Педагогтармен жұмыс. Мұғалім шеберлігін шыңдау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic]

Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты МКҚК

«Балдырған» ясли бақшасының педагог – психологы

Қыстаубаева Жанат Жұмагелдіқызы

«Педагогтың шеберлігін шыңдау»

Мақсаты: Педагогтар арасында жағымды психологиялық ахуал

қалыптастыра отырып шеберліктерін шыңдау.

Көрнекілігі: баяу әуені бар дискі, адамның көңіл – күйі бейнеленген

суреттер, 12 түрлі құбылыс бейнеленген сурет,

мұғалімдердің тапқырлықтарын анықтауға арналған

мәтіндер, тренинг ережесі, достық жібі, краска, қалам.

Кіріспе:

Ұлағатты ұстаз ең алдымен шәкірттеріне өнерді, білімді үйретуші. Ұстаз шәкіртке үйрететін нәрсесін өзі жан-жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де шәкіртін білімге қызықтыра, ынтықтыра түсіндіріп, білімін дамытады. Ұстаз шәкірттіктің жан сұлулығын, тән сұлулығын зерделі зерттеп, оның танымдық асыл қасиеттерінің жақсара түсуін қадағалап, қамқорлық жасап отырады.

I. Сәлемдесу.

1.Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп амандасу.

2.Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.

3.Оң жақ,сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.

4.Маңдайдайларын бір-біріне тигізіп сәлемдесу.

(Мұғалімдерге көрсетіледі, барлығы бір-бірімен көрсету бойынша сәлемдеседі.)

Сәлемдесу аяқталысымен мынадай сұрақтар қойылады.

  • Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыз?

  • Сізге қандай әдіс ұнады?

  • Осы әдістердің қайсысын өміріңізде пайдаланып көрдіңіз?

ІІ. Он екі түрлі құбылысты тап. Ойлау қабілетін дамыту. Өзіңізге ұнаған түспен боя.

[pic]

Жауабы: ат, күн, көбелек, домбыра, тышқан, ұлу, 5 саусақ, үкі, торсық, аққу, тиын, гүл.

0 – 3 – ойлау қабілеті төмен деңгей

4 – 8 – ойлау қабілеті орта деңгей

9 – 12 – ойлау қабілеті жоғары деңгей

III. Көңіл күйің қандай? Мына суретте қандай адамның бейнесі бейнеленген көрсет.

Жауабы: парықсыз, қас кекшіл, қуаныш, қатты ашушаң, көңілсіздік, қымсынып қуану, өзін - өзі төмен сезіну, ашушаң, қатты қуаныш, терең ой, сенімсіздік, қайғыру.

0 – 3 – төмен деңгей

4 – 8 – орта деңгей

9 – 12 – жоғары деңгей


ІV . Шығармашылық қабілетін дамыту.

«Балдырған» ясли бақшасы – тәрбиеші – тәрбиеленуші – сөздерін кірістіре отырып, 5 жолды өлең құрастыру. (3 минут уақыт беріледі.)

Кәсіби шеберлігін анықтайтын тест.

Сұрақтарға « иә » немесе « жоқ » деп жауап беріңіз.

  1. Ерте тұрып жаңа күшпен жұмыс істегенді ұнатасыз ба?

  2. Ұйқыны қандырып тұрған соң, жұмыс жасауды қалайсыз ба?

  3. Көңілді, думанды кештерге жиі қатысқанды ұнатасыз ба?

  4. Көпшіліктен тыс көңіліңізге жайлы жерде отырғанды ұнатасыз ба?

  5. Қызметіңізді тез және нәтижелі орындауға асығасыз ба?

  6. Қызметіңізге аса мән беріп, асықпай орындауға тырысасыз ба?

  7. сын айтып, ұсыныс жасауға қабілетім бар деп санайсыз ба?

  8. Өзіңізге сын айтылса мойындайсыз ба?

  9. Педаогтың арнайы кәсіби киімі болуын қолдайсыз ба?

  10. Педагогтың әсем жарасымды киімдерді жиі ауыстырып, киіп жүргенін қолдайсыз ба?

0 – 3 – төмен деңгей

4 – 6 – орта деңгей

7 – 10 – жоғары деңгей

V. Мұғалімдердің әртістік қабілетін дамыту. Ортаға 5 тәрбиеші шығып парақта жазылған тапсырманы орындайды. Ал қалған педагогтар тапсырманы табу керек.

1.Қабағы түйілген ашулы адам.

2.Қасқырдан қорыққан қоян.

3.Жылап тұрған адамды көрсету.

4.Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету.

5.Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрете білу.

Тренинг соңында өздерін кім қалай сезінгендерін айту.



VI. Топқа бөліну. Ойын.

1. «Арыс жағасында» әні.

2. «Ұстазым» әні.

Әндерді жәй ыңылдап айтып жүріп өз топтарындағы адамдарды тауып топ құру.

VII. Мұғалімдердің тапқырлықтарын анықтау. Жауаптарын табу түсіндіру.

1 – топқа. Шуағын төккен күн астында қол ұстасқан үш бала бейнеленген.

Жауабы: «Сыртқы түстері әр түрлі болғаны болмаса бұл балалардың жан дүниесі бірдей. Сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді.»

2 – топқа. Түнгі аспан жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.

Жауабы: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл – мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанмен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді…»

VIIІ. Достық тілегі.

Шаттық шеңберінде тұрып, мұғалімдер бір –біріне жіпті беріп тілек айтады.

ІХ. Қорытындылау.

Психологтың қорытыныдылауы. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», – деген грек оқымыстысы Сократтың сөзіне мән бере қарасаңыз, ұстаз ұлағаты мен өнегесін, даналығы мен шапағатын сезінесіз деп бүгінгі тренингімізді аяқтап, келесі тренингімізде кездескенше дейміз.



5