Тақырыбы: «Сиқыршылар ертегі әлемін жасайды»
Мақсаты:
тактильдік, көру арқылы қабылдауды, вебалдық-логикалық, креативтік ойлауды, есту, көру-бейнелік есті, назарды, сөйлеуді дамыту;
психобұлшықеттік қауырттылықты алу тәсілдеріне, релаксация әдіс-тәсілдеріне үйретуді жалғастыру;
балалар ұжымында ынтымақтастық сезімін нығайту, келісілген түрде әрекет ете білу.
Материал: Құмсалғыш – көк түске боялған ағаш қорап («құм тақтайшасы»); ылғал құм, түрлі-түсті құм, құмға арналған формалар, түрлі-түсті тастар, қуыршақ – марионетка Құм ханзадасы.
Сабақ барысы:
Психолог балаларды өз кабинетіне шақырады. Олар матамен жабылған «құм жапырағының» айналасынағы орындықтарда отырады.
Психолог: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Бүгін өткен сабақта қалай амандасқанымызды еске түсіріп көрейікші.
Қол – қолмен, бет-бетпен, аяқ-аяқпен, маңдай-маңдаймен
(Балалар бір-бірімен шеңбер бойынша осылай амандасады).