Психологический ЕНТ на казахском языке

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Психолог қызметі:

«Новоильинов орта мектебі» ММ-ң педагогикалық ұжымы мен оқушылардың психикалық және әлеуметтік жағдайын сақтауға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру.

Лауазымдық міндеттері:

· оқушылардың психикалық және әлеуметтік жағдайын сақтауға бағытталған кәсіби қызметін жүзеге асырады;

· болашақ кәсібіне бейінділігін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізеді;

· оқушылардың жеке басы мен әлеуметтік мәселелеріне арналған педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады;

· дарынды және үлгермейтін оқушылармен іс-шаралар ұйымдастырады;

· педагогтердің , ата-аналардың, әлеуметтік педагогтің құзырын жоғарылату үшін, психологияны практикада қолдану мәселелері бойынша педагогтерге кеңес береді;

· әр түрлі бейінді мақсатта психологиялық диагностика жасайды, ауытқу дәрежесін анықтайды, психо-педагогикалық түзету жасайды.

Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты:

мектептің білім беру ортасында арнайы жағдайды қалыптастыра отырып, оқушылардың психологиялық даму үдерісін басқару.

Психологиялық қызметтің міндеттері

§ 1. Оқытудың түрлі кезеңдерінде оқушылардың психологиялық даму нәтижелерін бақылап отыру.

§ 2. Оқушылардың дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету үшін жағдай жасау.

§ 3. Ішкі мектептік білім беру бағдарламасына және технологияларына, олардың сол мектептің оқушыларының индивидуалды және жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуі негізінде психологиялық талдауды жүзеге асыру.

§ 4. Мектептің білім беру ортасында балалардың оқу, тәрбие және даму үдерістеріне кеңес беру және ақпараттық психологиялық қолдау көрсету.





Мектептегі психологиялық қызметтің жұмыс түрлері

Педагогтармен жұмыс

§ Тұлғаның психодиагностикасы.

§ Психологиялық ағарту жұмысы.

§ Оқушылардың білім алу мәселесіне бағдарланған жұмыстың түрлі формаларына қатысу (қажет болғанда және өз бастауымен).

§ Оқушылардың оқу, тәрбие және дамуына бағытталған, педагогтармен бірге психологиялық және педагогикалық бағдарламаларды жүзеге асыру.

§ Сынып сағатына, ата-аналар жиналысына психологиялық құралдар таңдауға көмектесу.

§ Жас мамандармен жұмыс: жаңа кәсіби жағдайға және жаңа ұжымға психологиялық бейімделуіне көмек көрсету.

§ Оқушыларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау.

§ Нақты баламен педагогикалық қарым-қатынас орнатуында қиындығы бар жеке педагогтармен психологиялық-әдістемелік жұмыс

Ата-аналармен жұмыс

§ Жанұялық тәрбие стилін анықтау.

§ Балаларды тәрбиелеу және психологиялық дамуы мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру.

§ Психологиялық ағарту және профилактика (дәріс, әңгіме, әдебиеттер ұсыну).

§ Түзету және дамыту жұмыстарына қатыстыру.

§ Психологиялық диагностиканы жүргізу қорытындысы бойынша ақпараттандыру.

Психологиялық диагностика

Балалармен:

- балаларды мектепке дейінгі жаста психологиялық зерттеу;

- балалардың оқуға психологиялық дайындығын диагностикалау (1,5,9 сыныптар);

- мектепке дезадаптация себебін (әлеуметтік, индивидуалды және т.б.) диагностикалау.



Ата-аналармен:

- бала және ата-ана қатынасын диагностикалау;

- сауалнама жүргізу.

Педагогикалық ұжыммен:

- нақты сұраныс бойынша педагогикалық ұжыммен сауал жүргізу;

- психологиялық сауалнама жүргізу.

Психологиялық кеңес беру

Балалармен:

- 7-17 жас оқушыларының мектептік дезадаптация сұрақтары бойынша (оқу және мінез-құлық мәселелері);

- мектепке дейінгі жаста балалардың психологиялық дамуы бойынша;

- жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби кеңес беру;

- отбасылық кеңес беру.

Ата-аналармен:

- баламен өзара қарым-қатынас сұрақтары және тәрбие (оқыту) сұрақтары бойынша;

Педагогикалық ұжыммен:

- мектептік және әлеуметтік дезадаптация сұрақтары бойынша;

- тұлғалық және кәсіби мәселелер бойынша









Түзету-дамыту жұмысы

Балалармен:

- бала, мұғалім, ата-ана сұранысы бойынша жеке психологиялық сабақ жүргізу;

- модельдеу жобалары бойынша дамытушы сабақтарды жүргізу;

- 1-сынып оқушыларын оқуға бейімделудің психологиялық-педагогикалық бағдарламасын жүргізу;

- 5-сыныптарда бейімделу-дамыту ортасын қалыптастыру бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламасын жүргізу;

- жеткіншектердің өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісін белсендендіру бойынша сабақтар жүргізу;

- бала және ата-ана дамытушы сабақтары.

Психологиялық ағарту – психологиялық мәдениетті көтеру

Оқушылар

психология сабақтары;

- сыныптан тыс іс-шаралар.

Ата-аналар

жиналыс, семинар.

Педагогтармен

семинар, конференция, дөңгелек үстел

Психопрофилактика жұмысы

§ Оқу мен демалысты ұйымдастырудың ғылыми негізделген талаптарын түсіндіру;

§ Кикілжің және стрестік жағдайларда, қиын жас кезеңіндегі тәртіп тәсілдерін үйрету;

§ Ішімдік пен нашаның бала психикасына әсері;

§ Гармонияда тұлғаны дамыту;

§ Дамудағы ауытқулардың алдын алу.

Әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары

n Педагогтар және әлеуметтік жұмыскерлердің психологиялық біліктілігін көтеру мақсатында семинарлар (ақпараттық және оқытушылық) жүргізу.

n Ата-аналардың балалармен психологиялық сауатты қарым-қатынас жасауын жоғарлату.

n Әдістемелік материалдар даярлау.

n Ғылыми зерттеулер жүргізу.

n Ғылыми-практикалық семинарларға, конференцияларға қатысу.

n Жиналыстарға және әдістемелік бірлестіктерге қатысу.

n Кабинетті жабдықтау және т.б.

Педагогтармен психологиялық жұмыс



Педагогикалық ұжыммен:

- оқушыларға психологиялық-педагогикалық ілесу бағдарламасын жүргізу;

- психологиялық-педагогикалық консиллиумді жүргізу;

- Өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша сабақ жүргізу.

Психолог жұмысының іс-қағаздары

1. Бір жылға және әрбір тоқсанға жұмыс жоспарын жасау.

2. Келесі бөлімдер бойынша журнал

- дамытушы сабақ;

- кеңес беру (жекелей-бала, ата-ана, педагог);

- Мамандарға бағыт беру.

3. Дамытушы сабақтар және оқу курстарының бағдарламалары.

4. Психология бойынша оқу курстарының тақырыптық жоспары және журнал.

5. Өткізілген іс-шараға мониторнинг жасаудың қорытындысы бойынша анықтама.

6. Оқушы және сыныптың диагностикалық картасы.

7. Жыл қортындысы бойынша есеп және аналитикалық анықтама.



















Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық жағдайларын шешу жолдары

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің тың өзгерістеріне және оның әлеуметтік-қоғамдық жағдайына байланысты оқушыларға бірыңғай ұлттық тестілеу қолданылуда. Сондықтан да оқушыларды бірыңғай ұлттық тестілеуге психологиялық тұрғыда дайындау өзекті мәселе болып отыр.

Сондықтан да психологтар қауымы бірыңғай ұлттық тестке дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен практикасын өңдеу, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау дағдысын оқыту, өзіне сенімділігін арттыру мақсатында практикалық сабақтар өткізуді жоспарлады.

Мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңге оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін;

өзін-өзі реттеуін;

өзін-өзі бақылау дағдысын оқытуын;

сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.

Міндеттері:

1. Стреске қарсы тұруын арттыру

2. Сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру

3. Эмоциялық ерік сферасын дамыту

4. Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру.

5. Ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.

6. Іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу

7. Конструктивті өзара әрекет дағдысына оқыту.

Көзіңіз шаршаса не істейсіз?

Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да көзіңнің демалуына жағдай жасау қажет.

Кез-келген екі жаттығуды орында:

- кезегімен жоғары-төмен (25 сек), оңға-олға (15 сек) қара;

- көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;

-ұзақтығы бір затқа 20 секунд, сосын алдыңдағы қағазға 20 секунд көзіңді тік;

- сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңмен және квадрат, үшбұрышты сал.

Күн тәртібі

Бұл күнді үш бөлікке бөл:

- емтиханға дайындық күніне 8 сағат

- спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге, би алаңына баруға 8 сағ;

- 8 сағаттан кем ұйықтама және қажет болса, түсте демалып ал.

Тамақтану

Тамақтану 3-4 реттен және витаминге толы болу керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкністі, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Тағы да бір кеңес: емтихан алдында тамақтанбау керек.

Сабаққа арналған орын

Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр. Үстел үстіне сары және күлгін түстен суреттер мен заттар қой, өйткені ол интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек

Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңді барлығын қысқаша жаз, сосын даталар мен фактілердің дұрыстығын тексер. Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз. Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен. Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық.

Ойды қалай дамытамыз?

1. Ақылды болғың келсе парасаттылықпен сұрақ қоюға, мұқият тыңдауға, ештеңе айту қалмаса үндемеуге, салмақты жауап беруге үйрен.

2. Білімді ойлаусыз игеру мүмкін емес, білімсіз ойлау да мүмкін емес.

3. Ойлауды дамыту – бұл өз ақылыңды байыту. Білім қайнары әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар, адамдар туралы хабарлар береді.

4. Ойлау сұрақтардан басталады. Барлық ашылулар «Неге?» және «Қалай?» сұрақтар арқылы жасалынған. Сұрақ қоюға? Оған жауап табуға үйрен.

5. Ойлау – дайын стандартты шешімдер керекті нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде белсене түседі. Сондықтанда ойлауды дамыту үшін зат немесе құбылысты жан-жақты көре білу әдеттегіден жаңаны байқай білу іскерліктерін қалыптастыру.

6. Затта немесе құбылыста түрлі белгілерді байқау, ойлау қасиетіне қажет заттар немесе құбылыстарды өзара салыстыру қабілетін игеру.

7. Адам объектінің белгілерін неғұрлым көп байқаса, оның ойлауы соғұрлым жетілген. Бұл іскерлікті зеріктікке, аңғарымпаздыққа арналған ойындарда, логикалық есептер мен басқатырмаларды шешкенде жаттықтыруға болады.

8. Ойлау мен сөлеу бөлінбейді. Ой дамуының міндетті түрдегі шарты – оқығанын еркін жеткізу, пікір-сайыстарға қатысу, жазба сөйлеуін белсенді қолдану, өзің аяғына дейін түсінбейтініңді басқаға айтып беру.

Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары

1. Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі. Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.

2. Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса, онда түсіну де жоғары.

3. Бөліп оқыған, бірден оқығаннан жақсы. Бірден оқымай үзілістермен, аз-аздап оқыған жөн.

4. Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі, есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек.

5. Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең, көбінен бастағаның жөн.

6. Түсінде адам есте сақтамайды және де оны ұмытпайды.

Жұмыс қабілетін қолдану шарты

1. Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіру

2. Гимнастикалық жаттығуларды, яғни денені айналдыру, баспен тұру жаттығуларын жасаған дұрыс, өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді

3. Көзді сақтау үшін, әрбір 20-30 минутта үзіліс жасау (кітаптан көзіңді

СТРЕСС

Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз.

СТРЕСС – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы.

Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стрестің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.







Стресті қалай жеңуге болады?

Мақсаты: Теориялық аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жаттығуларын ұсыну.

Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну,құндылықтарды жоғалту, оқуды жеккеөру және т.б.

Көбісі стресс факторы болып табылатын мектепті ұнатпайды. Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз!

Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Осылайша шығыстың ерте даналығы айтқан. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Стестің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.





















Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?

Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры. әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.

Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.

Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыкатаңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.

Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?



Психологиялық көмек

Психологиялық қызметтің 2009-2010 оқу жылының атқарған жұмысының жарты жылдық есебі.



Жаңа оқу жылында біздің жұмысымыз бірінші сынып оқушыларының арасында Кери-Ийрасиктің әдістемесін өткізуден басталды. Мақсаты-оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін байқау.



1-сыныптардан 179 оқушы сынақтан өтті. Сынақ қорытындысы бойынша оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін төмендегі кестеден байқауға болады.

1"А"

1"Ә"

1"Б"

1"В"

1"Г"

1"Д"

1"Е"



Жоғары деңгей

60%

80%

60%

60%

50%

55%

60%



Орташа деңгей

30%

20%

40%

40%

30%

25%

30%



Төмен деңгей

10%

10%

20%

15%

10%



Бірінші сынып оқушыларымен мектепке бейімделу деңгейін қалыптастыру мақсатында, баланың мектепте оқуына психологиялық дайындығын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар өткізілді.



5-ші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімделулерін, қалыптасу деңгейін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді. Филлипс тесті алынып қорытындысы шығарылды. “Кел, танысайық!”, “Бесінші сынып дегеніміз не?”, “Біз және біздің дағдымыз”, “Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз”, “Біз және біздің сынып” атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша оқушылардың бейімделу деңгейлері, жоғары деңгейді көрсетті.



8-сынып оқушыларымен танымдық интеллектуалдық және логикалық қабілеттерін анықтау мақсатында В. Серебрякофтың «Интеллектуалдық» тесті алынды. Тест қорытындысы бойынша, оқушылардың логикалық даму деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті.



Мінез-құлықтағы жағымды қасиетті қалыптастыру, дамыту, өзара әрекеттестікті жетілдіру, ұйымшылдыққа баулу мақсатында Эмоция”, ойындары және “Темперамент тесті” алынды. Темперамент тестінің қорытындысын төмендегі диаграммадан көруімізге болады.

Мектеп бітірушілердің кәсіптік қабілеттерін шағын зерттеу аясында 9-сынып оқушылары сынақтан өтті. 9-сыныпты бітірушілердің кәсіптік жеке бейнесін бағалау барысында оқушылар төмендегідей мамандықтарды таңдаған.

10- сынып оқушыларынан «Интеллектуалдық кәсіптік қабілеттілік»тесті және «А.Климовтың дифференциалды-диагностикалық» сауалнамасы жүргізілінді. Мақсат- оқушылардың пәндер бойынша логикалық деңгейлерін және пән аралық байланыстарын анықтау. Тест қорытындысы төмендегідей көрсеткішті көрсетеді

11«А»,«Ә» сыныптарына сауалнама жүргізілді. Мақсаты- оқушыларды мамандық таңдауға бейімдеу.

Зерттеу жұмысына оқушылар толық қатысты. Оқушылардан алынған сауалнаманың нәтижесі:

Қандай жоғарғы оқу орнына түсесіз?- деген сұраққа, ЕҰУ –тін көбі таңдаған. Қандай мамандық таңдадың және неліктен осы мамандықты таңдадың?- деген сұраққа, «өзіміздің қалауымыз бойынша, кішкентай кезіміздегі арманымыз» деп жауап берді. Болашақтағы жоспарың?- деген сұраққа, «ҰБТ-дан жоғары ұпай жинау, өз ісін жақсы меңгерген маман болу, жақсы жерге жұмысқа орналасу, елімізді көркейтуге қызмет ету,өмірден өз орнымызды табу»- деп жауап берген.

«Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық жағдайларын шешу жолдары»атты лекция оқылды. Мақсат-бірыңғай мемелекеттік емтиханға дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясымен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру.

Лекция барысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің психолгиялық шешу жолдары бойынша оқушыларға күн тәртібін құруға, материалдарды есте сақтап, қайта жаңғыртуға, өз қабілеттерін молынан қолдауға, стресстік жағдай бола қалғанның өзінде, оны жеңудің жолдары бойынша ауқымды ақпарат оқылып, оқушылармен талданды.

Өз кезегінде оқушылар қызығушылықтарын білдіріп, өз күн тәртіптерімен бөлісіп, болашақта жаңадан алынған ақпараттарды іске қосуға ниет білдіріп жатқандар да кездесті.

«Ұлттық Бірыңғай Тест-білім сапасының негізі» атты тренинг өтілді.

Тренинг мақсаты:

Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып,қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға,адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып,бойларына сенімділік ұялату, жол таңдай білуге үйрету.

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстар:

2009-2010 оқу жылындағы үлгерімі төмен оқушыларға құрылған жұмыс жоспары бойынша мынандай жұмыстар атқарылды:

Оқушылардың оқу пәндеріне үлгермеу себептерін, оқу әрекетіндегі басты қызығушылықтарын, қарым-қатынасының және іс-әрекетінің әртүрлі аймағындағы қорқынышты зерттеу, таным процестерін анықтау мақсатында “Оқудағы үлгермеудің себептері”, “Оқуға деген қызығушылығы”, “Қызыл-қара кесте”, “Аяқталмаған сөйлем” атты тест, сауалнамалар жүргізілді.“Сиқырлы орман”, “Әңгіме құрастыру” ойындар мен жаттығулар өткізілді.

Дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстар:

Дарынды оқушыларға құрылған жұмыс жоспары бойынша мынадай жұмыстыр атқарылды:

Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық.

Хаан мен Кафф әдістемесі негізінде жасалынған «Дарындылық картасы » әдістемесі жүргізілді. Негізгі қызметі-диагностикалау, екінші қызметі-дамытушылық. Бұл әдіс-10,9,8,7 сыныптың дарынды оқушыларымен жүргізілді.

Жұмыс барысында дарындылықтың қалыптасу деңгейлері екі топта қарастырылды.

Актуальді дарындылық-бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады. Бұл топқа жататын оқушылар-Күмісбек Ғани 10 «Ә», Әбдуали Аян 10 «Б», Ехсан Айкерім 8 «А», Орал Дидар 11 «Ә»,Қазалиев Алмас 10 «А» т.б

Потенциалдық дарындылық- баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байқалмайды , сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады. Бұл топқа жататын оқушылар- Қазалиева Іңкәр 8 «А», Жақсұғұлова Зухра 8 «Ә», Дастанов Санжар 9«А» т.б

Оқушылармен жеке жасалынған жұмыс қорытындысы.

10.12.2009-25.12.2009 күндер аралығында ата-анасының тапсырысы бойынша

1 "Б" сынып оқушысы Тұран Диаспен зерттеу жұмыстары жүргізілінді. Мақсат- есте сақтау қабілетінің төмен екендігі және сыныптағы оқушылармен қарым қатынасын байқау.

Жүргізілген әдістемелер;

Зерттеу барысында Кери Йирасектің мектептік жетілу тестінің көмегімен Диастың мектепке бейімделуі деңгейі анықталды. Тест қорытындысы бойынша Диастың бейімделу деңгейі орташа.

Есте сақтауды дамытуға арналған ойындар жүргізілінді; «Менің ісімді қайтала» мақсаты- есту қабілетін дамыту, «Тыңда және орында» мақсаты-зейінді және ойды дамыту.

Зерттеу барысында жаттаудың түрлі әдістері қолданылды: көру арқылы есте сақтау, есту арылы есте сақтау және қол қимылы арқылы есте сақтау. Үш әдістің ішінен Диасқа қолайлы болған әдіс- қол қимылы арқылы есте сақтау әдісі. Бұл әдіс жаттаудың мағынасына қарай қолды қимылдатып отырамыз.

Жұмыс жасау барысында түрлі суреттер салынды:

Жоғалған қанаттарды тап

Аңдардың құйрықтарын сал

Осындай жеке жұмыстар басқада сынып оқушыларымен жүргізілді.

5 «Ә» сынып оқушысы Нұрматова Гаухар, 1 «Б» сынып оқушысы Эмельева Әлия, 6 «Д» сынып оқушысы Ергембек Дәулет.

Оқушылардың еркін тақырыпта салынған суреттері.

Ата-аналарға психологиялық кеңес



"Үш-ақ нәрсе - адамныц қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,

жылы жүрек"

АБАЙ.

Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.

Психологаялық көмектің бағыттары.

Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.

Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.

Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.

Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.

Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек; бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, "Сен ойнай білмейсің", "сен дұрыс сөйлей алмайсың" деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.

Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, "Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың" деудің әсерімен, баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды.

Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.

















ҰБТ-ға психологиялық кеңес

ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары

- Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?

- Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.

- Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.



Күн тәртібі:

* күнді үш бөлікке бөл;

* Тестке күніне 8-сағат дайындық;

* Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;

* 8-сағаттан кем ұйықтама;

* 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.



Тамақтану:

Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.

Тестке 1-күн қалғанда

1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз.

2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз.

3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.

4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз, керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.

5. Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.

6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.

7. Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.



Тест күні

1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.

2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз.

3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.



Тест күнгі тамақтану үлгісі:

1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және мүлдем тамақтабауғада болмайды.

2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.

3 .Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.



Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз?



Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау, ашулану, тұйықталу сияқты әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз.Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесін хабарлағанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілек білдіріңіз.



Балаларыңызда тестте кездесетін қиындықтар.

1. Психологиялық қобалжудың жоғарылауы

2. Есте сақтаудың төмендеуі

3. Сұрақты соңына дейін оқымауы

4. Нұсқаларды толтыруда шатастыруы

5. Уақытты дұрыс пайдалана алмау

6. Ойын жинақтай алмау, шашыраңқылық

7. Ұялы телефон, шпоргалка қолдануда комисия мүшелеріне ұсталу

8. Қосымша құралдармен жұмыс істеп, білетін сұрақтардың өзін белгілемейді.

9. Жүрек айну, іш ауру





Жалпы ереже

Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті



1. Ғылым мен білімнің негізін қалап, өз біліміңді жетілдір.

2. Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтарыңмен дайын кел.

3. Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсет және күнделікті үй тапсырмасын жаз.

4. Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектес.

5. Қоғамдық өмірге белсене араласып өзіңді саналы түрде болашақ мамандық таңдауға дайында.

Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау

барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақта.

Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып, біл және сақта

6. Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатыс.

7. Туған жердің табиғатын, халқыңның байлығын сақтап, қорғап көбейтуге ат салыс.

8. Мектептің, өзіңнің және басқаның мүлкін сақтауға, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақта.

9. Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орынан келтіру керек;

10. Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе әкімшілікке тапсыру керек;

11. Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;

12. Босатылған сабақтар үшін оқушы сынып жетекшіге анықтама немесе ата-анасынан ескертпе қағаз әкелу керек;

13. Салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен айналысып, шынық, өзіңді Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қызметіне дайында.

14. Заманауи талапқа сай мәдениет пен техниканы меңгеріп, әр түрлі шығармашылық қабілеттеріңді дамыт.

15. Өз еңбегіңді дұрыс ұйымдастырып, уақытыңды үнемді пайдалан.



16. Қоғамдық орындар мен көшеде әдеп ережесін сақта.

17. Достарыңа адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамыт;

18 Ата-ана, отбасы мүшелеіне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектес.

19. Ұстаздардың еңбегіне құрметпен қара. Мұғалімдердің,оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының талаптарын белсенді қолдап, орында.

20.Мектеп формасын, Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақта.

21. Қоғамдық, жеке бас гигиенасын, қысқа және үзын шашты жинап оқушыға сай шаш үлгісін сақта.





Оқушылардың

сабаққа дейін, сабақтан кейін өзін өзі ұстау

ережесі:



Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті:

· Өзінің жұмыс орынын тәртіпке келтіру тазарту;



· Мұғалімнің талаптарына бағыну;



· Мұғалім ескертсе сыныптан шығу;



· Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде оқушының қауіпсіздігі үшін тиым салынған (мектептің төбесі, подвал, физикалық, химиялық лаборатория) жүруге болмайды, басқа жерлерде еркін жүре алады;



· Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшілктің және сынып жетекшілердің рұқсатынсыз мектеп ауласына шығуға болмайды;



· Үзіліс кезінде оқушыларға бірін бірі итеруге, күш қолдануға болмайды;



· Терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тиым салынады;



· Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақпен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде жүгіруге болмайды;



· Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіпке көмектеседі;

Сабақ кезіндегі тәртіп:

· Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрады, амандасады;

· Сабақ кезінде өзінің де өзгенің де керекті білім алуына кедергі жасайтындай шу, бөтен әңгіме, сабаққа керек емес нәрселер болмау керек;

Оқушыға:

1. Мектептің күнделікті ережесін бұзуға /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/

2. Мектепке сай формасын сақтамауға;

3. Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;

4. Кешкі уақытта коғамдық орындарда, көшеде жүруге;

5. Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;

6. Мектеп оқушылардың бағалы заттардың жоғалуына жауап бермейді (ұялы, телефон, құнды заттар, ақша);

7. Компьютерлік клубтар баруға тиым салынады

Мектепке

1. Денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ баллондарын әкелуге қатаң тиым салынады