Тренинг по психологии ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ҚЫСЫМНАН АЙЫРЫЛУ (9 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ҚЫСЫМНАН АЙЫРЫЛУ


Мақсаты:. Жүйке жүйесіндегі психикалық қысымнан босаңсытуда релаксациялық жаттығулар орындау.Оқушыларда психофизикалық күйін басқаруды қалыптастыру

1.Сәлемдесу.

Қатысушылар шеңбер құрып отырып,соңғы кездесуден кейінгі көңіл-күйлерін, өздерінде болып жатқан өзгерістері жайлы, кезекпен айтып шығады.

2. «Шілдір» (паутинка)жаттығуы.

Нұсқау: Топқа тоқыма жіптің түйіні беріледі. Тоқыма жіп топтың кез-келген қатысушысына беріледі, жіпті алған қатысушы қазіргі уақыттағы көңіл-күйін, алдағы уақыттағы армандарын, топтағы қатысушыларға тілектерін айтып жіптің ұшын өзінде алып қалып, тоқыма жіпті қалаған адамына береді. Сөйтіп, жаттығудың аяғында шілдір пайда болады.

3.Шағын-дәріс. «Жүйке жүйесіндегі психикалық қысымнан айырылу тәсілдері».

Емтиханға дайындық кезіндегі үзілістерді барынша тиімді пайдалану керек. Сендерге келесі әдістерді көрсетіп шығамын, ал сендер өздерің қалағанын таңдаңдар. Әдістер:

  • Спорттық жаттығулар

  • Контрасты душ

  • Кір жуу

  • Ыдыс-аяқ жуу

  • Ішіңдегі бар жағымсыз сезімдеріңді газет парақтарын умаждап, шамаң келгенше пресстеп кішкентай доп қылып алысқа лақтыру. Келесі, газет парағын майдалап жыртып қоқысқа таста. Келесі газеттен өзіңінің көңіл-күйіңді жаса. Газет беттерін өз қалауыңмен боя (гуашпен саусақ арқылы сурет салу,клякса).

  • Өзіңнің жақсы көретін өлеңіңді қатты дауыстап айтып билеу.

  • Саябақтарда, тыныш жерлерде серуендеу.

  • Саусақпен сурет салу (1 қасық ұн, 1 қасық су, 1 қасық бояу) Клякса салу. Салған суреттерің жайлы жақындарыңа айту.

  • Қатты дауыстап айқалап, сосын жай айқайлау.

  • Жанып түрған шамға(свеча) қарау.

  • 10 рет асықпай терең дем ал.

  • Тісіңнің ішкі тіліңмен жағын тазалау.

Әрі қарай талдау: тағыда қандай әдістерді қолдануға болады?

4."Ойымыздағы сурет"жаттығуы

Нұсқау: Қатысушыларға келесі нұсқауларды орындауды ұсынамыз:

        1. орындыққа ыңғайланып отырыңдар, денеміздегі бұлшықеттерді босаңсытамыз. Аяқтарымыз бен қолдарымызды айқастырмаймыз. Денемізді бос ұстап, жай ғана демалыңдар.

        2. Ауызымызды ашып жаймендеп өкпемізді толтыра терең демаламыз

        3. Бір ырғақпен демалуға тырысыңыз.

        4. Жаңа цикл, өзтынысыңды тыңда, өкпеңнің ауаға толғанын және сол ауадан босап жатқанын көз алдыңа елестет. Сенің дем алуың толқындардың қозғалысына ұқсайды, толқындар жағаға жайлап келіп(деміңізді шығарғанда), қайтадан артқа қарай шегінеді (демді ішке алғанда). Дем алып жатқанда толқындарды, теңіздің тұзды суының дәмін, самал желді, күннің жылулығын көз алдарыңа елестетіңдер

Жаттығу аяқталғаннан кейін талдау болады.

5. «Суретті бастап, қасыңдағыға бер».жаттығуы.

Нұсқау: Әр қатысушыға бір ақ қағаздан беріледі. Әр қатысушы өздеріне ұнаған қарындаштың (қалам) түсін алады. «Шапалақ ұрғанымда өздерің қалаған суреттеріңді сала бастайсыңдар. Шапалақ ұрғанда алдыңдағы қағазыңды және қарындашыңды оң жаңындағы көршіңе бер, сол суретіңді аяқтайды. Тағы шапалақ ұрғанда сурет салынған парақ пен қарындаш келесі қатысушыға беріледі, сурет пен қарындаш бірінші егесіне келмейінше топты жағалайды».

Талқылау:

  • Салынған сурет өздеріңе ұнады ма?

  • Қандай көңіл-күйдесіңдер?

6. «Қош бол менің жағымсыз сезімдерім!»жаттығуы

Нұсқау: Қазір біз бір-бірімізбен жарысамыз. Газет парағын аламыз, барлық жағымсыз эмоцияларымызды умаждау арқылы сол параққа саламыз. Сосын «Қош бол менің жағымсыз сезімдерім!»(немесе өздеріне ыңғайлы сөздерді айту, немесе сезімдерінің атын атау арқылы, т.с.с.) деп алысқа лақтырамыз.

Талқылау:

  • Өздеріңді қалай сезініп тұрсыңдар?

  • Жағымсыз сезімдеріңнен арылдыңдар ма?

7. Рефлексия. Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.