« Қарым- қатынас» тренинг сабағы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7-8 сынып.

« Қарым- қатынас» тренинг сабағы 
Мақсаты : Оқушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа , достыққа , шындыққа , тәрбиелікке үйрету. 
Сәлемдесу. Менің тренингтік есімім. 
Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады. 
Жүргізуші оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап,қортындылай келе тренин сабақтың ережесін түсіндіреді. 
ЕРЕЖЕ: 
1. Құпиялылық 
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз 
3. Белсенді боламыз 
4. Бір-бірімізге ренжімейміз 
5. «қазір» және «осында» принціпі 

«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы 
Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек.Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек. 

" Ұқсастық шегі ." жаттығуы 
Шарты : Қатысушылар жұптасып отырады , А 4 қағаз беті және қалам қажет . Жанындағы жұбына қарап , ұқсастықты тауып , " Біздің ұқсастығымыз ." деп А 4 қағаз бетіне жазады . Ұқсастық табу үшін 4 мин уақыт беріледі . Жаттығуды орындағаннан кейін , жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын оқып ,өз ойларын айтады . 

" Пульс ойыны" 
Дөңгеленіп отырамыз . Қатысушылар бір – бірінің қолынан ұстайды . Бір ойыншы ортаға шығады . Жүргізуші " басталды " деген белгі бергенде ойыншылар кезекпен қолдарын қысады . Ортадағы ойыншы пульстың қайда кетіп бара жатқанын табу қажет . Жүргізуші "тоқта "деген белгі береді 
«Қатып қалу »жаттығуы. 
Топтың бір мүшесі қозғалыссыз бір қалыпты қатып қалуы тиіс. «Реаниматордың»мақсаты оның рөлінде топ мүшелерінің бірі болады «тірілту» бұл адамды еріту болып табылады. Бұл үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады мимика, көзқарас, сөздер және т.б ескеретін жайт «қатып қалған» адамға қол тигізбеуі тиіс. 
Сәтті жұмыстың белгілері- «қатып қалғанның» еріксіз күлкісі және т.б болады.Содан кейін ортаға басқа біреу шығып, қатып қалады да жаңа «реаниматор» оны тірілтеді, бұл әрекет ары қарай жалғаса береді. 
«Суретті аяқта» жаттығуы 
Оқушыларға алдын ала даярлаған плакатта немесе тақтада бір нүкте салынады. Оқушылар кезек -кезек шығып,сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап ,әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды. 
«Менің құндылықтарым» жаттығуы 
Біз көптеген асыл қасиеттерді табиғат иелерінен де үлгі қыла алмыз. Мысалы: Ара, құмырсқа, көбелек, құстар. Осылардың ішіндегі араға тоқталайықшы. Олар өте еңбекқор, ынтымақшыл, қайырымды. 
Адамдар да сол сияқты әр түрлі жақсы қасиеттерді игерген, ал қазір жағымды қарым қатынас орнату үшін адамға қандай қасиеттер мен біліктілік қажет екенін айтыңдаршы! Барлығының ойын тыңдап қортынды жасалады. 
Қоштасу Бір-бір бетке қатысушы балалардың аты-жөні жазылады. Сол бетке кез келген бала сол балаға тілектерін және не сыйлайтынын мысалы: «Қанат мен саған үлкен бақыт сыйлаймын немесе саған ашық мінез сыйлаймын!» деп жазуы керек.