Психологиялық тест Түс және мінез

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Түс және мінез

Түстердің символикасы ежелгі тарихқа ие. Астрологияда спектралдық 7 түс беретін Күн сәулелері 7 негізгі планеталарға сәйкестендіріледі: қызыл – Марстың түсі, көк – Венера түсі, сары – Меркурий түсі, жасыл – Сатурн түсі, қоңыр қызыл – Юпитер түсі, қызғылт сары – Күн түсі, күлгін түс – Ай түсі.

Түстермен сонымен қатар адамдардың қоғамдағы жағдайы мен мәртебесін, олардың түрлі психологиялық ерекшеліктерін де белгілеген. Ол киімді таңдауда, халық мақал-мәтелдерінде, салт-дәстүрлерінде және т.б. көрініс табатын болған. Түстердің этнопсихологиялық ерекшеліктері де бар. Түрлі халықтар әрбір түске түрліше мағына берген.

Бүгінгі таңда түстер символикасы жарнама бизнесінде кеңінен қолданылады. Психологтар анықтағандай, көк, алтын, ақ, қара және қызыл түстер – элитарлы түстер болып табылады. Себебі бұл қымбат түстер. Сондықтан да бағасы қымбат заттардың түстері көк пен алтын немесе қызыл мен алтын түстердің үйлесімінен тұрады. Қара түс кез-келген басқа түске, әсіресе алтын түске күшті контраст береді. Ал мұндай түстерге боялған тауардың сыртқы орамы тұтынушылардың көзіне бірден түсіп, көңілін аудартады және өнімнің маңыздылығы мен престижділігіне нұсқайды.

Егер де қара мен алтын сары түстің үйлесімі өзіне-өзі сенімділікпен, солиднотьпен ассоциаланатын болса, ал қызыл мен сары түстің үйлесімі қуаныш, жылулық, көңілділік сезімін ұялатады. Сондықтан да мұндай үйлесімді көбінесе бай мейрамханалар пайдаланады.

Ал жасыл және көгілдір түстер мамыр таңының түстері болып табылады және өнімнің свежестін көрсету үшін қолданылады.

Ал мүлдем бір-бірімен үйлеспейтін және тіптен үйлестіруге болматын түстер де бар. Олар, мысалы, күлгін және қызғылт-сары түстер біріккенде амалсыздық, суицидалдық әрекеттерге бару сезімін ұялатады. Тура сондай кері, жағымсыз эффектіні қара фондағы ақ әріптермен жазылған жазулар да береді.


Түс және мінез

Жалпы, қандай да бір адам белгілі бір түстерді қалайды (екі-үштен көп емес, ол киім, зат немесе машинаның түстеріне тәуелді). Бірақ та түстердің адамға жағымды не жағымсыз болып табылуы уақыт өте келе өзгереді. Ол оның көңіл-күйіне, жағдайына және т.б. тәуелді. Алайда адамның көбінесе қалайтын түсі оның мінезі мен эмоциялық қалпы жөнінде біраз ақпараттар береді. Психологтар бұл жағдайда швейцарлық психолог Макс Люшердің 8-түстік тестін қолданады.

Осылайша, қызыл түсті ұнататын адамдар сенгіш, өте эмоционалды және агрессивті болып келеді. Егер адам сары түске басымдылық танытса, онда бұл оның айналадағылардың сеніміне тез кіре алуын, оптимистігін және достық сезімін тез ұялата алатындығын білдіреді. Бірақ та оның бетіндегі үнемі күлкі көбінесе масканы, онда жасырылған күшті ішкі қысымды білдіреді. Көк-жасыл түстерді қалайтын адам қорқақ және әлсіз сиықты болып көрінеді, бірақ та ол жолында тұрған адам үшін қауіп төндіреді. Ашық көк немесе көгілдір түсті ұнататындар сөзшең, жалқау және тамақ пен ішімдікте шекті білмеумен сипатталады.

Сонымен қатар, автомобилдің түсі негізінде де оның иесінің психологиялық ерекшеліктері жөнінде білуге болады. Мұндай сипаттамалар американдық психолог Бертольд Шварцпен берілген. Оның пікірінше, қызыл және сары түсті автомобиль иелері оптимист, өмірсүйгіш және өздерін бақытты деп санайды. Жасыл түсті автомобилді қалайтындар табиғатқа және шынайы ақиқатқа жақын болады. Көк түсті автомобилі бар адамдар салмақты және байсалды мінезге ие. Ақ автомобилдері барлар консервативті болып табылады, ал қара түсті автомобилдерде іскер адамдар жүреді. Сұр және күміс түсті жылтыр автомобилдерге өзін-өзі жақсы көретіндер, ал қоңыр түсті автомобилдерге қадірлі әйелдері мен үлкен отбасының иелері мінеді.

Ал енді негізгі сегіз түстің сипаттамалары берілген.

  • Ақ түс – барлық түстердің қосындысы, синтезі болып табылағандықтан, көпмағыналы болып табылады.Ол бір жағынан түске жарықтық берсе, екінші жағынан, оған мұздың суығын береді. Ақ түсті кез-келген мінезі бар адамдар қалай алад, ол ешкімге жиіркенішті болып табылмайды. Ал, жалпы, ақ түсті киім киген адамды жаңашыл, жаңа өзгеріске ашықтығын немесе жаңа іске даярлығын білдіреді. Ол сонымен қатар, пәк, таза және ішкі байлығы мол рухани адамды сипаттайды.

  • Қара - өзіне-өзі сенімсіздікті, өмірді күйгірт қабылдаумен сәйкес келеді. Бірақ қазіргі кезде және жалпы қара түсті киімді қалайтында стилділікті білдірсе де, алайды үнемі қара түсті киетін адамдар өзіне-өзі сенімсіз, өмірде түңілген, бақытсыз, және өз мақсаттарының орындалуына күмәнданудан жиі депрессияға бейім болып келеді. Сондай-ақ ылғи да қара түсті киетін адамды психологтар өмірлік дағдарысты бастан кешіріп жатқан тұлға ретінде сипаттайды және соның салдарынан, олардағы өзгелерге және өзіне деген агрессивтілік сезімінің басымдылығын айтады. Ал қамқорлық пен сүйіспеншілікті аз көретін балалардың суреттерінде қара түсті штрихтар жиі кездеседі.

  • сұр – пайымшыл, ойланып істейтін, ешкімге көп сенбейтін тұлғалардың сүйікті түсі. Ондай адамдар шешім қабылдамас бұрын, ұзақ ойланады. Бұл сондай-ақ нейтралдық түс. Сұр түсті киім қалайтын адамдар ортадан шектелгенді, өз-өзімен болғанды және қандай да бір жауапкершіліктен, міндеттемеден қашуға тырысады. Олар өздері жайлы ашық және қатты айтуға батылдары жетпейді. Егер де кім осындай түсті ұнатпаса, онда бұл жеңілойлайтын, импульсивті мензі бар адамды сипаттайды. Бұл сондай-ақ сыртқы орта тітіркендіргіштерінен қорғаныс түсі. Ондай адамдар басқалардың оның ішкі дүниесіне үңілуін жақтырмайды.

  • қызыл – құмарлық түсі. Егер бұл түсті адам жақсы көрсе, онда бұл оның ерік-жігерлі, билікқұмар, ашушаң және қарым-қатынасшыл, сонымен қатар, альтруист адам екендігін көрсетеді. Бұл түсті жек көретін адамдарда жиі кемістік сезімі, жанжалдан қорқу, ортадан шеттелу пайда болады және олар қарым-қатынаста тұрақтылықты қалайды. Ал керісінше, қызыл түсті ұнататындар қозғыш, қуатты болып келеді. Бұл түс сондай-ақ сексуалдылықтың, эротикалықтың символы болып табылады. Қызыл түсті қаламайтындарды қуаты аз, физикалық және психикалық күші таусылған, органикалық әлсіз ретінде сипаттайды. Қызыл түсті әсіресе жасөспірімдер ұнатады.

  • қоңыр түсті - өзіне-өзі сенімді, аяғына нық тұрған адамдар қалайды. Оны өте жақсы көретіндер салт-дәстүрді, тұрмысты, отбасылық өмірді құнды деп есептейді. білдіреді. Қоңыр түсті қалайтындар қарапайым өмірдің қуаныштарынан ләззат алады және қарапайым инстинктивті сезімдерді бастан кешіруге тырысады. Ол сондай-ақ белгілібір ретте физикалық шаршап-шалдығуды да білдіреді.

  • Сары түс тыныштықты, адамдармен қарым-қатынаста еркінділікті, зиялылықты білдіреді. Оны сүйетіндер қарым-қатынасшыл, танымпаз, батыл, ортаға оңай бейімделе алатын ретінде және қарым-қатынастан үлкен ләззат алу, ал кейде лидерлік қасиеттермен де сипатталады. Сары түсті ұнатпайтындар бір нәрсеге шоғырланғыш, пессимисшіл, және қарым-қатынасқа оңай түспейтін болып есептеледі. Сары түс жасыл мен қызылдың қосындысы болғандықтан, энергетизмді, қуаттылықты білдіреді. Сары түсті көбінесе жеңіл босаңуды қалайтын аяғы ауыр әйелдер және орынын ауыстырғысы келген адамдар қалайды. Ол сондай-ақ жаңаны ашу, сананың жаңғыруы ретінде де бейнеленеді.

  • Көк түс аспан түсі болғандықтан, ол - тыныштықтың, босаңсудың символы. Егер бұл түс адамға ұнайтын болса, онда ол бұның қарапайымдылығын, меланхолияға бейімділігін, және тез шаршағышытығы мен дем алуды жиі қажетсінетіндігін білділеді. Олар басқалардың оған жағымды қатынасын қалайды. Бұл түсті жақтырмайтындар өздері жайлы қолдарынан бәрі келетін ретінде сезім ұялатқанды қалағанымен, оның артында тұйықтық пен өзіне-өзі сенімсіздіктің жатуын байқатады. Сондай-ақ бұл түсті қаламайтындар сезімде көбінесе жеңілтектігін білдіреді. Ауырған және шаршаған адамдар көк түсті көп қалайды,себебі бұл түс оларға тыныштық пен тыным алуды ұялатады.

  • Жасыл түс – табиғаттың, табиғилықтың, өмірдің өзінің және көктемнің түсі. Оны қалайтын адам басқаның одан басымдылығы мен өктемдігінен қорқады, өзін ортада бекітуге тырысады, себебі оның негізгі талпынысы ол - өзін-өзі таныту мен жүзеге асыру. Бұл түсті ұнатпайтындар өмірдің мәселелерінен, қиындықтарынан қорқады. Жасыл түс потенциалды, жасырын жатқан энергияны, еріктік күш пен қысымды білдіреді. Сондықтан ол өзіне-өзі сенімділікке тырысады. Ал мақсатына талпыныспен емес, ал эмоциямен ғана жеткенді қалайтын адамдар жасыл түсті сүйкімді көрмейді. Сондай-ақ жасыл түсті физикалық немесе психикалық шаршап-шалдығуға ұшыраған адамдар қаламайды.