Адамның азаматтық тұлғасы.7-сынып КМЖ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Байболова Алмагүл Нұралықызы

Пән: өзін-өзі тану Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы

Адамның азаматтық тұлғасы

Мақсаты

Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету.

Міндеті

- Азаматтық тұлға, азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру;

- Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру;

- Оқушыларды алдарына саналы мақсат қойып, қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Толеранттық тәрбиені бойына сіңіре отырып, елінің патриоты болу жолында аянбай еңбек ете алады.

Оқыту әдістері

Оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру әдістері (түсіндірушілік-көрнекілік), диалогтық оқыту

Дереккөздер

7 сыныпқа арналған әдістемелік нұсқаулық

Тапсырмалар

жұпта, топта талқылау, постер қорғау, жаттығулармен жұмыс.



Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

М.Шахановтың «Рух пен тіл

Жаңа сабақ

Миға шабуыл: «Азаматтық», «Азаматтық парыз», «Жақсы азамат болу» дегенді қалай түсінесіңдер?

Өз еліңнің азамты екеніңді қалай көрсетер едің?

Жеке және топпен жұмыс орындайды.

Үй тапсырмасын сұрау

Дәптермен жұмыс

Оқушылар бір-бірін тексереді.

Жаңа тақырып

Сабақтың тақырыбы таныстырылады. Арнайы дайындалған слайдттар Мәтінмен жұмыс С.Әшімбаевтың «Парасатқа құштарлық» еңбегіндегі «Азаматтық формуласы» ой толғанысынан үзінді оқуға беріледі

Топтасып, жұптасып жұмыс жасайды, бір-біріне оқушылар өздері өздері оқыған бөлімдері туралы елесі топқа айтып түсіндіреді.

Сергіту сәті

«Мүсін» ойынын жүргізу

Ортаға 3 топтан шыққан оқушылар екеуі мүсін көрсетіп, біреуі табады. Көрсетілетін мүсіндер тақырыпқа сай болуы тиіс

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды өз бетімен ізденуге, беталыстары мен мақсат, міндеттеріне есеп бере білуге үйрету мақсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген: «Менің азаматтық ұстанымым» тақырыбында эссе жазыңдар. Тапсырма оқушы дәптерінде орындалады. Тапсырманы үйге орындауға беруге болады.



Топтық жұмыс , оқушылар топпен, жұппен жұмыс жасайды.

Қорытындылау

Дәйексөз

Оқулықта М.Шахановтың «Үлкен болып қалу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға!» деген өлең жолы дәйексөз ретінде берілген.


Мұғалім дәйексөздің мағынасын оқушылармен бірге талқылап, мағынасын түсіндіріп береді.


Үйге тапсырма

1-2 тапсырма

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Жеке жұмыста, топпен жұмыста ерекше көрінген оқушыларға смайликтер тарату,оқушыларға ауызша ынталандыру сөздерін арнау

Жеке жұмыста, топпен жұмыста ерекше көрінген оқушыларды бағалау, бағаланбаған оқушыларды ауызша ынталандыру сөздерін арнау

Жүректен - жүрекке

М.Шахановтың «Байлық пен бақыт» өлеңін айтады

Балалар бірлесіп ән айтады

Рефлексия

Бағдаршам әдісі

Бағдаршаммен өздерін бағалайды