7

63,4

81,2

63,4

2 71,2%





Ұсыныс: есте сақтау қабілетін дамытуға арналған жаттығулардың үнемі сабақтарда да қолданудың қажеттілігін пән мұғалімдеріне ескертемін

Мектеп психологы: Ж.Б.Есенова.

Таныстым: сын.жет. З.Нұртазина