Ата-ана және оқушылармен бірлесекен
«ҰБТ-ге сенімділікпен»
атты психологиялық тренинг .
11 -сынып
Мақсаты:11 –сынып оқушыларын ҰБТ-ге байланысты сенімділікке үйрету,стресстік қалыптан арылу,отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау, көмек көрсету.
Тренинг барысы:
1) - Құрметті ата-аналар,оқушылар!Бүгінгі таңда ел болашағына сенімммен қарап ,өз болашағымыздың жарқын болуын бәріміз қалаймыз .Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.Сондықтан мектеп-ата-ана –оқушы болып осы күрделі процесті жеңу үшін бүгін тренинг өткіземіз.
Тренинг –сабақ емес, лекция емес,ол ойын.Әрбір ойының мақсаты бар – бір –бірімізді жақсырақ білу, өз-өзімізді көрсету,басқаларды көру.Тренингтің ережелерімен таныстырып өтеін.
Тренинг ережелерімен таныстыру
1. Сыйласымды қарым-қатынас жасау
2. Сөйлеушіні тыңдай білу
3. Әркім жеке пікірін білдіруге құқылы
4. Өз ойыңды қазір,осы жерде білдір
5. Белсенді қатыс
2). Жаттығу «Амандасу-таныстыру»
Мақсаты:Оқушылар және ата-аналарының есімін айтып таныстыру.
Шарты:Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошемет көрсету..
3) Жаттығу «Сәйкестілік бойынша сапқа тұру»
Жүргізуші:- Менің белгім бойынша сапқа тұрыңыздар.
Туған жылдарыңыз бойынша жоғарыдан төменге дейін
Қаңтардан желтоқсанға дейін айлар бойынша
Шаштарыңыздың ұзындығына байланысты
Бойларына байланысты.Өте жақсы, жарайсыңдар !
4). Келесі « Өтінемін » ойыны
Мақсаты:Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту ,бір-біріне көңіл бөлу,бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар ,балалар!Сіздер қандай «сиқыршы»күші бар сөздерді білесіздер? - Рахмет,өтінемін,мархабат, кешір - Жақсы , мына ойын жүргізгенде мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам ,сіздер ол өтінішті орындаймайсыздар. – секіріңдер
- өтінемін, бір-біріңді құшақтандар Рахмет,жарайсыздар.Енді барлықтарыңыздың отыруларыңызды сұраймын.
5).«Экперимент » жаттығуы .
Мақсаты : оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін нығайту .
Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі : «Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу» .
Талдау . бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек .:
- Белгі қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?
- Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ?
- Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарды ма , әлде нашарлады ма ?
- Қалай ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме ?
7). Аңызды жалғастыр.....
8).Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз»
Әдемі әуен ойнап тұрады.
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
-.Алдымен оқып беріңіз,содан кейін тақтаға іліңіз.
а) ата - ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады
ә) жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады.
б) тақтаға іледі
9)Ата - ананың балаға қаншалықты көңіл бөлуін анықтайтын әдістеме
р/с Сұрақтар -------------------------------------------------- -ия --жоқ
1. Мен балама өз балалық шағымды айтып отырамын жасыл сары
2. Балаларыммен сирек ойнаймын жасыл сары
3. Менің балам әрдайым маған өз сырын айтуға дайын жасыл сары
4. Басына түскен қиындықтарымен менімен бөлісетініне сенімдімін жасыл сары
5. Мен ойлаймын, кез - келген баланың ісіне үлкен мән беру керек себебі, оның барлығы ұйымшылдыққа тәрбиелейді қызыл
6. Айына екі рет баламмен бірге қыдырамын жасыл сары
7. Егер менің балам үй тапсырмасын орындауға көмек сұраса, мен көмектесуге әрдайым дайынмын жасыл сары
8. Баламның қандай оқулықтарды сүйіп оқитынын жақсы білемін жасыл сары
9. «3» немесе «2» баға алса, міндетті түрде жазалаймын қызыл
10. Баламды мақтау үшін әрдайым сылтау іздеймін жасыл қызыл
11. Бірге сырласып, әңгімелескенді жақсы көреміз жасыл сары
12. Кейде мен уақытымды, тек балаға ұрысуға ғана жұмсайтын сияқтымын қызыл
13. Әрқашан баламның басынан сипап, құшақтаймын жасыл сары
14. Менің дауыс ырғағым тек бұйырып, қатаң сөйлеу қызыл
15. Балаларыммен бірге үйге берілген тапсырмаларды орындауым керек, себебі, олар өз еріктерімен орындамайды қызыл
16. Баламның қандай арманы бар екенін жақсы білемін жасыл сары
17. Басқа біреудің балаларын немесе өзімді өнеге тұтамын қызыл
18. Балам ашуланып бір нәрсе бүлдірсе, міндетті түрде жазалаймын қызыл
19. Оқыған кітаптарды немесе көрген киноны бірге талқылаймыз жасыл сары
20. Үйдегі келеңсіз жағдайларды балаларыма айтып отырамын жасыл
21. Мен ауырғанда немесе шаршағанда балам оны сезеді және көмектеседі жасыл сары
22. Меніменжиі бірге болғанды жақсы көретінін әрқашан айтып жүреді сары
23. Баламмен сөйлескенді өте жақсы көремін жасыл сары
Қорытынды: әр түстерді жеке - жеке санап, әр түске бір ұпайдан беріледі. Әр түстің өз ұпайларын санаймыз.
Жасыл түсті шаршылар:
А) 0 - 5 ұпай аралығында - балаңызға сіздің көңіл бөлуіңіз жетіспейді. Әрдайым жұмыстан қолыңыз тимейді бірақ, бала сіздің көңіл бөлуіңізді күтеді. Балаға көп көңілдің саны емес, сапасы маңызды. Жұмыстан кейін тамақ әзірлеудің үстінде немесе ыдыс жуып тұрып балаңызбен сөйлесіңіз.
Б) 5 - 10 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлінбейді. Тек тамақтандырып, киіндіріп және күнделікті қарау, ол көңіл бөлінген болып есептелмейді. Балаңыздың ішкі жан - дүниесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн.
В) 10 - 15 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлесіз. Балаңыз сізге әбден сенеді және арқа түзейді. Барлық қиындықтарда сіздің алып шығатынына үлкен сеніммен қарайды. Болашақта жеке тұлға ретінде жақсы азамат болып өсуіне кепілдік береді.
Сары түсті шаршылар:
А) 1 - 4 ұпай аралығында - сіздің балаңызға көп көңіл бөлінеді. Мүмкін ол көп те шығар. Ойланыңыз, балаңыздың бос уақыты жеткілікті ме? Мүмкін оның келеңсіз жағдайларын сіз шешетін шығарсыз? Осылай қалыптаса берсе, баланың жеке тұлға болып өсуі тоқтатылады, балаңыз кейбір жағдайларды өзі шеше алмай, өзіне деген сенімін жоғалтып, сізге тәуелді болып қалуы мүмкін.
Б) 5 - 9 ұпай аралығында – мүмкін сіз жасыл шаршылардан да осындай ұпай жинаған шығарсыз, ол балаңыздың сізден өзіне деген көңіл бөлетінін күтеді. Балаға күнделікті үйдегі жағдайларда көбірек көңіл бөліп, оның өзіндік пікірлерін тыңдап, ақылдаса біліңіз.
В) 9 - 13 ұпай аралығында - сіздің көңіл бөлуіңіз балаға өте қажет. Егер де сіз жұмыстан қолыңыз тимесе, күнделікті әр бос минутыңызды балаға арнауға тырысыңыз. Уақытында балаңызды мақтауды, басынан сипауды ұмытпағаныңыз жөн. Уақыт өте келе сіздің балаңызбен тіл табысуға қиындық туғызуы мүмкін.
Қызыл түсті шаршылар:
А) 0 - 2 ұпай аралығында - сіздің отбасында барлық жағдайлар жақсы: балаға жеткілікті көңіл бөлінеді. Баланың өзіне - өзі бағалауы дұрыс қалыптасқан.
Б) 2 - 4 ұпай аралығында - сіз балаға өте қатал қарайсыз немесе сіз балаға көп көңіл бөлмейсіз. Сондықтан, ол сізді өзіне қарату үшін әр түрлі жағымсыз істер жасауы мүмкін. Кез - келген нәрселерге ұрса бермеңіз. Баланы көбірек қолпаштап, келесіде барлығы жақсы болатынына сендіріңіз.
В) 4 - 8 ұпай аралығында – Балаға үнемі ұрсып, ақыл айтқандықтан балада да тәрбие саласы бойынша дәл осындай пікір қалыптасқан. Сондықтан бала әрдайым сізді ашуландырып, айқайлауыңызды күтіп тұрады. Өзіңізді өзгертуге тырысыңыз, Ешқандай себеп болмаса да, баланы көбірек мадақтауға, басынан сипап жай сөйлесіп үйреніңіз. Дәл осылай қалыптаса берсе, күнделікті үйдегі айқай - шу азайып, балаңыздың сабағы да жақсарып, ара - қатынасыңыз дұрысталғандығыңызға көзіңіз жетеді. Жай сөйлесіп, түсіндірудің сізге де, балаға да жақсы қасиет екенін ұмытпағаныңыз жөн.
10).Мен түсті түрлі қағаздардан фигуралар қиып қойдым.Бұл қағаздарды ерекше сиқырлы деп есептеңіздер сіздердің көмектеріңізбен олар «Болашақтың кемесіне»айналады.
Қымбатты ата-аналар ,балалар , іске сәт !
Болашаққа жүзіп бара жатқан қандай әдемі кеме шықты .
Бірлескен жұмыстарыңыз үшін рахмет!
Откізген :Нугумарова А.Д.