Презентация Эмпатияның даму деңгейін анықтауға арналған тест

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Эмпатияның даму деңгейін анықтауға арналған тест


Нұсқау: Білмеймін – 0 балл

Жоқ, ешқашан – 1 балл

Кейде – 2 балл

Жиі – 3 балл

Көбінесе – 4 балл

Ия, әрқашан – 5 балл

  1. Маған саяхат туралы және ұлы адамдар туралы кітаптар көбірек ұнайды

  2. Ересек балаларға ата – анасының көмегі ұнамайды

  3. Адамдардың сәтті және сәтсіз істерін ойлағанды жақсы көремін

  4. Бүкіл музыканың ішінен поп музыка ұнайды

  5. Ауру адамдардың ұзаққа созылған қиын мінезін көтере білу керек

  6. Ауру адамдарға сөзбен де көмектесуге болады

  7. Екі адамның жанжалына бөгде біреудің араласпауы керек

  8. Үлкен адамдар себепсіз тез ренжіп қалады

  9. Бала кезімде аянышты оқиғалар менің көңілімді босататын еді

  10. Ата – анамның көңілсіз болуы маған әсер етеді

  11. Маған айтылған сынға қатты қайғырамын

  12. Пейзаждан гөрі адам портреттері ұнайды

  13. Ата – анамдікі дұрыс болмаса да мен оларды кешіремін

  14. Егер ат алға жүрмей қойса, аяусыз қамшылау қажет

  15. Кейбір оқиғаларды оқығанда мен өз басымнан өткендей әсерде боламын

  16. Ата – аналар балаларына әділ қарайды

  17. Ұрысып жатқан үлкендерді көргенде мен араша түсемін

  18. Мен ата – анамның шамалы көңіл күйін қаперіме де алмаймын

  19. Мен қолымдағы ісімді тастай салып, жануарлардың қылықтарын тамашалағанды жақсы көремін

  20. Фильм мен кітаптағы оқиғаларға тек жеңілтек кісілер жылайды

  21. Бейтаныс адамдардың бет - әлпетіне қарап, мінез – құлқын болжағанды ұнатамын

  22. Бала кезімде ит, мысықтарды үйге алып келетін едім

  23. Адамдар себепсіз қатыгез болып барады

  24. Басқа адамдарға қарап, олардың өмірін өмірін болжаған ұнайды

  25. Бала кезімде өзімнен кішкентайлар қалмайтын еді

  26. Жарақаттанған жануарларды көргенде оларға көмектескім келеді

  27. Бір нәрсеге шағымданған адамды тыңдасаң, оған жеңіл болады

  28. Көшедегі оқиғаларды көргенде оларға куәгер болғым келеді

  29. Адамдар жануарлар өз иелерінің көңіл күйін сезінетінін қосып айтады

  30. Менің істеген істерім кішкентайларға ұнайды

  31. Адам өз бетімен ойламаған жағдайлардан шешім таба білуі кереки

  32. Сәби себепсіз жылайды

  33. Қарт адамдардың сұраныстары мен өтініштерін жастар үнемі қанағаттандырулары қажет

  34. Қараусыз қалған үй жануарларын қамқорлыққа алу қажет

  35. Менің қасымдағы адамды ойландыратын мәселені білгім келеді

  36. Егер достарым ө мәселелері туралы айта бастаса, мен әңгіменің тақырыбын өзгертуге тырысамын





Интерпретация:


89-90 балл. Эмпатиясы өте жоғары дамыған. Қарым – қатынаста адамдардың көңіл күйін айтқызбай – ақ ұғып тұрасыз. Адамдардың арасында ауыр сезінесіз. Адамдар, балалалр сізден ақыл – кеңес күтеді. Кінәлілік комплексі пайда болады. Жақын адамдарды ойлап, әрқашанда уайымдайсыз. Бәрін көңіліңізге аласыз. Сезгіштіктен ұйықтай да алмайсыз. Бұл бұдан әрі жалғаса берсе, неврозға әкелуі мүмкін. Өз денсаулығыңызды ойлаңыз.


63-81 балл. Эмпатиясы жоғары адам. Сіз проблемаларды түсініп, сезінесіз. Сізді адамдар қызықтырады. Эмоциялық қарым – қатынас орнатып, тез тіл табыса аласыз. Қарым – қатынаста конфликтке бармайсыз. Сынға өте төзімдісіз. Әр түрлі жағдайға түскенде, таңдағанда сезіміңізді +интуицияға сүйенесіз. Жалғыздықтан гөрі көпшілікпен жұмыс жасағанды ұнатасыз. Бірақ ұсақ түйек жұмыста ұқыпты емессіз.


37-62 балл. Эмпатия орташа. Басқа адамдар туралы, олардың мінез – құлықтары, көзқарастары арқылы пікір қалыптастырасыз. Сезімге көп сенбейсіз. Эмоцияларды бақылай аласыз. Өз пікіріңізді өзгелер қолдайды – ау деп ойлағанда ғана айтасыз. Әдеби кітаптардағы, фильмдердегі сезім, эмоция емес, сюжет қызықтырады. Сіз өзіңізді еркін ұстамайсыз. Бұл қоршаған ортадағы өзге адамдарды қабылдауға кедергі келтіреді.


12-36 балл. Эмпатиясы төмен. Бұл адамдарға басқалармен қарым – қатынас орнату өте қиын. Көпшіліктің ортасында өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз. Жұмысты жалғыз жасағанды жақсы көресіз. Достарыңыздың іскерліік қасиетін, ақылдылығын көбірек бағалайсыз. Кейде адамдар сізге тиісті зейінін бөлмейді деп сезінесіз. Егер басқа адамдарға көбірек көңіл бөлсеңіз, қажеттілігін қабылдасаңыз өз - өзіңізді өзгертуге болады.


11-ден төмен. Эмпатиясы өте төмен. Әңгімені бірінші бастауға қиналады. Әсіресе, Өзінен үлкен – кіші адамдармен қарм – қатынасқа түсу қиындық туғызады. Бұл адамдар өз бетінше және жеке жұмыс жасағанды ұнатады. Өзіне бағышталған сынды көтермейді. Өнерге қарағанда спорттық сайыстарды ұнатады. Өмірде бұл адамдарға қиын. Сондықтан оларға түсіністікпен қараған жөн.