4*А+3*В+2*С+1*Д С=
к-1
Мұндағы к-жалпы зерттеуге қатысқан оқушылардың саны. Одан әр оқушы өзін алып тастап отырады. Мұндағы «А»-ға, «В»-ға, «Д»-ға жалпы тізімнен әр оқушының кезекті белгілемелерін санап алып көбейту арқылы есептейміз.
Жоғарыда келтірілген мысалға қайта соғып, бір оқушының белгілемесін есептейік.
А-6
В-12
С=1
Д-2
Лаура – 4*6+3*12+2*1+1*2/22-1=3.04
Әр оқушының жинаған ұпайын есептеп алып, шыққан қорытынды қорытынды бойынша сыныптағы «Жұлдыздар» (3 балдан артық) тобын, «Көпке ұнайтындар» (2-3) тобын, «Топ құрамына кіретіндер» (2-1,8) тобын, «Шеттетілгендер» (1,8-1 балдан төмен) тобын анықтаймыз.
Жалпы зерттеу қорытындысын қарастыра келе, нәтижесінде 10 «а» сыныбының ұжымдағы алар орны мынадай нәтиже берді.
Жұлдыздар: Ғалия, Айжан, Гүлнұр, Әйгерім Ж. Марат, Дархан, Ерғали.
Көпке ұнайтындар: Әйгерім Б., Жанат, Жанар, Әділет, Мұрат, Данияр, Асқан, Бауыржан, Бағлан, Шыңғыс, Айгүл.
Топ құрамына кіретіндер: Асқарбек, Нұрғиса.
Шеттетілгендер: Айнұр
Бұл зерттеу жұмысының сынып жетекшісі үшін маңызы зор және тәрбиелік мәні бар. Зерттеу – оқушылардың сыныптағы алар орны мен дәрежесін жоғары деңгейде көрсете білді.
Тренинг: «Түсіністікке үйренеміз»
Мақсаты: өзара вербальді әрекеттесуге дағдыландыру, әлеуметтік бақылағыштықты дамыту.
Тренинг барысы:
«Қимылдарды көшіру» сергіту жаттығуы.
Ақпараттық блок: «Үш мүсін».
«Бип» жатттығу.
«Ғажайып қолданыс» жаттығу.
«Жүректен жүрекке» ойын—жұмбақ.
«Қимылдарды көшіру» сергіту жаттығуы. Қатысушылар шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші белгі берген кезде әр қатысушы қиынға соқпайтын қимыл-қозғалыстар жасауы тиіс. 5-10 секундтан соң жүргізуші келесі белгі бергенде, әр қатысушы өзінің сол жағында тұрған қатысушының қимылын жасауы тиіс. Ойын әр қимыл өз авторларына қайтқанша жалғасады.
Ойынның психологиялық мәні: қатысушылардың белсенділігін арттыру, байқағыштық қабілеттерін дамыту, топ жұмысына қызығушылықтарын арттыру.
Талқылау:
Ақпараттық блок: «Үш мүсін». Тыңдаушыларға ежелгі аңыз-әңгіме ұсынылады:
достығына дүйім жұрт қызығушылықпен, қызғанышпен қарайды екен. Ұзақ уақыт мемлекет басқару ісіне байланысты бір-бірін көрмей қалса, біріне-бірі сыйлық, сәлемдеме жіберіп, сағыныштарын басып отырады екен.
Күндердің күнінде қытай императоры өз империясындағы уәзірлерінің іс -
әрекеттеріне ренжіп, соның шешімін табу үшін ханға жұмбақ-сыйлық жібереді. Оның ішінде адамның алтыннан жасалған үш мүсіні болады. Бұл үш мүсіннің бір-бірінен көзге бірден көрінетін айырмашылығы болмайды. Бірақ император өз хатында «... Қымбатты, досым! Мына үш мүсіннің бір-бірінен айырмашылығы жоқ сияқты көрінгенімен, жақсылап ойланып қараған көреген көзге бірден көрінетін үлкен айырмашылықтарын табуға болады. Досым соның шешімін тауып көрші....» деп хат жазыпты. Хан әбден ойланып шешімін таба алмаған соң уәзірлеріне тапсырма береді. Уәзірлері олай-бұлай іздеп шешімін таба алмайды. Үшеуінің салмақтары да, ұзындықтары да, алтын құрамы да, тіпті бейнелері де бір-бірінен айнымайды екен. Уәзірлері не қыларын білмей әбден сасады.
Сол кезде ең жас, ақылды уәзірі тұрып: «Хан ием, егер рұқсат берсеңіз бұл жұмбақтың шешімін мен айтайын» деп рұқсат сұрапты. «Бұл мүсіндердің сырт көзге айырмашылықтары байқалмағанымен, жақсылап қарасаңыздар мүсіндердің үшеуінің де құлақтарында көзге ілінер-ілінбес тесіктер бар екен. Бұл не қылған тесік деп, сым темір өткізіп едім, сым темірдің екінші ұшы біреуінің екінші құлағынан, екіншісінің аузынан, үшіншісінің кіндігінен шықты. Содан бұл адамның мінез-құлқына байланысты-ау деген шешімге келдім. Себебі, бір адам естігенін бірден екінші құлағынан шығарып жібереді, екінші біреулер бірден түсінбей жатып, басқаларға айтады, ал үшінші біреулер естігенін жүректен өткізіп, талдау жасайды емес пе?! Яғни, «ақпа құлақ», «ашық ауыз», «есті, жүректі адам» дегенге келеді. Сіздің досыңыз өз уәзірлерінің ішінде осындай адамдардың бар екендігін айтқысы келген болуы керек» деп жауап беріпті.
3. «Бип» жатттығу.
Қатысушылар бір-біріне өте жақын аралықта шеңбер құрып отырады. Бір қатысушының көзін байлап ортаға жібереді. Ол 2-3 рет айналып, шеңбердегі бір қатысушының аяғына отыруы тиіс. Аяқтың иесі «БИП» деген дауыс шығарады. Ал көзі жұмулы қатысушы дауыс кімдікі екенін табуы тиіс. Дұрыс тапқан жағдайда екеуі орындарын ауыстырады, ал дұрыс таппаса, ойын ары қарай жалғасады. Жаттығуды ойынға қатысушылардың қызығушылығы бәсеңдегенше жүргізуге болады.
Талқылау:
4. «Ғажайып қолданыс» жаттығу.
Қатысушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға қолдарында бар заттарды басқа
мақсаттарда қалай қолдануға болатынын анықтау туралы тапсырма беріледі. Әр топқа 10 минут уақыт беріледі. Бір-бірінің айтқандарын қайталауға болмайтынын ескерткен жөн. Идеяны айтқаны үшін – 1 ұпай, ал көрсетіп бергені үшін – 2 ұпай беріледі.
Талқылау:
Топта ролдер қалай бөлінді?
Идеяны ұсынуда кім басымдық танытты?
Бір-бірлеріңізге олдау көрсете алдыңыздар ма?
«Жүректен жүрекке» ойын—жұмбақ. Қатысушылар шеңбер жасап тұрып, бір
біріне ым-ишара (пантомима) арқылы сыйлықтар сыйлайды, ал сыйлықты қабылдаушы оның не екенін табуы тиіс.
Эмоционалды өрістің жай-күйін анықтау. Түстерді анықтау. (Люшер-Лутошкин бойынша)
Әрбір адам өз бетінше қандай да бір жағдайды немесе құбылысты басынан кешіреді. Бұл жағдай біреуді қайғыртса, екінші біреулерде немқұрайдылықты тудырады, үшінші біреулер ашу шақыруы мүмкін. Мұндай психологиялық жағдайлар кез-келген адамның басынан өтеді. Егер қайғырған адамға өзінің қайғысын қандай түспен көрсетер едің деген сұрақ қояр болсақ, бірінші адам көгілдір, екінші біреу сұр түспен, үшінші адам тағы да басқа түстермен белгілеуі мүмкін. Әдістеме бойынша түстерге мына төмендегі анықтамалар беріледі:
Қызыл түс. Күшті эмоциялар: махаббат, жек көру, ашу, қорқыныш.
Сәбіз реңді түс. Тынышталу. Ішкі тепе-теңдік.
Сары түс. Тұрақсыз көңіл. Өзінің көңіл-күйін баршаға білдіру сезімі. Қызықты және күлкілі оқиғаларды еске түсіру.
Жасыл түс. Сағыныш сезімі. Немқұрайлық. Зерігу.
Көгілдір түс. Жеңіл қайғы. Армандау. Аутизм.
Көк түс. Түсініксіз қайғы. Мазасыздану. Тынышсыздану. Ұйқысыз түн.
Күлгін түс. Қатерге бас тігу. Құпиялық. Біреуді алдау сезімі.
Сұр түс. Қызық емес нәрсе. Немқұрайлық.
Қоңыр түс. Жасанды белсенділік.
Қара түс. Қайғылы бір нәрсені еске түсіру, жағдай, қайғылы жағдайды бастан кешіру.
Ашық түстер.
ашық жасыл: өмір қуанышын сезіну;
ашық қызыл: қандай да бір жақсылықты күту;
ашық сары: күтпеген қуаныш;
сирень түсті: кереметті, ғажайыпты күту.
Жасөспірімдердің танымдық қажеттілігін, қызығушылығын және бейімділігін диагностикалау
Ескерту: Сөйлемдерді оқи отырып, «ия» немесе «жоқ» жауаптарын жазу керек
Маған ғылыми-көпшілік әдебиеттерден гөрі, көркем әдебиеттер оқыған ұнайды.
Мен кейде 2-3 кітапты бірден оқимын.
Оқып жаткен кезде кейбір цитат және нақыл сөздерді жазып аламын.
Мені классикалық әдебиеттен қарағана детективті әдебиет қызықтырады.
Мен теледидар көре отырып, кітап оқимын.
Мен «Әлемге әйгілі адамдар өмірі» туралы кітап бөлімдерін оқығанды ұнатамын.
Әдетте, мен кітап оқитын алдын, қандай кітап оқу керектігін жоспарлаймын.
Мен білімімді көтеру үшін, менде жігер жеткіліксіз.
Абстрактілі түсінік дамыған адамдар үшін ғана.
Философиямен айналысу керек.
Қиын тапсырма ақылды дамытады.
Мен өздігімнен және үнемі өз білімімді жетілдіремін.
Кілті: 5, 8 сұрақтардағы «жоқ» жауабына және қалған сұрақтардың «ия» жауабына 1 ұпай беріледі. Егер ұпай саны көп болса онда оқушының таным қажеттіліктерін жоғары болғаны.
Сабақтан тыс оқушылардың оқу әрекетін анықтау
Сабақтан тыс қандай іспен айналысқанды ұнатасың?
Кітап оқығанды ұнатасың ба? Қандай кітап және не туралы?
Қандай пәнді ұнатасың?
Қандай үйірме, секцияларға қатысасың?
Өмірде немен айналысқанды ұнатасың?
Сабақта қай пәнді көп оқисың?
Сен не туралы көп білгің келеді?
Аяқталмаған сөйлем
Табиғат – бұл ...
Адам – бұл ...
Мәдениет – бұл ...
Мемлекет – бұл ...
Экономика – бұл ...
Саясат – бұл ...
Дін – бұл ...
Жасөспірімдердің ішімдік пен нашақорлық туралы хабардарлығын және қатынас деңгейін анықтау
САУАЛНАМАСЫ
Сенің айналаңда наша қолданатын адам бар ма?
а) ия б) кейде
ә) жоқ в) білмеймін
Сенің айналаңда ішімдік қолданатын адам бар ма?
а) ия б) кейде
ә) жоқ в) білмеймін
Мен наша қолданып көргенмін.
а) ия ә) жоқ
Мен ішімдік ішіп көргенмін.
а) ия ә) жоқ
Сіз ішімдік, наша және токсиконды заттар туралы білесіз бе?
а) өте жақсы білемін б) естігенмін, бірақ көп білмеймін
ә) ақпарат білемін в) мені бұл қызықтырмайды
Егер белсеңіз, кімдер арқылы?
а) достардан б) ата-анадан
ә) мұғалімдерден, тәрбиешілерден в) бұқаралық ақпарат құралдарынан
Мен темекі шегемін.
а) ия б) кейде
ә) жоқ
Сен қалай ойлайсың, не үшін жасөспірімдер наша қолдануға барады?
а) қызығушылықтан
ә) туындаған мәселені уақытша ұмыту ниетімен
б) топта «ақ қарға» болмас үшін
в) абыройы биік болу үшін
г) достарының құрығында болмас үшін
д) ол туралы түсініктің жоқтығынан
е) өзіндік шешім қабылдайтындығын көрсеткісі келеді.
Егер Сен досыңның наша қолданатынын білсең, не істейсің?
а) наша қолданудың зияндылығын айтамын.
ә) қарым-қатынасты үземін
б) милицияға хабарлаймын
в) бұдан кейін оны қолданбау керектігіне сендіремін
г) өзімде көргім келеді.
Д) әркім өзіне жауап берцу керек деп қоя саламын.
Сен қалай ойлайсың, егер сенің тобың наша қолданса, оларға ерер ма едің?
а) ия ә) жоқ б) білмеймін
Сен өз денсаулығыңды қадағалайсың ба?
а) ия ә) жоқ б) ол туралы ойланбаппын
Оқушылар туралы жалпы мәліметті анықтауға арналған сауалнама
Анкеталық сұрақтар
Аты-жөнің___________________________________________________
Отбасыда неше жан бар және кімдер?____________________________
Сенің алға қойған мақсатың қандай?_____________________________
Мектепте қандай пәндер ұнамайды, неге?__________________________
Қандай пәндер ұнайды және несімен?_________________________
Мектепте өтілетін қандай шараларға қатысасың?__________________
Сабаққа қанша уақыт дайындаласың, қай мезгілде?__________________
Сенің достарың кімдер, олардың қандай болғанын қалайсың?_________
Арақ ішіп көрдің бе, қай кезде?__________________________
Темекі шегіп көрдің бе, ұнайды ма, ұнамайды ма?___________________
Нашақорлық дегенді қалай түсінесің? Өзің қолданып көрдің бе?_______
Өмірге көзқарасың қандай?__________________________
Жанұяда кіммен көп сырласасың? (әкеңмен, анаңмен, ағаңмен, әпкеңмен т.б.) _____________________________________________________
Өзің туралы көзқарасың қандай?______________________________
Адамгершілік деген ұғымды қалай бағалайсың?_____________________
Оқушы қандай болу керек?____________________________________
Мектептегі ережелер ұнайды ма, әлде ұнамайды ма? Не себептен?____________________________________________
Қандай тақырыптағы кітаптарды (газет-журналдарды) оқисың?_______________________________________________________
Ата-анаңмен жиі ұрсысасың ба? Не себептен?_______________________
Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?_____________________________
Оқушылардың өзі және отбасы жағдайын анықтауға арналған
САУАЛНАМА
І. Оқушы туралы мәлімет
1. Оқушының аты-жөні: ____________________________________________
2. Туған жылы, айы, күні:___________________________________________
3. Сыныбы:_______________________________________________________
4. Қай мектептен келді?_____________________________________________
5. Сүйікті ісің:
а) кітап оқу;
ә) теледидар көру;
б) компьютерлік жұмыстар және ойындар;
в) техникалық заттар мен қолөнер бұйымдары;
г) бос серуендеу.
ІІ. Отбасы және тұрмыс жағдайы туралы мәлімет
Отбасы құрамы, саны: _____________________________________
_______________________________________________________________
а) Әкесінің аты-жөні:____________________________________________
Туған жылы:____________________________________________________
Қызметі, жұмыс орны:____________________________________________
ә) Анасының аты-жөні:__________________________________________
Туған жылы:____________________________________________________
Қызметі, жұмыс орны:____________________________________________
б) Отбасы мүшелері (аты-жөні, туған жылы, қызметі):_____________
Ағасы__________________________________________________________
Әпкесі_________________________________________________________
Інісі___________________________________________________________
Сіңлісі (қарындасы)______________________________________________
Отбасы бюджеті:
Әр адамға шаққанда орташа ақшалай кіріс:______________________
Тұрмыс жағдайы:
А) Өте жоғары (100-80%)
Б) орташа (80-40%)
В) төмен (40-10%)
4. Баланың оқуына және демалуына жағдай жасалған ба?
А) Ия
ә) Жоқ.
5. Отбасында төмендегі заттардың қайсысы орын алады?
- кітапхана.
- телевизор.
- саяжай.
- машина.
- компьютер.
Ата-аналарға арналған сауалнама
Ата-ананың аты-жөні:________________________________________
Құрметті ата-ана сізге ұсынылып отырған сұрақтардың ішінен өзіңіздің қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді белгілеңіз! Алдын-ала рахмет!
Тәрбиелеу ісіне қандай әдістерді көбірек қолданасыз?
а) өзіне мысал келтіру;
ә) талап етушілік;
б) сендіру;
в) жазалау;
г) мадақтау.
2. Сіздің отбасыңызда балаға талап етушілікте ынтымақтастық, ауызбірлік сақталады ма?
а) ия;
б) жоқ.
3. Тәрбиеде мадақтаудың қай түрін қолданасыз?
а) мақтау;
ә) отбасы мүшелері бірауыздан баланың жақсы қылықтарын, жаңа кітап, ойыншық сатып алғанда мақтау;
4. Баланы тәрбиелегенде күш қолданасыз ба?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
5. Сіздің таңдаған әдісіңіз балаға оң ықпал етеді ме?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
6. Балаңыз сізге сенім білдіре ме, құпиясымен бөлісе ме?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
7. Бала тәрбиесі үшін сіз өз жүріс-тұрысыңызды, мінез-құлқыңызды бақылауға тырысасыз ба?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
8. Баланы тұлға ретінде құрметтейсіз бе?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
9. Бала тәрбиесіндегі кездесіп жатқан қиыншылықтарды кімдермен бірге шешуге талпынасыз?
а) жеке өзім;
ә) әкесімен;
б) көршілермен;
в) туған-туыстарымен;
г) педагог-психологпен, әлеуметтік педагогпен;
д) сынып жетекшісі немесе пән мұғалімдерімен.
10. Бала тәрбиелеуде мектепке қояр талабыңыз бен ұсынысыңыз:__________________________________________________
Ойындар
“Кім екенін тап” ойыны
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.
“Шөлдеу” ойыны
Балалардың қолдары шынтақтан қозғалмайды. Балалар өздерін “ыстық шөп” даладамыз деп елестедеді, қатты шөлдейді. Бір кезде тостағандарға құйылған суға кездеседі. Енді осы суды ішуге амал табулары керек.
“Алып” ойыны
Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын екіәншісінің оң аяғын байлайды, сөйтіп, бір белгіленген жерге барады. Немесе: үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар бірге жүруге тырысады (бақаға ұқсап секіреді).
“Көпір” ойыны
Еденге бормен “көпір” (түзу) сызылады. Екі топ бір-біріне қарсы шыққан балалар “көпірден” құлап қалмай өтуі керек. Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.
“Көңіл-күйімізді жаттықтыру”
Жүргізуші: Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.
Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі;
Қасқырдан қорыққан қоянның, ұядан түсіп қалған балапанның, мысықтан қорыққан тышқанның, иттен қорыққан баланың бет-әлпеті;
Жылап тұрған адамды көрсету;
Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету;
Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу
Оқушылардың зейінін дамытуға арналған
психологиялық тренинг
Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, оны күнделікті қолдануды әдетке айналдыру.
Міндеттер:
Мұғалім мен оқушылар арасында жылы қатынас тудыру;
Оқушыларды әртүрлі адамгаршілік қасиеттермен таныстыру;
Оқушыларға мейірімділік пен қатыгездікті айыра білукге, жақсы қылықтарды үйренуге, жаман қылықтардан аулақ болуға үйрету.
Интерактивті стратегиялар: пікірталас, шағын топтармен жұмыс, әңгіме, ойын
“мен және айна”, “Құпия сурет”.
Жетекші топ мүшелеріне арнап сұрақ даярлайды. Топқа аяқталмаған сөйлем әдістемесі бойынша сөйлемді аяқтау тапсырылады. Топтың әрбір мүшесі ортадағы жәшіктен қағазды кезектесіп алады, онда жазылған ойды аяқтау керек.
“Жақсы қасиет” деп ------------------------------?
“Жаман қасиет деп”-------------------------------?
Адамдардың бойындағы қасиеттер------------?
Ақылсыз болу деп ---------------------------------?
Ақылды болу үшін не істеу керек--------------?
Түйін. Оқушылар өз ойын айтуға дағдыланды, ой-пікірі қалыптасты. Тез ойлап, шешім шығара білуге, шын көңілден жауап беруге үйренді.
“Бала тәрбиесі” тесті
Анықтама: Сіздің назарыңызға әр баланың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде кездесуі мүмкін 10 жағдай берілген. Ата-ана ретінде сіздің бұл жағдайларға көзқарасыңыз қандай? Яғни әрбір сұрақтан кейін берілген жауап нұсқауларыңыз сіздің тәрбиелеу әдістеріңізге сәйкес келгенін белгілеңіз. Іске сәт!
Сіздің балаңыз өте бұзық және төбелесқұмар делік. Күн сайын үйге киімі
жыртылып немесе бет-аузы көгеріп келеді. Сіз:
а) не болғанын сұрап, киімдерін тігіп, жуып, жараларының күтімін жасайсыз;
ә) балаңызға көмек бересіз, бірақ бұзақылықтарының жақсылық әкелмейтіндігі, бір күні соның азабын көретіндігі туралы қайта-қайта айтып, балаға ұрсасыз;
б) оған тіпті қарамайсыз, өзінің мәселелерін өзі шешу керек.
Балаңыздың жақын достары бар, бірақ олар жақсы тәрбие көрмеген, бұзық балалар. Сіз:
а) олардың ата-аналарымен сөйлесесіз;
ә) балаларды үйге шақырып, оларды ықпал етуге шақырасыз;
б) балаңызға достарының жаман жақтарын түсіндіріп, өзіне жаман үлгі болғандығын айтасыз.
Балаңыз ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ешқашан ұтылғысы келмейді. Сіз:
а) еш нәрсе жасамайсыз, ойнауды білетін болса жеңілуді де білуі тиіс деп ойлайсыз.
ә) жеңілуді үйренгенше онымен ойнамайтыныңызды айтасыз.
б) балаңыздың жеңілуді ұнату үшін әдейі ерекше жағдайлар жасайсыз.
Балаңыздың белсенділігі соншама, күніне 24 сағат ойнап жүгіріп жүре береді. Ұйқтауы керек болсада жатқысы келмейді. Сіз:
а) оған ұйқының маңыздылығын түсіндіресіз;
ә) қалаған уақытында жатуына рұқсат бересіз, бірақ таңертең белгіленген уақытта тұруын тексеріп тұрасыз;
б) ұйықтайтын уақыт келгенде баланы жатуға зорлап, мұны ереже қылуға тырысасыз.
Балаңыз өзіне қатысты болсын, болмасын күнін азаннан кешке дейін теледидар қараумен өткізеді. Сіз:
а) ол үшін кейбір бағдарламаны таңдап, тек қана соларды қарауын ғана талап етесіз;
ә) теледидар қарау үшін белгілі уақыт бөлесіз, бірақ не қараса да бала өзі таңдайды; б) теледидарды өшіріп тастайсыз.
Балаңыз жеткілікті дәрежеде дөрекі, сөзге әуес делік. Тіпті мұндай құлқымен айналасындағы адамдардың мазасын алады. Сіз:
а) оған мұндай мінез-құлықтың жақсы болмағандығын түсіндіріп, дөрекі болмауын керек екенін айтасыз;
ә) дөрекі іс-әрекет жасауына тыйым салып, бұзақылығына жаза бересіз;
б) жақсы іс-әрекеттерін қайталау үшін мақтап, мәпелейсіз;
Балаңыздың жасы әлі кішкентай болса да қыздарға /ұлдарға/ қырындауын бастаған. Сіз:
а) еш нәрсені қозғамай, болған күйінде тастайсыз;
ә) мұның тек балалық махаббат болғандығын ойлап, қарсы шығасыз;
б) балаңызға махаббат түсінігін айқындап түсіндіріп, әйел мен ер адам арасындағы қарым-қатынастардың қандай болуы керек екендігін жақсылап түсіндіріп бересіз.
Басқа балалар сіздің балаңыздың артынан қалмайды: оны ұрады. Мазақтайды т.б. делік. Сіз:
а) балаңызға қарсылық беру жолдарын үйретесіз;
ә) бұл балалардың ата-аналарымен кездесіп сөйлесесіз;
б) балаңыздың мұндай балалармен кездеспеуі үшін мүмкіндік жасайсыз.
Сіз үлкен қызыңызға немесе ұлыңызға барлық мүмкіндіктерді жасайсыз. Бірақ ол соған қарамастан еш нәрсенің қадірін білмей, кішкентай бауырларына айқайлайды. Сіз:
а) оны ақылды болуға, саналы әрекет жасауға шақырасыз, бірақ мұның барлығын кішкентай бауырларының да естуін қамтамасыз етесіз;
ә) балаңызға одан әрі көп көңіл бөлуге тырысасыз;
б) тіпті араласпайсыз.
Егер балаңыз дөрекі іс-әрекет жасап, басқаларды түсінбей, бөтен балаларға тиісетін болса, Сіз:
а) өзінің қатесін түсінуі үшін оған қарсы да тап солай әрекет етуді бастайсыз;
ә) оған көбірек көңіл аударып, проблемаларын түсінуге тырысасыз;
б) күш пен зорлықты тақырып еткен киноларды қарауына тыйым саласыз.
Рахмет
Ұпайлар:
Ұпайларды қосқаннан кейін төменде берілген тұжырымдамаларды пайдаланып, ата-ананың қандай тәрбие беретіндігін көруге болады. 0-18 ұпай аралығында: Сіз балаңызды өзіңіздің өміріңізге, тұрмыс жағдайыңызға қарай “көзіңізді жұмып” тәрбиелейсіз. Оның жаңа өскелең ұрпақ өкілі екенін ескермейсіз. Сіздің ойыңызша тұйық болу және үлкендерді сыйлау адам үшін ең әдемі де әдепті ерекшеліктер. Бірақ сіз үшінші мыңжыддықта адамдардың өздеріне деген сенімінің, шығармашыл ерекшеліктерінің және өзінше іс-әрекет жасауының маңызды болатындығын ұмытып кеткенсіз. Сіздің балаңызға бұл ерекшеліктер керек болады, бірақ сіз балаңызда оларды жетілдіруге тырыспайсыз, өмірдің өзгергендігін және алға кетіп бара жатқандығын көргіңіз келмейді.
19-35 ұпай аралығында: Сіз балаңыздың келешекте қандай жағдайда өмір сүретіндігін ойламаған болсаңыз керек. Алайда сіздің дұрыс жасайтын жақтарыңызды да айта кетсек артық болмайды: сіз бүгінгі өмірге сай әрекет етіп, бала тәрбиесінде қалыптасып кеткен тәсілдердің орнына қазіргі тәсілдерді қолдануға тырысасыз, баланың өз мәселелерін өзінің ойлауы керек болғаныны ең дұрыс шешім деп табасыз, балаңыздың еркін іс-әрекет жасауына рұқсат бересіз, оның беделіне нұсқан келтірудің керегі жоқ деп ойлайсыз. Бірақ мұның бәріне қарамастан, балаңыздың өмірге әзір екенін айту қиын. Сіз онда ойлау еркіндігін, өзіне сенім сезімін жеткілікті түрде жетілдірмейсіз. Сіз балаңыздың әр нәрседе тек қана сізді тыңдауын қаламасаңыз да оның өз ойларына жеткілікті түрде сенбейтініңізді айтуға болады.
36-50 ұпай аралығында: Сіз балаңыздың әділет және мейірімділік басымды болатын, менменшіліктің сыналатын, ақыл, еркін, ой, сананың сыйлы болатын бір қоғамда өмір сүретіндігіне шын жүректен сенеді екенсіз. Бұны жақсылап ойлап көріңіз.
Құрметті әріптес!
Бұл тесті ата-аналар жиналысы алдында өткізіп, нәтижелері бойынша пікір-талас өткізуге де болады. Немесе алдын ала тестіні өткізіп, зерттеу нәтижелеріне байланысты бірнеше педагогикалық жағдаяттарды сахналық қойылым ретінде даярлап, ата-аналармен біріге отырып шешіп, өзіндік қарапайым ата-аналар ережесін жасауға болады.
Тест. Сіз білесіз бе?
Мына 16 сиволға мұқият қарап алыңыз. Олар 4 топқа шұоғырланған.Әр топтан сіздің қазіргі жағдайыңызды дәл бейнелейтін бір-бір символдан таңдап алыңыз; қозғалыс, байыптылық, сенімділік, сенімсіздік. Сыныппен жұмыс істеу үшін, әрбір топ символдары альбом қағазына салып алып, оқушыларға көрсетуге болады. Оқушыларға өздерінің күйіне сәйкес келетін символды бір парақ қағазға белгілеп алады.
А Б А Б
В Г В Г
Қозғалыс Байыптылық
А Б А Б
В Г В Г
Сенімділік Сенімсіздік
Енді нәтижені шығарыңыздар
Берілген жауаптардың дұрыс немесе бұрыстығын төменде берілген жауаптармен салыстырып білген жөн. жауаптардың жартысынан көбі дұрыс болса, ата-ананың баласын дұрыс бағытта тәрбиелегенін айтуға болады. Жартысынан аз дұрыс жауап болса ата- ананың бала психологиясына аса түсінбейтіндігі. Тестен соң дұрыс жауаптар ата-аналарға оқылып, өздерінің жауаптарымен салыстыруларына болады. Бәлкім, кейбір ата-аналар өздерінің тәжірибесінің дұрыс болғандығын айтып, мәселені талқылауға салуы мүмкін. Алайда, олардың көп жылдан бері жас жеткіншектердің психологиясын зерттейтін педагог-психолог мамандардың пікірлеріне жүгінгендері жөн. зерттеулер арқылы дұрыс деп табылған жауапта төмендегіше: 1.Бұл тұрғыда арада ешқандай айырмашылық жоқ. Бірінің шығармашылық қабілеттері көп болса, басқаларының қабілеттері аз болуы мүмкін. Бұл жерде жынысқа қатысты ештеңе жоқ.
Кішкентай кезінде қыздар расында да тұйық және бағынғыш болады.
Қыздардың табиғатқа жақынырақ болғанын дәлелдейтін маңызды мәліметтер жоқ.
Қыздар да қиын мәселелерді шеше алады.
10-12 жасына дейін қыз балалар тезірек өседі, сондықтан құрдастары арасында ерекшеленуі үшін өзін көрсетісі келеді. Бірақ, уақыт өте келе қыздар ер балаларға қарағанда, мақсат қуалап, келешегін көбірек ойлайтын болады.
Ер балалардың математиканы жақсырақ түсетіндігі туралы пікірлер кең жайылғанмен, қыздар мен ұлдар бірдей дәрежеде қабілетті. Негізгі мәселе мұғалімдердің оларды қалай бағыттағанына байланысты. Қыз болсын мейлі, ұл болсын, балалардың бәріне математиктер шығуы заңды.
Керісінше, ер балаларға жүрген ортасы көбірек әсер етеді, сондықтан да ер балалар ат-анасынан бөлек қалғанда қаттырақ қиналады. Ер балалар қайғы мен мұңды ауыр қабылдайды. Олар ішкі сезімдерін сыртқа шығарғысы келмейді, өйткені кішкентай кездерінен оларға ер адамдар мықты болуы, жыламауы керектігі жөнінде көп айтылған.
10-13 жасына дейін онша айырмашылық көрінбейді, бұл жастан соң, қыздар ауызша немесе жазбаша ойларын жақсы жеткізе бастайды.
зерттеулерге қарағанда қыздарда да, ұлдарда да бұл қабілет бірдей дәрежеде. Айырмашылықтар болса, тек жеке тұлғалық айырмашылықтар болады.
балиғат шағынан бұрын, ешқандай айырмашылық көрінбейді. Бұдан кейін ер балалардың расында да кеңістікте жол табуы оңай.
Ер балалар 2-3 жасынан бастап, тарпа бас салатын болады.
Ұлдар мен қыздардың белсенділігі арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Тек кішкентай кезінде ер балалар белсенділігін көбірек көрсетеді, қыздар аз көрсеткенімен, көбінесе мақсатқа сай әрекет етеді.
Керісінше, қыздар бірді-екілі жақын досы болуын қалайды, ер балалар болса үлкендеу топтармен жиналғанды жақсы көреді. Соған байланысты ер балалар есейгеннен кейін де топпен жүргенді, ойнағанды тәуір көреді.
Белгілі жасқа дейін қыздар мен ұлдар арасында айырмашылық жоқ. Бірақ, ер балалар бір уақыттары көбірек көңіл бөлуді және мейірімділікті талап етеді.
Керісінше, ер балалар топтың немесе ұжымның ойымен санасқыш, бұл жәйт олардың тәрбиесінде ұмытылмауы керек. Қыздар болса, көбінесе өз ойларына сеніп, өзгелерді аз тыңдайды.
Бұл тұрғыда белгілі жасқа дейін екі жыныс арасында айырмашылық болмайды. Уақытымен қыздар одан әрі белсенді және саналы іс-әрекетке ұмтылады. Балиғат кезеңінде ер балалар белсенді болуға талпынады. Мүмкін, қыздар мұны саналы түрде жасайды.
Қыздар көбінесе нәзік болғанымен аса қорқақ емес. Шындығында, олар ер балалардан да батыл бола алады.
Ер балаларда бұл жағдай аса көп кездеспейді. Қыздар өмірдегі шиеленісті жағдаятарға түсіністікпен қарайды, тезірек үйренеді. Іс-әрекетте қыздар еркін.
Екі жыныс арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Қыздар да, ұлдар да өз араларында көп бәсекелеседі.
Жоқ. Ер балалар беделділерге және өз топтарына бас иеді. Қыздар болса, өздерінің дегендерінде тұрады.
“Отбасы мен ата-аналары баланың көзімен” тақырыбына
САУАЛНАМА
Саған өз үйің, өз үйіңдегі ахуал ұнай ма? Онда тек сенің отбасыңа ғана тән ерекшеліктер бар ма?---------------------------------------------------------------------
Сен үйіңнен алыс жаққа шығып көрдің бе? Шыққан болсаң, қандай сезімде болдың? -------------------------------------------------------------------------------------
Ата-анаң сенің қалай оқып жүргенің жайлы сұрай ма?
Үнемі Кейде Жоқ
Екеуі де Көбіне әкем Көбіне шешем
Ата-аналарың сенің сыныптас жолдастарыңмен қарым-қатынасың жайлы сұрай ма?
Ата-аналарың мектепке барып тұра ма?
Жиі барады Сирек барады Шақырғанда ғана
Екеуі де Көбіне әкем Көбіне шешем
Ата-аналарың мектепке, сынып жетекшіңе көмектесіп тұра ма?
Иә, сынып жұмыстарын ұйымдастыруға.
Иә, экскурсия, жорықтарды ұйымдастыруға
Иә жөндеу жұмыстарына
Жоқ
Ата-аналарың өз жұмыстарына, мамандықтарына риза ма?
Иә
Жоқ
Білмедім
Қалай ойлайсың сенің отбасың?
Ауқатты Орташа
Отбасыңда қандай мерекені көбірек тойлайсыңдар?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Отбасыңда сыйлық жасайсыңдар ма?, Кімге, қандай?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Отбасыңның жақын туыстарымен қарым-қатынасы қандай?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Келешегің қандай болады деп ойлайсың?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Келешекте кімге сенесің?
өзіңе мемлекетке ата-анаңа
Сен бақыттысың ба?-------------------------------------------------------------------------
8-9 сынып оқушыларының кәсібіи өзіндік анықтауын
жобалау
Сынып оқушыларының бойындағы танымдылығын, қабілетін және белгілі бір кәсіпке деген қызығушылығын анықтау мақсатында сынып жетекші мен әлеуметтік педагог төмендегідей тренинг-сабақтарын тәрбие сағаттарында өткізуге болады.
Тақырыбы: Өмірдің мақсаты.
Мақсаты: оқушыларды өз өміріне мақсат қоя білуге үйрету. Өз мақсатын табуға көмектесу. Кәсіби өзіндік анықталуы мәселесі бойынша толық түсінігін қалыптастыру.
Сабақ барысы.
Ситуацияға ену.
Жаттығу: «Күнделік».
Әр оқушы өзінің жұмыс дәптеріне сағаттың циферблаты сияқты шеңбер сызады. Сағаттың әрбір тіліне топтағы оқушылармен кездесу ұйымдастырады. Әрбір санның қасына кіммен кездесетінін белгілеп, сол адамның есімін жазады. Барлығы 12 кездесуді ұйымдастыруы қажет, себебі циферблатта 12 сан берілген. Жүргізуші кез келген бір уақытты көрсеткенде, кездесетін адамын айтуы керек. Содан соң жүргізуші әңгімелесетін тақырыпты жариялайды, қатысушылар тапсырылған тақырып бойынша ақпараттармен алмасады. Әр әңгімеге 2-3 минут беріледі.
Нәтижелерді талдау. Естеріңізде не қалды, не қызық болды және т.б.
Жаттығу «Мақсат ағашы». Әр оқушы жұмыс дәптеріне мақсат ағашын салып, оған өзінің мақсаттарын жазады. Өзінің барлық мақсатын ағаштың түбіне, тамырана, бұтақтарына, жапырақтарына, жемісіне, т.б. орналастырады.
Нәтижесін талдау.
Үй тапсырмасы. Шығарма: «Менің өмірдегі мақсатым». Шығарма көлемі әр түрлі болуы мүмкін. Өзінің өмірлік мақсаты жайлы баяндайды.
Кері байланыс.
Ой толғау: «Бүгінгі күн мен үшін неге және қаншалықты маңызды?», «Мен не нәрсе үйрендім?»
Қосымша:
Талданатын тақырыптар:
Менің сүйікті әдеби кейіпкерім.
Менің ең сүйікті әншім.
Балалық шақтан қалған естелік.
1-сыныпта кім болғың келіп еді?
Менің өмірдегі ең бақытты күн.
Өмір маған несімен қызықты?
5 жылдан кейін немен айналысамын?
Мен қай жануарға ұқсаспын.
Тақырып. Менің өмірдегі жетістігім.
Мақсаты: оқушының өмірлік жетістікке деген өзінің жеке пікірі мен қатынасын анықтау. Оған жету тәсілдерін ұйғару.
Сабақ барысы.
Ситуацияға ену. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
«Жетістікке жеткен адам, сәтті өмір»; Табысты адам деп қандай адамды атауға болады? деген тақырыптарда пікір-талас жүргізу;
Жаттығу: «Сәтті өмір дегеніміз не?».
а) Балаларға жетістік, табыстылықтың 16 түрі беріледі. Міндеті – «жетістік» ұғымына байланысты өздерінің жеке ойларын жеткізу. «Жеке шешім» деген бағанаға нәтижелерін жазу.
ә) Кіші топтарды пікір-талас арқылы өмірдегі жетістік нұсқаларын топтарстырып, топтық шешімді келесі бағанаға жинастыру.
б) Осы рет бойынша жетістікке жету тәсілдерін талдау.
4) Нәтижені талдау.
5) Кері байланыс. «Жетістікке жету» мәселесі бойынша сауалнамаларды толтыру.
Қосымша:
Өмірдегі жетістік дегеніміз не?
Тізімдердің нұсқасы:
Отбасын құрып, балалы болу;
Айналамен сыйластықта болу;
Қызықты жұмысының болуы;
Сенімді достарының болуы,
Өмірінің адал болуы;
Басқалардан кем болмау;
Өз-өзіңе иелік ете алуың;
Шығармашыл қабілеттілігін таныту;
Байлыққа жету;
Жарқын өмір сүру;
Маңызды істерде алда болу;
Жау-дұшпандарынан үстем болу;
Жоғары лауазымды қызмет атқару;
Билікке қол жеткізу;
Әйгілі болу.
Жетістікке жету тәсілдері:
Жақсы білім алу керек;
Өз талантын, қабілетін игеру керек;
Түрлі жағдайларға бейімделе білу керек;
Жақын танысың болуы керек;
Мақсатқа жету үшін барлық мүмкіндігіңді қолдануың керек;
Лауазымды туыстарыңның болуы қажет;
Қоғамдық өмірге, саясатқа белсенді араласуы керек.
Тақырып: Мен және сенің мүмкіндіктерім,
Мақсаты: қабілеттің бағытын анықтау.
Сабақ барысы:
Жағдаятқа ену.
Жаттығу (Ішкі шектеуді шығару).
Жаттығу жүргізушінің шектеулікке байланысты алғы сөзімен басталады. Олардың ішкі және сыртқы түрлері болады.
Олар қандай болады?
Олармен адамдар қалай күреседі және күресе алмайды.
Жұмыс 5 қадамнан тұрады.
Қағаздың бетіне 5 рет «Менің қолымнан келмейді...» деген сөйлемді аяқтау керек.
Сөйлемді аяқтап, кім оқығысы келсе, сол оқи алады.
Барлық сөйлемдегі «қолымнан келеді» деген сөздің орнын «қалаймын» деген сөзбен алмастыру қажет.
«Қалаймын» деген сөзден кейін «жеңіл жасай аламын» деген сөзді жазу керек. Жаңа жазған сөздерді дауыстап айтуы керек.
Жаттығудан кейінгі рефлексия.
«Табандылықты меңгеру» сауалнамасы.
Нәтижелерді өзіндік талдау.
Кері байланыс.
Ой толғау. «Бүгінгі сабаққа не үшін қатысуым керек болды?»
1. Өзіңіздің әлеуметтік-қарым-қатынастағы біліктігіңізге баға беріңіз.
Нұсқау. Келесі беттерден сіз мінез-құлық,көзқарас,әдет туралы бірқатар пікірлер табасыз.
Әрбір пікірмен келісесіз бе,жоқ па өзіңіз шешіңіз. Егер келіссеңіз онда тіркеу парағының торына сұрақтың нөмірінің астынан «1», санын қойыңыз,ал егер келіспесеңіз торға «о» санын қойыңыз. Ал сұрақ кітапшасының өзіне ештеңе жазбайсыз. Сұрақтардың бірде –біреуін тастамай, рет-ретімен жауап беріңіз және жақсы әсер қалдыруға тырыспаңыз, бұл жерде «дұрыс» немесе «дұрыс емес» жауаптары жоқ. Егер сіз ойыңызға бірден келген жауапты бірінші жазсаңыз, сонда өзіңізге жұмысты жеңілдетесіз.
1. Егер сұхбатта кенеттен үлкен іркіліс туа қалса, мен жағдайды түзеу үшін не айтарымды білмей қаламын.
2. Басқалардың жолы маған қарағанда сәттірек екендігі мені өкіндіреді.
3. Егер мен білмейтін бір нәрсе туралы өз ойымды айтатын болсам, оған қоса басқалар да сол туралы не ойлайтынын білмесе маған осы ұнайды.
4. Мен өте шапшаң ашуланамын, бірақ дәл солай тез өзімді ұстай аламын.
5. Сөзін дұрыс түсіндіріп айтпайтын адам менің жыныма тиеді.
6. Бір кеште мен аз танымайтын адамдардың арасында, сол кештің жақсы өтуіне өз үлесімді қоса аламын.
7. Мен әлі жұмысымның нәтижесіне қарай қызыметке жеткен жоқпын.
8. Мені атақты қайраткерге таныстырғанда мен ұяламын,өйткені мен туралы не ойлайтынын білмеймін.
9. Мен ашуланған кезде ыдыс-аяқты шағуым мүмкін.
10. Жұмысқа кіріспей тұрып, мен қиыншылықтан қорқамын.
11. Демалыс кезінде мен адамдармен сирек танысамын.
12. Мен ел арасында көзге түскенді ұнатпаймын.
13. Егер мен бір жұмысты іске асыра алмасам,өзіме жақын адамның кеңесіне сүйенемін.
14. Егер мен қатты ашулансам ауыр жұмыстарды істеймін,мысалы:отын жарамын.
15. Мен туралы басқалар не ойлайтыны мені үшін өте маңызды.
16. Мен басқарғаннан гөрі, маған не істеу керек екенін нақты айтқан ұнайды.
17. Маған біреулермен достасу өте қиын.
18. Көбінесе мен алдын ала адамның жақсы жағы мен жақсы жұмысын көремін.
19. Мен шешім қабылдағанда «дұрыс» не «бұрыс» екеніне көңіл бөлемін.
20. Бір кездерде шыдамым таусылып жынданамын.
21. Егер басқалар маған бағынатын жұмыс шықса,мен оған барлық қызығушылықпен кірісемін.
22. Басқаларға ұнамайтын жұмыстан мен өте оңай бас тартамын.
23. Қоғамдық ортада мен ешқашан көрмеген адамдар арасында тез әңгімелесіп кетемін.
24. Менің нағыз достарым жоқ.
25. Мен алдымен адамның немесе жұмыстың жаман немесе нашар жақтарын жиі көремін.
26. Егерде басқалар маған таңқалса,бұл маған ұнайды.
27. Менде көңіл-күйім жиі жаман болып тұрады.
28. Басқалардың ойына қосылсам мен үшін ол жақсы.
29. Мен салмақтымын,мені ызаландыру өте қиын.
30. Маған қонақтар сирек келеді.
31. Егер басқалардың лауазымын көтерсе мен қызғанып қаламын.
32. Маңызды шешім шығарар кездерде менің ішімдегі бір мазасыздық тез шешім қабылдауға алып келеді.
33. Егер еңбек ұжымындағылардың көбі бір шешімді дұрыс деп ойласа мен де соған қосыламын.
34. Мені қонаққа сирек шақырады.
35. Ережедегідей, мен адамдарға сенімсіз және шүбәланумен қарамаймын.
36. Мен бір көңіл көтеретін мейрамдарға қуанышпен барамын.
37. Мен өз келешегіме сенімдімін.
38. Өндірістік жиын кезінде мен бастықтың сөзіне қосыламын.
39. Бір жаққа бара жатқан кезде қасымдағы жолаушымен ешқашан әңгімелеспеймін.
40. Қабылданған шешімді кейінге қалдырғанды ұнатпаймын.
41. Мен бұйырғанды ұнатамын.
42. Егер менің еңбек ұжымымда сөз табыса алмаушылық болмаса, мен өзімді шеткерірек ұстаймын.
43. Мен қатты ашулансам,өзімді ұстай алмай қаламын.
44. Мен өмірді сүру үшін жаралаған деп ойлаймын.
45. Мен бос уақытымды достарыммен қуанышпен өткіземін.
46. Мені өмірімде не күтетіп турғандығы өте мазасыздандырады.
47. Мен жақсы ойласам, бір нәрсені маған мойындағаннан гөрі, сынаған оңайырақ.
48. Егер менің айтқан талаптарымды басқалар орындаса осы маған ұнайды.
49. Егер филімдер, немесе кітаптар менің ойымдағыдай аяқталса маған ұнайды.
50. Менің көз қарасым жақсыға әкеледі.Мен – оптимистпін.
51. Кейде мен ойламай сөлейсаламын, кейін өкінемін.
52. Маған бір-бірін танымайтын адамдарды тіл табыстуруға қиынға әкеліп соғады.
53. Мен ашуланған кезде есме келген сөздерді айтамын.
54. Басқалар көңіл көтергеніне қарап, менің ішім пысады.
55. Көбінесе мен жеке мақсаттырымды қуалау мағынасыз деп ойлаймын, өйткені бәрі-бір басқаша болып шығады.
56. Мен маған ұнамайтын адамдардан қашамын.
57. Маған ешнәрсе қанағат, жақсы сезім әкелмейтендіктен, менің ешқандай қызығушылығым жоқ.
58. Мен көбінесе ашуланғанда өз-өзімді устай алмай қаламын.
59. Мен жайдары және ашық адаммын.
60. Мен басқалардан озуға тырысамын.
61. Басқалармен қарым-қатынаста мен ашықпын.
62. Мен барлық жерде тез таныса аламын.
63. Күнделікті қиындықтар менің тыныштығымды бұзады.
64. Мен алдымен өз ойымды айтпай тұрып, басқалардын осы тұралы не ойлайтынын тексеріп аламын.
65. Маған күтпеген қонақ ұнамайды.
66. Маған ұнаған қызметте мен барлық білімімді көрсетуге тырысамын.
67. Мен ешкімге сенбеу керек деп ойлаймын.
68. Мен күтпеген жағдайда өзімді жақсы ұстайаламын.
69. Өкініше орай, мен жиі жынданатын адамдардың санына кіремін.
70. Мен кейде жаман көңіл-күйде боламын.
71. Маған шабуыл жасаған кезде өзімді қатал ұстай алмаймын.
72. Мені әйгілі болу қызықтырмайды.
73. Мен өмірдің әр жағынан жақсылықты таба аламын.
74. Мен өз көңіл- күйім түспес үшін өз арманымнан бас тартамын.
75. Мен келіспеушілікке түспеу үшін басқаларға жол беремін.
76. Мені біреумен таныстырғанда керекті сөздерді өте сирек табамын.
77. Шешімімді қайтадан ойлауды ұнатпаймын.
78. Мен сирек қуанамын.
79. Маған ортаның көңіл-күйін көтеру қиын емес.
80. Егер бір нәрсені қәзір орындай алмасам, кейінрек бұдан да жақсы болады деп ойлаймын.
81. Менен кеңес сұраған ұнайды.
82. Мен көңіл-күйім түспес үшін өзіммен-өзім боламын.
83. Мен шешімін келешекке қойып, сол жұмыстардың дамуын күтетіндерді
ұнатпаймын.
84. Бір жақсы хабарлама келгенде соның ішінен ұнамайтын хабар кездесіп қалама деп қорқамын.
85. Жаңа жұмыстарға ұзақ уақыттан кейін үйренемін.
86. Мен адамдарды жиі қорқытамын, бірақ оған көңіл бөлмеймін.
87. Мені әділетсіз мазақтағанда өзімді қорғағаннан гөрі сонымен келісемін.
88. Мен жиі ойланбай сөйлеп, кейін соған өкінемін.
89. Басқалар мен туралы не ойлайтынын білмейтінім мені уайымдатады.
90. Менде өзім әсер ете алмайтын жағдайлар көбейгенде, мен күтпеген сыйларды жақсы көремін.
91. Мен басқалардың ойымен келіспесемде соларды растаймын.
92. Мен қарым-қатынасқа қуанамын.
93. Менің күн тәртібімді күтпеген жағдайлар бұзса,сол мені қиналдыра түсіреді.
94. Мен бір жұмысты іске асыра алмасам, содан бас тартамын.
95. Менің күндерім қызығушылықпен өтеді.
96. Мені күтпеген жағдайлар толғандырады.
97. Егер маған біреу уәде берсе, сол орындай алмас деп қорқамын.
98. Маған өзімнің дәрежемнен төмен адамның бұйрықтарын орындаған ұнамайды.
99. Кейбіреудің басына түскен қолайсыз жағдайлардан мен ешкімнің көзіне түспей айналып кете аламын.
100. Мен басқалардың кесірінен жиі жынданамын.
101. Мені шақырған кеште кімдер болатынын, кеш қалай өтетінін алдын-ала білгенді ұнатамын.
102. Кейде бастығымды сынау керек болса да, мен одан қашамын.
103. Мені қонаққа шақырған достарымның үйінде бейтаныс адамдармен кездесіп қалу мені өте мазасыздандырады.
104. Мен басқаларға өте тез ренжіп қаламын.
105. Менімен бөтен адам сөйлесе қалса, мен көбінесе не айтарымды білмей қаламын.
106. Сәтсіздіктер кездесе қалса, мен өз абыройым үщін қорқамын.
107. Мен өз қабілетіме жиі күдіктенемін.
108. Мен тезірек атақты (әйгілі) болғым келеді.
109. Менде өзімді жарылатын оқ сияқты сезіну жиі болады.
110. Менің жұбайымның менімен ақылдаспай қонақ шақырғаны маған ұнамайды.
111. Мен жаңа тапсырма алғанда, оны орындай алмайтын сияқтымын.
112. Мен мүмкіндігім болғанда басқа адамдармен әңгімелесуді жақсы көремін.
113. Мен өз ойымды ешкімнен жасырмаймын.
114. Меніңше, маған адамдар жақсы қарайтын сияқты.
115. Мен белгісіз заттарды жасауды ұнатамын және оның аяғы не болатыны
қызықтырады.
116. Маған біреулердің менсіз ештеңе істей алмайтындары ұнайды.
117. Мен әңгімеге бөтен адамдарды тарта аламын.
118. Менің осы жұмысым үшін, мен одан да көп сезінуді ұнатамын.
119. Бейтаныс адаммен сөйлесу маған қиынырақ.
120. Менің сезімдерімді оңай балағаттауға болады.
121. Маған көбінесе әртүрлі заттардан немесе мүмкіндіктерден таңдау жасау қиын.
122. Көптен көрмеген таныстарыммен кездескенде мен бірінші болып сөз бастауды ұнатамын.
123. Сөз таластыру кезінде,әдеттегіге қарағанда, дауысым қаттырақ шығады.
124. Көбінесе мен « Батылдық қаланы да алады» деген мақалға сүйенемін.
125. Мен маңызды шешімдерді дұрыс таңдайтын адамдардың арасында жүруге
тырысамын.
126. Маған ұнайтыны тез сынау, немесе адамдарды қорғау.
127. Егер өзімнің өмірімді қайта бастауға мүмкін болса, онда мен осы күні жетпеген жетістігіме тезірек жетер едім.
128. Менің есімде бір рет қатты ашуланғандықтан қолыма түскен затты тістеп не қиратып тастағаным.
129. «Алдымен ойлан, сосын жаса» деген қағиданы ұстанамын.
130. Мен қаншалық еңбек сіңіргенімді білу үшін, көбірек еңбектенуім керек.
Тестке кілт
1. Әлеуметтік – коммуникативтік икемсіздік:
1+, 6-, 17+ ,23- ,24+, 30+, 34+, 36-, 39+, 45-, 52+, 59-, 61-, 62-, 65+, 68-, 76+, 79-,85+ , 92-, 99-, 103+, 105+,110+, 112-, 117-, 119+, 122+ (29 сұрақ)
2. Белгісіздікке шыдамсыздық:
5+, 8+,13+,19-, 32+, 40+, 46+, 49+, 56+, 77+, 86+, 89+, 90-, 93+, 96+, 101+, 115-, 121+, 126+, 129- (20 сұрақ)
3.Конформдылыққа шектен тыс ұмтылу:
3-, 15+, 16+, 22+, 28+, 33+, 38+, 42+, 64+, 75+, 87+, 91+, 102+, 113-, (14 сұрақ)
4. Дәрежесінің өсуіне ұмтылысының жоғарлығы:
2+, 7+, 12-, 21+, 26+, 31+, 41+, 48+, 60+, 66+, 72+, 81+, 98+, 106+, 108+, 116+, 118+, 125+, 127+, 130+,(20 сұрақ)
5.Сәтсіздіктен қашуға бағдары:
10+, 18-, 25+, 27+, 35+, 37-, 44-, 47+, 50-, 54+, 55+, 57+, 67+, 70-, 73-, 74+, 78+, 80-, 82+, 84+, 94+, 95-, 97+, 107+, 111+, 114+, 124-, (27 сұрақ)
6.Фрустациялық жағымсыздық:
4+, 9+, 14+, 20+, 29-, 43+, 51+, 58+, 63+, 69+, 71+, 86+, 88+, 100+, 104+, 109+, 120+, 123+, 128+, (20 сұрақ)
2.СІЗ БАСҚА АДАМНЫҢ ПІКІРІН ДҰРЫС ҚАБЫЛДАЙСЫЗ БА, БАСҚАЛАРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫН СЫЙЛАЙСЫЗ БА?
Сіз басқалардың пікіріне құлақ асасыз ба? Сіз оларға сыйластықпен қарап, шыдамдылық танытасыз ба? Сізге осындай кездерде болатын жағдайыңызды ең болмағанда жуық шамамен айқындап беретін тест ұсынылып отыр. Екі жауаптың бірін таңдағанда ойланбастан тез жауап беріңіз.
Сұрақтар.
Сіздің басыңызға қызықты ой келді, бірақ оны адамдар қолдамады. Ашуланасыз ба?
а) иә;
б) жоқ.
2. Сіз достарыңызбен кездестіңі, олардың біреуі ойынды бастауды ұсынады. Сіз нені қалайсыз?
а) жақсы ойнайтындардың ғана қатысуын;
б) Ойынның ережесін білмейтіндер де ойынға қатысуын.
3. Сізге жағымсыз жаңалықты сабырлылықпен қабылдайсыз ба?
а) иә;
б) жоқ.
4. Қоғамдық орындарға мас болып келетін адамдар жүйкеңізге тие ме?
а) олар берілген шекарадан аспаса болғаны, маған әсер етпейді;
б) өзін-өзі ұстай алмайтын адамдар маған қашан да ұнаған емес.
5. Сізден мамандығы, өмір сүру салты, жағдайы бөлек адамдармен тез тіл табысып кетесіз бе?
а) маған бұл қиынға соғар еді;
б) мен бұндай заттарға көңіл аудармаймын.
6. Сіз әзілдің себепшісі болып отырсыз. Бұндай әзілді қалай қабылдайсыз?
а) маған әзіл де, әзілдеушілер де ұнамайды;
б) маған әзіл жаман әсер еткенмен, мен оларға да дәл сондай жауап қайтаруға тырысамын.
7. Көп адамдар «өз орындарында отырады», «өздерінің жұмысын істейді» - деген пікірмен келісесіз бе?
а) иә;
б) жоқ.
8. Барлық адамдардың назарындағы сіздің досыңыздың компаниясына келесіз бе? Сіз бұған қалай қарайсыз?
а) шынымды айтсам осылайша маған көңіл аудармау, маған ыңғайсыз;
б) ол үшін тек қана қуанамын.
9. Қонақта сіз қазіргі жастарға сын айтып, өз заманынын жақсылығын айтатын үлкен адаммен кезігіп қалдыңыз. Сіздің әрекетіңіз?
а) жақсы сылтау тауып, ертерек кетіп қаласыз;
б) қарсыласасыз.
Нәтижені шығару.
Кілтпен сәйкес келген әр жауап үшін 2 балдан қосыңыз.
Кілт:
4, 9 – сұрақтарға «а» жауабы;
1, 2, 3, 5, 6, 7, 8 – сұрақтарға «б» жауабы.
Зерттеу нәтижесі мен психологтың кеңесі.
Қосынды 0-ден 4-ке дейін. Кешірерсіз, бірақ сіз ешқашан иілуді білмейтін, өте тік адамсыз. Сіз болған жерлердің бәрінде сіз өз пікіріңізді басқа адамға мойындатқысы келетін бейне қалдырасыз және өз мақсатыңызға жету үшін даус көтеруіңіз де мүмкін. Сіздің айтқаныңыз бен ісіңізге келіспейтін адамдармен қалыпты жағдайда араласа алмайсыз.
0-ден 12-ге дейін. Сіз өз көзқарасыңызды нақты қолдай аласыз. Бірақ қажет болса сіз өз пікіріңізді өзгертіп, адамдармен жақсы сөйлесе аласыз. Кей кездері сөйлесіп тұрған адамыңызға деген құрметіңізді көрсете алмай қаласыз. Осындай кезде жұмсақ мінезді адаммен пікірталасып тұрсаңыз, өз дегеніңізге жетуіңіз мүмкін. Ақылыңызбен жеңе алатын жағдайда, «біреудің тамағынан алудың» қажеті бар ма?
14 пен 18 балл аралығында. Сіздің ақылдырлығыңыщға байланысты, сіздің пікірлеріңіз де нақты болып келеді. Сіз барлық жаңа ойларды жақсы түсініп, қабылдай аласыз. Сіз өзіңіздің пікірлеріңізге сынмен қарайсыз және әңгіме кезінде сіздің көзқарасыңыз қате болып қалса, одан бас тарта аласыз.
Менеджмент және бизнес саласында жұмыс істейтін адамдар өзіне ашықтық, кеңпейілділік және басқа адамдардың көзқарасымен санаса алу қасиеттерін қосу керек.
3. Сауалнама СБД
Сауалнама субъективті бақылау деңгейі (СБД) 44 сөйлем-пікірден тұрады, ол тұлғалар арасындағы экстернальдық-интернальдыққа және денсаулыққа қатысты.
Әрбір пікірді оқи отырып, онымен келісу - келіспеу жағын өзіңіз шешесіз. Келіскен жағдайда реттік нөмір жанына "+", келіспеген жағдайда "-" белгісін қойып отырыңыз (мұны жеке ақ параққа жасасаңыз да болады). Бұл жұмысты орындауда өте мұқият болыңыз және әрбір пікірге ұзақ тоқталып, талқыламауға үйір болмаңыз.
Жұмыста жоғарылау – адамның қабілеттілігі мен күшіне байланысты емес, көбінесе сәтті, оңтайлы жағдайлардың арқасында болады.
Ажырасулардың көбі адамдардың бір-біріне бейімділік танытпағаннан туады.
Ауру кездейсоқ жағдай: егер ауыру бұйыртып тұрса, ешқайда қашып құтыла алмайсың.
Адамдар өз айналасына қызығушылық танытпағанның салдарынан жалғыздық күйге тап болады.
Менің армандарымның орындалуы көбінесе бағыма байланысты.
Басқа адамдардың көңілінен шығу үшін күш жұмсау қажет емес деп ойлаймын.
Сыртқы жағдайлар, яғни ата-ана мен жақсы тұрмыс отбасы бақытына жұбайлардың қарым-қатынасынан кем әсер етпейді.
Мен өзіммен болып жатқан жағдайға әсер ете алмайтынымды сезінемін.
Ереже бойынша, басшылық өзіне бағынушылардың дербестігіне сүйенбей, қайта олардың іс-әрекеттерін қадағалап отырса, тиімді бола түседі.
Менің мектепте алған бағаларым көбінесе өзімнің күшіме емес, кездейсоқ жағдайларға (мыс. мұғалімнің көңіл-күйіне) тәуелді болды.
Егер мен өзіме жоспар жасайтын болсам, онда оның жүзеге асатынына кәміл сенемін.
Көп адамдардың сәттілікпен жолы болып кету деген сенімдері негізінен көптеген мақсатты істердің нәтижесі болып табылады.
Дұрыс өмір сүру – адамның денсаулығына дәрігерлер мен дәрілерден гөрі көбірек көмектеседі деп ойлаймын.
Егер адамдар бір-біріне үйлеспесе, онда олар қанша отбасы құруға тырысқандарымен, ешқандай әрекет шықпайды.
Әдетте менің жақсы іс-әрекеттерім дұрыс бағаланады.
Балалар ата-анасы қалай тәрбиелесе, солай қарай бейімделіп өседі.
Кездейсоқ оқиға мен тағдыр өмірімде аса маңызды рөлге ие емес деп ойлаймын.
Мен алдағы өміріме жоспар жасамауға тырысамын, себебі көп нәрсе ол жағдайға байланысты, әрі тәуелді деп ойлаймын.
Менің мектепте алған бағаларым көбінесе менің күшім мен дайындалу дәрежеме тәуелді болды.
Отбасында болатын кикілжіңдерге көбінесе өзімді кінәлі санаймын.
Көптеген адамдардың өмірі жағдайлар ағынына тәуелді.
Мен не істейтінімді айқындауға мүмкіндік беретін басшылықты қалаймын.
Менің өмір сүру жағдайым менің ауруларыма ешқандай қатысы жоқ деп ойлаймын.
Ереже бойынша, жағдайлардың сәтсіздігі адамдардың жұмыстарында жақсы нәтижеге қол жеткізулеріне кедергі жасайды.
Ақырында, ұжымның нашар басқарылуына сонда жұмыс істейтін адамдардың өздері жауапты.
Отбасында болып жатқан жағдайларды еш өзгерте алмайтынымды жиі сезінемін.
Егер мен қаласам болды, кез-келген адамды өзіме қарата аламын.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа көп жағдайлардың әсер ететіні соншалық, кейде ата-аналардың тәрбиелеуге жұмсайтын күштері пайдасыз болып табылады.
Өзіммен болып жатқан жағдайларға өзім ғана жауаптымын
Өзінің жұмысында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмаған адам кезінде барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмаған.
Басшылардың неге дәл осындай, басқаша емес шешімдер қабылдайтынын түсіну қиынға соғады.
Көбінесе мен отбасымнң мүшелерінен өзіме қажетті нәрсені талап ете алмайды.
Өмірімде болған сәтсіздіктер мен келеңсіздіктер мен келеңсіздіктерге өзімнен гөрі басқа адамдар көбірек кінәлі.
Баланы тұмаудан (суық тиюден) құтқарып алуға болады, егер оны әрдайым қадағалап, жылы киіндіріп жүрсе.
Күрделі жағдайларда "әліптің артын баққанды", яғни мәселелердің өзі шешілгенінің артын күтемін.
Табыс – жолы болып кету бағына сирек тәуелді, ол – қарқынды жұмыстың жемісі.
Өз отбасымды бақытты қылу тек өзімнің қолымда екенін жақсы ұғынамын.
Мен неге өзімнің кей адамдарға ұнап, кей адамдарға ұнамайтынымды мүлдем түсінбеймін.
Мен көбінесе басқа адамдардың көмегі мен тағдырға үміт артпай, шешімді өзім қабылдап, әрекет еткенді жақсы көремін.
Өкінішке орай, адамның еңбегі оның бүкіл тырысқанына қарамастан, көбінесе "көлеңкеде" қалып қояды.
Отбасы өмірінде кей мәселелерді ынтамен қалауға қарамастан шешу қиындық туғызады.
Өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмаған еркін адамдар бұған тек өздерін кінәлауі тиіс.
Көптеген жетістіктеріме басқа адамдардың көмектерінің арқасында қол жеткізгенмін.
Өмірімдегі сәтсіздіктер білімсіздіктің, жалқаулықтың және білмегендіктің қорытындысы болып табылады және жолы болып кету немесе кездейсоқ баққа аз тәуелді болды.
Тапсырылған жауаптарды төмендегі кілттермен жүргізіп өту керек және кілтпен сәйкес келген жауаптарды санау қажет. СБД сауалнамасына 7 шкалаға сәйкес келетін 7 кілт (түйін) ұсынылған.
Жалпы интерналдылықтың шкаласы (Жалпы И)
Бұл шкаладағы жоғары көрсеткіш кез-келген мәнді жағдайларға
субъективті қадағалаудың жоғары деңгейіне сәйкес келеді. Мұндай адамдар өміріндегі маңызды оқиғалардың барлығын өздерінің іс-әрекеттерінің жемісі деп біледі және өз өмірлері үшін жауапкершілікті тұтастай өз мойындарына алады. ЖИ шкаласының төмен көрсеткіші субъективті бақылаудың төменгі деңгейіне сай келеді. Мұндай адамдар өздерінің іс-әрекеттері мен басқа маңызды оқиғалардың арасындағы байланысты ажыратпайды, оларды кездейсоқ жағдай немесе басқа адамдардың іс-әрекеттерінің қорытындысы деп біледі. СБД -ны айқындап алу үшін берілген шкаладағы көрсеткіштің максималды мәні тұп-тура – 44-ке, ал минималды мәні – 0-ге тең.
Жетістік саласындағы интерналдылықтың шкаласы (Жет.И)
Бұл шкаладағы жоғары көрсеткіш эмоционалды оң оқиғаларға жасалатын
субъективті бақылаудың жоғары деңгейіне сәйкес келеді.Мұндай адамдар өміріндегі бар жақсы істерге тек өздерінің қол жеткізгендерін және болашақта өз мақсаттарына тек жетістіктерімен жетуге қабілеттілігін бірінші орынға қойып, солай есептейді. Иж шкаласындағы төменгі көрсеткіші адамның өз жетістіктері мен табыстарын сыртқы жағдайлармен, яғни жолы болып кету, бақытты тағдырмен басқа адамдардың көмегімен байланыстыратын көрсетеді. Бұл шкаладағы максималды мән – 12-ге, ал минималды мәні – 0-ге тең.
Сәтсіздік кезіндегі интерналдылық шкаласы (СИ)
Бұл шкаладағы жоғары көрсеткіш кез-келген сәтсіздікке тек өздерін ғана
кіналайтын бейімділіктен туындайтын жағымсыз жағдайларға қарым-қатынастың субъективтік бақылаудың дамыған сезімдерін көрсетеді. СИ-дың төменгі көрсеткіші. Адамның мұндай жағдайларда барлық жауапкершілікті басқа адамдарға жүктеуге немесе мұны сәтсіздіктің нәтижесі деп есептеуге бейім екенін көрсетеді. СИ-дың максималды мәні – 12-ге, ал минималды мәні – 0-ге тең.
Отбасы қатынастарындағы интерналдылықтың шкаласы (ОИ)
ОИ-дің жоғары көрсеткіші адамның өзінің отбасы өміріндегі оқиғаларға
өздерін жауапты санайтынын көрсетеді. ОИ-дің төменгі көрсеткіші адамның өзінің отбасы өміріндегі жағдайларға өз қосақтарын себепші санайтынын көрсетеді. Максималды мәні – 10-ға, минималды мәні – 0-ге тең.
Өндірістік қарым-қатынас саласындағы интерналдылық шкаласы (ӨИ)
Жоғары ӨИ адамның өз қызметіндегі алға жылжудың өз әрекеттерін
маңызды фактор қылып есептейтінін көрсетедіТөмен ӨИ адамның өз әрекеттерін сыртқы жағдайлармен (басшылыққа, әріптеріне, сәттілік пен сәтсіздікке) байланыстыруға бейім екенін көрсетеді, Максимум – 8, Минимум – 0.
Тұлға аралық қарым-қатынастағы интерналдылық шкаласы (ТИ)
ТИ жоғары көрсеткіші адамның өзінің құрметке ие екеніне және өзін
басқа адамдарды баурап алуға қабілетті екенін көрсетеді. Төмен ТИ субъектінің өз айналасындағыларымен қарым-қатынасы үшін жауапкершілікті мойындарына алмайтынына бейім тұратынын көрсетеді. Максимум – 4, минимум – 0.
Денсаулық пен ауруға қатысты интерналдылықтың шкаласы (ДИ)
ДИ жоғары көрсеткіші адамның өз денсаулығы үшін өзі жауапты екенін
және сауығып кетуі тек өз әрекеттеріне тәуелді екенін көрсетеді. ДИ төменгі көрсеткіші денсаулық пен ауру кездейсоқ жағдай нәтижесі және сауығып кету тек басқа адамдарға байланысты деп есептейтін адам пікірін көрсетеді. Максималды мән – 4-ке, минималды мәні – 0-ге тең.
СБД сауалнамасының нәтижелерінің өңделу кілті.
Жалпы И "+" 2, 4, 11, 12, 13, 15, 16, 17, 19, 20, 22, 25,
27, 29, 32, 34, 36, 37, 39, 42, 44.
"–" 1, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 14, 18, 21, 23, 24, 26,
28, 31, 33, 38, 40, 41, 43.
Жетістік И "+" 12, 15, 27, 32, 36, 37.
"–" 1, 5, 6, 14, 26, 43.
СИ "+" 2, 4, 20, 31, 42, 44.
"–" 7, 24, 33, 38, 40, 41.
ОИ "+" 2, 16, 20, 32, 37.
"–" 7, 14, 26, 28, 41.
ӨИ "+" 19, 22, 25, 42.
"–" 1, 9, 10, 30.
ТИ "+" 4, 27.
"–" 6, 38.
ДИ "+" 13, 34.
"–" 3, 23.
Ал енді өздеріңіздегі жауапкершілікті сезіндіретін қабілеттілікті дамытатын жаттығуды орындаңыз.
3 фразаны ізінше "Мен міндеттімін … " деген сөзбен бастап айтып қайталау қажет. Содан кейін әрбір фразаның бірінші бөлігін "Мен қалаймын" деген сөзбен алмастырып бастауыңыз керек.
Келесі этапты үш фразаны "Мен істей алмаймын … ", ары қарай "Мен қаламаймын … " деген сөздермен бастап, ізінше қайталаңыз.
Үшінші этапта "Маған қажет…" деген сөздермен бастаңыз, ізінше "Мен қалаймын … " деген сөзбен алмастырып, пікіріңізді жалғастырыңыз.
Төртінші этапта үш фразаны "Мен қорқамын, өйткені … " және "Мен қалар едім … " деген сөздермен бастап, ойыңызды дамытыңыз.
4 Адамдармен сыйыса аласыз ба?
Әзіл түрінде жасалған осы тест сіздің адамдармен қаншалықты тіл табыса алатыныңызды және қоршаған ортамен қарым-қатынасыңызды анықтайды. Мысалы, ұжымда бір адаммен бірнеше жыл қатарынан бірге жұмыс істеп, оның шын мәнінде қандай жан екенін толық түсінбей кетуіңіз де мүмкін ғой. Ал кейде жаңа танысқан адамыңызбен алғашқы минуттардан бастап-ақ өзіңізді еркін әрі жеңіл сезінесіз.
Аталмыш тест «А» және «Б» сұрақтарынан құрылған 2 топтан тұрады. «А» тобының сұрақтарына жауап бере отырып, «а» және «б» нұсқасын таңдайсыз, ал «Б» тобының сұрақтарына «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап бере аласыз.
«А» тобының сұрақтары
Біреудің айтқан уақытында кездесуге келмеуі –қитығыңызға тие ме?
а) Иә. Мен айтқан сөзінде тұрмайтын адамдарды жек көремін және мұндай оқиғаларға қатысты ақталуды мойындамаймын.
б) Әрине, мен сөзінде тұратын адамдарды жоғары бағалаймын, алайда, кездейсоқ оқиғалар бәріміздің басымыздан өтуі мүмкін.
Төсекте жатып кітап оқығанды ұнатасыз ба?
а) Жоқ, ол өте зиян.
б) Иә, өте жақсы көремін.
Сіз қызмет орныңызды қол жудыңыз делік. Енді қолыңызды сол жерде ілулі тұрған ортақ орамалмен сүртуге қалай қарайсыз?
а) қалтамнан алып, өз қол орамалыммен сүртінемін
б) иә, егер де ол сүлгі құрғақ болса, қолымды сүрте беремін.
Таныс адамыңызды жолықтырғанда, оның бетінен сүйіп амандасасыз ба?
а) Жоқ, бұлай сәлемдесу тым фамилиарлы деп есептеймін.
б) Иә, бұлай жақындасу –жақсы қарым-қатынас орнатудың тиімді кепілі.
Киноға екі билетіңіз бар. Ал, досыңыз осы жолы келе алмай қалды. Не істемексіз?
а) оның билетін сатып, өзім бара беремін
б) екеуін де сатып, келесі жолы барамын
Жеңіл музыкаға қалай қарайсыз?
а) Жеңіл музыканы ұнатпаймын, тек дәстүрлі ән тыңдаймын
б) Жеңіл музыканы да жақсы көремін. Ол да өз бетінше керемет.
«Б» тобының сұрақтары
Өтініштерді қиындықсыз орындайсыз ба?
Кино көріп, өлең, музыка тыңдағанда көзіңізге жас алып, толқисыз ба?
Үй ішіндегі жиhаздардың орнын өзгерткенді ұнатасыз ба?
Кірпияз жансыз ба?
Даулы мәселеде өзіңіздікі дұрыс екенін біліп, сабырлылық сақтау үшін дауды доғара аласыз ба?
Дастархан басында тілек айтқан ұнай ма?
Диагноз
Егер «А» тобының сұрақтарына жауап бере отырып, 3 реттен кем емес «б» нұсқасын таңдасаңыз, ал «Б» тобының сұрақтарына 4 рет «иә» нұсқасын белгілесеңіз –сіз адамдармен сыйыса аласыз. Сіз біреудің көңіліне қарайлап, ортақ іске жұмыласыз. Сізге адамдармен үнемі аралас-құралас жүретін мамандық ұнайды. Сізден жақсы дәрігер, саудагер, ұұстаз шығар еді. Қоршаған ортаңыз сізді ұнатады.
Егер «А» тобының сұрақтарына 4 реттен кем емес «а» нұсқасын таңдап, «Б» тобына 4 реттен кем емес «жоқ» десеңіз, онда –адамдармен тіл табысуыңыз қиындау. Бірақ, бұл жаман дегенді білдірмейді. Сіз өзіңізді сыйлайсыз, шешім қабылдағыш әрі керек кезде «жоқ» деп айта аласыз. Достыққа берік, шыдамдысыз. Жалпы, сіз сияқты адамдарға әбден сенуге болады. Сіздің типіңіздегі адамдар көбінесе өз ісінде үлкен жетістіктерге жетеді.
Егер «А» тобының сұрақтарына 3 рет «а», 3 рет «б» нұсқасын таңдап, «Б» тобының сұрақтарында 3 «иә» мен 3 «жоқ» жауабы кездессе, яғни, екеуі де тең болса, қоршаған ортамен сіздің қарым-қатынасыңыз орнаған жағдайға байланысты өрбиді. Сіз қатал әрі бітімге келгіш бола аласыз. Мұнда бір ғана қауіп бар: сіз, бәлкім, өз пікіріңізден тез айнып шығасыз.
5. Сіздің қатынас стиліңіз жүйкенің жұқаруына әкеліп соғады ма?
Бұл туралы білгіңіз келсе ұсынылған тестің мына сұрақтарына жауап беріңіз.
Сіз біреуден көмек сұрап, өтінген қиындық тудырады ма?
ия,әрқашан (3ұпай), өте жиі (4), кейде (0), өте сирек (0), ешуақытта (0)
Сізді толғантатын көкейкесті мәселеңізді, бос уақытта да ойлантады ма?
өте жиі (5), жиі (4), кейде (2), өте сирек (0), ешқашан (0)
Бір адамның қолынан келмеген істі, оның орнына істеп тастағыңыз келеді ма?
ия,әрқашан (5ұпай), өте жиі (4), кейде (2), өте сирек (0), ешқашан (0)
4.Келеңсіз жайтқа көп уақытқа дейін уайымдайсыз ба?
ия,әрқашан (5ұпай), жиі (4), кейде (2), өте сирек (0), ешқашан (0)
Өзіңізге кешке қанша уақытыңызды бөлесіз?
Үш сағаттан көп (0), екі-үш сағат (0), 1-2 сағат (0), бір сағаттан аз (2) , бір минутта бөлмеймін (0)
Сізге бір нәрсені тәппіштеп түсіндіріп жатса, оны аяғына дейін тыңдамай ақ сөзін бөлесіз бе?
Ия, әрқашан (4), жиі (3), жағдайға қарап (2), сирек (1), жоқ (0)
Сіз туралы: ол әрқашан асығып жүреді...
ия, ол сондай (4), жиі (3), жағдайға қарай (2), кейде (1), бір кездерде ғана (0), ешқашан асықпаймын (0)
Сізге дәмді астан бас тарту қиын ба?
ия, әрқашан (3), жиі (2), кейде (0), сирек (0), ешқашан (0)
Сізге бірнеше жұмысты бірге алып жүруге тура келеді ма?
ия, әрқашан (5), жиі (4), кейде (3), сирек (1), ешқашан (0)
Әңгіме үстінде сіздің ойларыңыз тіпті басқа жақта қалықтап жүруі кездеседі ме?
өте жиі (5), жиі (4), кейде (3), сирек (0), ешуақытта (0)
Кейде адамдар бос, жалықтыратын нәрселер туралы сөйлейді деп ойлайсыз ба?
өте жиі (5), жиі (4), кейде (1), сирек (0), ешқашан (0)
12.Кезекте тұрғанда жүйкеңіз жұқара ма?
өте жиі (4), жиі (3), кейде (2), сирек (1), ешқашан (0)
13.Біреуге кеңес беруді ұнатасыз ба?
ия, әрқашан (4), өте жиі (3), кейде (1),өте сирек (0), ешқашан (0)
14. Шешім қабылдар кезде көп толғанасыз ба?
әрқашан (3), өте жиі (2), жиі (1),өте сирек (3), ешқашан (0)
Сіз қалай сөйлейсіз?
Асығып тез (3), жылдам (2), бірқалыпты (0), ақырып (0), маңғазданып (0)
Ал енді ұпайларымызды есептейік.
45-63 ұпайға дейін. Жүйкеңіздің жұқаруы-сіз үшін рас қатер. Қан қысымыңыз бен қандағы халестериніңізді тексертіңіз. өмір сүруіңізді өзгертесіз.
22-44 ұпайға дейін. өмірге бір қалыпты қарап, ішкі ширығуды азайтып үйреніңіз.
19 ұпайға дейін. Сіздің бірқалыпты және салмақты күйді сақтау қолыңыздан келеді.
0-ұпай егер сіз шын және ашық түрде жауап берген болсаңыз, сізге төнген қатер - бұл шектен тыс салмақтылығыңыз бен іш пыстыру.
6. СІЗДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС СТИЛІҢІЗ АГРЕССИВТІ МЕ, ӘЛДЕ БЕЙБІТШІЛ МЕ?
Өзімізді сырттан бақылау көп жағдайда біздің қолымыздан келмейді, ал бірақ әр адамда стиль деп аталатын қарым-қатынас үлгісі болады. Берілген тест сіздің қарым-қатынасыңыздың стилін анықтап береді. Бұл тесттің көмегімен сіз отбасыңызбен, қызметтестеріңізбен және жолдастарыңызбен қаншалықты сыпайы түрде араласасыз, оларға сізбен араласу қандай екенін біле аласыз.
Жиырма сұрақтың әрқайсысына үш варианттан берілген. Егер жауаптың еш варианты сізге сәйкес келмесе, келесі сұраққа көшесіз.
Шыққан нәтижеге қатты көңіл бөлмеңіз, оны ойлануға арналған ақпарат біліңіз.
Сұрақтар.
Жұмыс кезінде болатын кезекті келіспеушіліктен соң татуласу жолын іздейсіз бе?
а) әрқашан;
б) кейде;
в) ешқашан.
2) Қиын кезеңдерде өзіңізді қалай ұстайсыз?
а) ішіңізден күйіп тұрасыз;
б) толық сабырлылық танытасыз;
в) өзіңізді басқара алмай қаласыз.
3) Сізді қызметтестеріңіз қандай деп бағалайды?
а) өзіне сенімді және тәуелді;
б) ынтымақшыл;
в) байсалды және тәуелсіз.
4) Сізге жауапкершілігі жоғары жұмысты табыстағандағы әрекетіңіз:
а) кішкене қорқынышпен қабылдайсыз;
б) ойланбастан келісесіз;
в) өзіңіздің тыныштығыңыз үшін бас тартасыз.
5) Егер сіздің қызметтестеріңіздің рұқсатсыз сіздің үстеліңізден қағаз алса, сіз:
а) оған жақтыртпаушылық танытасыз;
б) қайтарып беруін талап етесіз;
в) тағы да ештеңе керек емес пе деп сұрайсыз.
6) Егер күйеуіңіз (жарыңыз) жұмыстан күнделікті уақытынан кешігіп келсе, қалай қарсы аласыз?
а) сені осынша уақытқа дейін не бөгеп қалды;
б) осыншама уақыттан бері қайда жүрсің?
в) мен уайымдай бастадым ғой.
7) Автокөлікті жүргізіп отырғанда өзіңізді қалай ұстайсыз?
а) сізден озып кеткен машинаны қуып жетуге тырысасыз;
б) қанша машина сізді қуып озса да бәрібір;
в) сізді ешкім қуып жете алмайтын жылдамдықпен жүресіз.
8) Өмірге деген көзқарасыңызды қандай деп ойлайсыз?
а) жүйеленген;
б) жеңіл ойлы;
в) тым қатал.
9) Жұмысыңыз іске аспаған жағдайдағы көңіл-күйіңіз:
а) бар кінәні басқа адамға сілтеуге тырысасыз;
б) бұл жағдаймен келісесіз;
в) алдағы уақытта сақ болуға бел буасыз.
10) Қазіргі замандағы жастар арасында пайда болған жағдайға байланысты жазылған фельетонға көзқарасыңыз;
а) жастарға мұндай істермен айналысуын қысқарту керек;
б) олар үшін ұйымдастыру және мәдени шараларын өткізіп тұру керек;
в) олар үшін неменеге қиналамыз.
11) Сіз қалап жүрген қызметке басқа адамды сайласа сіз қандай күй кешер едіңіз?
а) бұл жұмыс үшін неменеге барлық күш-жігерімді жұмсадым;
б) бұл адам бастығымызға ұнайтын болуы керек;
в) басқа күні қолымнан келер.
12) Қорқынышты кино көргендегі сіздің көңіл-күйіңіз:
а) қорқыныш сезімі;
б) жалығып кетесіз;
в) шынайы рахаттануды сезінесіз.
13) Көлік кептелісінен соң сіз жиналысқа кешігіп қалдыңыз, не сезінесіз?
а) кеңес кезінде тыпыршып отырасыз;
б) басқа адамдардың түсіністікпен қарауын қалайсыз;
в) ренжисіз.
14) Өзіңіздің спорттағы жетістіктеріңізге қалай қарайсыз:
а) міндетті түрде жеңуге тырысасыз;
б) өзіңізді жас ретінде сезініп қалғаныңызға қуанасыз;
в) жеңіліп қалсаңыз реніш сезінесіз.
15) Мейрамханада сізге дұрыс қызмет көрсетпесе, сіз:
а) ұрыс-керістен қашу үшін бәрін де көтересіз;
б) басты даяшыны шақырып оған ескерту жасайсыз;
в) мейрамхананың басшысына шағымданасыз.
16) Сіздің балаңызды мектепте ренжітіп қойса, сіз не істер едіңіз?
а) мұғаліммен сөйлесесіз;
б) ренжіткен баланың ата-анасымен ұрсысасыз;
в) балаңызға есеңді қайтар деп кеңес бересіз.
17) Сіз қандай адамсыз?
а) орташа;
б) өзіңізге сенімді;
в) алғыр, пысық.
18) Қызметкеріңізбен есікте қақтығысып қалдыңыз, сіздің жауабыңыз:
а) кешіріңіз, менің кінәмнан болды;
б) ештеңе де емес;
в) назар аударсаңыз болмас па еді.
19) Жастар арасындағы тәртіпсіздікке байланысты жазылған мақалаға көзқарасыңыз:
а) қашан осы жағдайларға шектеу қойылады;
б) оларға қатаң жаза қолдану керек;
в) бәрін жастардан көруге болмайды, бірақ бәріне оларды тәрбиелеген адамдар кінәлі ғой.
20) Қай жануар сізге ұнайды?
а) жолбарыс;
б) үй мысығы;
в) аю.
Нәтижені шығару.
Барлық сұрақтан таңдалған әр жауапты бір мен үш балл аралығында бағалайсыз.
Кілт:
Зерттеу нәтижесі және психологтың кеңесі.
Егер сіз 35-пен 44 балл аралығында жинасаңыз, онда сіз агрессивті адамсыз және сіздің өміріңіз сәтті болады, себебі сіз шынайылықты жақсы көресіз. Ісіңізде қиындық болса, онда оны болуы керек іс сияқты қабылдайсыз.
45 балл және одан жоғары. Сіз өте агрессивті адамсыз, басқа адамдарға қатысты өте қатал бола аласыз. Өз күшіңізге сеніп, жоғары басқару орнына жетуге үміттенесіз. Бір аймақта жетістікке жету үшін басқалардың көзқарасымен санаспайсыз. Басқалардың сыны сіз үшін әр түрлі, егер «жоғарғылар» айтса, қабылдайсыз, өзіңізден «төмен» адам айтса, оны ауыртпашылықпен қабылдап, ашуланасыз.
34 балл және одан жоғары. Сіз өзіңіз бен өз күшіңізге сенімсіздеусіз, өте татулықты қалайтын адамсыз. Бұл сіздің соққан желдің күшімен жүріп кетесіз деген сөз емес. Сонда да сізге өзіңізге деген сенімділік жетіспейді. «Төмендегілердің» сынын жақсы қабылдап, бірақ «жоғарғылардың» сынынан қорқасыз.
Егер сіз жеті және одан көп сұрақтың әрқайсысынан үш балдан алған болсаңыз және жеті сұрақтан төменгілерінің әрқайсысынан бір балдан алсаңыз, онда сіздің агрессивтілігіңіз бұзылған. Сіз ойға келмеген істерге және қатаң түрдегі пікірталастарға құмарсыз. Адамдарға деген менсінбеушілік, елемеушілік қасиеттеріңізді жоғалтуға тырысыңыз.
Егер сіз жеті және одан көп сұрақтардың әрқайсысынан бір балдан алсаңыз және жеті сұрақтан төменгілерінің әрқайсысынан үш балдан алған болсаңыз, онда сіз өз әлеміңізден басқаларды көрмейтін адамсыз. Бұл сізде агрессивтілік жоқ деген сөз емес, бірақ сіз оны басып ұстайсыз.
7. 2 тапсырма. Өзіңіздің тұлға типіңізді анықтаңыз
(К.Юнг)
Нұсқау: әр сұраққа 2 жауап варианты бар, өзіңізге сай келетін жауапты таңдап сол жауапты түсіндіретін әріпті қойыңыз.
Сіз нені қалайсыз?
а) бірнеше жақын достың болуын;
б) үлкен жолдастық орта;
2. Қандай кітапты оқығанды ұнатасыз?
а) қызықты сюжеті бар;
б) кейіпкердің қайғыруы ашылған:
3. Жұмыста сіз нені жібере аласыз?
а) кешігу;
б) қате;
4. Егер сіз жаман әрекет істесеңіз, онда:
а) қатты уайымдасыз;
б) қатты уайымдаулар жоқ;
5. Адамдармен сіз қалай келісесіз?
а) тез, жеңіл;
б) баяу, сақ;
6. Сіз өзіңізді өкпешілмін деп ойлайсыз ба?
а) иә;
б) жоқ;
7. Сіз шын жүректен қатты күлуге бейімсіз бе?
а) иә;
б) жоқ;
8. Өзіңізді қандаймын деп санайсыз?
а) үндемейтін;
б) әңгімешіл;
9. Сіз ашықсыз ба әлде тұйықсыз ба?
а) ашық;
б) тұйық;
10. Өзіңіздің уайымдауларыңызды талдаумен айналысқанды ұнатасыз ба?
а) иә;
б) жоқ;
11. Қоғамдық ортада сіз не істеуді қалайсыз?
а) сөйлеуді;
б) тыңдауды;
12. Сіз өзіңізге -өзіңіз жиі наразы боласыз ба?
а) иә;
б) жоқ;
13. Бір нәрсені ұйымдастырғанды ұнатасыз ба?
а) иә;
б) жоқ;
14. Интимді күнделікті жазуға ынтаңыз болады ма?
а) иә;
б) жоқ;
15. Сіз шешім қабылдаудан әрекетке тез өтесіз бе?
а) иә;
б) жоқ;
16. Сіз өзіңіздің көңіл – күйіңізді тез өзгерте аласыз ба?
а) иә;
б) жоқ;
17. Өзіңіздің көзқарасыңызды біреуге таңуды, иландыруды ұантасыз ба?
а) иә;
б) жоқ;
18. Сіздің қозғалысыңыз:
а) тез;
б) баяу;
19. Мүмкін болып қалатын көңілсіз жағдайлар үшін қатты мазаланасыз ба?
а) жиі;
б) кейде;
20. Қиналған жағдайларда:
а) көмек алу үшін басқаларға барасыз;
б) баруды ұнатпайсыз;
Нәтижелерді өңдеу.
Экстраверсияның көрсеткіштері: 1б, 2а, 3б, 4б, 5а, 6б, 7а, 8б, 9а, 10б, 11а, 12б, 13а, 14б, 15а, 16а, 17а, 18а, 19б, 20а.
Жауаптардың санын есептеп 5-ке көбейту керек.
Ұпайлар: 0-35 – интроверсия,
36-65 – амбоверсия,
66-100-экстраверсия.
Экстраверсия («сыртқа бағытталған»): қарым- қатынаста жеңіл, агрессивтілік деңгейі жоғары, лидерлік тенденсиялары бар, адамдардың назар аударуын жақсы көреді, қатынасқа жеңіл түседі, импульсивті, ашық, тіл табысқыш, адамдар арасында жағымдылар болуы да мүмкін; Адамдарды «Сыртқы көрінісінен» сынайды, ішіне қарамайды; холериктер, сангвиниктер.
Интроверсия («Ішке бағытталған»): өзінің қобалжуларына бағытталған, қатынасқа аз түседі, үнемдейтін, жаңа танысуларға қиын түседі, тәуекел етуді ұнатпайды, ескі байланыстар үзіліп қалса, қатты уайымдайды, жеңу немесе жеңіліп қалу варианттары жоқ, үрей менригедтіліктің деңгейі жоғары; флегматик, меланхолик.
8. Өзіңіздің коммуникабелділік деңгейіңізді тексеріп көріңіз.
Жауап нұсқаларының біреуін таңдаңыз.
Купеде немесе ұшақ салонында болғанда, сіздің қалауыңыз:
а) көршілермен байланысқа түспей, үндемеу,
б) еріксіз, тек керек болған жағдайда байланысқа түсу;
в) ешқандай қиындықсыз, ынтаңызбен байланысқа түсу;
г) өз ойыңызды өзге адаммен бөлісу.
Сіздің достарыңызбен, туысқандарыңызбен қарым-қатынасыңыз төмендегідей:
а) сирек бару (жылына 3-4 рет),
б) анда-санда бару (жылына 10 рет);
в) үнемі бір-біріңізбен араласу (айына 1 реттен көп);
г) әр апта немесе одан да жиі кездесу.
Сіз жылына қанша құттықтау хаттарын аласыз?
а) 1-5;
б) 6-10;
в) 11-15;
г) 16-20, одан да көп.
Егер сіз мектепті (ЖОО) бітірген болсаңыз, бірге оқыған қанша жолдасыңыздың тағдыры сізге мәлім?
а) 1-3,
б) 4-10;
в) 11-15;
г) 16-20, одан да көп.
Сізде орта есеппен телефонмен сөйлесуге қанша уақыт кетеді:
а) 1-3 мин;
б) 4-5 мин;
в) 6-10 мин;
г)15 мин, одан да көп.
Жаңа кітапты оқи отырып (оқып болып), сіз әдетте:
а) оқығанды ойланасыз;
б) оқыған жайындағы сұрақтарға ықылассыз жауап бересіз;
в) оқыған жайындағы сұрақтарға ықыласпен жауап бересіз;
г) ынтамен ойыңызды бөлісесіз.
Спектакль, кино, концерт уақытында сіз әдетте:
а) сіздің көзіңізше біреудің өз әсерін айтқанын ұнатпайсыз;
б) бұған шыдамдылықпен қарайсыз, сізді бұл қызықтырып та қалады;
в) кейде таныстарыңызбен ой бөлісесіз;
г) барлық уақыт үндемей отыра алмайсыз, өз ойыңызды жиі білдіріп тұруға тырысасыз.
Көшеде танысыңызды кездестіргенде:
а) шұғыл шаруаңыз болмаса, бас изеп кете бересіз;
б) амандасып, аман-саулық сұрайсыз;
в)кім бірінші болып амандасқанын байқамайсыз, жаңалықтар туралы сұрайсыз;
г)бірінші болып тоқтайсыз, амандасасыз, жағдайын сұрайсыз, өзіңіз туралы айтасыз.
Жұмыстан (оқудан) үйге қайтқанда сіз нені мақұл көресіз:
үндемеуді;
сұрақтарға қысқа жауап беруді;
үйдегілерден еш қызығушылықсыз жаңалықтар сұрауды;
үлкен ықыласпен сұрап, өзіңіз туралы айта бастайсыз. Егер сізден ешнәрсе сұрамаса немесе монотонды жауап берсе ренжисіз.
Бөтен қалада (таныс емес ауданда) мекен-жайын білмейтін сізге керек мекемені іздеп жүріп (сізге оның жаңа ғана автобустан түскен жерден «алыс емес» екендігі белгілі), әдетте сіз:
жақын көшелерді аралап, керек жерді өз бетіңізше іздейсіз;
жүргіншілердің арасынан жергілікті тұрғындарды (көзбен) анықтап, солардан сұрайсыз, жауабына қанағаттанбаған жағдайда өз бетіңізбен іздеуді жалғастырасыз;
өзіңізді ыңғайсыз сезіне тұра жүргіншілерді көмек сұрай тоқтатасыз;
еш қысылмай жүргіншілерден қажет болғанша көмек сұрайсыз;
Қалада, паркте, қала сыртында серуендегенде, сіз нені қалайсыз:
жалғыздықты;
бір адамның болуын;
бірнеше достар немесе жақын адамдармен болғанды;
көп адамдар ( ұжыммен шығу немесе мәдени жорық және т.б.) қоғамын;
Танысыңыздың (жақын туысыңыздың) жаңа киімін байқасаңыз сіз:
оны үнсіз бағалайсыз;
егер сұраса өз ойыңызды білдіресіз;
ойыңызды бірден білдіресіз;
бағасын, қай жерде сатып алынғанын сұрастырасыз, жүріп көрсетуін өтінесіз, өз әсеріңізбен бөлісесіз;
Көркем әдебиет оқығанда әдетте сіз:
қысқа өлеңді, новелланы қалайсыз;
өлеңдер топтамасын, новеллалар жинағын;
сынға алынған, мағыналы т.б. романдар мен поэмаларды оқисыз;
Таныс емес ортаға кездейсоқ түсіп қалсаңыз өзіңізді:
қатты қысылыңқы сезінесіз, кеткіңіз келеді;
ішіңізден қалғыңыз келеді, байланысасыз, бірақ аса тілегіңіз болмайды;
жаңа таныстарға қуанып, байланысқа түсесіз;
жаңа адамдарға өте қуаныштысыз, олар туралы көбірек біліп, өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсеткіңіз келеді;
Егер сіз өлең, әңгіме, күнделік, т.б. жазсаңыз, онда сіз әдетте:
жазғаныңызбен ешкіммен бөліспейсіз;
кейде жазғаныңыздың бір бөлігімен ерекше сенетін адамыңызбен бөлісесіз;
егер сізден сұраса, жазғаныңызды қуана оқисыз;
басқалардың ойы қызықтырғандықтан жазғаныңызды бірден оқисыз. Қарсы ой-пікір немесе ұстамды мақтау сізді қынжылтады;
Қонақта сізге ұнаған бір жаңа тағам ұсынған кезде, әдетте сіз:
ықыласпен жейсіз, бірақ өз ойыңызды айтпайсыз;
қолдау көрсете аласыз, бірақ сұраққа жауап бергенді қалайсыз;
сұрауды күтпей-ақ тағамды өзіңіз мақтайсыз;
тек мақтап қана қоймай, сонымен бірге рецептін сұрайсыз, өзіңіздің алдағы уақытта мүмкіндігінше осындай тағамды жейтіндігіңізді, даярлайтындығыңызды, үйдегілерден даярлауын өтінетіндігіңізді, т.б. айтасыз.
Тақырыптың ең жақсы типін белгілеңіз (шығарма, берілген тақырып емес, оның типін):
ұрыс;
көршілер ұрысы;
көршілердің мәнсіз ұрысы;
Асқар Маратұлы мен Сержан Талғатұлының ұрысқаны туралы повесть;
Егер сіздің жақсы таныстарыңыздың бірі аса сөзшең екенін байқасаңыз, онда сіз:
оған тұспалдап айтасыз, себебі бұл кемшілік сізді шын ашуландырады;
басқалардың сөзшеңдігіне аса мән бермейсіз;
тыңдағанды жақсы көресіз, тек қызық болса болғаны;
өзіңіз де сөзшеңсіз, сондықтан сөйлесушінің ұқсас қасиеті өзіңізді көрсетуге көмектеседі;
Сағатыңыз болмағанда «Сағат қанша?» деген сұраққа көбінесе сіз былай жауап бересіз:
«Білмеймін»;
«Кешіріңіз, білмедім, менде сағат жоқ»;
«Қуана айтар едім, өкінішке орай сағатым жоқ»;
«Мен сіздің сұрағыңызға шын жүректен жауап берер едім, бірақ сағатым қазір жөндеуде еді, мен өзімде осы үшін ыңғайсыздық сезініп жүрмін, амал қанша?»
Көпшілік алдында оқылатын лекция кезінде (баяндама) сізді қызықтыратын тақырып болса, ал сөйлеуші сіздің ойыңызша қате пікірлер айтып жатса, сіз:
Қарсы сөз айтқыңыз келеді, бірақ бұл ойыңызды жүзеге асырмайсыз;
Ойыңызды білдіргіңіз келеді, дегенмен өз қалауыңызды іске асыруға кедергі болған жағдайларға немқұрайлы қарайсыз;
Өз мақсатыңызды хат арқылы орындай аласыз;
Сөйлеушіге көп алдында қарсылық білдіруге тырысасыз.
Газеттен (журналдан) сізді қызықтыратын талқылауға арналған мақаланы оқып алып, әдетте сіз:
Талқылауға қатысу туралы ойлайсыз, бірақ мақала, хат жазуға кіріспейсіз, уақыт өте өзіңіздің бұл ойыңызды ұмыта бастайсыз;
Өзіңіздің жауабыңызды ойластыра бастайсыз, жоспар құрып, деректер жинайсыз, қолжазба жасайсыз, алайда істі соңына жеткізе алмасаңыз қатты өкінбейсіз;
Мақала (редакцияға хат) жазасыз, жібересіз, дегенмен жарыққа шықпаса қатты қиналмайсыз;
Сіздің материалыңызды шығармайтын жағдайда қайта жаңа нұсқасын жазып жібересіз. Өз пікіріңізді жұрт алдында білдірудің қиындығы сізге белгілі.
Сұхбаттасушыңыздың бойындағы сіз үшін маңызды қасиетті көрсетіңіз:
Аса ұстамдылығы;
Сізбен сөйлесуге ынталылығы;
Тез тілтабысқыштығы;
Сұхбаттасуға өлшеусіз құлшынысы.
Төмендегі тізімнен өзіңіздегі қарым-қатынастың басым деңгейін (коммуникабелділік) көрсетіп, өзіңізді бағалаңыз:
Төмен;
Орташаға жақын;
Айтарлықтай жоғары;
Жоғары,өте жоғарыға жақын.
Тестік тапсырмалардың кілті
22 сұрақтан тұратын тапсырма оқырмандардың шынайы жауап беруіне негізделген, себебі олар және олардың жақындарынан басқа ешкім бағалауға немесе тест нәтижелерін білуге араласа алмайды.
Әрбір сұрақта төрт жауап келтірілген, яғни сыналушының коммуникативті көріністерінің төрт маңызды сипаттары. Бұл сипаттамалар коммуникативті белсенділік деңгейі төмендеуі ретімен орналасқан, және әрбір бөлімде екі ұпайдан қосылады. Яғни «а» сипаттамасына 2 ұпай, «б»-4, «в»-6, «г»-8 ұпай беріледі деген сөз.
Егер сыналушы әрдайым «а» пунктін белгілеп отырса, оның коммуникативтілік деңгейі 22 санын 2-ге көбейту арқылы 44-ке тең болады. Бұл төмен деңгейге сәйкес келеді.
«б», «в», «г» пунктерін көрсеткен жағдайда – сәйкесінше – 22*4 (88), 22*6 (132), 22*8 (176) ұпайға тең болады, бұлар «орташаға жақын деңгей», «жоғары», «аса жоғары, шектен тыс» дегенді білдіреді. Көбінесе бөлімдердің шын саны шеткі сандардың ортасында болады, яғни 176-ға жете бермейді. Осы санды немесе оған жақын санды жинаған адамдарға қарым-қатынаста өзін ұстап, айналадағылардың пікірлеріне назар аударып отыруы керек, сонымен қатар қарым-қатынасының белсенділігін азайту жағына қарай түзету керек.
125-150 ұпай жинаған сыналушылар классикалық экстравертікке жақын қарым-қатынастың белсенділігімен ерекшеленеді.
Егер сіз 44-60 ұпай жинасаңыз белсенді болуға үйрену керек, немесе сіздің интроверттігіңіз айналадағылармен араласуға кедергі келтіреді. Өзіңізді қатынасқа түсуге бірте-бірте мәжбүрлеңіз, сәтсіздіктерге назар аудармаңыз, олар сізге ғана байқалатынын есте ұстаңыз. Өзіңізді қарым-қатынаста белсендірек деп санайтын адамыңызға ұқсатсаңыз болады.
70-100 ұпай болса саналы түрде қарым-қатынастағы белсенділікті кішкене арттыру керек.
23-тапсырма сіздің коммуникативтілігіңіздің объективті деңгейі мен сіздің оны бағалауыңыздың арасын дұрыс білуге көмектесуге негізделген. Мысалға сіз 70 ұпай жинап, ал тапсырма бойынша «в» пунктін белгілесеңіз, онда сіздің өзіңіз туралы пікіріңізден гөрі объективті көрсеткіштерге сенгеніңіз дұрыс, яғни сіз өзіңіздің қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіңізді жетілдіргеніңіз абзал.
9. Өзара әсер қалдыру тәсілдерін қарастыру.
1 Тапсырма. Жеке тұлғаның бағытын анықтау.
(Б. Басс)
Жеке тұлғаның өмірлік бағытын анкета арқылы анықтаймыз, ол 27 бөліктен тұрып, әр қайссысы үш нұсқалы жауапты қарастыра отырып, жеке тұлғаның үш бағытын айқындап береді.
Сұраққа жауапты, жауап беруші адам өзінің көңілінен шығатын немесе шындыққа жақынын, керісінше оның ойынан алыс, нұсқаның бірін белгілеуі қажет.
Жауаптың «дұрысына» 2 балл, «дұрыс емесіне» 0 балл, жауап мүлдем жоқ болса 1 балл. 27 бөлік бойынша жинақталған баллды бағыты бойынша бөлеміз.
Методикалық көмекке сүйене отырып мына бағытты қарастырамыз:
Өзім деген бағыт (Я) – тікелей жұмысқа деген көңілі, ондағы қызметпен қарым-қатынасы, жетістікке жетуге ұмтылудың деңгейі, билік құмарлығы, әріптестігі, жұмысқа деген құлшынысының төмендігі, талап етушілігі жатады.
Қарым-қатынасқа түсу бағыты (О) – қандай жағдайда болса да адамдармен қарым-қатынасқа түсу деңгейі: тығыз қызмет барысында берілген тапсырманы орындай алмауы немесе оның орнына адамдардың шынайы көмегін қажетсінуі, әлеуметтік жағдайға қарауы, топтағы адамдарға бағынышты болуы, адамдарға деген эмоциялық қарым-қатынасының деңгейі, ерекшелігі.
Жұмысқа деген бағыты (Д) – қызмет бабындағы өзекті мәселелерді шешуге деген қызығушылығы, жұмысқа орналасу деңгейінің жоғарылығы, жеке көзқарасының негізінде қызықты жұмыстардан қалыс қалуы, жалпы өзіндік мақсатқа жету үшін алғашқы қадамдары.
Құрылым: Жауап беру парағы 27 бөлімнен тұрады. Әр бөлікте үш нұсқалы жауап бар: А, Б, В.
1. Жауптың ішіндегі бөлімдерді таңдағанда, өзіңіздің көңіліңізге жақын деген нақты жауапты таңдаңыз. Кейде берілген жауаптардың нұсқалары бір-біріне жақын сәйкес болуы мүмкін. Соған қарамастан дұрыс нақты жауапты белгілеңіз.
Нұсқаға сәйкес дұрыс жауапты әріппен (А, Б, В) тұсына белгілеп (1-27 ) жазыңыз.
2. Содан соң берілген жауаптардың ішінен сіздің көзқарасыңызға жақын, нақты деген жауапты таңдаңыз. Бірдей әріппен сәйкес келетін жауапты санап таза тараққа жазыңыз.
3 . Осындай тәсілді пайдаланып бірдей екі әріпті жауаптарын бір бағанаға жазыңыз, қалған жауаптар жазылмайды.
Жауап бергенде дұрыс жауап беруге тырысыңыз! Берілген нұсқаның жауаптарының ішінде «жақсы» немесе «жаман» деген жоқ, сондықтан да жауабын дұрыс таңдауға, сіз үшін «жақсысын» немесе «дұрысын» қарастырыңыз. Әр уақыт сайын қайта қарап өзіңізді бір бағытқа салып, сіз шынымен де сол сұраққа дұрыс жауап бердіңіз бе? - деп сұрақ қояа отырып өзіңізді тексеріңіз. Егерде сіз қателессеңіз, оны дұрыстаңыз, түзеткен қатеңіз нақты көрініп тұрсын.
Тестік құжат.
1.Мен көңілімнің қанағатын көбіне мынадан аламын:
А. Жұмыс барысындағы ризашылығымнан
Б. Жұмысымды дұрыс істеп, бітірсем.
В. Менің достарымның көп болғандығына.
2. Егерде мен фудбол ойнасам (волейбол, баскетбол), онда мен мынадай болар едім:
А. Ойынның тактикасын реттейтін тренер болушы едім.
Б. Атақты ойыншы
В. Таңдап алынған капитан команда
3. Менің көзқарасым бойынша ең жақсы педагог ол:
А. Оқушыларды қызықтыра білетін және әр қайссысына қатысты индивидтік жағдай жасайтын
Б. әнге деген қызығушылығын арттырып, оған деген біліміңізді одан әрі тереңдететін
В. Топ арасында өз көзқарасын ешкімнен қорықпай айтуға атмосфера жасайтын
4. Адамдар мына жағдайда маған ұнайды:
А. Жұмысының орындалғанына қуанатын
Б. Коллективте шын көңілімен жұмымс істейтін
В. Бас қалармен салыстырғанда, жұмысты жақсы жасауға тырысатын
5. Менің достарым мынадай болса;
А. Уақыты болса, басқаларға көмектессе
Б. Маған берілген, сенімді болса
В. Өзі қызықты ақылды болса
6. Ең жақсы досым деп:
А. Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болатын
Б. Қандай жағдайда да сенімді болса
В. Өмірде үлкен жетістіктерге жететін
7. Мен жақтырмайтын іс-әрекет:
А. Менің ойлаған ісім жүзеге аспаса
Б. Достарыммен қарым-қатынасым бұзылса
В. Мені басқалар сынаса
8. Меніңше педагогтың ең жағымсыз түстары:
А. Адамның келбетінің ұсқынсыз екендігін жасырмай айтып,ғ оны үнемі мысқылдайтын.
Б. Топ арасында бәсекелестік тудыратын
В. Өзі беретін сабақтың пәнін өте жақсы біледі, сонда да жетіспейтін тұстары бар
9. Іс-әрекеттің маған ұнамайтыны:
А. Достарыммен уақыт өткізу
Б. Жұмыстың аяқталғанын сезініп рахаттану
В. Менің сыртқа шығып рахаттанып қыдыруым
10. Мен мынадай адамға ұқсасам деймін:
А. Өмірде жетістікке жеткен
Б. Өз жұмысымен шынайы айналысатын
В. Достық, мейірімдік қасиеттерімен ерекшеленетін
11. Бірінші орында мектеп:
А. Өмірге қажетті тапсырмаларды оқып шешімін табу
Б. Оқушының индевид ретіндегі қасиетін ашу
В. Адамға қиналған уақытта көмектесетіндей етіп тәрбиелеу
12. Менің уақытым көп болғанда, оны мен былай пайдаланатын едім:
А. Достарыммен араласуға
Б. Қыдырып демалуға
В. Өзімді тану мақсатында, сүйікті іспен шұғылданам
13. Үлкен жетістіктерге мен мына жағдайда ұмтылам:
А. Әдемі адамдармен бірге жұмыс істегенде
Б. Менің қызықты жұмысым болғанда
В. Менің жұмысымды жақсы бағаласа
14. Мен жақсы көремін мынадай жағдайда:
А. Басқа адамдар мені бағаласа
Б. Жұмыстың жақсы орындалғанын біліп, содан рахат алу
В. Достарыммен уақытымды жақсы өткізгенде
15. Егер мен туралы мәліметті газетке жазам десе, онда мынандай жағдайда жазғанын қалаймын:
А. Оқу, жұмыс, спорттағы жетістіктерімді айтып, қызықты жазса
Б. Менің қызмет бабымның барысын жазса
В. Мен жұмыс істейтін адамдарды да міндетті түрде айтса
16. Өте жақсы оқушы едім, мұғалім мынадай болса:
А. Маған оқуға жағдай жасаса
Б. әнге деген қызығушылығы арттса
В. Оқылып жатқан өзекті мәселе туралы топ арасында талқылап өтсе
17. Мен үшін одан асқан іс жоқҮ:
А. Жеке қасиеттерімді айтып жамандаса
Б. Қажет жұмыстарды аяқтай алмау
В. Достарымды жоғалту
18. Өте жақсы бағалаймын:
А. Жетістікті
Б. Жақсы жұмысқа орналасуды
В. Дұрыс, тәжрибелі ақылды
19. Мен мынадай адамдарды ұнатпаймын:
А. Басқалардан өзін төмен деп санайтын
Б. Үнемі конфликтіге түсіп қарсыласатын
В. Жаңа нәрсеге қарсылықты
20. Өте жақсы, мына жағдайда:
А. Көпшілік үшін өте қажетті жұмыс істегенде
Б. Көп достарым болса
В. Бәріне ұнап, олардың қызығушылығын тудырасың
21. Мен үшін бірінші орында басшы мынадай болу қажет:
А. Әрдайым есігі ашық
Б. Беделді
В. Талап қояа білетін
22. Бос уақытымда мен кітап оқысам:
А. Адамдармен жақсы қарым-қатынасқа түсіпдостар иелену туралы
Б. Атақты, қызықты адамның өмірі туралы
В. Ғылым мен техникадағы ең соңғы жаңалықтар туралы
23. Егер менің музыкалық қабілетім болса, онда мен мынаны оқушы едім:
А. Дирижор болудың жолдарын
Б. Композитор болуды
В. МСолист болуды
24. Мынадай болса:
А. Қызықты жұмысты ойлап табу
Б. Жарыста жеңіп шығу
В. Жарысты ұйымдастырып оны басқару
25. Мен үшін мынаны білген өте қажет:
А. Менің не істегім келетінін
Б. Мақсатқа қалай жетемін
В. Мақсатқа жету үшін адамдарды қалай ұйымдастырған жөн
26. Адам мынаған міндетті түрде ұмтылуы қажет:
А. Басқалар оның істеген ісіне қанағаттанса
Б. Өзіне берілген тапсырманы орындамас бұрын
В. Жұмыстың орындалуына талпыну оған қажет емес еді
27. Бос уақытта мен демалғаным дұқрысҮ:
А. Достарыммен араласып
Б. Қызықты кино фильм көру
В. Сүйікті ісіммен айналысу
1 Тапсырманың кілті.
10. “ЖЕТЕКШІ РЕПРЕЗЕНТАТИВТІ ЖҮЙЕ” ТЕСТІ
Әр адамда көлемді ақпараттарды қабылдай алуға, қоршаған ортаны түсінуге, болып жатқан оқиғаларды саралауға, өзгермелі құбылыстарға өзіндік жеке көзқарасын ойша, сөздері, сезімі, іс-әрекеті арқылы жеткізуге көмектесетін жетекші репрезентативті жүйесі болады. Егер қатынастағы адамдар ортақ тіл табысып, репрезентативті жүйелерін келістіре алса, қарым-қатынас сәтті болмақ. Беріліп отырған тест қандай репрезентативті жүйе сізге жетекші екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Құрылымы. Келісетін жауаптарыңызғдың тұсына анықталған бір рангты қойыңыз, мысалы, өзіңізді дәл сипаттаған жауапқа ранг І – санын сөйлемге дейін қоясыз, сосын біріншіден кейін қайсысы сіздің сипатыңызға жақын келсе, сөйлемге дейін ранг ІІ санын қоясыз, осылайша төртке дейін жалғасады.
Сұрақ Жауап/ранг
1
2
3
...
12
І
2
1
...
...
4
ІІ
1
2
...
...
3
ІІІ
3
3
...
...
2
ІҮ
4
4
...
...
1
Менің ойымша:
І – маңызды шешімдер – бұл менің сезімдерімнің ісі,
ІІ – маңызды шешімдер менің көңіл-күйіме байланысты,
ІІІ – маңызды шешімдер менің көзқарасыма байланысты,
ІҮ – маңызды шешімдер – бұл менің ақылым мен логикамның ісі.
Менің сіз туралы алғашқы пікірім
І – дауысы жағымды,
ІІ – келбетті,
ІІІ – көкейге қонымды ойлар айтатын,
ІҮ – маған жақсы әсер қалдыратын адамдар ғана маған ықпал ете алады.
Мен сіздің қал-жағдайыңызды білгім келсе:
І – сіздің түр-тұлғаңызға қараймын,
ІІ – сіздің не сезініп тұрғаныңызды тексеремін,
ІІІ – сіздің дауыс ырғағыңызға көңіл бөлемін,
ІҮ – сіздің не туралы айтып отырғаныңызға көңіл аударамын.
Мен үшін:
І – стереожүйедегі дауыстарды модулдеу,
ІІ – мені қызықтыратын мәселелердің сұрақтарынан шешім шығару,
ІІІ – суперкомфортабелді жиһаз таңдау,
ІҮ – түстердің комбинацияға өте бай түрлерін табу жеңіл.
Менің сыртқы ортаға көзқарасым:
І – Маған тың деректердің мағынасын түсініп кету өте оңайға соғады,
ІІ – менің құлағым айналада болып жатқан оқиғаларға түрік жүреді,
ІІІ – киімді менің денемді қысып тұрған жақсы сеземін,
ІҮ – көрген бөлмемді ашық түсті бояулармен суреттеп беремін.
Егер адамдар менің жай-күйімді білгілері келсе:
І – олар менің не сезініп жүргенімді сезіне білулері керек,
ІІ – олор менің қалай киінгеніме назар салулары керек,
ІІІ – олар менің сөйлеген сөздеріме қарау керек,
ІҮ – олар менің дауыс ырғағыма құлақтарын салу керек.
Мен:
І – сіз білетін деректер туралы тыңдағым келеді,
ІІ – сіз салған суреттерді тамашалағым келеді,
ІІІ – сіздің не сезінетініңізді білгім келеді,
ІҮ – болып жатқан оқиғаларды сіздің дауыс ырғағыңыз арқылы естігім келеді.
Мен сіз туралы
І – Мен бір нәрсені көрсем, соған сенемін,
ІІ – мен деректерді естісем, соған сенемін,
ІІІ - әлденені сезінсем, соған сенемін,
ІҮ – сену, сенбеуім нені естігеніме байланысты.
9.Мен жанұя меселесіне:
І - Әдетте мен жанұямның көңіл-күйін жақсы сезінемін,
ІІ – мен өзімнің жанұя мүшелерінің түрлерін, киімдерін, тіпті соған қатысты ұсақ бөлшектеріне дейін суретке сала аламын,
ІІІ - маңызды мәселелер жайында жанұямның не ойлайтыны да білемін,
ІҮ – жанұя мүшелерінің дауыс ырғақтарын жақсы ажыратамын.
Мен өзімдегі
І – Мен белгілі бір істерге түсіне қарауды үйреніп жүрмін,
ІІ – мен бір әлденелерді жасап үйренудемін,
ІІІ – мен тың деректерге құлақ салуды әдетке айналдырудамын,
ІҮ – мен жаңа мүмкіндіктерді үйренуге тырысудамын.
Маңызды мәселені шешерде мен:
І – маңызды мәселелер сезімдер арқылы шешіледі деген тоқтамға келемін,
ІІ – менің көңіл-күйіме байланысты,
ІІІ – менің көзқарасыма сай шешімді дұрыс деп табамын,
ІҮ – ақыл мен логикамның көмегімен қабылдаймын.
Менің досым туралы
І – Маған досымның дауысын еске түсіру оңай,
ІІ – досымның түр-тұлғасын еске түсіру оңай,
ІІІ – еске түсіру – сәтті келген ой, - деуші еді менің досым,
ІҮ – досымды қалай сезінгенімді еске түсіру оңай.
НӘТИЖЕЛЕРДІ ШЫҒАРУ
қадам
- Сұрақтар
Жауаптар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
І
К
А
В
А
Д
К
Д
В
К
Д
К
А
ІІ
А
В
К
Д
А
В
В
Д
В
К
А
В
ІІІ
В
Д
А
К
К
Д
К
К
Д
А
В
Д
ІҮ
Д
К
Д
В
В
А
А
А
А
В
Д
К
А – аудиалды репрезентативті жүйе
В – визуалды репрезентативті жүйе
К- кинестетикалық репрезентативті жүйе
Д – “ойлайтын, талдайтын, логикалық компьютерлік тип”.
қадам:
- Репрезентативті жүйе
Сұрақтар/жауаптар рангі
В
К
А
Д
1
3
2
1
4
2
2
3
1
4
3
3
1
2
4
...
...
...
...
...
Барлығы: есебі
14
26
Қорытыныды: жетекші репрезентативті жүйе
жетекші
маңызды емес
Ең төменгі ұпай жинаған репрезентативті жүйе адамның маңызды жетекші жүйесі болмақ. Ең жоғарғы ұпай жинаған репрезентативті жүйе (жиі 3-ші, 4-ші орындағы жүрген), адамға онша да маңызды болмақ емес.
11. Өзіңіздің коммуникабелділік деңгейіңізді тексеріп көріңіз.
Жауап нұсқаларының біреуін таңдаңыз.
Купеде немесе ұшақ салонында болғанда, сіздің қалауыңыз:
а) көршілермен байланысқа түспей, үндемеу,
б) еріксіз, тек керек болған жағдайда байланысқа түсу;
в) ешқандай қиындықсыз, ынтаңызбен байланысқа түсу;
г) өз ойыңызды өзге адаммен бөлісу.
Сіздің достарыңызбен, туысқандарыңызбен қарым-қатынасыңыз төмендегідей:
а) сирек бару (жылына 3-4 рет),
б) анда-санда бару (жылына 10 рет);
в) үнемі бір-біріңізбен араласу (айына 1 реттен көп);
г) әр апта немесе одан да жиі кездесу.
Сіз жылына қанша құттықтау хаттарын аласыз?
а) 1-5;
б) 6-10;
в) 11-15;
г) 16-20, одан да көп.
Егер сіз мектепті (ЖОО) бітірген болсаңыз, бірге оқыған қанша жолдасыңыздың тағдыры сізге мәлім?
а) 1-3,
б) 4-10;
в) 11-15;
г) 16-20, одан да көп.
Сізде орта есеппен телефонмен сөйлесуге қанша уақыт кетеді:
а) 1-3 мин;
б) 4-5 мин;
в) 6-10 мин;
г)15 мин, одан да көп.
Жаңа кітапты оқи отырып (оқып болып), сіз әдетте:
а) оқығанды ойланасыз;
б) оқыған жайындағы сұрақтарға ықылассыз жауап бересіз;
в) оқыған жайындағы сұрақтарға ықыласпен жауап бересіз;
г) ынтамен ойыңызды бөлісесіз.
Спектакль, кино, концерт уақытында сіз әдетте:
а) сіздің көзіңізше біреудің өз әсерін айтқанын ұнатпайсыз;
б) бұған шыдамдылықпен қарайсыз, сізді бұл қызықтырып та қалады;
в) кейде таныстарыңызбен ой бөлісесіз;
г) барлық уақыт үндемей отыра алмайсыз, өз ойыңызды жиі білдіріп тұруға тырысасыз.
Көшеде танысыңызды кездестіргенде:
а) шұғыл шаруаңыз болмаса, бас изеп кете бересіз;
б) амандасып, аман-саулық сұрайсыз;
в)кім бірінші болып амандасқанын байқамайсыз, жаңалықтар туралы сұрайсыз;
г)бірінші болып тоқтайсыз, амандасасыз, жағдайын сұрайсыз, өзіңіз туралы айтасыз.
Жұмыстан (оқудан) үйге қайтқанда сіз нені мақұл көресіз:
үндемеуді;
сұрақтарға қысқа жауап беруді;
үйдегілерден еш қызығушылықсыз жаңалықтар сұрауды;
үлкен ықыласпен сұрап, өзіңіз туралы айта бастайсыз. Егер сізден ешнәрсе сұрамаса немесе монотонды жауап берсе ренжисіз.
Бөтен қалада (таныс емес ауданда) мекен-жайын білмейтін сізге керек мекемені іздеп жүріп (сізге оның жаңа ғана автобустан түскен жерден «алыс емес» екендігі белгілі), әдетте сіз:
жақын көшелерді аралап, керек жерді өз бетіңізше іздейсіз;
жүргіншілердің арасынан жергілікті тұрғындарды (көзбен) анықтап, солардан сұрайсыз, жауабына қанағаттанбаған жағдайда өз бетіңізбен іздеуді жалғастырасыз;
өзіңізді ыңғайсыз сезіне тұра жүргіншілерді көмек сұрай тоқтатасыз;
еш қысылмай жүргіншілерден қажет болғанша көмек сұрайсыз;
Қалада, паркте, қала сыртында серуендегенде, сіз нені қалайсыз:
жалғыздықты;
бір адамның болуын;
бірнеше достар немесе жақын адамдармен болғанды;
көп адамдар ( ұжыммен шығу немесе мәдени жорық және т.б.) қоғамын;
Танысыңыздың (жақын туысыңыздың) жаңа киімін байқасаңыз сіз:
оны үнсіз бағалайсыз;
егер сұраса өз ойыңызды білдіресіз;
ойыңызды бірден білдіресіз;
бағасын, қай жерде сатып алынғанын сұрастырасыз, жүріп көрсетуін өтінесіз, өз әсеріңізбен бөлісесіз;
Көркем әдебиет оқығанда әдетте сіз:
қысқа өлеңді, новелланы қалайсыз;
өлеңдер топтамасын, новеллалар жинағын;
сынға алынған, мағыналы т.б. романдар мен поэмаларды оқисыз;
Таныс емес ортаға кездейсоқ түсіп қалсаңыз өзіңізді:
қатты қысылыңқы сезінесіз, кеткіңіз келеді;
ішіңізден қалғыңыз келеді, байланысасыз, бірақ аса тілегіңіз болмайды;
жаңа таныстарға қуанып, байланысқа түсесіз;
жаңа адамдарға өте қуаныштысыз, олар туралы көбірек біліп, өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсеткіңіз келеді;
Егер сіз өлең, әңгіме, күнделік, т.б. жазсаңыз, онда сіз әдетте:
жазғаныңызбен ешкіммен бөліспейсіз;
кейде жазғаныңыздың бір бөлігімен ерекше сенетін адамыңызбен бөлісесіз;
егер сізден сұраса, жазғаныңызды қуана оқисыз;
басқалардың ойы қызықтырғандықтан жазғаныңызды бірден оқисыз. Қарсы ой-пікір немесе ұстамды мақтау сізді қынжылтады;
Қонақта сізге ұнаған бір жаңа тағам ұсынған кезде, әдетте сіз:
ықыласпен жейсіз, бірақ өз ойыңызды айтпайсыз;
қолдау көрсете аласыз, бірақ сұраққа жауап бергенді қалайсыз;
сұрауды күтпей-ақ тағамды өзіңіз мақтайсыз;
тек мақтап қана қоймай, сонымен бірге рецептін сұрайсыз, өзіңіздің алдағы уақытта мүмкіндігінше осындай тағамды жейтіндігіңізді, даярлайтындығыңызды, үйдегілерден даярлауын өтінетіндігіңізді, т.б. айтасыз.
Тақырыптың ең жақсы типін белгілеңіз (шығарма, берілген тақырып емес, оның типін):
ұрыс;
көршілер ұрысы;
көршілердің мәнсіз ұрысы;
Асқар Маратұлы мен Сержан Талғатұлының ұрысқаны туралы повесть;
Егер сіздің жақсы таныстарыңыздың бірі аса сөзшең екенін байқасаңыз, онда сіз:
оған тұспалдап айтасыз, себебі бұл кемшілік сізді шын ашуландырады;
басқалардың сөзшеңдігіне аса мән бермейсіз;
тыңдағанды жақсы көресіз, тек қызық болса болғаны;
өзіңіз де сөзшеңсіз, сондықтан сөйлесушінің ұқсас қасиеті өзіңізді көрсетуге көмектеседі;
Сағатыңыз болмағанда «Сағат қанша?» деген сұраққа көбінесе сіз былай жауап бересіз:
«Білмеймін»;
«Кешіріңіз, білмедім, менде сағат жоқ»;
«Қуана айтар едім, өкінішке орай сағатым жоқ»;
«Мен сіздің сұрағыңызға шын жүректен жауап берер едім, бірақ сағатым қазір жөндеуде еді, мен өзімде осы үшін ыңғайсыздық сезініп жүрмін, амал қанша?»
Көпшілік алдында оқылатын лекция кезінде (баяндама) сізді қызықтыратын тақырып болса, ал сөйлеуші сіздің ойыңызша қате пікірлер айтып жатса, сіз:
Қарсы сөз айтқыңыз келеді, бірақ бұл ойыңызды жүзеге асырмайсыз;
Ойыңызды білдіргіңіз келеді, дегенмен өз қалауыңызды іске асыруға кедергі болған жағдайларға немқұрайлы қарайсыз;
Өз мақсатыңызды хат арқылы орындай аласыз;
Сөйлеушіге көп алдында қарсылық білдіруге тырысасыз.
Газеттен (журналдан) сізді қызықтыратын талқылауға арналған мақаланы оқып алып, әдетте сіз:
Талқылауға қатысу туралы ойлайсыз, бірақ мақала, хат жазуға кіріспейсіз, уақыт өте өзіңіздің бұл ойыңызды ұмыта бастайсыз;
Өзіңіздің жауабыңызды ойластыра бастайсыз, жоспар құрып, деректер жинайсыз, қолжазба жасайсыз, алайда істі соңына жеткізе алмасаңыз қатты өкінбейсіз;
Мақала (редакцияға хат) жазасыз, жібересіз, дегенмен жарыққа шықпаса қатты қиналмайсыз;
Сіздің материалыңызды шығармайтын жағдайда қайта жаңа нұсқасын жазып жібересіз. Өз пікіріңізді жұрт алдында білдірудің қиындығы сізге белгілі.
Сұхбаттасушыңыздың бойындағы сіз үшін маңызды қасиетті көрсетіңіз:
Аса ұстамдылығы;
Сізбен сөйлесуге ынталылығы;
Тез тілтабысқыштығы;
Сұхбаттасуға өлшеусіз құлшынысы.
Төмендегі тізімнен өзіңіздегі қарым-қатынастың басым деңгейін (коммуникабелділік) көрсетіп, өзіңізді бағалаңыз:
Төмен;
Орташаға жақын;
Айтарлықтай жоғары;
Жоғары,өте жоғарыға жақын.
Тестік тапсырмалардың кілті
22 сұрақтан тұратын тапсырма оқырмандардың шынайы жауап беруіне негізделген, себебі олар және олардың жақындарынан басқа ешкім бағалауға немесе тест нәтижелерін білуге араласа алмайды.
Әрбір сұрақта төрт жауап келтірілген, яғни сыналушының коммуникативті көріністерінің төрт маңызды сипаттары. Бұл сипаттамалар коммуникативті белсенділік деңгейі төмендеуі ретімен орналасқан, және әрбір бөлімде екі ұпайдан қосылады. Яғни «а» сипаттамасына 2 ұпай, «б»-4, «в»-6, «г»-8 ұпай беріледі деген сөз.
Егер сыналушы әрдайым «а» пунктін белгілеп отырса, оның коммуникативтілік деңгейі 22 санын 2-ге көбейту арқылы 44-ке тең болады. Бұл төмен деңгейге сәйкес келеді.
«б», «в», «г» пунктерін көрсеткен жағдайда – сәйкесінше – 22*4 (88), 22*6 (132), 22*8 (176) ұпайға тең болады, бұлар «орташаға жақын деңгей», «жоғары», «аса жоғары, шектен тыс» дегенді білдіреді. Көбінесе бөлімдердің шын саны шеткі сандардың ортасында болады, яғни 176-ға жете бермейді. Осы санды немесе оған жақын санды жинаған адамдарға қарым-қатынаста өзін ұстап, айналадағылардың пікірлеріне назар аударып отыруы керек, сонымен қатар қарым-қатынасының белсенділігін азайту жағына қарай түзету керек.
125-150 ұпай жинаған сыналушылар классикалық экстравертікке жақын қарым-қатынастың белсенділігімен ерекшеленеді.
Егер сіз 44-60 ұпай жинасаңыз белсенді болуға үйрену керек, немесе сіздің интроверттігіңіз айналадағылармен араласуға кедергі келтіреді. Өзіңізді қатынасқа түсуге бірте-бірте мәжбүрлеңіз, сәтсіздіктерге назар аудармаңыз, олар сізге ғана байқалатынын есте ұстаңыз. Өзіңізді қарым-қатынаста белсендірек деп санайтын адамыңызға ұқсатсаңыз болады.
70-100 ұпай болса саналы түрде қарым-қатынастағы белсенділікті кішкене арттыру керек.
23-тапсырма сіздің коммуникативтілігіңіздің объективті деңгейі мен сіздің оны бағалауыңыздың арасын дұрыс білуге көмектесуге негізделген. Мысалға сіз 70 ұпай жинап, ал тапсырма бойынша «в» пунктін белгілесеңіз, онда сіздің өзіңіз туралы пікіріңізден гөрі объективті көрсеткіштерге сенгеніңіз дұрыс, яғни сіз өзіңіздің қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіңізді жетілдіргеніңіз абзал.
12. Эмпатия дәрежесін анықтау.
Эмпатия тұлғаарлалық қатынасына себеп болады. Ол адамның жүріс-тұрысының әлеуметтенуіне көмектеседі. Эмпатия дамуы – бұл қарым-қатынастағы серітестердің сезіталдылығы бойынша барлық іс-әрекеттегі ( ең алдымен оқуда және тәрбиеде) жетістік жетуге негізгі фактор болады. Сондықтанда эмпатия мұғалімнің кәсіптік сапа жағын қарастырады. В.А.Сухомлинскийдің белгілеуі бойынша: « мұғалім қарапайымдылықтан бастағаны жөн, бірақ сонымен бірге ең қиыны – басқа адамның жан дүниесін сезу қабілеті, әр түрлі жағдайда өзін басқа адамның орнына қою».Сондай-ақ: « басқа адамдарға саңырау болып - өз-өзіне саңырау болып қалады: оған өзін-өзі тәрбиелеуде ең басты жетіспейтіні- өз қылығының эмоционалдық бағасы».
Сауалнама 6 диагностикалық эмпатиялық шкаладан турады, ата-анасына, жануарларға, кәрі адамдарға, балаларға, әдеби шығармадағы кейіпкерлерге, таныс және бөтен адамдарға қатынасын білдіреді.Сауалнамада 36 ой-пікірлер бар, мұның әрбіреуіне сынақтан өтуші өз бағасын беріп, келісе ма әлде келіспейді ме, осыған байланысты жауаптың 6 нұсқасы бар: « білмеймін», «ешқашан немесе жоқ», «арасында», «жиі», «әр уақытта», «үнемі немесе иә».Әрбір жауаптың нұсқасына сандық мән сайкес келеді:0, 1. ,2, 3, 4, 5.
Сауалнама.
« Керемет адамдардың өмірі» туралы кітапқа қарағанда, маған көбінесе саяхат туралы кітап ұнайды.
Жасөспірімдерге үлкендердің қамқорлығы ұнамайды, яғни тітіркендіреді.
Мені басқа адамдардың жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептері толғандырады.
Мен « Қазіргі әуендердегі» музыкалық хабарды қалаймын.
Ауру адамның тітіркенуі мен әділетсіз жазғыруына шыдау керек,тіпті егер ол жыл сайын қайталанып тұрса да.
Ауру адамға сөзбен де көмектесуге болады.
Бөтен адамға екі адамның арасындағы жанжалға араласпауы керек.
Кәрі адамдар, қалайда себепсіз ренжігіш келеді.
Мен бала кезімде көңілсіз оқиғалар туралы естігенде, көзімнен жастар өзінен- өзі шығатын.
Менің көңіл-күйіме ата-анамның ашуланған күйі әсер етеді.
Маған айтылған сындарға жақсы қараймын.
Пейзаждарға қарағанда,маған портреттерді көрген ұнайды.
Мен ата-анамнды әрқашанда кешіремін,тіпті олардікі дұрыс болмаса да.
Егер жылқы дұрыс жүрмесе, оны қамшылау керек.
Мен адамдардың драмалық оқиғаларын оқығанда, менде де сол оқиғада болып жатқан сияқты сезінемін.
Ата-аналар өз балаларына әділ қарайды.
Мен ұрсып жатқан жасөспірімдер немесе үлкендерді көрсем, араласып кетемін.
Мен ата-анаменың көңілсіз күйіне мән бермеймін.
Мен өз жұмыстарымды қойып, жануарлармен құстардың жүріс-тұрысын қадағалап отырамын.
Кинолар мен кітаптарға мінезі жеңіл адамдар ғана жылайды.
Маған бөтен адамдардың жүріс-тұрысымен бет әлпетін қадағалау ұнайды.
Бала кезімде мен үйге жетім мысықтар мен иттерді алып келетінмін.
Барлық адамдар жөнсіз өшігеді.
Мен бөтен адамға қарап тұрып, оның өмірі қалай болатынын білгім келеді.
Мен қиналып жүрген жануарды көргенде, оған көмектесуге тырысамын.
Бала кезімде кішкене балалар менің артымнан қалмай жүретін.
Егер адамдардың арызын дұрыс тыңдасаң,оған жеңіл болып қалады.
Даладағы оқиғаны көрсем, куәгерлердің санына түспеуге тырысамын.
Өзімнен кішілерге ойымды, жұмыс немесе ойын-сауық ұсынсам, оларға ұнайды.
Жануарлар өз иесінің көңіл- күйін сезеді деген қабілетті адамдар асырып айтады.
Ең қиын қақтығыстық жағдайдан адам өзі шығуы керек.
Егер бала жыласа,онда оның бір себебі бар.
Жастар әрқашанда кәрілердің өтінішіне қанағаттануы керек.
Мен кейде сыныптастарымның неге сондай ойланып жүретінін білгім келеді.
Қараусыз жүрген үй жануарларын құрту керек.
Егер менің достарым өзінің жеке мәселелерін айта бастаса,мен әңгімені басқа тақырыпқа ауыстырамын.
Жұмыс тәртібі. Сынақшыға хаттама беріледі (форма А) ,бұл жерде ол анкеталық бөлімнің жауабын бірден толтырады. Осыдан кейін сынақшы сауалнама мен келесі нұсқауды алады: «Кейбір бекітуді бағалауға ұсынамын. Жауаптардың бәрі бағаланбайды, ол жақсы ма,әлде жаман ба,сондықтан да ашық болуыңызды өтінеміз. Пікірлерге ұзақ ойлану керек емес. Шынайы жауап ол сіздің ойыңызға бірден келгені. Сауалнамадағы пікірлерді оқып, жауап парағындағы нөмірлерді 6 –градацияларын белгілеңіз: «білмеймін», «ешқашан немесе жоқ», «кейде», «жиі», «әрқашанда», «әрқашан немесе иә».Пікірлердің біреуінде өткізіп алуға болмайды.
Егерде жұмыс үстінде сыналушыда сұрақ туа қалса,онда эксперименатор анықтама беруі керек, бірақ сұрақтарды таңдауға көмектесуге болмайды.
Форма А
Әдістемеге хаттама
Тегі,аты-жөні------------------- Күні ------------------------------------
Жасы -------------------------------
Жанұя құрамы,өзі тәрбиеленетін -----------------------------------
Жанұядағы сан бойынша -------------- нешінші бала
Мектептен бергі достарыңның саны ------------------------------
Қазіргі кездегі негзгі қызығатының---------------------------------
Әкесінің мамандығы ---------------------------------
Шешесінің мамандығы ------------------------------------
Жауап парағы
Т А Б Л И Ц А 211 бет
Өңдеу нәтижесін зерттеуден дәйектілігін анықтаудан бастау керек. Ол үшін оны санау керек, берілген типке қанша жауаптар сауалнамадағы көрсетілген нөмірі нұсқауын береді: «білмеймін»: 2,4,16,18,33; «әрқашан немесе иә»:2,7,11,13,16,18,23. Бұдан қанша «әрқашан немесе иә» жауабын алғандағы келесі пікірлері: 7 және 17,10 және 18,17 және 31,22 және 35,34 және 36. Қанша рет «әрқашан немесе иә» жауабы әрбір пікірге алынды, ал басқаға « ешқашан және жоқ» келесі жауаптарда: 3 және 36, 1 және 3,17 және 28. Осыдан кейін негізгі нәтиженің санағы шығады. Егер жалпы баға -5 немесе одан да көп болса, онда зерттеу нәтижесі дұрыс емес, 4-ке тең болғанда – нәтиже күмәнді, егер де баға 3 болса, онда зерттеу нәтижесі дұрыс болады деуге болады.
Күмәнді және дұрыс емес нәтижеде орынды, егер бұл мүмкін болса , онда сыналушының қатынасы зерттеуге кері әсер болатынын білу қажет. Нәтижелердің себебін білу,тілексіз қаралу немесе кері жауап беру, ниетсіз жауаптар дұрыс емес болып саналады. Мысалы, психикалық функциялардың бұзылуы,олардың дамуы, және де әлеуметтік инфантилизм.
Кілт – дешифратор 212
Кесте А –ның көмегімен, алынған ұпай бағасымен эмпатияның диагностикалық деңгейін анықтауға болады
Таблица А 212 Эмптия деңгейі
Нәтиже талдауы оны дөңгелек диаграммаға жүргізеді. Дөңгелек диагностикалық шкаланың 6 бірдей секторы белгіленеді, олар рим цифрларымен І-ден 6 –ға дейін белгіленеді, ол кілт-дешифратор көрсетілген. Дөңгелектің көлемі ось диаграммасына сәйкес 15 бірдей кескін сызылады.Әрбір кескін бір балға тең, дөңгелектің ортасы нөлдік нүкте болады. Осы нүктеге қаншалықты сыналушы жақындаса эмпатиялық дамуы анықталады (Таблица А)
Алынған көрсеткіштерден эмпатия зерттеулерінде, сынақтан өтушінің өмірлік жолы туралы,оның жүріс-тұрысы мен мінез- құлқы ,тәрбиесі мен оқуы туралы мәлімет болуы керек. Бұл психологиялық тұжырым мен керекті кепілдеме береді.
82-ден 92 ұпайға дейін. Бұл эмпатияның ең жоғарғы деңгейі. Сізде уайымшылдық басым. Қарым-қатынасқа түсуші адам сізге бірде бір сөз айтпасада көңіліне мән берсіз. Айналадағының бәрі сіздің бойыңызға ауыртпашылықтарын іліп қояды. Ауру адамдардың арасында өзіңді жаман сезінесіз. Үлкендер мен балалар сізге өз құпиясын айтып,сіздің ақылыңызды тыңдайды,сізге сенеді. Кінәңізді жиі сезінесіз,басқа адамдардың жағдайын жиі ойлайсыз.Сонымен де өзіңізде ренжігішсіз.Ауру жануарды көргенде немесе тіпті бастығыңыздың сәлемінің суық болғанына да қаймығасыз. Осындай көңілсіздік ұзақ уақытқа дейін ұйқыңызды қашырады. Эмоционалдық сүйенішті қажет етесіз. Мұндай жағдайда жүйке ауруына шалдығасыз.Өзіңіздің психикалық денсаулығыңзды күтіңіз.
63-тен 81 ұпайға дейін. Жоғары эмпатиялық деңгей: Сіз айналадағы адамдардың мұқтажына және әртүрлі жағдайларына жоғары сезімталдықпен қарайсыз, мейірімдісіз, көпті кешіруге дайынсыз. Адамдарға ашық қызығушылықпен көңіл бөлесіз.Сізге шырайынан көңіл- күйін «оқуға», олардың болашағын болжамдау ұнайды. Сіз қызу қандысыз, тез қарым-қатынасқа кіресіз және тез тіл табысасыз. Балалар сізге тез үйренеді.Айналаңыздағы кісілер сіздің шын ашықтығыңызды бағалайды.Сіз жанжал шығармай қиын жағдайдан шығу жолын табасыз.Сізге айтылған сынды көтересіз. Бір оқиғаны бағалағанда өзіңіздің сезіміңізге және ішкі түйсігіңізге сенесіз. Жалғыз жұмыс істегеннен гөрі, көпшілікпен жұмыс істегенді қалайсыз. Әрдайым өзіңіздің іс- әрекетіңізге әлеуметтік мақылдауды қажет етесіз. Бірақта осы айтылған қасиеттердің сізде болғанымен,сіз дәлдікті ,еңбекті көп керек ететін жұмысқа ұқыпсыз қарайсыз.
37-ден 62 ұпайға дейін. Қалыпты эмпатиялық деңгей. Басым көпшілікке тән.Айналаңыздағы кісілер сізді «терісі қалың» деп те атамайды,бірақта сізді өте сезімтал адамдардың қатарына қосуға болмайды. Тұлғааралық қарым-қатынаста өзіңіздің жеке әсерленгіштігіңізге сенбей басқаларды олардың істеген ісінен пікір түюді қалайсыз.Сізде эмоция көріністері бар, бірақта сіз оларды бақылап отырасыз. Қарым- қатынаста ықыластысыз,сөзбен айтылғаннан да,көбірек түсінуге тырысасыз бірақ сұхбаттасыңыз тым артық кетсе,сіз сабыр сақтамайсыз. Өзіңіздің көзқарасыңызды айтпауды жақтайсыз,өйткені оны дұрыс қабылдар ма деген сенімсіздіктесіз. Көркем туынды оқығанда, кино қарағанда сіз қаһармандардың күйініштеріне емес,көбінесе олардың іс-әрекеттеріне көбірек көңіл бөлесіз.Сізге біреудің қарым-қатынасының болашағын болжамдау қиынға түседі,сондықтан олардың іс-әрекеттері сіз үшін кейде күтпеген болады.Сізде сезімнің емін-еркін болуы жоқ,содан ол адамдарды толығымен қабылдау қиынға түседі.
12-ден 36 ұпайға дейін.Төменгі эмпатиялық деңгейі.Сізге адамдармен тіл-табысу қиынға түседі, өзіңізді шу жерде ыңғайсыз сезінесіз.Айналадағы адамдардың эмоциялары сізге түсініксіз әрі мәнсіз болып көрінеді.Жалғыз жұмыс істегенді ұнатасыз.Сіз дұрыс шешімдер қабылдаудың жағында жүресіз.Сізде достарыңыз аз болар болса да,оларды жұмысқа бейім қасиеттері үшін я қайырымдылығы мен ілтипаттылығын бағалайсыз.Айналадағылар да осылай сізге көңіл бөледі. Өзіңізді кейде жат сезінесіз. Кісілер көп көңіл бөлмейді.Бірақта мұның бәрі уақытша.сіз жақындарыңыздың мінез-құлқына көбірек көңіл бөліп қажеттеліктерін өзіңіздікіндей санайсыз.
11 ұпай және одан төмен.Өте төменгі эмпатия. Тұлғадағы эмпатиялық үрдістері дамымаған. Сұхбатты бірінші бастауға қиналасыз.Әсіресе балалар мен және үлкен кісілермен тіл табысу қиын. Тұлғааралық қатынастарда қолайсыз жағдайларға көп түсесіз.Көбінесе адамдармен тіл табыса алмайсыз өнерден гөрі спортты ұнатасыз. Қызыметте өзіңізге тым көп назар аударасыз.Жеке жұмыстарыңыз нәтижелі болады,бірақ біреумен істегенде жақсы жағыңыз көрінбейді.Сентименталдық көріністерге мысқылмен қарайсыз.Сізге айтылған сынды көтермейсіз,бірақ оған көп көңіл бөлмесеңіз болады.Сізге сенім гимнастикасы қажет.
14. 3-ШІ ТЕСТ. Темпераментіңіздің типі қандай?
Автор бұл сұрақтың жауабы ретінде өзіндік жеке тест ұсынады. Ол күрделі құрылымды тест-сұрақтардан құрылған. Психологияда тұлғаға қарағанда темпераментті – өзіндік ерекшелігі бар, психиканың құрамдас бөлігі ретінде қабылдайды. Ол – адам психикасы қызметінің динамикасын анықтап, түрлі қызметте оның мазмұны, мақсаты, мотивіне қарамастан, ересек жаста да темперамент типін мінездейді.
Тестті қалай қолдану керек?
Бірінші кезең – 55 сұраққа жауап беру. «Иә, келісемін» не болмаса «Жоқ, келіспеймін» деп жауап беруге болады.
Сұрақтары
Жағымсыз жағдайларды тез ұмытасыз ба?
Әдетте сіз түрлі тапсырмаларды (өндірістік, қоғамдық, оқу тапсырмалары) уақытында орындайсыз ба?
Жаңа танысқан адамға тез үйреніп кетесіз бе?
Ашушаңыз ба?
Кейде сіздің баяулығыңызды бетіңізге баса ма?
Поезд, самолетке кешікпеу үшін вокзалға ертерек келесіз бе?
Әдетте сіз әбден ойланып, бәрін салмақтап алып сөйлейсіз бе?
Сізді мақсат-мұратыңызға жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңуде жігерлі деп айтуға бола ба?
Өткен өміріңіз жайлы ойланғанды ұнатасыз ба?
Жаңа таныстық тауып, біреулермен әңгіме-дүкен құратын жерлерде болғанды қалайсыз ба?
Дайындалып жүрген жүрген жұмысқа өзгеріс енгізу қажеттігі ызаландыра ма сізді?
(айталық, бүгін сіз ойға алған нәрседен мүлде өзге іспен айналысуға мәжбүрсіз).
Көптен мұршаңыз келмей жүрген істі аяқтаған кезіңізде қуаныш сезімі тез келе ме?
Жұмыс (оқу) уақытында сол жұмысқа деген ынтаңыз толық сақталады деп сенімділікпен айта аласыз ба?
Әлдебір әрекет-амалдан соң оны басқаша жасау керек еді деп жиі ойлайсыз ба?
Жаныңызға жат қылықтардан бас тарту қиынға соға ма?
Алғашқы әсеріңізді ойланып алмай жиі айтасыз ба?
Үйден шыққаныңызда есік пен терезелерді жауып, жарық пен газды өшірген-өшірмегеніңізді ойлап мазаңыз кете ме?
Сізді тәртіпке шақыру оңай ма?
Сізді сезімтал әрі жаны жараланғыш жан деп айтуға бола ма?
Сізге кенеттен айтылған қорқыту немесе реніш сөзін сол мезетте сезініп, қабылдайсыз ба?
Әлдебір ойлардан елегізген кезіңізде бір орында отыра алмай, байыз таппай қалуыңыз мүмкін бе?
Жедел шешімді талап ететін істі оңайлықпен орындайсыз ба?
Бастаған істі соңына дейін аяқтауға құқылысыз ба?
«Қазір және осы жерде» өтіп жатқан оқиғаны сырттай бақылап, сол мезетте оны қорытындылап, өзіңіз де қосылып отырған ұнай ма?
Сіз үшін бейтаныс адаммен сөйлесу қиын ба?
Сізде кенеттен туындаған идеяны айтпай, ішіңізде сақтап қалу оңай ма?
Адамдардың сіздің жұмысыңызды бағалауы мен сыни ескертулері аяқ астынан деп айда аласыз ба?
Сіз айналысып отырған қызықты жұмыстан көңіліңізді бөлу қиын ба?(бөтен әңгіме, жарықтың әлсіз түсуі, шу, т.б.).
Ұзақ зейінділік пен үлкен ықыласты талап ететін, дегенмен, өзіңізге өте ұнайтын жұмысты орындау қиын ба?
Сізге жанамалап тиетін сөз айтылса, тез ашуланасыз ба?
Болашағыңыз жайлы ойлануды ұнатасыз ба?
Сіз әңгімелескенді ұнататыныңыз соншалықты – жаңа ғана танысқан адаммен сөйлесу үмкіндігін жібермейсіз бе?
Көңіл-күйіңіздің жиі ауыспалылығы жұмысыңызға өз әсерін тигізе ме?
Жедел іс-әрекеттер сізге ләззат сыйлай ма?
Өзіңізге жүктелген бірнеше тапсырманы бір уақытта орындаған ұнай ма?
Өзгелер күліп жатқанда сіз оны іштей өрескел көріп тұрасыз ба?
Кино көру барысында сезімге еліткеніңіз соншалықты- жанарыңыз жасқа шылана ма?
Өзіңіз сөйлегеннен гөрі біреуді тыңдағанды қалайсыз ба?
Қитығыңызға тиетін сөздерге сіз аса қатты ашуланасыз.
Өміріңіздегі, жұмысыңыздағы сәтсіздіктер мақсатыңызға жетуге деген ынта-жігеріңізді қайта арттыра түсе ме?
Сіз жылдам әрі шешімді әрекет жасайсыз ба?
Әлдебір әзілмен сізді күлдіру оңай ма?
Жадыңызды «жедел жаңғыртуды» қажет ететін сұрақтарға жауап беру кезінде қиындықтар кездесе ме? («Иә»-кездеспейді, «Жоқ»-кездеседі).
Сіз тез ашуланып, тез сабаңызға түсесіз бе?
Сіз хақында қатты қалжыңдасқан кезде ренжисіз бе?(«Иә»-ренжімеймін, «Жоқ»-ренжимін).
Сізге ішкі диалог- өзіңмен-өзің сөйлесу ұнай ма?
Сіз жаңа жағдайға тез бейімделіп, жаңа іске тез кірісіп кетесіз бе?
Кейде шамадан тыс күшіңіз тасып, өзге де шаруалармен айналысқыңыз келе ме?
Сіз үнемі алдын-ала ойланып алмай, әңгімеге араласып кетесіз бе?
Кез келген сұраққа ойланбай жауап беру нәтижесінде келеңсіз оқиғаларға тап болу жағдайына бейімсіз бе?
Сізді салмақты адам деп бағалауға бола ма?
Сіз өзіңізді қоршаған адамдардың шаттық немесе мұңды көңіл-күйінентез әсер аласыз ба?
Тез сөйлегенді ұнатасыз ба?
Сіз шыдамды жансыз және ұзақ уақыт бойы қарқыныңызды бәсеңдетпей жұмыс істей аласыз.
Нәтижелерді қорытындылау
Дұрыс жауаппен сай келген әрбір жауабыңызға 1 ұпайдан қойыңыз.
Мұндағы дұрыс жауаптар темпераменттің белгілі бір қасиетін білдіретін терминдерден тұрады. Мысалы «сензитивтілік», «реактивтілік» және т.б. Бұл қандай мағына беріп, олардың үндестігі қай темпераментті құрайтыны төмендегі мәтінде жазылған.
Дұрыс жауаптар:
Сензитивтілік:
жауап «иә»- сұрақтары 19, 29, 38;
жауап «жоқ»- сұрақтары 1, 46;
Белсенділік:
жауап «иә»- сұрақтары 8, 23, 30, 41, 49.
Реактивтілік:
жауап «иә»- сұрақтары 16, 20, 51;
жауап «жоқ»- сұрақтары 7,26.
Реактивтілік пен белсенділіктің қатынасы:
жауап «иә»- сұрақтары 18, 52;
жауап «жоқ»- сұрақтары 4, 31, 44.
Эмоцианалды қозу:
жауап «иә»- сұрақтары 12, 27, 43, 53;
жауап «жоқ»- сұрақтары 37.
Реакция қарқыны (психикалық темп):
жауап «иә»- сұрақтары 22, 35, 45, 54;
жауап «жоқ»- сұрақтары 5.
Мазасыздық:
жауап «иә»- сұрақтары 2, 6, 14, 21;
жауап «жоқ»- сұрақтары 17.
Экстраверсия-интроверсия:
жауап «иә»- сұрақтары 24, 42;
жауап «жоқ»- сұрақтары 9, 32, 47.
Қарым-қатынасқа бейімділік:
жауап «иә»- сұрақтары 10, 33, 50;
жауап «жоқ»- сұрақтары 25, 39.
Ригидтілік-пластикалық:
жауап «иә»- сұрақтары 11, 15;
жауап «жоқ»- сұрақтары 3, 36, 48.
Резистенттілік:
жауап «иә»- сұрақтары 13, 28, 40, 55;
жауап «жоқ»- сұрақтары 34.
Психологида темпераменттің бөлек қасиеті нені білдіреді? Олар қайда көрініс табады?
СЕНЗИТИВТІЛІК – белгілі бір адамға психологиялық реакция (айталық, реніш сезімі) қаншалықты тез және ол қайдан пайда болатыны, оған әсер етуші сыртқы күштер.
БЕЛСЕНДІЛІК- адамның өз мақсаттарына жетуіндегі жігер-қуаты қай деңгейде; өз жолындағы түрлі қиындықтармен қалай күреседі, ол қаншалықты айтқаныныан қайтпайтын жан екенін анықтайды, т.б.
РЕАКТИВТІЛІК- адамның ішкі және сыртқы әсеріне бірдей реакция деңгейі (мысалы, күтпеген қатты дауыстың шығуы, қатаң ескерту, қорқыту-үркіту, ренжітетін сөз).
РЕАКТИВТІЛІК ПЕН БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ҚАТЫНАСЫ. Бұл қасиет көбінесе қызмет түріне, қарым-қатынасқа, адамның іс-әрекеті: ішкі және сыртқы кездейсоқ жағдайлар (күтпеген оқиға, көңіл-күй, әлденені қалау) немесе адамның мақсаты, пайымдауы мен ниеті.
ЭМОЦИАНАЛДЫ ҚОЗУ қандай да бір эмоцианалды реакцияның пайда болуы мен оның қаншалықты тез пайда болуы үшін ең әлсіз деген әсер ету қандай болуы керектігімен анықталады.
РЕАКЦИЯ ҚАРҚЫНЫ НЕМЕСЕ ПСИХИКАЛЫҚ ҚАРҚЫН- бұл түрлі реакция мен үрдістердің жүру жылдамдығы (сөйлеу, есте сақтау, іс-қимылдың, ақыл-ойдың жылдамдығы, тапқырлық және т.б.)
МАЗАСЫЗДЫҚ– адамның оған қатаң ескерту беретін оқиғаларды басынан кешіре тұра, біреуге, белгілі бір затқа немесе құбылысқа арнайы бағытталмаған белгісіз бір үрей мен уайымшылдық сезімде болуымен анықталады.
ЭКСТРАВЕРСИЯ мен оған қайшы қасиет ИНТРОВЕРСИЯ. Бұл жерде реакция неге байланысты екенін анықтаймыз. Нақ осы шақта пайда болатын (экстраверттілік) сыртқы әсерге байланысты адамның қызметі, қарым-қатынасы және іс-әрекеті не болмаса, болашағы мен өткен күнге қатысты елестер, бейнелер, ойлар(интроверттілік).
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА БЕЙІМДІЛІК- адамның қарым-қатынасының динамикалық жағы. Ол қарым-қатынастың жиілігі, басқа да адамдармен байланыстың кеңдігімен, біреудің сөзшеңдігімен немесе көп сөйлемейтіндігімен анықталады.
РИГИДТІЛІК және оған қайшы ПЛАСТИКАЛЫЛЫҚ. Бұл қасиет туралы адамның үнемі өзгерісте болатын өмір жағдайына, сыртқы әсерге тез әрі жақсы бейімделгіштігі (пластичность) немесе керісінше, оның іс-әрекеттері, пайымдауы мен әдеттері соншалықты қарама-қайшылықтарға толы (ригидность).
РЕЗИСТЕНТТІЛІК- шаршап-шалдығуға қарама-қарсы дәреже, жұмысқа қабілеттілік, ұнамсыз жағдайлармен күресу. Мысалы, өз көңіл-күйіңе қарсы шығу, көңіл аудару факторы, стресс.
Осы аталған қасиеттердің қай қайсысы болсын адамның өзіндік көзқарасын, оның пайым-парасатын, басқа адамдарға, еңбекке, оқуға, өз-өзіне қарым-қатынасын мінездемейді, яғни, оның жеке тұлғасына мінездеме бермейді. Темпераменттің бұл кез келген қасиеті адамның тек психикалық өмір ағымын, оның күшті немесе әлсіз көрінісін, түрлі психикалық күйдің жеңі әрі жылдам ауысуын, психикалық күштің жеңіл мобилизациясын көрсетеді. Басқаша айтқанда, негізінен ұрпақтан-ұрпаққа, табиғи факторларға байланысты темперамент асиеттері адам өмірінің динамикасы мен активациясын көрсетеді. Сол себепті ол өмір сүру барысында айтарлықтай тұрақты болып қала бермек.
ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ БӨЛЕК ҚАСИЕТТЕРІНІҢ диагнозы. Темпераменттің әрбір бөлек қасиетінен жинаған ұпайыңыз- сіздің нақты қандай «қасиет иесі» екеніңізді анықтауға мүмкіндік береді. Барлығы 2 градация бар: 0 ден 2 ұпайға дейін және 3-тен 5 ұпайға дейін. Бұл градациялар темпераментіңіздің қасиеттерін 1-кесте арқылы (оның ішінде жеке қасиеттеріңізді крестпен белгілеңіз) диагностикалауға көмектеседі.
ТЕМПЕРАМЕНТ ТИПІНІҢ диагнозы. Темпераментіңіздің бөлек қасиетінің қайсысы сізге ғана тән екенін білгеннен кейін, осы қасиеттерде заңды үйлесім табатын сіздің темпераментіңіздің типін анықтауға болады. Ол үшін өзіңіздің бөлек қасиеттеріңізді екінші кестедегі ақпаратпен салыстырыңыз.
1-ші кесте
- 0 ден 2 ұпайға дейін + 3 тен 5 ұпайға дейін + тепе тең
Төмендеген эмоцианалды қозу 5. Жоғары эмоцианалды қозу
Реакцияның баяу қарқыны 6.Реакцияның жылдам қарқыны
(психикалық темп) (психикалық темп)
7. Төмен мазасыздық 7. Жоғары мазасыздық
8. Интроверттілік 8.Экстраверттілік
9. Қарым-қатынасқа түспеушілік 9.Байланысқа аса бейімділік
(көпсөзділіктен ада) (сөзшең)
10. Пластикалық 10.Ригидтілік
11. Төмен резистенттілік 11.Жоғары резистенцианалдық
Мұны қалай жасау керек?
Әуелі сізде көрініс берген темпераменттің әрбір қасиетін 2-ші кезтеде крестпен белгілеңіз. Мысалы, сіз «белсенділіктің жоғары деңгейімен» мінезделесіз. Кестеде «белсенділіктің жоғары деңгейі» темпераменттің 3 типінде де (сангвиниг, холерик, флегматик) бірдей көрсетілген. Яғни, вертикаль бойынша сәйкес 3 торкөзге крест белгісін жазыңыз.Бұл сіздің темпераментіңіздің типі сангвиниг, холерик немесе флегматикке жататынын білдіреді. Алайда, нақты қайсысы екені әзірге белгісіз.
2. Келесі қадам- декодирлі ұпайларға кестедегі 2 крестті алмастыру. Оның сызба нұсқасы мынадай:
Жиналған ұпай саны 0 1 2 3 4 5
Декодирлі ұпайлар саны -3 -2 -1 +1 +2 +3
«Белсенділіктің жоғары деңгейі» жайлы мысалды жалғастырайық. Мысалы, сіз «белсенділіктен» 4 ұпай жинасаңыз, оған 2 декодирлі ұпай сәйкес келеді. 2 кестеде бұл қасиет бойынша сізде 3 таңба тұр. Темпераменттің вертикальді сангвиникалық, холерикалық және флегматикалық типтері бойынша осы таңбалардың орнына +2 декодирлі ұпайдан қойып шығыңыз.
2-ші кесте
Темперамент типі
4. Сонымен 2-ші кестеге темпераменттің барлық қасиеттері бойынша декодир ұпайлар тұр. Енді әр темперамент типінің «вертикальді ұпайлар саны» графасын толтыру қалды. Мұндағы ең көп ұпайлар саны – сіздің темпераментіңіздің айқын көрсеткіші. Темпераменттің таза, айқын көрсетілген типі өмірде аса сирек кездеседі. Сондықтан да диагнозда мынадай анықтамаларды да қолдана беріңіз: Темпераменттің флегматикалық типіне жақын.
Психологтың кеңесі
1.Темперамент – адамның әлеуметтік құндылығын анықтамайтынын есте сақтаңыз. Себебі, адамның дүниетанымы, парасат-пайымы, көзқарасы, қызығушылығы, дамдарға деген қарым-қатынасы, еңбегі, т.б. оған байланысты емес. Темпераменттің қасиеттері- табиғи қасиет болғандықтан, оған да табиғи құбылыс ретінде қараған жөн. Мысалы, жауынды күн, аптап ыстық, қыс пен көктем. «Табиғаттың жаман ауа-райы болмайды»,-дегендей, табиғат берген «жақсы» немесе «жаман» темперамент блмайды. Белгілі бір қызмет саласына, мамандыққа жағымды, қажет темперамент типі болуы мүмкін де, ал, келесі қызмет түрінде керісінше. Мен сөзге арнайы салмақ салып айтатын болсам, халық арасында кең тараған мынадай пікір бар: Темпераменттің «ең жақсысы»- сангвиниг, «анда-мында»-холерик, «тәуірі»-флегматик, ал, «мүгедегі»-меланхолиг. Статистика бойынша, адамдардың 30 пайызы темпераменттің меланхолигтік типіне жатады. Сонда, әрбір үшінші адам «мүгедек» пе? Алайда, табиғаттың «мүгедектерді» жарамсыз етіп, өмірге құштар, күшті адамдарға кеңдік беретінін ұмытпаған жөн. Бұл тұрғыда темпераменттің кез келген типі - өмірге құштар әрі күшті. Гоголь, Чайковский, Жуковский, Декарт, Дарвин, Шопен, Лядов, Шостаковичтердің барлығы- бірдей «мүгедек» меланхрликтер! Кутузов, Бородин, Гончаров, Танеев, Крылов...- флегматиктер, Пушкин, Гете, Бетховин, Суворов...- холериктер, Герцен, Штраус, Моцарт...-сангвиниктер.
Осыдан маңызды қорытынды шығарайық: өз темпераментіңіздің қасиетін(әсіресе, типін!) жоюға ұмтылмауымыз керек. Бұлай жалғаса берсе, адам өз өзінен түңіліп кетуі мүмкін. Сондықтан, адам темперамент типінің өзіндік қасиеттерін есепке ала отырып, оның күшті жақтарын толық қолданып, ал, әлсіз тұстарын күшке айналдыру әлдеқайда маңыздырақ.
2. Жоғарыда айтылғандардың бәрі іскер адамның қызмет саласы яғни, қымбатты оқырман, сізге де тікелей қатысы бар. Өйткені бұл сан қырлы сала. Менеджмен арқылы өзіңіздің ірі кәсіпорныңызды басқарудан бастап, кез келген темперамент типімен кез келген адам басқара алатын шағын бөлімге дейін. Алайда бұл кез келген қызмет саласында ісіңіз алға басады дегенді білдірмесе керек. Бұлай ойлау- өзіңізге өзіңіз саналы түрде ор қазумен пара пар. Ал, егер өзіңіздің тек күшті жақтарыңызды ғана қолданып, әлсіз тұстарыңызды күшке айналдыру үшін не істеп, қалай ойлау қажет? Ол үшін мына үш ережені қолданып көріңіз.
Бірінші ереже: мүмкіндігінше өз темпераментіңіздің типін дәл анықтаңыз. Өзіңізді өзіңіз алдамаңыз!
Екінші ереже: тек сіздің темпераментіңіздің типін талап ететін іспен шұғылданыңыз. Бұл жерде темпераментіңіздің әлсіз жақтары – сәтті істі ғана қамтамасыз ететін болады.
Үшінші ереже: бір істі бастаған кезде тұрақты әрі үнемі өзіндік «қолтаңбаңызды» іздеп, оны шыңдаңыз, темперамент ерекшеліктеріне байланысты іскер қарым-қатынастың кәсіби стилін қалыптастырыңыз.
Ешуақытта да ешкімнің көшірмесіндей болмаңыз! Өз «қолтаңбаңыз» қалыптассын!
15. Конфликтік ситуацияда өзіңізді қалай ұстайсыз?
Егер сіздің жолдасыңыз не досыңыз қысқа белдемше киюге рұқсат бермесе...
А. Қарым-қатынасты бұзбау үшін келісемін.
В. Оның дұрыс емес екендігін түсіндіруге тырысамын.
С. Қарым-қатынасты тоқтатамын.
Егер сіздің көзіңізше екі жақын құрбыларыңыз бір-бірімен жанжалдасып қалса...
А. Екеуін достастыруға тырысамын.
В. Ол жерде кетіп қаламын.
С. Өз көзқарасымды айтып, түсіндіремін.
Ата-анаңыз үнемі сіздің жұмысыңызға араласа баретін болса...
А. Көнемін.
В. Келісімге келуге тырысамын.
С. Араласпауын талап етемін.
Егер біреу сіздің ар-намысыңызды қорласа...
А. Мәселенің мән-жайын анықтауға тырысамын.
В. Ренішімді көрсетпеуге тырысамын.
С. Оған да солай жасаймын.
Жақын құрбыңыз сізбен жанжалдасып қалса...
А. Не болғанын анықтаймын.
В. Көңіл бөлмеуге тырысамын.
С. Мен де қарап тұрмаймын.
Пікірталас кезінде сізге өз ойыңызды айтуға мүмкіндік бермесе...
А. Тыныш отыра беремін.
В. Тыңдатуға тырысамын.
С. Айғайлап сөйлеймін.
Нәтижесін өңдеу:
6-9 ұпай
Өз пайдаңызды жақсы білесіз. Оппоненттеріңізді түсінуге үнемі тырысасыз, әрі бұл сіздің қолыңыздан жақсы келеді. Компромиске қалай баруды жақсы меңгергенсіз.
10-14 ұпай
«Қорғаныштың жақсы тәсілі - шабуыл» ұстанымы бойынша өмір сүресіз. Әрине өз пікіріңізді білдіргеніңіз дұрыс, бірақ бұл келбетіңізбен қарсыласыңызды одан ары ызаландырмайсыз ба?
15-18 ұпай
Конфликтік жағдайдан бойыңызды аулақ ұстайтыныңыз рас. Алайда өз пікіріңізді жақтаудың қажеті бар екенін ұмытпаған жөн.
16. Топтың ұйымшылдық индексін анықтау
(Сишор әдістемесі бойынша)
Нұсқау: Жауаптар жақша ішінде берілген ұпайлармен есептеледі. Бірақ жауап алу барысында ұпай сандарын көрсетудің қажеті жоқ. Максималды ұпай-19, ал минималды-5.
Тест:
Топқа жақындығыңызды қалай бағалар едіңіз?
1/ Өзімді ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінемін. (5)
2/ Іс-шаралардың көпшілігіне қатысамын. (4)
3/ Кейбір іс-шараларға қатысам, ал кейбіреулеріне қатыспаймын. (3)
4/ Топтың мүшесі ретінде өзімді сезінбеймін. (2)
5/ Ұжымнан бөлек өмір сүремін. (1)
6/ Білмеймін, жауап беруге қиналамын. (1)
2.Егер мүмкіншілік туса, басқа топқа ауысар ма едіңіз?
1/ Иә, ауысар едім. (1)
2/ Ауысатын сияқтымын. (2)
3/ Айырмашылық жоқ деп ойлаймын. (3)
4/ Өз тобымда қалар едім. (4)
5/ Міндетті түрде өз тобымда қалар едім. (5)
6/ Білмеймін, айтуға қиналамын. (1)
Өз тобыңыздағы мүшелердің өзара қарым-қатынастары қандай деп ойлайсыз?
1/ Басқаларға қарағанда жақсы. (3)
2/ Басқа топтардағы сияқты, ұқсас. (2)
3/ Басқа тыңдаушылардан нашар. (1)
4/ Білмеймін. (1)
Дәріс берушілермен өзара қарым-қатынасыңыз қандай?
1/ Басқаларға қарағанда жақсы. (3)
2/ Басқа тыңдаушылар сияқты, ұқсас. (2)
3/ Басқа тыңдаушылардан нашар. (1)
4/ Білмеймін. (1)
Сіздің тобыңыздағы жұмысқа (оқуға және т.б. әрекеттерге) деген қатынастарыңыз қандай?
1/ Басқаларға қарағанда жақсы. (3)
2/ Басқа тыңдаушылар сияқты, ұқсас. (2)
3/ Басқа тыңдаушылардан нашар. (1)
4/ Білмеймін. (1)
Дж.Таусендтің „мәдени-құндылық бағдарын“ анықтау тесті
Тест сұрақтары:
Қандай да шешім қабылдау кезінде менің мәдениетімнің өкілдері негізгі фактор ретінде ... санайды:
құнды тарихты;
қазіргі заманға сай болуды;
жарқын болашақты;
Менің мәдени бауырластарым өздерін ... есептейді:
табиғат күштерінің құрбандары ретінде;
табиғатпен үйлесімде өмір сүреді деп;
көптеген табиғат күштерін басқара аламыз деп;
Біздің ұлт өкілдерін басқарусыз қалдырса, онда олар ...
жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін;
жағымды да, жағымсыз да әрекеттер жасауы мүмкін;
тек жағымды әрекеттер жасауы мүмкін;
Менің ұлтымның дәстүрі бойынша, өзара қарым-қатынасқа түсуде басты ... деп ойлаймын.
шыққан тегі мен мұрагерлік;
үлкен, тату отбасы;
тұлғаның жеке даралығы мен өзіндік қасиеттері;
Менің ұлтымның өкілдерінің ойынша:
өмір сүріп жатқанымыздың өзі жеткілікті;
өмірдің маңызды мақсаты тұлғаның дамуы мен өсуі;
ең ғажап мақсат – тәжірибелік әрекет пен биік шыңдарға жету.
Тестің кілті
Тест нәтижесін өңдеуде респондент жауаптарының мәдениет типтеріне қарай орташа пайыздық көрсеткішін шығару қажет. Алынған нәтиже бойынша топ мүшелерінің қай мәдениет типіне жатқызу керектігін анықтауға болады. Тест интерпретациясы:
Бірінші тип – дәстүрлі мәдениет (ДМ) – адамдардың тарихқа, мәдени-тарихи мұраларға, салт-дәстүрге, ұлттық мәдениетке деген жоғары қызығушылық деңгейімен сипатталады. Мәдениеттің осы типіне жататын адамдар табиғатттың тылсым күштеріне, құбылыстарына өызығады, дегенмен оларды шешуге ұмтылыстары жоқ деп айтуға болады. Отбасын, діни наным-сенімдерін жоғары қояды. Мұндай мәдениет типінде адамдардың ішкі жан дүниесінің бостандығына жол берілмейді, өйткені адамдар теріс қылыққа бармау үшін, оғат қылық жасамауы үшін өз қоғамдастарының қатаң бақылауында болуы тиіс деп санайды. Шешімді қауым болып табады, ал шешімнің нәтижесі аға ұрпаққа байланысты болады.
Екінші тип – қазіргі мәдениет (ҚМ) – заман ағымына қарай өзгеріске ұшырауға бейім. Табиғатпен үйлесімде өмір сүруге, табиғат заңдылықтарын сақтауға тырысады. Бұл мәдениет типінде басты фактор – адам және оның құқтары, тұлға ретінде дамуы, өмірлік орнын табуы. Адамдар арасындағы өзара қатынастар әлеуметтік жүйедегі ролі мен статусына байланысты қалыптасады. Достық қатынастар өте баяу дамығанымен, уақыт өткен сайын терең мағынаға ие болады. Мұндай қоғамда адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін адамгершілік, этикалық нормалар мен ережелер арқылы реттеп отырады. Тұлғааралық қатынаста өздерін ұстай біледі, ролдік және әлеуметтік қашықтық сақтауға тырысады. Қандай да жеке шешімдерді қабылдау барысында топтардың, отбасының, еңбек ұжымы мүшелерінің қызығушылығы, жоспары, қажеттіліктері, келісімдері ескеріледі. Өз жұмыс нәтижесіне материалдық емес, моралдық марапат (атақ-даңқ, мойындау, табысқа жету) алуға тырысады.
Үшінші тип – динамикалық дамушы мәдениет (ДДМ) – адамдардың болашаққа көзқарастарын, нәтижеге жылдам жетуді көрсетеді. Өз жоспарларын қысқа және тез шешімге жетуге болатындай етіп жоспарлауға тырысады. Бұл типтегі адамдар үшін «уақыт, ол - ақша». Табиғатқа «жұмбақ», тылсым дүние ретінде қарамайды, керісінше табиғат адамға бағынуы қажет деп есептейді. Еркіндікті жоғары қояды, тәуелсіздікті, жеке даралықты, дербестікті маңызды деп түсінеді. Жұмыс нәтижесін материалдық тұрғыда бғалау қажет деп есептейді. Көбіне өзін саналы түрде табысқа жету жолында, материалдық құндылықтардың жолында құрбандыққа шалуға дайын.
Тіл табысқыштық деңгейін бағалау
(В.Ф.Ряховский тесті б/ша)
Нұсқау: Тест адамның қарым-қатынас құзыреттілігін анықтауға көмектеседі. Берілген сұрақтарға «иә», «кейде» немесе «жоқ» деп жауап қайтару қажет.
Тест сұрақтары
Қандай да кездесуді күткен кезде шыдамдылық шегінен шығатын сәттерініз болады ма?
Жиналыстарда, кеңестерде немесе басқа да іс-шараларда баяндамамен топ алдына шығу сізде үрей не ұялшақтық сезімдері туындайды ма?
Дәрігерге бару қажеттілігін соңғы сәттерге дейін созып жүре бермейсіз бе?
Сізді жұмыс бабымен өзіңіз бұрын-соңды болмаған қалаға жібермекші болды. Осы сапарға бармау үшін әрекет жасайсыз ба?
Өзіңізді мазалап жүрген ойлармен әлдекімдермен бөлісесіз бе?
Көшеде бейтаныс адам қандай да бір сұрақпен (сағат сұрап, көше сұрап не т.б.) сізден көмек сұрағанға ашуланасыз ба?
Әр буын өкілдері бір-бірін түсінбейді, бұл өмір бақи шешілмейтін мәселелердің бірі дегенге сенесіз бе?
Бірнеше ай бұрын қарызға ақша алған таныс адамнан менің ақшамды бер деп сұрауға ұяласыз ба?
Мейрамхана немесе асханада сізге сапасыз тағам ұсынды. Осы жағдайда ыдысты ашулана итеріп, үндемей қоя саласыз ба?
Бейтаныс адаммен бетпе-бет келіп, үндемей отырдыңыз. Ол әңгімені бірінші болып бастады дейік, осы жағдай сізді қынжылдыра ма?
Ұзыннан-ұзақ кезекте тұруға (дүкенде, театрда, кассада, кітапханада) шыдамдылығыңыз жетпейді. Мұндайды көргенде кезекке тұру туралы ойыңызды өзгертесіз бе, жоқ кезектің аяғын күтуге тырысасыз ба?
Конфликтік ситуацияларды шешуге байланысты коммисия жұмыстарына қатысудан қорқасыз ба?
Әдебиет, мәдениет, өнер туындыларын бағалауда өз көрсеткіштеріңізден басқа ешкімнің пікірін тыңдамайсыз, осыған келісесіз бе?
Өзінің жақсы білетін мәселе төңірегінде болып жатқан жаңсақ пікірталасты құлағыңыз шалып қалды. Пікірталасқа араласпай, үндемей қала аласыз ба?
Әлдебіреудің қызмет бабында айтқан өтінішіне ашуланып, қынжылу сезімі болады ма?
Ауызша формаға қарағанда өз ой-пікіріңізді жазбаша білдіруге тырыспайсыз ба?
Қарым-қатынаста өзіндік бағалауды анықтау тесті
(М.Снайдер бойынша)
Нұсқау: төменде берілген 10 сөйлеммен жақсылып танысып, жауап беріңіз. Әр сұрақты «дұрыс» немесе «бұрыс» деп белгілеп шығыңыз. Дұрыс деп тапсаңыз «Д» әріпін, ал керісінше болса, «Б» әріпін әр сұраққа қойыңыз.
Тест сұрақтары:
Басқа адамдарға ұқсауға тырысу мен үшін өте қиын.
Жанымдағы адамдардың көңілін аулау немесе назарын өзіме аудару үшін әжуа болуға да бармын.
Менен жақсы актер шығар еді.
Басқалар мені не нәрсе болса да жүрекке жақын қабылдайды деп ойлайды, ал шындығында олай емес.
Көпшілік назарының ортасында жиі бола бермеймін.
Түрлі жағдайларда және әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста мен өзімді әрқилы ұстаймын.
Өзім шын мәнінде сенімді ғана нәрсені жақтаймын.
Іс-әрекет және түрлі адамдармен қатынасқа түсу барысында жетістікке жету үшін, олардың көңілінен шығуға тырысамын.
Кейбір адамдар өзіме ұнамаса да, олармен достық қарым-қатынаста болуға тырысамын.
Мен үнемі басқалар ойлағандай бола бермеймін.
Нәтижесін өңдеу:
1, 5 және 7 сұрақтарға «Б» жауабы сәйкес келсе 1 ұпайдан, ал қалған 2, 3, 4, 6, 8, 9, 10 сұрақтарға «Д» жауабы сәйкес келсе 1 ұпайдан беріледі. Алынған нәтиже көрсеткіштерінің ортақ қосындысы есептелінеді.
Тест классификаторы:0 – 3 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі төмен. Мінез-құлқы бірқалыпты және жағдайға қарай өзін өзгертуге тырыспайды. Қарым-қатынаста шынайы ұстайды. Мұндай адамдардың тікбақайлығына қарай көп адамдар ұната бермейді.
4 – 6 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі орташа. Шынайы болуға тырысқанмен, эмоциясын игере алмайды. Айналасындағы адамдармен санаса біледі.
7 – 10 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі жоғары. Кез-келген ролге оңай кіріп, жағдайдың өзгеруіне қарай бейімділіп отырады. Кез-келген ортада өзін жақсы сезінеді және ортаның өзі туралы ой-пікірін алдын-ала білуге мүмкіндігі жетеді.
Коммуникативтік іскерлікті бағалау тесті
1 нұсқасы
Нұсқау: өз көңіліңіз толмайтын және кез-келген адаммен қарым-қатынасқа түскен жағдайда ашуландыратын жағдайлардың тұсына белгі қойып шығыңыз.
Нәтижесін өңдеу: белгі қойылған жағдайлардың пайыздық көрсеткішін шығару қажет.
Тест классификаторы
70 – 100 % - коомуникативтілік іскерлігі төмен. Өзгелерді тыңдауға және өзіңізді ұстай білуді үйрену қажет.
40 – 69 % - қандай да кемшіліктер кездеседі. Айтылған сындарды найзаның ұшымен қабылдайды. Жақсы әңгімелесуші болу үшін әлі де біраз іскерліктерді меңгеру қажет. Асығыс шешім қабылдауға бейім.
10 – 39 % - жақсы әңгімелесуші болғанмен, кейде өзгелерді тыңдауға шыдамы жетпейді. Ойды аяғына дейін, толық тыңдауға дағдылану қажет.
0 – 9 % - өте жақсы серіктес бола алады. Өзгелерді тыңдай біледі. Мұндай адамдардың қарым-қатынас стиліне өзгелер үнемі қызығушылықпен қарайды.
Көзқарастың жан-жақтылығы мен үйлесімділігінің көрсеткіштері – 1, 5, 8, 12, 15, 17 сұрақтар. Жалпы ұпай саны +9 –дан -9 –ға дейін болуы мүмкін.
Басқа адамның вербалсіз әрекетіне деген сензитивтілік пен сезімталдық көрсеткіштері – 2, 4, 7, 11, 14, 18, 20 сұрақтар.
Жалпы ұпай саны 28 –ден 7 –ге дейін болуы мүмкін.
Қарым-қатынас жағдайына байланысты өз вербалсіз әрекетін басқара алу көрсеткіштері – 3, 6, 9, 10, 13, 16, 19 сұрақтар.
Жалпы ұпай саны 23 –тен 2-ге дейін болуы мүмкін.
Әр берілген параметрлер бойынша респиенттің жеке-жеке нәтижелері есептеліп, 5, 8, 12, 19 сұрақтардың ұпайлары өз параметрлерінің жалпы көрсеткіштерінен алынып тасталынады.
Әдістеме нәтижесі әр респиентті үш тұрғыдан және перцептивті-коммуникативтік даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Соңғы жағдайда жалпы ұпай саны 0 –ден 60 –қа дейін болуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттелушінің вербалсіз коммуникациясы құрылымының сапалық талдауын жасауға болады.
Нұсқау: Сізбен қарым-қатынасқа түскен адамның іс-әрекетіне сәйкес әр сұраққа жауап бланкіндегі берілген 4 нұсқасының біреуін таңдаңыз.
Әдістеме сұрақтары:
Сіздің ойыңызша, ол өз сөзінің мазмұнын тілдік емес құралдармен (жест, мимика, қимыл-қозғалыс және т.б.) жақсы толықтыра ала ма?
Сіздің эмоцияңызды бет-әлпетіңізге қарап, түсіне ала ма?
Басқа адамдарға деген қатынасын және сезімдерін жеткізу үшін тиісті дауыс ырғағын қолдана ала ма?
Сіздің ойыңызша, ол көзқарастан барлық жағдайды (ұнатуды, көңіл білдіруді, қобалжуды және т.с.с.) түсіне ала ма?
Өз сезімін білдіру кезінде вербалсіз коммуникация құралдарын көп пайдаланады деген ой сізде туындамайды ма?
Ол өзінің жағымсыз эмоциясын меңгере ала ма?
Қалай ойлайсыз ол сіздің дауысыңыздың өзгергенін дер кезінде байқайды ма?
Әңгіме барысында оның сөзі мен вербалсыз коммуникация құралдарының арасында байланыс болмайтын кездер жиі бола ма?
Сіздің ойыңызша, ол басқа адамдарға деген көңілін көзқарасы арқылы ғана білдіре ала ма?
Сіз қалай ойлайсыз, қақтығыс сәттерінде ол өз мимикасын меңгере ала ма?
Оның мимикасын үйлесімді, мәнерлі деп айта аласыз ба?
Сіздің ойыңызша, оның бойында жағымсыз мимикалары бар ма?
Басқалардың қысымын баса алатын, өзіне икемдей алатын жұмсақ интонацияларды пайдалана ала ма?
Сіздің қимыл-қозғалысыңыздың, жүріс-тұрысыңыздың өзгеруіне қарай, ол сіздің көңіл-көйіңіздің, өзіңізді сезіну жағдайыңыздың өзгергенін түсіне ала ма?
Өз жағымсыз көңіл-күйін вербалсыз коммуникация құралдары арқылы жеткізе ала ма?
Өзгелерге деген сыйластық қатынасын өз мимикасы арқылы түсінікті жеткізе ала ма?
Өте мәнерлі болуға тырысқанымен, оның айналасындағы адамдарға деген шынайы қарым-қатынасын оңай түсіне алуға бола ма?
Сіз кейде арнайы жасанды қылық көрсетіп отырсаңыз да, сіздің шынайы қатынасыңызды түсіне ала ма?
Таныс емес ортаға түскенде өзін ыңғайсыз сезінетін сәттері жиі байқалады ма?
Ол сіздің қарым-қатынасқа түсуге ниетіңіздің болмай тұрғанын түсінуге бейімділігі бар ма?
Вербалсіз коммуникацияны бағалаудың эксперттік әдістемесі
Жауап бланкі
Мерзімі _______________________________
Аты-жөні ______________________________
Курсқа қатысушы жақсы тыңдаушы бола білуі тиіс және сонымен қатар, өз ойын еркін жеткізуден ұялмауы қажет. «Тыңдамаған сөз жетім...» екенін санаңызда ұстаңыз. Пікірталас жағдайларында дәйекпен сөйлеуі және басқа әріптестеріне шыдамдылық таныта білуі тиіс. «Сабыр түбі – сары алтын» екенін естен шығармаңыз.
Дәріс берушілерді және басқа әріптестеріңізді шынайы көңіл қойып тыңдау және инквизиторлық сипаттағы сұрақтарды қоюдан аулақ болу. «Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің» деген сөзді білесіз бе?
Қарым-қатынасқа түсуші топ мүшелерінің әрқайсысымен вербалсыз қатынасқа түсе алу. «Ымды түсінбеген дымды да түсінбейді» деген сөзді қалай түсінесіз?
Сыпайы сөйлеуге тырысыңыз. «Жылы-жылы сөйлесеңіз, жылан інінен шығады» демеп пе еді?
Әріптесіңіздің әлсіз тұстарын басып айтудан көрі керісінше, оны қолдап, көмек көрсете біліңіз. «Жығылып жатып сүрінгенге күлме» деген бар.
Жалған бейне жасаудан, жалған сөйлеуден аулақ болыңыз. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» емес пе?
Дәріс соңындағы ой-талқыларға белсенді қатысып, осы күндерде үйренген, көрген, білген білімдеріңізді көрсетіп отырыңыз. «Баяғы жартас, сол жартас...»
Асығыс шешімдер жасаудан аулақ болыңыз. Айтатын ойыңызды әбден ойланып, пісіріп барып айтуға тырысыңыз, себебі сіз бұл курста бір үлкен білім мекемесінің өкілі екеніңізді ұмытпаңыз. «Асыққан сайтанның ісі» немесе «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген сөз маржандарын ұмытпаңыз.
Өзіңізді топтың басқа мүшелерінен артық көру, жоғары санау -өте ұят іс. «Бөлінгенді бөрі жейді» деген сөз тағы бар.
Ескерту: өз жауаптарыңыздағы «+» таңбасымен белгіленген сұрақ жауаптарын санап, шыққан нәтижені есептеңіз.
Жауап бергеніңізге көп рақмет!
Тест нәтижесін шығару:
10-8 ұпай – біліктілікті арттыру курсына шынайы ниет білдіріп келгенсіз. Өзіңіздің тарапыңызға айтылған әр сынды, пікірді дұрыс қабылдау қабілетіне иесіз. Жаңаша ойлай білесіз, креативтілік қабілетіңіз жоғары дамыған. Қарым-қатынасқа түсу сізге ләззат сезімін сыйлайды. Ұлттық философиялық құндылықтарды өз өмір тәжірибеңізде үнемі пайдалану – білім философиясын дамытудың бір жолы екенін естен шығармаңыз.
7-5 ұпай - Кез-келген ережелерді сақтауға тырысасыз, бірақ ол үнемі іс жүзінде солай бола бермейді. Әр ұлттық философиялық құндылықтарда терең мағына бар екенін біле тұра, өз өмір тәжірибеңізде үнемі қолдана алмайсыз. Ол көп жағдайда моралдық тұрғыдан шаршауға, өз ісіне қызықпауға, басқалардың пікірімен санаса білу қажеттілігін толық түсінбеуге және т.с.с. жағдаяттарға байланысты.
4-0 ұпай - Өзіңізге айтылған кез-келген пікірді «найзаның ұшымен» қабылдайсыз. Топ мүшелерінен өзіңізді бөліп қарастырасыз және қарым-қатынаста толық ашылу мүмкіндігіңіз жоқ. «Астарлап сөйлеу» шеберлігіне машықтанбағансыз. Бірақ, қоғам адамға емес, адам қоғамға қарап өзгеріске ұшырайтынын ұмытпаңыз. Ал жалғыз адам қоғам құра алмайды емес пе?! Қалжыңға негізделген шындық. Дегенмен, «битке өкпелеп тоныңызды отқа тастамайтын» шығарсыз?!
«Сөйлеудегі сөздердің пайдалану орындылығын меңгеру деңгейлерін анықтауға арналған тест-фрейм;
Нұсқау: Құрметті әріптес, төмендегі айтылған пікірлермен келісесіз бе? Келіспесеңіз «-», сенімсіз болсаңыз «*» немесе келіссеңіз «+»таңбасын қойыңыз. Және неліктен келіспейтіндігіңізді түсіндіріп көріңіз.
Көптен бері таныс адамыңыз сізді көшеде көрсе де соңғы уақытта танымайтын адам секілді өтіп кететін әдет шығарды. Себебін түсіндірген жоқ, тіптен телефонға да жауап қайтармайды. Басқа бір таныстарыңыздан оның сізбен қарым-қатынас жасағысы келмейтіні туралы айтқанын естіп, әбден ыза болып: «Менің жасаған жақсылығымды білмесе өзі білсін, мен де онымен араласқым келіп тұрғаны шамалы» деп себебін білместен ренжіп шыға келесіз..
Сіз бала кезіңізден бір қалада тұрып келесіз, бәрі таныс, үйреншікті. Бірақ өмірде бәрі болады емес пе?! Сіз АҚШ-қа тұрғылықты жер ауыстырып, кетуге мәжбүр болдыңыз. Сіздің ойыңызша, кейбір таныстарыңыз, туыстарыңыз қимай қоштасып жатыр, ал көпшілігі сізден құтылғандарына қуанып жатқан секілді көрінеді. Қоштасу сөзін айтып жатып, қонақтарға «Менен құтылғандарыңа қуанып тұрған шығарсыңдар...» деп айтып қаласыз...
Белгілі мекемеге жұмысқа тұрмақшы болып, түйіндеме тастап едіңіз, сізді әңгімелесуге шақырады. Мекеме бастығының қабылдауына кіріп едіңіз, ол өзіңізден 10-15 жас кіші көрінеді. Сізге бұл ұнамайды. Дегенмен, жұмысқа тұруыңыз қажет. Мекеме бастығы қойылатын талап, шарттармен таныстыра отырып, сізді жұмысқа ала алмайтындығын айтады. Сіз уақытыңызды босқа алғанын айтып, ренжіп, сонымен бірге: «әлі жассың, егер кәсіби шеберлігің, тәжірибең көп болса, мен сияқты маманнан айрылмас едің...» деп айғайлап, есікті тарс жауып кетіп қаласыз...
«Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» деген мәтел тура мен туралы айтылған.
«Төбет орынсыз үрсе, күшік бұзылады» - мен және менің балаларыма қатысты айтылған сөз.
Жауап нәтижелерін өңдеу
«+» - 1 ұпай
«*» - 0,5 ұпай
«-» - 0 ұпай беріледі.
5 ұпай – сөзді орынды пайдалану қабілетіңіз жоғары;
3-4 ұпайға дейін – орташа;
0-2 ұпайға дейін – төмен.
«Вербалсыз коммуникациялық сигналдарды түсінесіз бе?»
этностық қарым-қатынасқа вербалсыз коммуникациялық сигналдардың тигізетін әсерін анықтауға арналған тест-фрейм
Нұсқау: Құрметті әріптес, төмендегі айтылған пікірлермен келісесіз бе? Келіспесеңіз «-» немесе келіссеңіз «+» таңбасын қойыңыз. Және неліктен келіспейтіндігіңізді түсіндіріп көріңіз.
Сіздің түрік көршіңіз бар. Бірде олар келін түсіріп, ұлдарын үйлендіреді. Күнде таңертең жұмысқа бара жатып, келіннің есік алдын сыпырып жүргенін көресіз, бірақ ол сізге қарап амандаспағанына ренжіп, «ой, ұятсыз, тәрбие көрмеген» деп айтып та салдыңыз. Көршіңіз мұны естіп, сізге мән-жайды түсіндіреді, сөйтсе түрік халқының салты бойынша, жаңа түскен келін белгілі бір уақытқа дейін «тілі кесілген» болып есептеліп, ешкімге бетіне қарап сөйлемеуі керек екен. Осы ситуацияда өзіңіздің іс-әрекетіңізді дұрыс деп санайсыз ба?
Сіздің үйіңіздің жанына сыған ұлтты көршілер келіп қоныстанды. Әдетте, көпшілік оларды «ұрлыққа жақын» деп жақтырмай жатқанын еститінсіз, бірақ көзбен көрген жоқсыз. Күндердің бірінде немереңіздің ойыншығы жоғалып кетеді де, көршіңіз алды деген ой келіп, олардың үйіне барып, айтпағанды айтасыз. Үйге келсеңіз немереңіз ойыншығын тауып алыпты, қайдан алдың деген сұраққа: «шоланда жатыр екен, сол жерден алдым» деп жауап қайтарады. Осы ситуацияда өзіңіздің іс-әрекетіңізді дұрыс деп санайсыз ба?
Әр халықтың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір стереотиптерге бөліп жатамыз. Мысалы: ағылшындарды – консервативті халық; француздарды – жеңілқой; немістерді – пысық, еңбекқор; өзбектер – қу; орыстар – тәкаппар; қазақтар – еліктегіш, тойшыл; шешендер – қызу қанды және т.с.с. айтылған пікірлермен келісесіз бе?
Жауап нәтижелерін өңдеу:
Әр жағдаятқа келіссеңіз 2 ұпай, келіспесеңіз 0 ұпай беріп, жалпы қорытындыны есептеңіз.
3-6 ұпай - әр ұлт өкілдерінің өзіндік спецификасына байланысты вербалсыз сигналдарын жақсы тани білесіз және коммуникативтік құзыреттілігіңіз жоғары деңгейде дамыған.
0-2 ұпай – конфликтіге бейімсіз. Өзге ұлт өкілдеріне сенімсіздікпен қарайсыз. Вербалсыз сигналдарды мүлде түсінуге де тырыспайтындығыңыз көрініп тұр.
«Сіз тыңдай білесіз бе?» сауалнама
Нұсқау: Сіздерге 12 сұрақ беріліп отыр. Көп ойланбастан, жылдам
«иә» немесе «жоқ» деген жауаптар берулеріңізді сұранамын. Жауаптарыңыз шынайы болады деп сенемін.
Екінші бар адамның сөзін тез аяқтап, сізге де сөйлеуге мүмкіндік бергенін асыға күтетін кездеріңіз көп болады ма?
Мәселенің анық-қанығына жетпестен шешім қабылдаған сәттеріңіз жиі болып тұрады ма?
«Сіз көбіне өзіңізге ұнайтын ақпараттарды ғана тыңдайсыз» деген қағидамен келісесіз бе?
Әңгіме айтушыны тыңдауда эмоциялық жағдайыңыз кедергі келтірмей ме?
Серіктесіңіз өз ой-пікірін айтып отырғанда сіз көп алаңдайсыз ба?
Әңгіме барысында мағыналы тұсына қарағанда, болмашы ұсақ-түйектерді есіңізде ұстап қалатын сәттеріңіз болады ма?
Өз көзқарасыңыз, ұстанымдарыңыз басқа адамды тыңдауға кедергі келтірмей ме?
Егер серіктесіңізді түсіну қиынға соқса, оны тыңдауды тоқтатасыз ба?
Сөйлешіге деген негативті позиция жиі бола ма?
Сөйлеушінің сөзін жиі бөлесіз бе?
Әңгіме барысында сөйлешінің көзіне тіке қараудан қашасыз ба?
Әңгіме айтушыны кенеттен тоқтатып, өз ойыңыз бен шешіміңізді айтқыңыз келетін сәттеріңіз болады ма?
Нәтижесін өңдеу:
Қатысушылар өздерінің «жоқ» деген жауаптарын есептеулері қажет.
10-12 ұпай. Сіз серіктесіңізді жақсы тыңдай білесіз. Өз эмоцияңыз
оның сөзін ұнатпасаңыз да аяғына дейін, ұғып тыңдауға кедергі жасамайды. Сондықтан көп адамдар сізбен қарым-қатынас жасағанды ұнатады.
8-10 ұпай. Көп жағдайда серіктесіңізді тыңдай білуге тырысасыз. Ұнамаған жағдайдың өзінде оның сөзін аяғына дейін тыңдай аласыз. Егер серіктесіңізден жалығып кетсеңіз дипломатиялық түрде онымен қарым-қатынасты тоқтатуға мүмкіндігіңіз бар. Кей жағдайда оның сөзін бөліп жіберіп, өз ойыңызды айтып үлгересіз.
8 ұпайдан төмен. Өкінішке орай, қарым-қатынасқа түсуде сіз басқа адамдарды тыңдай білу өнеріне машықтанбағансыз. Сіз олардың сөзін көп бөлесіз, сөздің аяғына дейін тыңдауға шыдамдылығыңыз жетпейді. Оның айтқан сөзі ұнамаса, мүлде тыңдамай қоя саласыз.
Психологиялық жақындық өлшемі (Д.Фельдс бойынша)
Референтті топтан басқа адамдардың қарым-қатынас шеңберін анықтауда тағы бір параметр ескерілуі тиіс. Ол – психологиялық жақындық. Психологиялық жақындық әр адамда әр түрлі деңгейде. Ол үшін Д.Фельдстің симпатиялы дистанциялық қашықтықты анықтауға арналған шкаласы (әдістемесі) арқылы зерттеуге болады.
Зерттелушілерге соңғы айларда жақын және қажеттіліктен араласып жүрген адамдардың тізімін жасау тапсырылады. Жұмыс аяқталған соң, берілген шкала бойынша әрқайсысын бағалау керек. Шкала 11 көрсеткіштен тұрады.
Тест:
Ол менің ең жақын досым болуы мүмкін.
Маған жақын адамдар мен оның арасында айырмашылық жоқ.
Өз жанымды осы адамға ашық айтуыма болады.
Бос уақытымды осы адаммен өткізер едім.
Еңбек демалысымды осы адаммен өткізер едім.
Оны өз үйіме қонаққа шақыруыма болады.
Маңызды мәселелерді айтудың қажеті жоқ.
Жауапты тапсырмаларды оған тапсырудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
Онымен бірге жұмыс істегенше, жұмыстан шығып кеткенім дұрыс.
Өз ортама кіргізуге көнбес едім.
Оның балалары болмағанын қалаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
Справочник социального педагога: 5-11 классы/Авт.-сост. Т.А. Шишковец. – 2-е изд.,пере. раб. и доп. – М.: ВАКО, 2007.-336с. – (Педагогика. Психология. Управление).
Әлеуметтік-психологиялық тренинг жаттығулары. – Дарын. Қараша-желтоқсан, 2005.
Баймұқанов М.Т. Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс. Астана – 2005ж.
Батталханов Е., Жақсыбаева М «Қиын» оқушылармен жұмыс ерекшелігі», Тәрбие құралы, 4/2005.
Бұзаубақова К. « «Өзіңді-өзің тани біл!» педагогикалық тренингі», Бастауыш мектеп - №10,2006.
Білім туралы ҚР Заңы. – 2007ж.шілденің 27-сі.
БҰҰ Баланың құқықтары туралы халықаралық конвенция. 1989.
«Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен түзетушілік-педагогикалық жұмыс атқару» К.М. Арымбаева. Шымкен -2003.
Неке және отбасы туралы. ҚР Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2006.-68б.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: 2008.
ҚР баланың құқықтары туралы. ҚРЗ. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 20 б.
Сағымбекова А. ««Қиын бала» мәселесі әлі де қиын» Тәрбие құралы, №/2004.
Социальная педагогика: введение в специальность. А.Н. Тесленко., М.С. Керимбаева . А.2005.
Милованова В.Д. «Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорынан көмек м көрсету туралы». №6 (30)-2009.
Стамкулова Ж.К. «Оқушылардың әлеуметтік өзгерістерге бейімделуін қалыптастыру», Әлеуметтік педагог журналы, №5, 2009ж.
Сынып жетекші. Әдістемелік құрал. 2007.
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................................3
І Бөлім. Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік нұсқаулық--------------------4-14
ІІ. Бөлім.Әлеуметтік педагогтің өз қызметін жүргізудегі басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттары--------------------------------------------------------- 15-26
ІІІ. Бөлім. Әлеуметтік педагогтің өз жұмысын ұйымдастырудағы
іс-қағаздары----------------------------------------------------------------------------------- 27-79
ІҮ. Әлеуметтік-пихологиялық тренинг жаттығулары ------------------------------- 80- 168
Пайдаланған әдебиеттер........................................................................................ 169