[link]
Тақырыбы: Мамандығым- мерейім.
Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық
белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы
білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру.
Міндеттері:
- Кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру;
- Кәсіптік бағдар беру;
- Кәсіптік мамандықтарға деген ынта-ықыластарын анықтау және т.б.
Сабақ түрі: тренинг.
Тренингке қатысушылар: 9 сынып оқушылары.
Тренинг ережелері:
1. Сыйластық; 2. Тыңдай білу; 3. Сөзді бөлмеу; 4. Белсенділік таныту; 5. Шығармашылық; 6. Төзімділік; 7. Түсіністік қарым-қатынас.
Көрнекілігі: ақ парақтар, мамандық аттары жазылған карточкалар, доп, түрлі түсті парақтар, ақ ватман.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме жұмыстар, психологиялық тест, сауалнама, дидактикалық ойындар.
Сабақ барысы:
1. «Танысу» жаттығуы. Шарты: кез келген оқушыға бір мамандықты атап, допты лақтырамын. Қағып алған оқушы, жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті айтады. Мысалы: Мұғалім – механик, т.б. Ойын осылай жалғаса береді.
2. Негізгі бөлім. Кіріспе.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдарымен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалу, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң, т.б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзің, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген адам сұрақ қоймайтын кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Осы көп салалы мамандықтарға әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативттік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
1. 3. «Сіз кімсіз?» тесті. Қатысушыларға жай адамның бойында кездеспейтін керемет қабілеттердің бірін таңдау ұсынылады. Содан кейін қорытындысы ұсынылады.
1. Биікке ұша білу қабілеті. Сізге болған жағдайды сол қалпында қабылдау оңай, іс-әрекетте тәуелсіздікті ұнатасыз, өз бетіңізбен шешім өабылдағанды жақсы көресіз, оның ішінде қауіпті шешімді де. Сізден жақсы ұшқыш немесе саясаткер шығады. Әлемді өзгертетін жаhандық жоба туралы ойланыңыз.
2. Өткен ғасырларға саяхат жасай алу қабілеті. Сізді юолған жайттың себептері қатты қызықтырады. Өткен қателіктерден сабақ алып, үйренуді ұнатасыз. Сізден жақсы сарапшы, тарихшы, жазушы, археолог, ғалым шығуы мүмкін.
3. Көрінбей қалу қабілеті. Көлеңкеде қалып, айналада не болып жатқанын білуге құмарсыз. Проблеманың түбірін тауып мәнжайдың себебін анықтауды жөн көресіз. Басқалар тіпті ойламаған істің шешімін табуға қабілеттісіз. Физика, математика, саясат, медицина-назар салар кәсіп салалары.
4. Басқа адамдардың, заттардың бейнесіне айнала алу қабілеті. Сіз кез-келген ортаға,жағдайға оңай сіңсіп кете аласыз. Басқа адамның көңіл-күйін, қайғысын ұғу, өзіңізді соның орнына қою оңай. Жазушы, актерлік мамандықтары сізге сай келуі мүмкін.
5. Басқа адамдардың ойын оқи алу қабілеті. Сіз сөздің артында нақ не тұрғанын сезе білесіз. Адамды жарты сөзден түсіну, басқа адамның мінез-құлқын есепке алып, оның әрекетін алдын-ала көре білесіз. Басқа адамдардың не сезіп, не ойлайтыны бұл адамға маңызды. Мамандықтары заңгер, психолог, мұғалім, социолог.
3. «Әріпті мамандық» ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айту керек.
1 топ: «А», 2 топ: «Б», 3 топ: «М».
4. Сергіту жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың бірін – біріне деген сенімділіктері арта түсуі үшін.
Нұсқау: Жағдай оқылыды. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.
Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта.
Кімнің бойы 1.65 ұзын болса, «Кинг Конг» деп айқайласын.
Кімнің бойы 1.65 қысқа болса, «Алақай деп айқайласын.
Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын.
Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.
Иттерді жақсы көретіндер үрсін.
Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын.
Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін.
Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрып айналсын.
Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін.
Емтихан тапсыруға қорықпайтындар «Алға!» деп айқайласын.
Өздеріне сенімсіздер «Көмек қажет» деп айтсын.
Осы тренингке қатысқандарына қуанатындар «Қуаныштымын!» деп бес рет айтсын.
5. «Мамандықты тап» ойыны.
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
6. Суретті тест. Тренингтен алған әсерің.
Қатысушыларға ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерің, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті – тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.
Жаңбырдың суреті – ешқандай әсер алмағаны.
Ақпарлама
Тақырыбы: «Мамандығым - мерейім» тренингі
Максаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық
белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы
білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру.
Іс- тәжірибеден өтуші: Ж.Гылышжанова
Уақыты: 16.04.2016
Қорытынды нәтижесі: