Баяндама на тему Суицидалдық мінез құлықтың алдын алу тәсілдері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Бөкейордасколледжі МКҚК

Бөкейордасы колледжі МКҚК







Баяндама:

Суицидалдық мінез құлықтың алдын алу тәсілдері




Психолог: А.А.Халиуллина










Сайқын , 2016

Суицид – адам жанының азапқа батып, санасы тарылып, ішкі үлкен дағдарысқа ұшырататын, өмірдің керек еместігіне алып келетін психологиялық күйзеліс.

«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы қасақана өз өмірін қию.

Суицид әрекеті дегеніміз - саналы түрде өз өмірін қандайда бір жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соңы өліммен аяқталмаған іс-әрекет. Өз өмірін қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін.

Суицидент – суицид әрекетіне барған, немесе суицидке бейімділігін білдіретін адам.

Зерттеуге сүйенсек, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының:

  • 41% жұмбақ жағдайда;

  • 18% жол күйзелісінің салдарынан;

  • сондай-ақ 19% кесімді жазадан қорыққаннан;

  • 18% отбасылық жағдайлардан;

  • 6% махаббат «ауруының» салдарынан болған.


Мемлекеттік статистика

  • Мамандар жыл сайын Қазақстанда 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6-8 суицид фактісі тіркелетіндігін айтады.

  • Еліміз суицид таралымы бойынша 193 мемлекет арасынан 3 орында, ал жасөспірімдер суициді жөнінен Ресейден кейін 2 орында тұр

Өзін – өзі өлтірудің себептері:

  • Қатты ренжуі, жалғыздық, жабырқаушылық, жұртқа жұмбақ болып көрінуі;

  • Ата – ананың сүйіспеншілігін сезінбеу, қызғаныш, махабаттағы сәтсіздік;

  • Ата – аналардың қазасы, ажырасуы, біреуінің жанұясын тастап кетуі;

  • Өзін кінәлі сезінуі, ұятты болуы, қорлану, ар – ұятының тыным бермеуі, өзіне – өзі риза болмауы;

  • Мазақ, күлкі болудан қашу, мезгілсіз жүкті болу, махабаттағы күйініш-сүйініштер.

  • Жазаланудан қорқу, кешірім сұрауға бата алмау;

  • Кек алу, зығырданы қайнау, қауіпті сезіну, бопсалау;

  • Жұрт назарын өзіне аудару, аяныш туғызу үшін, күрделі жағдайдан құтылу;

  • Жолдастарына, оқыған кітаптары мен кино кейіпкерлеріне еліктеу.

Жасөспірімдер СУИЦИДІ 3 топқа бөлінеді:

А. Е. Личконың пікірі бойынша, суицидалдық мінез-құлық жасөспірімде:

  1. шынайы;

  2. аффективті;

  3. демонстрациялы болып келеді.



Бірінші тип: Шынайы суицид

Шынайы жасөспірімдік суицид

Жасөспірім өз өмірін қиюға бекінеді және бәрін бастан аяқ жақсылап жоспарлайды.

Егер сәтсіз аяқталса, уақыт өте келе әрекетін қайталайды.

Екінші тип: Аффективті (сезімтал) жасөспірімдік суицид.

Бір мезеттік өтпелі сезімнің күшті әсерімен жасалатын әрекет. Егер әрекеті сәтсіз аяқталса, жасөспірім оны қайталамайды.

Үшінші тип: Демонстрациялы суицид

Демонстрациялы суицид

Бұл жағдайда жасөспірім өз-өзін өлтіруге тырыспайды, оның мақсаты – өзіне назар аударту. Бұл жағдайда аман қалу мүмкіндігін қарастырады, өзіне қол жұмсау бірнеше рет қайталанады,өкініштісі,өзі күтпеген өліммен аяқталуы мүмкін.

Өзіне – өзі қол жұмсау алдында мына жағдайлар жиі кездеседі:

  • Сабақ үлгерімі төмендейді;

  • Қарым – қатынасы шектеледі;

  • Қызығушылық деңгейі баяулайды;

  • Көңіл – күйі болмайды, тез ашуланады;

  • Тәбеті төмендейді немесе ашқарақ болады;

  • Өлім туралы әңгіме айтады немесе қорқытады;

  • Жеке заттарын ретке келтіреді;

Достарына алғыс сезімін білдіріп, жылы қоштасады;







Көмектесу үшін не істеуге болады?

1. Суицидке бару себебін ашатын кілтті табу керек. Болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе мінез-құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы тілек-талаптарын білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті үзілгендіктің көрініс беруін бірден байқап, жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау керек.

2. Қамқорлық қарым-қатынас орнату.
3. Мұқият тыңдай білетін тыңдаушы бола білу
4. Үміт ұялату

Суицидтен құтқару тек достарының қамқорлығы мен жылы қарым-қатынасынан ғана тұрмайды, сонымен бірге төнген қауіптің белгілерін тез арада аңғара білуге де байланысты. Сіздің сол қауіп туралы біліміңіз, ақпаратты меңгеруге деген ұмтылысыңыз біреудің өмірін құтқарып қалады

Егер жасөспірімнің суицидке жақындығын байқаған болсаңыз, төмендегі ақыл-кеңеске жүгініңіз:

1. Жасөспірімді мұқият тыңдаңыз. Кім болса да жабырқаңқы кездерінде өзін тыңдап, мүсіркейтін адаммен тілдескісі келеді. Баланың жұмбақ сөздеріндегі басты мәселені түсінуге тырысыңыз.

2. Бала ойының қаншалықты шындыққа жанасатынын саралап қараңыз. Оның суицид туралы жоспарының қаншалықты нақты екенін анықтауға тырысыңыз, жоспарының нақтылығы неғұрлым қауіптірек.

3. Көңіл-күйінің қаншалықты жабырқаңқы екенін бағалаңыз. Жасөспірімнің барлығы бірдей өз-өзіне қол жұмсауға бел буа бермейді. Кеше ғана өзін тым жабырқаңқы сезінген адамның аяқ-асты белсенділігі бізді бей-жай қалдырмауы тиіс. 

4. Қандай да болмасын реніш пен шағымға баса көңіл бөлуіміз керек. Не айтса да сабырмен қабылдауға тиіспіз. Олар өзін іштей жеген мазасыздықты жасырып қалып, ашыла қоймауы да мүмкін. 

5. Балаңыздан өз-өзіне қол жұмсау туралы ойы жоқ па екендігін байыппен сұрап көріңіз. Мұндай сұрақтың залалы аз екендігін тәжірибеден білеміз. Жасөспірімдер көбінесе іштей мазалаған жайтты ашық айтуға тырысады. 







Егер сіз мына сөздерді естісеңіз

Міндетті түрде былай айтыңыз

Ал былай деп айта көрмеңіз

«Барлығын жек көремін…»

«Балам, мен бірдеңе болғанын сезіп жүрмін. Сол жөнінде сөйлессек қайтеді»

«Мен сенің жасыңда…сен не болса соны айтып отырсың!»

«Бұдан шығар жол жоқ, бәрі бекер»

«Сенің жабырқаңқы екеніңді сеземін. Біздің барлығымыз да кейде сондай сезімде боламыз. Қазір басымызда қандай мәселе бар екендігін анықтап алайық та, біріге отырып содан шығар жол қарастырайық»

«Сен өздерін сенен де жаман сезінетіндер туралы ойласайшы»

«Мен жоқ болсам, басқаларға жақсы болар еді!»

«Сенің мен үшін және баршамыз үшін алатын орның ерекше. Мені сенің қазіргі көңіл-күйің мазалайды. Сол жөнінде сөйлесейікші»

«Босқа сөйлеме. Одан да басқа нәрсе туралы айтайық»

«Сендер мені түсінбейсіңдер!»

«Қазір қандай сезімде екендігің туралы айтшы. Мен сені түсіну үшін барымды саламын»

«Сені түсіну қайда маған!»

«Мен бір жаман әрекет жасадым»

«Сен өзіңді кінәлі сезінетін сияқтысың, балам. Көңіліңдегіні маған ашып айтшы»

«Сонымен не айтпақшысың? Бол, тез айт!»

«Менің қолымнан ештеңе келмейді»

«Сен қазір күшің таусылғандай сезімдесің. Мұны өзгерту үшін не істеу керек екендігі жөнінде сөйлесейік»

«Қолыңнан ештеңе келмегені аса қатты тырыспағаныңды білдіреді!»

         

Төмендегі ережені ұстаныңыз:

1. Өзіңіздің көмектесе алатыныңызға сеніңіз; 

2. Сабырлы болыңыз; 

3. «Бар да, қолыңнан келгенді істей ғой» деген сөзді ешқашанда айтпаңыз; 

4. «Сен өзіңді олай сезінетін себебің...» деп бастап, оның іс-әрекетін талдаудан аулақ болыңыз; 

5. «Сен өзіңді өлтіре алмайсың, себебі...» деген сияқты сөздермен жасөспірімді ақылға шақыруға тырыспаңыз және дауласпаңыз; қолыңыздан келетін жақсылықтың барлығын жасап көріңіз.