Күні:
Сыныбы:
«Мен зейінді баламын» психологиялық тренинг
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын, көру зейінін дамыту. Көңіл – күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: оқушылардың зейін тұрақтылығын ойын-жаттығу арқылы дамыту, практика жүзінде қолдана білуін қалыптастыру. Баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру.
Түрі: тренинг-сабақ
Пайдаланылатын әдістер: талдау, болжау, сұрау т.б.
Жоспар:
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері (психологиялық тренинг «Танысу» )
Зейінді дамытуға арналған ойындар, жаттығулар.
Жүректен жүрекке (Ойын «Тілек» )
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметтеп
Бас иеміз біз
«Бетперделер»
Әрбір сабақты көңіл – күйді сұраудан бастаймыз. Ол үшін мен үш бетперде дайындаймын. Онда 3 келбет бейнеленген: көңілді, мұңды, ашулы. Оларға мұқият қарап. Сабаққа келген көңіл күйіңізді таңдап және не үшін екенін түсіндіруіңіз керек.
2. Шаттық шеңбері.
Психологиялық тренинг «Танысу»
Мақсаты: Топ арасында жағымды қарым-қатынас орнату, өздерін бағалауға дағдыландыру.
Нұсқау: Әрқайсысы шеңбер бойымен өз есімдерін және есімнің бас әрпінен келетін өз бойындағы бір оң қасиетті атау қажет
Мысалы: Маржан-мейірімді, Асылжан-ақылды, Ердос- еңбекқор т.б.
3. Зейінді дамытуға арналған ойындар, жаттығулар.
Ойын «Сенемін-сенбеймін»
Мақсаты: Зейіннің тұрақтылығын дамыту. Балалар шеңбер құрып тұрады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып былай деп айтады.
- піл ұшады;
- құстар апанда ұйықтайды;
- балықтар құрлықта өмір сүреді;
- түйе шөлге шыдамды;
- жылқыда өт жоқ;
Балалар психолог тек шындықты айтқан кезде ғана доптықағып алулары керек.Егер бала жаңылсып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту кәртішкесі беріледі. Бір ескерту алмалған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.
Жаттығу. «Аса зейінді»
Ойынға қатысушылар жартылай шеңберленіп тұрады да іштерінен жүргізушіні таңдап алады. Жүргізуші ойыншылардың қалай тұрғандығын есіне сақтап тұрады. Содан соң теріс айналады да, қатты дауысымен ол ойынға қатысушыларды ретімен атап шығуы керек. Жүргізуші орнына, ойынға қатысушылар кезекпен болып тұрады.
Мюнстенберг әдістемесі
Бұл әдістеме тұлғаның зейінінің анықтауға бағытталған.
Құрылымы: Көрсетілген әріптердің ішінде сөздер құрастырылған. Сіздің міндетіңіз тез арада барлығын қарап шығып, арасындағы сөздерді тауып белгілеңіз. Бланкімен жұмыс істеу уақыты – 1 минут Тапқан сөздердің санын шығарып қатесін белгілеу керек.
Мюнстенберг әдістемесінің үлгісі
Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдолғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкорушгдзейінждыжэхзппбалашещз білімгещскезеңолвщкміндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопг педагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуатақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат
Дұрысжауаптар: Ағаш,шырша,дарын,таным,оқу,нәтиже,жыл,мектеп,ғылым,әлеумет,оқушы,көру,зейін,бала,білім,кезең,міндет,облыс,дамыту,ойын,әрекет,педагог,уақыл,басшы,атақ, тәжірибе,тұқым,құрал,сезім,сынып.
«Әріп жұмбақтар»ойыны.
Оқушыларға әріп жасырылған жұмбақ беріледі.
Лақта бар, қозыда жоқ
Ласта бар, тазада жоқ
/Л/
Ешкіде бар, қойда жоқ,
Елде бар, тойда жоқ
/Е/
Терезеде бар, керегеде жоқ
Темірде бар,көмірде жоқ
/Т/
Құлында бар, тайда жоқ
Қыратта бар, сайда жоқ
/Қ/
5. Жүректен жүрекке.
Ойын «Тілек»
Мақсаты: Оқушылар арасында өзара қайырымды, мейірімді қатынас тудыру.
Ойын басында балалар шеңбер болып отырады. Психолог балаларға «Біз бүгін бір-біріңізге қандай тілек тілейсіз? – деп сұрайды. Ойынға қатысушы балалар бір-біріне өздерінің тілектерін айтады».
Күтілген нәтиже: Бұл тренингте ойын, жаттығу жасату арқылы оқушылар бір-бірін жақсы білуге, өз ойларын бөлісуге, ашық болуға, жақсы көңіл-күйде болуға үйренеді. Өтілген тренингтің қорытындысы бойынша, оқушыларөздерін еркін ұстап, ойларын ашық айта береді.