«БӘРІ ӨЗ ҚОЛЫҢДА!» (БАЯНДАМА)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Бәрі өз қолыңда!»

Мақсаты: ата-аналарға бала тәрбиелеуде кеңес беру, жол көрсету,баланы

кішкентайынан дұрыс жолға тәрбиелеуге, бағыт, бағдар беру;

-балалардың дұрыс сөйлеу, дұрыс сөйлем құрау, тілін

жаттықтыру дағдыларын үйрету, мамандармен бірлесіп жұмыс

жасауға шақыру;

-балаларын ұқыптылыққа, кітап оқуға, әдептілікке,

парасаттылыққа тәрбиелеуге ата-аналарды баулу.


Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

Баланың ойлау қабілеті, сөйлеу тілі дұрыс қалыптассын десеңіздер аянбай тер төгіңіздер. Ендеше құрметті ата-аналар біздің мамандар жұмыс жасаған кезде жаттығуларды қарап алып, үйде де сол жаттығуларды жасап тұрыңыздар. Балаңыздың жағдайына немқұрайлылықпен қарамай, жауапкершілікпен қарау керек. Мамандардың берген кеңесін жүйелі түрде қабылдап, тек мектепте емес үйде де қайталап жасап тұру керек екенін естен шығармаңыздар.

Назарымызды бейне роликкке аударайық. «Бәрі өз қолыңда!»

Ертеде бір қалада бір ғалым өмір сүріпті. Оның шәкірттері өте көп болған екен. Бір күні сол шәкіртерінің біріне, біздің ұстазымыздың жауап бере алмайтын сұрағы бар ма екен ,-деген ой келеді. Ұстазын сынамақ болған оймен гүлдеп тұрған шалғынға келіп, гүлге қонып тұрған ең әдемі көбелекті ұстап алады. Ол көбелекті қолының екі алақанына жасырып, ұстазымнан менің қолымда қандай көбелек бар деп сұраймын. Егер ұстазым: сенің қолындағы көбелек өлі дейтін болса, мен сол мезетте көбелекті жібере саламын. Сол кезде ұстазым өзінің қателескеніне көзі жетеді. Ал, егер сенің қолындағы көбелек тірі дейтін болса, екі алақанымды қысып, көбелекті өлтіремін де , сіз қателестіңіз деп айтамын,- дейді шәкірт. Сонымен шәкірт ұстазының алдына келіп, менің қолымда қандай көбелек бар деп сұрайды- шәкірт. Сол кезде ұстазы шәкіртінің бетіне қарамастан, сабырлықпен «бәрі өз қолыңда» деп жауап берген екен.

Құрметті ата-аналар бейне баянда айтқандай балаларымыздың жақсы тәрбие алуы, тілінің жақсы дамуы, сыпайы және мәдениетті сөйлеуі, бар әріпті дұрыс айтылуының дағдыларының қалыптасуы бәрі өз қолымызда екен. Ендеше атар таңның атысы, батар күннің батысы баламызға дұрыс көңіл бөліп, мамандармен біріге жұмыс жүргізіп, бос уақытымызды баланың игілігіне пайдаланайық.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу деп жырласа керек.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.