ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ
Мақсаты: Есте сақтау қабілетімен таныса отырып талдау жасау. Есте сақтау қабілетін дамыту мен ойлау арқылы өз ойын жүйелеуге дайындау
Адамның есі туралы мәліметпен танысу.
Есте сақтау жолдары, мәтінмен жұмыс істеуді оқу, алған білімдерді саралау.
Сәлемдесу.
«Комплимент» жаттығуы.
Әрбір қатысушы өзінің қасында тұрған көршісіне комплимент айту керек. Комплиментті көрші тұрған адамға өзінің ол адаммен қарым-қатынасы туралы айту керек және ол тыңдаушыға жағымды естілу керек
Сергіту.
«Мұздық» жаттығуы.
Қатысушылар бірнеше бөлікке бөлінген мұздықтың суретінің үстіне тұрады. Оларға былай тапсырма беріледі: «Сіздер топтың барлық мүшелері мұздықтың кішкене бөлігіне орналасуларыңыз керек. Еденге шығып кетуге болмайды.» Қатысушылар мұздықтың ортасына жиналған кезде жүргізуші мұздықтың артық бөлшектерін алып тастайды. Соңында қатысушылар бір аяғымен тұрып, аяғының астынан мұздықтың бөлшектерін алып тастайды. Жаттығу соңында «кім не сезгені» жайлы пікіралысу болады.
Шағын дәріс.
«Есте сақтау. Ақпараттарды есте сақтаудың тиімді әдіс-тәсілдері»
Ес – адамның болмыспен өткендегі өзара ықпалдасты қарым-қатынасының психикалық бейнесі, оның тіршілігіне қажет ақпараттық қор.Ақпаратты сақтау қабілеті және оны іріктеп, таңдаумен қажетті іс-әрекетке қосылуы, іс-әрекетті реттеу үшін пайдалануы – тек өкілің қоршаған ортамен байланысын қамсыздандырушы мидың негізгі қасиеті. Ес арқылы өмір тәжірибесі бірігеді, адамзат мәдениеті мен жеке бас тіршілігі үздіксіз дамиды. Ес негізінде адам бүгінгісін бағдарлап, келешегін болжайды. Әсіресе, мнемотехникалық есте сақтау тәсілі жақсы нәтиже береді. Өйткенi, «айырым белгiлермен» жадының құрастыратын iздерiн жабдықтау немесе «мекен-жайлармен», оған бару жолын әлдеқайда ықшамдайды. Есті жақсы қолдана білу өнерi мұндай таңбаларды сәттi таңдау болып табылады.Бiздiң бүгiнгi жұмысымыз – бұл менiң сiздерге әлгiнде айтқандарымды көркемдеу. Есте сақталатын материалмен жұмыстың нақтылы қабылдаулары іске асады.
Топтау – мәліметтерді қандай да бір түбегейіне байланысты топтау (мағынаға, ассоциацияларға және т.б.)
Тiрек пунктін шығару – негізгі мазмұнынан астам қандай да бір қысқаша тармақты бекіту, (мысалдар, мәлiметтердi шифрлау, салыстыру, тезистер, мәтiн баяндалатын сұрақтар және т.б)
Жоспар - тiрек пунктінің жиынтығы
Жiктеу – нақтылы ортақ белгiлердiң негiзiнде таптарға, топтарға, дәрежеге арналған заттар, оқиғаларға байланысты ажырату
Жiктелу -.бүтіндікті құрайтын өзара орналасуларды анықтау
Схематизация (графикалық схемалардың құрылымы) – есте сақталатын ақпаратты ықшамдаудағы негізгі сызықтарды жазу немесе бейнелеу.
Материалдың сериялық ұйымы – әр түрлі тізбектегі: уақыт бойынша, көлемі бойынша, кеңістіктегі тарату бойынша құрылымды анықтау.
Ассосациялар – ұқсастыққа, шектестiк немесе қарама-қарсылық бойымен бойынша орнату.
Психологтар «Жетілік» ұғымының магиялық құпияларын ашты( жеті бәле – бір жауап; жетеу біреуді күтпейді; жеті рет өлшеп бір рет кес т.б.). Біздің есте сақтауымыздың орташа көлемі осындай екен. Бір уақытта қабылдау кезінде біздің жадымыз орташа алғанда жеті нәрсені ғана ұстап қала алады. Сонымен қатар, жеті әріп, жеті сөз бен жеті сөйлемнен де қиынырақ есте қалады.
Сондықтан, егер көп көлемді материалды есте сақтау үшін оны мағынасына қарай бірнеше бөліктерге бөліп оқыған тиімді нәтиже береді. Бір мағынаны білдіретін бір сөйлемді есте сақтау үшін салыстырмалы түрде бірдей көлемді жады керек. Осы құбылысты ашқан американдық психолог Миллер былай деп жазады: «Бұл біздің әмиянымызға барлық ақшаларымызды салғымыз келсе бірақ әмиянға жеті ақшадан артық ақша сыймайды. Әмиянға ақшаны пенс немесе доллар ретінде салынғаны мүлдем маңызды емес.
Жүргізуші қатысушылардың әрқайсысына дәрістен жадынама үлестіреді.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:
Есте сақтаудың қиындығы көлеміне пропорционал емес өседi. Үлкен үзiндiні қысқа нақылға қарағанда оқу пайдалырақ болады.
Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатын материалдың көлемі түсіну дәрежесінің жоғарылауына байланысты өседі.
Барлығын бірден қатарынан оқығаннан үзіліс жасап оқыған есте сақтау үшін тиімдірек
Жәй ғана қайта-қайта оқығаннан есте қайталаудың уақыт үнемдеуге пайдасы зор.
Үлкен және кіші көлемдегі екі материалмен жұмыс істесең, үлкен көлемдісінен бастағаның тиімді.
Адам түсінде есіне түсірмейді де, ұмытпайды да.
И. А. Корсакова бойынша қайталау әдісі.
1. Мәліметтердің үлкен бөлігінің жоғалуы есте сақтаудың бірінші сатысында жүреді, ал қалғандары қабылдау кезінде болатындықтан қабылдаған мәліметті 20 секунд ішінде кайталау керек, (есімдер, телефон нөмірі, күндер және т.б.)
2. Мәліметтерді қайталау аралығындағы уақытты мүмкіндігінше ұзарту керек. Мысалы, дайындыққа 7 күн берілді делік, ал мәліметті қайталау 5 күннен кем емес күнді қажет етеді. Олай болса төмендегідей етіп жұмысты ұйымдастыруға болады:
1-ші күн – 2 рет қайталау;
2-ші күн – 1 рет қайталау;
3-ші күн – қайталау жоқ;
4-ші күн – 1 рет қайталау;
5-ші күн - қайталау жоқ;
6-шы күн - қайталау жоқ;
7-ші күн – 1 рет қайталау;
.Егер сізге мәліметті бірнеше күнге ғана есте сақтау керек болса, онда қабылданған мәліметті алдымен 15-20 минуттан кейін, сосын 8-9 сағаттан кейін және тағы 24 сағаттан кейін қайталау керек.
Дәрістің тақырыбы бойынша пікірталас
«Қар жұмыршағы» жаттығу
Жаттығу шеңберде орындалады. Бірінші қатысушы кез-келген сөзді айтады. Кезек бойынша келесі қатысушы алдыңғы сөзді, сосын өзінің сөзін айтады. Ал келесі қатысушы алдыңғы екеуін және өзінің сөзін айтады және т.б. әрі қарай жалғаса береді.
Рефлексия.
Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.