11 сыныпқа психологиялық сабақ
Тақырыбы: «Емтихан және денсаулық»
Мақсаты: Емтиханға, ҰБТ - ға дайындау және тапсырған кезінде түлектерге жан күйзелісін болдырмау, өзін- өзі ұстауы, сенімділігін арттыруға көмектесу.
1 – жаттығу: «Амандасу»
Сәлем досым (қолмен амандасады)
Сен осында өзін – өзің қалай сезінесің? (бір – біріміздің иықтарымызды шапалақтаймыз)
Сен қайда болдың? (бір – біріміздің құлақты жұлқылаймыз)
Мен сені сағындым (екі қолды жүрекке қоямыз)
Сен келдің! (екі қолымызды алдымызда жаямыз)
Бәрікелді, тамаша (құшақтасамыз)
Біз сіздермен емтихан және денсаулық жөнінде сөйлесеміз. ҰБТ және емтихан денсаулыққа қандай әсер тигізеді және қалай өзіне көмектесуге болды.
Карточка тарату
2 – жаттығу: «Ассоциация».
Ұ Б Т әріптеріне байланысты ассоциация жазу.
Мына сұраққа жауап беріңдерші. Еске түсіріңдерші ҰБТ болған кезде сіздер қандай сезімде отырасыңдар.
Молекула ойын
2 топқа бөлу
Әр топқа ватман берледі, адамның суретін салу және қызыл маркер берледі. Оқушылар бірге пікірлесіп «ҰБТ біздің денсаулыққа және ағзамызға, дененің мүшелеріне қандай зиян келтіреді қызыл маркермен бояңдар». Постерді тақтаға ілу, талқылау »
1 топ ҰБТ – ға дайындық кезінде саласыңдар
2 топ ҰБТ тапсырған кезінде саласыңдар
Қараңдаршы біздің адамдар дайындық кезінде және емтихан тапсыр алдында біздің денсаулық (ағзамыз) бірдей күйзеледі.
Көру
Омыртқа
Бас ауруы
Асқорытқыш жүйе
Жүрек
Жүйке жүйе
Біздің адам қызыл түске айналды.
Не істеу керек?
Өз өзіңді құтқару
Бұл тек қана басы
Өз өзіне көмектесу және ол үшін не істеу қажет.
Қазір сіздер ҰБТ –ға байланысты ұсыныстар жазасыңдар.
Бірінші топ: ҰБТ – ға дайындалған кезінде
Екінші топ: ҰБТ тапсырған кезінде
3 – жаттығу: Агрессиядан, стресстен шығу жолдары. Газет жырту, оны лақтырып, шашу.
4 – жаттығу: «Сиқырлы сандықша». Сіздерге осы сандықшада не жатқанын табу керек. Мен сіздерге көмектесіп жіберем. «Ол зат адамның көңіл күйін көтереді»
5. Рефлексия
Алғыс жазу, өтініш, қандай жаңалық алдың , не ұнады, не ұнамады,