Жас мамандардың дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуіне дайындық деңгейі
«Еңсесін енді көтеріп келе жатқан
біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны
мүлде бөлек», - Н.Ә.Назарбаев.
Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру.
Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі – дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады. Осындай білімқұмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді. Жас маман мұғалім сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.
Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет.
Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллетуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда жас мамандардың да алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. «"Дарындылық"» ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі".
Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық - педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.
Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Дарындыларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми - білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Міндеттері:
- оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
- өзін-өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру;
- жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту;
- жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілетін анықтау.
Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:
1.Шығармашылық:
-ойлау;
-қабілет.
2.Мотивация (жеке-мотивациялы ерекшелік).
• күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;
• пәнге қызықтыру.
3.Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:
• сөйлесуде;
• тәртібінде.
Келесі кезең - бағалаушылық болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.
1. Дарынды оқушыны қалай оқыту керек? Бұл мәселені шешу үшін әуелі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту технологиясы белгіленеді.
2. Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық жүйесі жасалды.
Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Өнімді ойлаудың жүйесі – танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қамтығаны дұрыс.
1. Танымдық - оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.
2. Логикалық - оқу материалдары бойынша логикалық ойлау процесі арқылы құрылымындағы тапсырмаларды орындау.
3. Шығармашылық - шығармашылық әдіс-тәсілдері игеруі, шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындатуы, қорытынды жасау, ғылыми-ізденіс жүргізу.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтің психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ керек деп ойлаймыз:
- "сенің қолыңнаи бәрі келеді", "сен қабілеттісің", "жаз", "үйрен' деп, баланың еркін билеп, сенім білдіру;
- оқушының кішкентай жегістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
- шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
Шығармашылық ойлап - табудың әр түрлі тәсілдерін үйрене отырып, дарынды балалар пәндерді оқу барысында өздерінің «шығармашылық қабілеттерін» қолданып, К.Урбан айтқандай, нақты ғылыми зерттеулер мен дивергенттік ойға тікелей әсер етудің шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2.Жан-жақты ақпараттандыру;
3.Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;
4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
Оқушының дарындылығын анықтауда:
1. Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.
2. Бақылау
3. Анкета
4. Психодиагностика
5. Социометрия
6. Әңгімелесу
7. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс.
Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:
1. Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;
2. Шешім қабылдайды;
3. Сенімділік туындайды;
4. Өзгелермен салыстырады;
5. Өзін-өзі бақылайды;
6. Жауапкершілік туындайды;
7. Мінез-құлқы өзгеріледі;
8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;
9. Материалдарын жинақтайды.
Дарынды баламен жасалынатын жұмыс барысында төмендегідей бағыт-бағдарды жоспарлаған орынды:
1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр формасы құрылуы тиіс;
2.Жеке пәндерді оқытуда бағдарламадан тыс материалдар негізі қамтылып, тәуелсіз құрылымы жасалуы қажет;
3.Дарынды оқушының ғылыми жұмысының жоспары өзі қалауындай етіп жасағаны орынды, өзіндік шешім қабылдауына ықпал ету қажет;
4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты мұғалімнің өзіндік оқу жоспарын құру;
5.Оқушыға ЖОО-на ғылыми жетекшілік жасайтын ұстаз бен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;
6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.
Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:
1. Тәжірибелерін газет, журнал беттеріне беру;
2. Байқауларға қатысу;
3. Іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Мектептермен тәжірибе алмасу.
5. Бақылау күнделігін жазып отыру;
6. Психологиялық материалдар жинақтау;
7. Кітапша құрастыру.
8.”Реферат”;
9.”Портфолио”
Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист, бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз. Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды. Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден: дарынды баламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады;
Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
• Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;
• Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
• Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;
Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі
1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.
2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.
4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
5. Тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.
7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.
Ең бастысы табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыру үшін аянбай еңбек етіп, педагогтың өз бойындағы да қабілетті аша түсу, көш соңында қалып қоймай, қоғам алдындағы міндетіңді азаматтық тұрғыдан ойдағыдай орындау.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу барысында төмендегідей жағдаяттар кездесуі мүмкін :
1. Оқушылармен осы бағытта жұмыс істейтін педагогтарды ғылыми-әдістемелік қолдаудың әлсіздігі.
2. Мұғалімдердің оқытуды жекелеп өткізуге дайын еместігі.
3. Қабілетті және дарынды балаларды психолого-педагогикалық жағынан сүйемелдеп отыру мәселе болып қала бермек.
4. Қабілетті және дарынды балалардың ата-аналары әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуді қажет етіп тұрады.
5. Оқушылардың табиғи талабын дамыту үшін жағдай жасауда педагогтар мен ата-аналар ынтымақтастығының орындалуын талап етеді.
Көрсетілген проблемалар дарынды балалардағы шығармашылық және зияткерлік әлеуеттің толықтай ашылмайтынын аңғартады. Дарынды балаларды оқыту мен дамыту мәселесі барлық педагогтық қоғамның қалт еткізбес назары мен өзара тығыз әрекеттестігін талап етеді.
Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізе отырып,мынадай нәтижелерге қол жеткіземіз:
1. Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар санының артуы.
2. Біздің мектеп жастарының әлеуметтік құндылық өлшемін «білім» категориясы секілді мағынада көтеруге өзгерту.
3. Дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қаруланған педагог санының өсуі.
4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымын кеңейту.
5. Оқушылардың жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
6. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру
7. Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін жасау
8. Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін оқытудың жаңа технологияларын жоспарлау мен жіктеу.
9. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі қырынан проблемалар шығару.
Қорыта келе,қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.