Урок по самопознанию на тему Өмір - шексіз керуен

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


2сабақ

Мектеп Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін №12 Нұра орта мектебі

Мерзiмі:

Тақырып: Өмір-шексіз керуен

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм: Егимбаева М.С.

Сынып 11 «а»


Сабақ мақсаты: - «Өмір» құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеті: Білімділік: - өмір сырын түсіну,өмір сүру жолдары туралы ұғым беру;

Дамытушылық: - өмірден өзіндік орнын,өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу;

Тәрбиелік: - өзіндік ойлау,пайымдай алу,шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық



2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Уақыт адам өмірінен тыс үнемі жылжитын құбылыс екенін жұрттың барлығына мәлім.Күнделікті өмірде оны бітпестей,өтпестей көретін,мән бермей,есіл уақытты текке өткізетін жандар да аз емес.Уақыттың қаталдығы-қайта айналып келмейтінінде,қайырылмас,қатал төрешілдігінде.Осы реттегі жайларды ескере келіп,уақытты пайдалану туралы ұрпаққа ой салу үшін,оны үдеріске тереңірек үңілдіру мақсатында М.Мақатевтың өлеңі оқытылады.

М.Мақатаев

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер,замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді

Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Өтеді ғой...

Өтеді барлығы да,

Күн арқалап кетеді таңды мына.

Менің жаным ашиды барлығына:

Таң нұрына, адамның тағдырына.

Менің жаным ашиды өткендерге,

Жаңа ғана өмірге жеткендерге.

Ұран жазып аспанға қойсам ба екен,

Енді сендер өмірден өтпеңдер деп.



  • Уақыттың адам өміріне ықпалы қандай?

  • «Өмірден өтпеңдер» дегенді қалай түсінесіз?

  • Өз өміріңді қалай өткізер едіңіз?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Әрбір таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды.

Халық даналығы


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Жаңа ұғымдарға назар аударып,қабылдауға оқушыларды даярлау мақсатында төмендегі сұрақтар бойынша пікір алмасу тиімдірек.

  • Адам өзінің күнделікті іс-әрекетіне есеп беуі керек пе? Неліктен?

  • Өз өміріңді өзгерткің келе ме,ол үшін не істер едің?

  • Адам өмірінің мәні уақыт өткен соң өзгеруі мүмкін бе,ол неге байланысты деп ойлайсың?



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Оқушылар түйіндемемен танысу арқылы өмірдің өзіне сыйға тартқан әрбір күнін мәнді де мағыналы өткізудің маңызын түсінеді.

Бүгінгі істі ертеңге қалдырма

Е.Сағымбаев

Біз өзіміз туралы танып-білгендерімізге сүйене отырып,өз өмірімізді ой желегінен қайта өткіземіз.Өмір болса,біздің еркімізге көнбей,өз ағынымен өтіп жатыр.Бүгін біз жиырмадамыз,ертең қырыққа толамыз,ар жағында елу жас та келіп қалды.Кеше ғана барлығына үлгеретін сияқты едік,бүгін кешігіп қалғанымызды түсініп,жанымыз жабырқайды.Ұзақ армандаған дәулетке де,атаққа да қол жеткізе алмадық,тіпті көптен аңсаған машинамыз да жоқ...Уақыт зулап өтіп жатыр.Біз болсақ,өз көшімізден көз жазып қалдық,арман,мұрат,мүмкіндіктеріміздің бәрі-бәрі артта қалды...Неге артта қалды? Мүмкін үнемі кейінге қалдырып отырғаннан болар?!Егер дер кезінде өз қателігімізді түсініп,өзімізді-өзіміз тоқтата білсек,өз өміріміздің неліктен осылай болғанына ой салса,ешқашан да кеш болмайды.Өкінішке орай,осы дерт көптеген адамдардың бойында бар.Әрқашан «шаршап отырмын», «уақытым жоқ», «қаражат керек», «ауа-райы қолайсыз» деген сылтаулары дайын тұрады.Ең қиыны,ертеңгі күніміз де айна қатесіз бүгінімізді қайталайды.

Шығыста: «Адам бір күнін қалай өткізсе,бүкіл өмірі де солай өтеді,»-деген мақал бар.



7.Дәптермен жұмыс

Дәптердегі 1,2-тапсырманы орындау.


8.Топпен ән айту. 3 мин.

Ақ ниет Сөзі Т.Әлімбектікі

Әні Н.Сәрсенбаевтікі


9.Үй тапсырмасы. 2 мин. «Шипалы түн»әңгімесін оқу


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.



  • Адамды жақсылық жасауға итермелейтін қандай сезім?

  • Адамды жақсылық жасауға мәжбүрлеуге бола ма?

  • Жақсылық жасаушы адамның үлгісі бола ма?

  • Жақсылық нәтижесін бірден көру мүмкін бе?

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.